Дәріс №1 Тәрбие әлеуметтік құбылыс. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Тәрбиенің заңдылықтары, принциптері



Дата22.06.2020
өлшемі16,44 Kb.
#74259

Дәріс №1

Тәрбие әлеуметтік құбылыс. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

Тәрбиенің заңдылықтары, принциптері.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге  ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашқы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек.

К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.

Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдың қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналардың көптігімен бақытты" - деген ойлар айтты.

И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.
Неміс педагогы А. Дистервег "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.

П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.

А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады.

Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.



Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.

Абай Құнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.

М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.

Тәрбие процесінің мәні — баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; тәрбие процестерінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.

Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты зандылықтар деп атайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет