Дәріс №7. Жетекшілік стилі Стиль түсінігі



бет1/23
Дата05.09.2020
өлшемі397,97 Kb.
#77181
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
стиль
1мен, 1мен, 1мен, 1мен, 1мен

Дәріс №7. Жетекшілік стилі

  1. Стиль түсінігі

  2. Жетекшілік стилінің түрлері

«Стиль» сөзі грек сөзінен шыққан, ол ең алдымен балауыз тақтайларында жазуға арналған өзекшені (стержень) білдірген, ал соңынан «қолтаңбаны» білдірген. Осыдан ақ жетекшілік стилі –менеджердің іс-әрекетінің «қолтаңбасы» дегенді білдіреді деп есептеуге болады.

Менеджер ол-көсбасшы, жетекші, ұйымдастырушы және креативті басшы.

Әрбір көсбасшының өзіне тән басқару стилі болады, бұл қатаң жеке қасиет, себебі жетекшінің нақты мінез-құлқына тән және адамдармен, технологиямен жұмысының, сондай-ақ шешім қабылдау технологиясымен сипатталады. Стиль менеджердің жекелеген сапасымен реттеледі.

Жұмыс барысында жетекшінің кейбір қатаң жеке басқару стилі қалыптасады, оны қайталау мүмкін емес. Кез-келген адамның қолында бірдей саусақтың ізі болмайтын болса, бірдей стильді қолданатын жетекшілер де болмайды.

Жетекшілік етудің стилін таңдау көбіне менеджердің алдына қойған мақсаттарына байланысты:



  • басқару-жетекші бағынышты қызметкерлерге нақты тапсырмалар береді және осы тапсырмалардың орындалуын адал ниетпен тексеріп отырады;

  • бағыттау-менедер тапсырмалардың орындалуын басқарады және бақылап отырады, бірақ шешімдерін қызметкерлермен талқылайды және ұсыныстар енгізулерін сұрап олардың инициативаларын қолдайды;

  • қолдау-менеджер тапсырмаларды орындауда қызметкерлерге қолдау көрсетеді, дұрыс шешім қабылдауда олардың жауапкершіліктерін бөледі.

Жетекшілік стилі-бұл жетекшінің ұжыммен қарым-қатынастарынан көрініс табатын ерекшеліктер, олар жетекшінің жекелеген ерекшеліктері мен объективті және субъективті басқару жағдайларының ықпалынан қалыптасады.

Жетекшінің бағынышты қызметкерлермен қарым-қатынасы келесілерді топшалайды:



  • міндеттерді таңдау, шешім қабылдау;

  • топты ұйымдастыру және ынталандыру әдістерін таңдау;

  • бақылауды жүзеге асыру;

  • бағыныштылармен қарым-қатынасты орнату;

  • ақпарат ағымын реттеу;

  • ұжыммен кері байланыс орнату;

  • қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау.

Бұл функцияларды әртүрлі жетекшілер әртүрлі жүзеге асырады, осыған байланысты басқару стилі де әртүрлі болады.

АА.Русалинованың ойынша стиль – бұл шешім қабылдаудағы белсенділік-енжарлық, дара басшылық-алқалылық, өзара сабақтастықтың директивтілік – босбелбеулілік сипаты, ынталандыруға жағымды-теріс бағдарлану, бағыныштылармен дистанттық-контакталы байланыс, ақпараттар ағымын орталықтандыру-орталықтандырмау, ұжыммен кері байланыс орнату-орнатпау. Басқару стилінің бұл сипаттамалары бірін бірі жоққа шығармайды, керісінше стильдің көрінісін негіздей отырып, іртүрлі комбинацияда бірін бірі толықтыруы мүмкін.

А. Л. Журавлев және В. Ф. Рубахин (1976) жетекшілік стилін басқару функцияларын тиімді және сапалы орындату мақсатында бағыныштыларымен қарым – қатынасындағы  жетекшінің ықпал етуінің әдістері, тәсілдерінің тұрақты жүйесінің ерекшеліктері деген.

Жетекшілік стилі жетекші қызметінің ықпалдастық сипаты болып табылады, мұнда жетекшінің жеке сипаты, бағыныштылармен қарым-қатынасы және қызметінің ерекшеліктері көрініс табады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет