Дәріс Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



Дата18.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#172823
Байланысты:
дәріс 4 (2), multimediynye-prezentatsii-kak-sredstvo-obucheniya-biologii, metodicheskie-printsipy-i-trebovaniya-k-sovremennym-sredstvam-obucheniya, ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Дәріс 2. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы.

Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың өмір сүру деңгейін ғалымдар болжам ғана ретінде айта алды. Сондықтан алғашқы адамның даму деңгейін археологиялық және антропологиялық зерттеу барысында мына төмендегідей мәліметтер береді: Тас дәуірінде адамдар негізінен тас құралдарды пайдаланды. Сондықтан да адамзат баласының тас құралдары өндірген уақыты – тас дәуірі деп аталады. Алғашқы еңбек құралдары негізінен тастан жасалды. Алғашқы адамдардың алғашқы еңбек құралдары: Қазғыш таяқ; Үшкір тас; Шоқпар.

Алғашқы адамның іздері Қазақстан аумағында алғашқы адамдар шамамен бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болды. Олар адамдардың қоныстауына қолайлы жерлер Оңтүстік Қазақстанның Каратау жоталарынан, Жамбыл облысының Арыстанды өзенінің бойын мекен еткен. Адамдардың тұңғыш баспаналары үңгірлер болды.

Ежелгі тас дәуірі (палеолит) (б.з.б. 2.5 млн – 12 мыңжылдық) Ерте тас дәуірі үш кезеңнен тұрады: Ерте палеолит б.з.б. 2 млн. 500 мың жылдан – б.з.б. 100 (140 мың) мыңжылдыққа дейін. Орта палеолит б.з.б. 100 (140 мың) мыңжылдықтан – б.з.б. 40 мыңжылдыққа дейін; Кейінгі палеолит б.з.б 40 мыңжылдықтан – б.з.б. 12 мыңжылдыққа дейінгі аоалықты қамтиды.

  • Жамбыл обылысынан табылған палеолит дәуірінің 5 мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар.
  • Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Шабақты тұрақтарынан 5000-ға жуық тас құралдары табылған.
  • Оңтүстік Қазақстандағы Арыстанды өзенінің бойынан кейінгі тас ғасырының тұрақтарын тапты. Құралдардың пайдаланылған мерзімі шамамен бұдан 25 мың жыл бұрын болған.

Еңбек құралдары Алғашқы адамдар еңбек құралын жасау үшін қолға ұстауға ыңғайлы тастарды таңдап алды. Чоппер – тасты жарып, бөлшектеп, жүзу өткірлерін пайдаланды. Чопплинг – домалақ малта тасты екі жағынан егеген, жүзі өткір, ирек ара секілді құрал. (Қаратау үңгірі.) Пышақ тәрізді кескіштер – үшбұрышты қалақша тәріздес, өлтірілген жануарлардың терісін сыпыратын құрал. Ине мен біз – үшкір сүйектен жасалған. Осылай адам бірте –бірте тастан пышық, найзаның ұшын, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасады. Жұмыртас- екі жақ бүйірі қырналған құрал. Олардан адамдар қырғыш, тілгіш сияқты еңбек құралдарын жасаған.

«Неандерталь адамы» Көне адамның тағы бір түрі неандерталь деп аталады. Неандерталь адамы Германия жерінен табылды. 8-9 жастағы Неандерталь баланың сүйегі 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен де табылған. Белгілі антрополог ғалым М.М. Герасимов баланың бет-әлпетін қалпына келтірді. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Неандертальдықтардың сөйлеу қабілеті толық қалыптаспаған.

  • Орталық Қазақстан жеріндегі Семізбұғы тұрағынан табылған қырғыштар жүзі түзу, кейде пышақ болып келеді.
  • Маңғыстау түбінде – Шақпақата.
  • Шығыс Қазақстанда – Шульбинка.
  • Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Еділ мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андронов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.
  • Беғазы мәдениетіне жататын тарихи жәдігерлер ерте заманнан, дәлірек айтқанда, қола дәуірден жеткен мұралар болып табылады. Мандаты «Беғазы» деген атау сол жердегі Беғазы тауына, Беғазы өзеніне байланысты қойылған. Дәндібай да жер атауы. Осы екі атау біріктіріліп, сол жердегі ежелгі өркениет қонысын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» деп атайды. Ерте дәуірдегі Қазақстанның тарихынан сыр қозғайтын «Беғазы - Дәндібай мәдениеті» Қарағанды облысындағы аудан орталығы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде. Бұл тарихи мекенді зерттеп, оның ежелгі тарихымыз үшін маңызын айқындаған ғалым - әйгілі академик оқымысты, тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан болды. Осы ғалым бастаған арнаулы археологиялық топ Беғазы - Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді. Осы зерттеулер негізінде Қазақстан тарихы ғана үшін емес, көне дәуірлердегі жалпы адамзат тарихы үшін маңызды ғылыми қорытындылар жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет