Дәріс Бағалау сапаны басқару элементі ретінде. Білім беру сапасының көрсеткіштері. Жоспары



бет1/3
Дата02.02.2022
өлшемі29,59 Kb.
#117107
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы
10 класс школьная олимпиада, 423a2dc8-394c-11e3-9713-f6d299da70eeпед шебер умкд (3), Ұлы даланың жеті қыры., Ұлы даланың жеті қыры., 2019, Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы, Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы, Дәріс 1 ЕП-20-1к1, к2 тобы, Каратау Энергия тех отчет, Каратау Энергия тех отчет

Дәріс 1. Бағалау сапаны басқару элементі ретінде. Білім беру сапасының көрсеткіштері.

Жоспары:

1.Білімді бағалау және дәстүрлі бағалау кезеңдеріне талдамалар

2.Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері

3.Критериалды бағалаудың болашақ математика мұғалімін дайындау жүйесіндегі маңызы


Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан - жақты және әділ бағалай білу.

Оқу пәнінің мақсаттары мен міндеттері: Оқытуды бағалау - бұл білім беру жүйесінің ең қажетті және маңызды элементі. Мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың оқу білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі жеткен табыстарын жан - жақты және әділ бағалай білу.

Қазіргі кезде республикамызда білім беру ісін жаңартудың демократияландыру мен ұстанымдары ретінде, олардың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты — өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін, әрине, бұған дейінгі білім мен ғылым бойынша атқарылған іс шараларды, жеткен жетістіктерді жүйелі дамытып, ұлттық мектептің оқыту жүйесіндегі үлгілі үрдіс, озат та озық тәжірибелерді қалың көпке кеңінен насихаттап, осы бағыттағы түйінді де келелі мәселелерді дұрыс жолға қою – сауапты істердің, басты талаптардың қатарына жататынын білеміз. Мұның өзі сайып келгенде, қоғамдық өмірдегі өскелең өзгерістерді жіті таразылап, қазіргі кезеңдегі оқу жүйесіне, тәлім-тәрбие ісіне сергек қарауды қажетсінеді.

Еліміздің білім беру жүйесінде түбірлі өзгерістер мен жаңашылдық Дүниежүзілік білім стандарты кеңістігі деңгейіне жету жолында қадамдар жасалуда. Оған дәлел 2011-2020 жылғы Білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес, Кембридж университеті мамандары мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен елімізде, Қазақстанда, үш айлық курстар өткізілді.

Осы біліктілікті арттыру курсында оқып-үйренгендердің ішінен, мені қатты толғандырған – оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау болды.

Осы уақытқа дейін жазбаша, ауызша түрде баға қою жолымен бағалап келдік. Ал курстан соң сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес екенін түсіндім.



Бағалау дегеніміз не? «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді. Бұл екі түрлі бағалаудың айырмашылығы 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмағандықтан, оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау арасында қарастырылған.

Оқытуды және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады.

Оқыту үшін бағалау – оқушылар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе, олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады. Оқыту үшін бағалау қорытындысы әрі қарай білімдерін дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген. Бұл бағалауда тек талпынғандар ғана білім алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді.

«Бағалау» (appraisal)  сөзі тағы басқа мағыналарды білдіреді. Ол бағалау әрекетін, бағалау қорытындысын, не месе зерттеу нәтижесі бар есептің мағынасын білдіруі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет