Дәрістер кешені Дәріс №1 Дәріс тақырыбы



бет1/18
Дата15.03.2022
өлшемі0,72 Mb.
#135756
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Д рістер кешені Д ріс №1 Д ріс та ырыбы
БИЛЕТЫ МЕНЕДЖМЕНТ ТИПО РУС, Менеджмент вопросы ВО КАЗ, Кәсіпкерлік- табыс көзі, нотариат, ЛАБОРАТОРНАЯ РАБОТА 6 Поиск информации в Интернет, 1 КУРС каз.яз 21-22уг. 2 семестр с 14 февраля, практика 2-JavaScript, 1 КУРС ДОТ 21-22уг. 2 семестр, 4 4дәрістер - Циклдер, Комп жүйелердің сәулеті, 2-дәріс (1) (1), Архитектура 1 прак, 16933018, Тізім практикалық жұмыс, Зертханалық жұмыс Веб

Дәрістер кешені


Дәріс №1
Дәріс тақырыбы: Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер. Python бағдарламалау тілінің шығу тарихы.
Дәрістің мақсаты: Python бағдарламалау тілі туралы жалпы деректер беру, тіл мүмкіндіктерін қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Python бағдарламалау тілінің шығу тарихы.
2. Python тілінің мүмкіндіктері.
Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді. Бірақ сол уақытта стандартты кітапханасы үлкен көлемді пайдалы функцияларды қамтиды.
Тілдің кеңейткіштері: .py, .pyw, .pyc, .pyo, .pyd болып келеді.
Python тілін әзірлеу голланд институтының қызметкері Гвидо ван Россуммен 1980 жылдың соңында басталған. Ол оны бос уақытында жаза бастаған. 1991 жылыдың 20 ақпанында алғашқы мәтіндерін жаңалықтар топтамасында жарыққа шығара бастады. Python тілі бастапқыдан объектіге бағытталған бағдарламалау тілі ретінде жобаланды.
Автор бағдарламаны 1970-жылдардағы танымал британ комедиялық «Монти Пайтон Ұшатын циркі» телешоуының құрметіне атаған. Көбі оны жыланның атымен байланыстырады. Бағдарламаның python.org сайтында (2.5 нұсқасына дейін) жыланның басы бейнеленген. Python әзірлеушісінің негізгі мақсаты - оны қолданушыға қызықты етіп жасау болды. Оны атауынан да байқауға болады. Оның бұл мақсаты бағдарламаны үйретуді ойын түрінде ұйымдастырып, ақпараттық материалдармен жабдықтағандығында. Бұл тілге деген қолданушылардың жақсы сын пікірлерінен Гвидоның дизайнерлік құрылымының да ұтымды болғанын дәлелдейді [13].
2008 жылдың 3 желтоқсанында ұзақ тестілеуден кейін Python 3000 (немесе Python 3.0) бірінші нұсқасы шыққан. Python 3000 бағдарламалау тілінде Python ескі нұсқаларымен сәйкестікті максимум сақтауға тырыса отырып, архитектурасы бойынша кемшіліктерді жойған. Қазіргі күні (Python 3.x және 2.x) екі даму бұтақтары да қолданып келе жатыр.
Python тілінің негізгі және аралық нұсқаларының уақыты:

  • Python 1.0-Қаңтар 1994;

  • Python 1.5 - 31 желтоқсан 1997;

  • Python 1.6-5 қыркүйек 2000;

  • Python 2.0 - 16 қазан 2000;

  • Python 2.1 - 17 сәуір 2001;

  • Python 2.2 - 21 желтоқсан 2001;

  • Python 2.3-29 шілде, 2003;

  • Python 2.4 - 30 қараша 2004;

  • Python 2.5-19 қыркүйек, 2006;

  • Python 2.6-1 қазан, 2008;

  • Python 2.7-3 шілде, 2010;

  • Python 3.0-3 желтоқсан, 2008;

  • Python 3.1-27 маусым 2009;

  • Python 3.2-20 ақпан, 2011;

  • Python 3.3-29 қыркүйек, 2012;

  • Python 3.4-16 наурыз, 2014.

Python тіліне басқа тілдердің ықпалы.
Python тілінің кешірек шыққандықтан оған көптеген тілдердің ықпалы болды. Мысалы келесі тілдердің:

  • ABC — операторларды топтаудың шегіністері, жоғары деңгейлі деректер құрылымы. (Python тілі шындығында келегенде, ABC ОББ тілін жобалауда кеткен қателіктерді түзету үшін құрылған тіл болатын);

  • Modula-3 — бумалары, модульдері;

  • С, C++ — біршама синтаксистік конструкциялары;

  • Smalltalk — объектіге бағытталған программалау;

  • Lisp — (lambda, map, reduce, filter и другие) функционалды программалаудың айрықша белгілерін;

  • Fortran —массивтер, кешенді арифметика;

  • Miranda — тізімдік өрнектер;

  • Java — logging, unittest, threading модульдерін, xml.sax стандартты библиотекасын, finally және except-тің ескерпелерді өңдеудегі біріктірілген қолданылуын;

  • Icon — генераторларын [14].

Python тілінің басым бөлігі (мысалы, бастапқы кодтың байт-компиляциясы) бұрынырақта басқа бағдарламалау тілдерінде іске асырылатын.
2. Python тілінің мүмкіндіктері
Python тілін бағдарламалауда қолданудың қажеттігін дәлелдейтін көптеген мүмкіндіктері бар. Олар келесілер:

  • xml/html файлдарымен жұмыс жасау;

  • http сұраныстар жасау;

  • GUI (графикалық интерфейс)

  • Веб-сценарийлер құру;

  • FTP-мен жұмыс жасау;

  • Кескіндермен, аудио және видеомен жұмыс жасау;

  • Робототехникада қолдану;

  • Математикалық және ғылыми есептеулерді бағдарламалау және т.б.

Соған орай python бағдарламасы көптеген міндеттерді шешеді: резервті көшіру болсын, электронды поштаны оқу болсын немес қандай да ойынды құру болсын. Python бағдарламалау тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға болады. Мысалы ретінде, python тілі IT-дің алыптары болып табылатын, Google және Yandex жобаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы мен әмбебаптығы бұл тілді ең үздік бағдарламалау тілдері қатарына қосады [15].
Тілін жүктеу және орнату. Python 3 бағдарламасын өз компьютеріңізге жүктеуді қарастырамыз. Ол тегін және еш тіркелусіз орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет