Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы



бет1/6
Дата09.08.2017
өлшемі1,41 Mb.
#23271
  1   2   3   4   5   6


Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы

Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы

20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның І санатты бейнелеу өнері маманы

Әдемілікті сезіну, шығармашылық қабілеттің қалыптасуы балалық шақтан басталады. Жас нәрестенің өзі әсемдікті ерте қабылдайды. Оның санасында жаңа қайталанбас ойдың тууына алып келеді. Барлығымыздың да балалық шағымызда суретші , мүсіншілер болғымыз келгені анық. Қабырғалар мен жарларға, ағаш, құм,топырақ беттеріне, әр түрлі шытырман суреттер бейнелегендіктеріміз есімізде. Бұл бейнелеуге деген әуесқойлық біртіндеп басылады, сурет өнеріне берілген көркем шығармашыл адамдар ғана жол таңдайды.

Қазіргі заманғы балабақшадағы мүмкіншіліктері шектелген оқу- тәрбие жүйесінде балалардың көркемдік тәрбиесі қалыс қалу мүмкін емес. Балалар бақшасындағы бейелеу өнерінің түрі, мектеп жасына дейінгі балалардың ең эмоционалды, қызықты әрекет түрі. Әр түрлі көркем жабдықтарды бейнелеу техникасына қолдану балалардың мүмкіндігіндіктерін кеңейтіп, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытады.Қолдарына берілген түсті қарындаштар, фломастерлер мен акварель бояуларымен шимайлап суреттеген бала шаттық сезімде болады.

Біз,ересектер баланың бұл сезімі мен қуанышымен кей кезде бөліспейміз, тіптен баланың сызған шимақ-шатпақтарын көріп, қатты ренжиміз, ал суреттің бала тұлғасын қалыптастыруда зор маңызы бар екендігін ескермейміз. Бала үшін сурет салудың өзіндік пайдасы бар. Әсіресе суреттің баланың психологиялық процестерінің дамуына тигізер көмегі көп.Ол бала зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілетін жақсартуға, ойлап талдауға, салыстыра білуге, қиялдауға үйретеді. Ең бастысы бала тілінің дамуының –басты құралы.

Балалардың сөйлеу тілін дамытуда, ұсақ-қол моторикасының жетілуі ең басты орындағы –міндет.

Мектепке дейінгі ерте сәбилік шақтан бастап бала психологиясы дамытылса, тәрбиенің нәтижесі де соғұрлым нәтижесі де табысты болады.Көптеген ғалымдар сурет салу баланың сөйлеу және ойлау әрекетін дамытуға күшті ықпал ететінін айтады. Орыс педагогі К. Д. Ушинский өз заманында, сурет бала тілін дамытудың қуатты құралы: ол суреттен көргені туралы сұрақ қойып, өзінің алған әсерімен бөліседі,- деп жазған.

Тілінде кемістігі бар және психикалық дамуы тежелген балаларды бейнелеу өнеріне баулуда ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін дәстүрден тыс бейнелеу тәсілдерімен жетілдірудің маңызы зор.



Дәстүрден тыс бейнелеу өнері тәсілдерін қолданудың мақсаты-бала бойындағы көркем шығармашылық қабілетті ашу және дамыту.

Дәстүрден тыс сурет салу техникасы пайдаланылған бейнелеу іс-әрекеті түрлерінде балалар түрлі жабдықтардың сапасы мен мүмкіндіктері туралы терең білім алады, эстетикалық эмоциялық сезімдері дамиды, еңбекке деген талпынысы артып, шеберлік ерекшеліктерін меңгеру тілегі ынталандырылады.

Бала шығармашылығының көрініс беруі-бала дамуының басты белгісі.

Мүмкіншіліктері шектелген балалар әлемі көп төзімділікті, сабырлылықты, ізденімпаздықты талап етеді. Өйткені бұл балалар өз құрбы құрдастарына қарағанда психологиялық даму жағынан кешеуілдеген балалар. Психологиялық процестердің тежелуінен олардың ойлау, сөйлеу, ес, зейіндері толықтай жетілмеген, қол-қимыл үйлесімділігі жоқ болып келеді.

Бұл балалардың көңіл-күйін қиялмен ұштастырып, ұмтылмастай ерекше бір сезімдерге бөлегім келеді. Мен балаларды ұйымдастырылған оқу үрдістерінде бейнелеу өнері іс-әрекеті түрлерінде бірнеше жылдан бері балаларды әсерлендіру, қуаныш сезімге бөлеу, өз жұмысының табысты нәтижелерін көре білу үшін дәстүрден тыс сурет салу техникаларын жинақтап, оны оқу процестеріне қолданып келемін.

Күнделікті өмір барысында тек сурет салуда ғана емес, жапсыру және мүсіндеу іс әрекетінде тыс әдіс-тәсілдерді шығармашылықпен қолдану арқылы балалардың іс-әрекетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сол іс-әрекетпен айналысуды дамыту, үнемі қолданысына енгізуге жұмыстанып отырамын.

Мысалы: мүсіндеу іс-әрекетінде ермексазбен қатар қосымша түсті тұзды қамырмен жұмыстар, көркемдеу мақсатында тастанды құрал-жабдықтарды қолдана отырып / моншақтар, түйреуіш ілгектер, бұрандалар, түсті тастар қолдану/ жұмыстар ұйымдастырылып отырады.

Бұл дәстүрден тыс сурет салу, мүсіндеу, жапсыру тәсілдері балаға қоршаған ортадан алған әсерін жеткізе білуге мүмкіндіктер ашады.

Бейнелеу өнерімен айналысу бала үшін қуанышты, шабытты еңбек. Оған баланы мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Бірақ бейнелеу өнерінің жаңа мүмкіндіктерін біртіндеп аша отырып, сәбиді ынталандыру, және қолдау өте қажет.

Бейнелеу өнерін ұйымдастырғанда дәстүрден тыс ықпал жасау балаларды таң қалдырады және ынталандырады. Баланы шығармашылыққа итермелейді. Ұжымдық жұмыс машықтарын тәрбиелейді.

Балалар тек сурет салып, мүсіндеп, жапсырып қана қоймайды, олардың тілі ұсақ-қол қимылдары да қоса жетіледі.

Ал, ұсақ –қол басындағы нерв талшықтарының өз дәрежесінде дамуы , ол бала тілінің даму жолы.

Тек балабақша төңірегінде ғана қалып қоймай отбасы жағдайында ол жалғасын табуы қажет. Ол үшін бала жұмыстары фотоға түсіріліп олардың: немен, қандай құралмен, жұмыс жасап отырғандарын жариялап ата-аналарға көрсетілуі тиіс. Бала, балабақшадағы жасаған, көрген білгенін үйде міндетті түрде қайталайды.

Дәстүрден тыс сурет салуға үйретудің міндеттері:


  1. Көркем іс-әрекетке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.

  2. Дәстүрден тыс , қазіргі заманауй сәндік көркемдеу жұмыс түрлерімен таныстыру.

  3. Композиция, түс , пішін үйлесімділігі туралы, шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйрету

  4. Эстетикалық талғамы мен сезімін арттыру

5. Бастаған істі аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру .

6.Балалардың бір-біріне деген мейірімділік қарым-қатынасын



тәрбиелеу






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет