Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы



Дата04.07.2018
өлшемі135 Kb.
#46849

Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы

  • –техника ғылымдарының кандидаты,
  • «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы,
  • педагогикалық өтілі 6 жыл
  • «Таулы кенорындарын игерудің технологиялық кешендері» пәні
  • 050707–«Тау кен ісі» мамандығының студеттеріне арналған
  • Курс көлемі: 3 кредит

Курстың аңдатпасы

  • Курстың аңдатпасы
  • «Таулы кенорындарын игерудің технологиялық кешендері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 050707– Тау-кен ісі мамандығының типтік және жұмыс оқу жоспарлары негізінде құрастырылған, мазмұны және көлемі бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына, берілген мамандық бойынша мамандар дайындаудың кәсіби сипаттамасына және деңгейіне толық сай келеді. «Таулы кенорындарын игерудің технологиялық кешендері» пәнінің бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Теориялық материалдар тәжірибелік тапсырмалармен бекітілген. Студенттердің алған білімдерін бекіту үшін курсты оқу барысында қажетті ағымды, аралық және басқа да бақылау түрлері қарастырылған. Оқу жүйесінде бакалаврлардың білімге қажеттігін қамтамасыз ету, пайдалы қазбалар кенорындарын ашық игеруде тау-кен инженері-технологтарын даярлауды оқу-әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру қарастырылған.
  • Пәнді оқу мақсаты – студенттің таулы кенорындарын өндірудің технологиялық кешендері бойынша теориялық білім алуын қамтамасыз ету.
  • Пәнді оқу міндеттері: 050707 мамандығы бойынша бакалаврлардың жоғары білімінің Мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес студент пәнді оқып үйрену нәтижесінде білуі керек: геоморфологияның негізгі түсініктері мен терминдерін; таулы карьер өндірісінің техникасын, технологиясын және басқаруын жетілдіру бағыты; таулы карьерлері ашу қазбаларының элементтерін; "тау-сілем" және таулы типті кенорындарының технологиялық кешендерінің сыныптамасын.
  •  

Мамандық бағдарламасындағы курстың рөлі.

  • Мамандық бағдарламасындағы курстың рөлі.
  • Тау – адамзаттың өмір сүру ортасы ғана емес, сонымен қатар минералды ресурстардың орасан зор резерві. Пайдалы қазбалар кенорындарының жартысына жуығы таулы аймақтарда орналасқан. Металлургия, химия өндірісінің, сонымен қатар құрылыс тау жыныстары кәсіпорындарының шикізат базасы жазық жергіліктердегі кенорындары игерілген сайын, бірте-бірте таулы аймақтарға қарай ығысуда. Таулы аймақтарда орналасқан көптеген кенорындары экономикалық тиімді ашық тәсілмен игеруге ыңғайлы. Бұл өзгерістер осы бағытта мамандар дайындаудың қажеттігін айқындап отыр.
  • Курстың жаңалығы.
  • Таулы кенорындарын ашық тәсілмен игерудің өзіндік ерекшеліктері бар, және кенорнын ашу тәсілі, қазу жүйесін, құрал-жабдықтарды таңдау, өндіріс қызметін ұйымдастыру және басқару бойынша стандартты емес шешімдерді қажет етеді. Мұндай мәселелерді шешу негізі - өнертапқыштық, жағдайды бағалай білу, мақсатқа жетудің альтернативті нұсқаларын табу, нұсқаларды салыстыру критерилері мен принциптері жасау, олардың ең тиімдісін таңдау.

Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері

  • Материалды таңдау мен құрылымын қалыптастырудың негізгі принциптері
  • Білім беру технологиялары оқу үрдісімен тікелей байланысты: оқытушы мен студенттің қызметімен, оның құрылымымен, оқу құралдары, әдістері және формаларымен.
  • «Таулы кенорындарын игерудің технологиялық кешендері» пәнін оқу процесі келесі принциптерге негізделген:
  • оқытудың мазмұнды бөлігі:
  • оқыту мақсаттары – жалпы және нақты;
  • оқу материалының мазмұны;
  • оқу процесін ұйымдастыру;
  • студенттердің оқу қызметінің әдістері мен формалары;
  • оқытушы жұмысының әдістері мен формалары;
  • материалды игеру процесін басқару бойынша оқытушы қызметі;
  • оқу процесін талдау.

Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Материладар студенттердің жаңа техникалық шешімдерді қабылдау әдістемесін, таулы карьер өндірісінің техникасын, технологиясын және басқару бағытын жетілдіруге бағытталған.

  • Курс бағдарламасы оқылатын материалдардың логикалық кезегімен құрастырылған. Материладар студенттердің жаңа техникалық шешімдерді қабылдау әдістемесін, таулы карьер өндірісінің техникасын, технологиясын және басқару бағытын жетілдіруге бағытталған.
  • Пәнді оқып үйренудің негізгі түрлері мен әдістері: дәрістер, тәжірибелік сабақтар, семинарлар, өзіндік жұмыстар, рефераттарды қорғау, баяндамалар, тестілеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, т.б. Мұның барлығы білім беру сапасы мәселелерін шешуге ықпал етеді.
  • Жүргізілетін сабақтардың түрлері – лекциялар мен практикалық сабақтар.
  • Пән бойынша дәрістерді жүргізу барысында заманауй ақпараттық технологиялар қолданылады. Дәрістер мен тәжірибелік материалдар бойынша университет ішілік теледидарлар, мультимедиялық проекторлар және интерактивті тақталар, дербес компьютер немесе ноутбук арқылы презентациялар жасалады.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

  • Дәрістердің тақырыптық жоспары
  • 1 Жер бедері және таулы кенорындары туралы жалпы мағлұматтар
  • 1.1 Геоморфологияның негізгі түсініктері мен терминдері
  • 1.2 Ашық тәсілмен қазылатын таулы кенорындарының сипаттамасы
  • 1.3 Таулы кенорындарының сыныптамасы
  • 2 Таулы кенорындарын ашық тәсілмен игеру жөнінде жалпы мағлұматтар
  • 2.1 Ашық кен жұмыстарын таулы аймақтарда жүргізу жағдайлары
  • 3 Таулы кенорындарын ашу қазбаларының элементтері
  • 3.1 Оржолдар
  • 3.2 Жерасты қазбаларымен ашу
  • 4 «Тау-сілем» типті кенорнын игеру технтологиясы
  • 4.1 Жалпы мағлұматтар. Көліктік және көліктік-гравитациялық кешендер
  • 4.2 Гравитациялық және құрамды кешендер
  • 4.3 Тау-кен қазындысын карьердің күрт жағдауы бойынша аттырып-бульдозерлік аударып төгу кешенінің тиімділігін арттыру
  • 4.4 Аттыру-бульдозерлік аударып төгу кешенінің жұмыс технологиясы және оны ұйымдастыру
  • 5 Тау беткейі типті кенорындарын игеру технологиясы
  • 5.1 Жалпы мағлұматтар. Көліксіз және көлікті кешендер
  • 5.2 Көліктік-гравитациялық, гравитациялық, құрамды және бұрғылық кешендер
  • 5.3 Кенорнын қазу тәртібі
  • 6 Шың типті кенорындарын игеру технологиясы
  • 6.1 Жалпы мағлұматтар
  • 6.2 Технологиялық кешендердің сыныптамасы
  • Күтілетін нәтижелер (студенттің игеретін біліктіліктері)
  • «Таулы кенорындарын игерудің технологиялық кешендері» курсы бойынша студенттердің алған теориялық білімдері нақты жағдайларда тау-кен техникалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
  • Бұл курс бойынша алған білімінің нәтижесінде студент:
  • таулы кенорындарын ашу қазбалары элементтерінің есебін жасай алады;
  • техникалық-экономикалық салыстыру негізінде "тау-сілем" типті кенорнын қазған кезде көліктік не көліктік-ұсақтау немесе ұсақтау технологиялық кешенін қолдана анықтай алады;
  • техникалық-экономикалық салыстыру негізінде таулы типті кенорындарын қазу кезінде технологиялық кешендердің келесі түрлерін: көліксіз, көлікті, көлікті-ұсақтау, бұрғылау немесе құралды кешенді тиімді таңдау алады;
  • кен жұмыстарын жүргізудің техникалық құжаттарын (қазу-тиеу жұмыстарының, бұрғылап-аттыру және т.б. паспорттарын) жасай біледі;
  • техникалық пайдалану ережелері мен кауіпсіздік ережелеріне сәйкес негізгі және көмекші процесстердің орындалуын ұйымдастыра алады.

Нәтижелерді бағалау құралы мен технологиясы Кредиттік технология бойынша «Таулы кенорындарын игерудің технологиялық кешендері» пәнін оқыту үшін „Ашық кен жұмыстары” кафедрасында студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Пән үшін бақылаудың келесі түрлер белгіленеді: 1) Ағымды бақылау: тәжірибелік сабақ, өзіндік жұмыстар; 2) Аралық бақылау; 3) Қорытынды бақылау: 7 семестрде емтихан.

  • Нұсқа №
  • Қорытынды бақылау түрі
  • Бақылау түрлері
  • Баллдары
  • 1
  • Емтихан, курстық жоба
  • Қорытынды бақылау
  • 40
  • Аралық бақылау
  • 20
  • Ағымды бақылау
  • 40
  • Студент суммарлық рейтигтік баллы 30 болғанда ғана қорытынды бақылауды тапсыруға жіберіледі. Қорытынды бақылау баллы 20 болғанда ғана ол тапсырылды деп есептеледі. Пән бойынша қорытынды бағасы студенттердің білімін бағалау шкаласы бойынша анықталады.

Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл.

  • Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы - техника ғылымдарының кандидаты, «Ашық кен жұмыстары» кафедрасының аға оқытушысы, жалпы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жыл.
  • Дәуренбекова Ақмарал Нармаханбетқызы ғылыми зерттеу жұмыстарының жоспарына сәйкес ҚазҰТУ ҒЗЖ қатысады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 11 ғылыми мақала, 1 монография, 10 әдістемелік нұсқау, 10 оқу-әдістемелік кешендері мен силлабустары жарияланды.
  • 1) «Оқу процесінде интеравктивті тақтаны пайдалану» курсын бітірген (сертификат №347 28.06.2006ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ)
  • 2) «Ұжымдық мәдениет және ұстаз әдептілігі» семинар-тренингіне қатысты ( сертификат №35 05.03.2009г. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).
  • 3) «Ашық кен жұмыстарының технологиясы және кешенді механикаландыру» курсы бойынша біліктілігін жоғарылатты (сертификат №76, 08.07.2009ж. Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ РЦПК).
  • А.Н.Дәуренбекованың жетекшілігімен орындалған дипломдық жобалардың тақырыптары:
  • Көксу кенорнында аттыру жұмыстарын кешенді механикаландыру (Тулеуов А)
  • Екібастұз көмір кенорнында Үйінділеу және ашық тау-кен жұмыстарымен бұзылған жерлерді қалпына келтіру (Акишев А)
  • Үшқатын карьерінде аршу жұмыстарында тиегіштерді қолдану тиімділігін негіздеу (Тұрлыбеков Е)
  • Итауыз карьерінде бұрғылау-аттыру жұмыстарының параметрлерін анықтау және тиімді технологиясын таңдау (Оспанова Ж)
  • Васильков кенорнында карьер алаңын ашу тәсілін таңдау және негіздеу (Қожатілеуова А)
  • Үшқатын карьерінде үйіндісалудың тиімді технологиясын және жабдықтарын таңдау (Дайырханов Е)
  • Казхром кенорнында көліксіз қазу жүйесі элементтерінің параметрлерін негіздеу (Нургазина Р)
  • Казхром кенорнында карьер жағдауын кеңейту негізіндегі бұрғылып-аттыру жұмыстарын ұйымдастыру (Махимова А)

Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің

  • Оқытушының курстары бойынша студенттердің үлгерімінің
  • орташа балы жөніндегі ақпарат
  • Студентке қойылатын талаптар:
  • 1. Сабаққа кешікпеу және сабақтан қалмау;
  • 2. Оқытушы ұсынған материалдарды мұқият тыңдау және белсенді қатысу;
  • 3. Аудиторияда ұялы телефордарды сөндіріп жұмыс жасау;
  • 4. Кітапханада және үйде өздігінен жұмыс жасау.
  • Академиялық этика нормалары:
  • тәртіп;
  • мейірімділік;
  • шыншылдық;
  • жауапкершілік;
  • мәдениеттілік.
  • Назарларыңызға рахмет!

Каталог: files -> teacher-presentations
teacher-presentations -> Өмірбекқызы «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы
teacher-presentations -> Инновациялық менеджмент Орысша және қазақша тілдерінде экономикалық және техникалық мамандықтары үшін Оқытушы
teacher-presentations -> Цели Образовательной Программы
teacher-presentations -> Доцент, химия ғылымының кандидаты қолданбалы химия кафедрасы педагогикалық стаж: 8 жыл «дисперстік жүйелердің физика-химиясы»
teacher-presentations -> Мәліметтер базасын басқару жүйелері (мббж мббж)
teacher-presentations -> Қазақстан республикасының президенті – Ұлт көшбасшысы н.Ә. Назарбаевтың халықҚа жолдауы 2013
teacher-presentations -> Бұл момент болғанда, максималь мәнге ие болады
teacher-presentations -> Компьютерлік желілер туралы негізгі мәліметтер
teacher-presentations -> Пирометаллургия


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет