Дін мәдениеттануы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата08.04.2022
өлшемі174,61 Kb.
#138454
  1   2   3   4
Байланысты:
Тақ. 4. Мәдениет формалары дін, мораль, өнер-конвертирован
Методика 147 каз, 8-ТАРАУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЫСАНДАРЫ, уч.практика инф(интернеттегі), @Назар Гүлжан, 2-топ, Алаш (1), 1516183189, kar-eea-0918, академиялык, 5 тапсырма, 11-1 Зертханалық жұмыс (1), ТАЕЫСУ ПР ОТЧЕТ, grantss, Эссе, БАӨЖ орындау (мысал ретінде) (1)


Дін мәдениеттануы.
Дін адамның рухани шығармашылығының және қоғамның бір саласы болып 
табылады.Ол адамдар тіршілігінің бір қыры ретінде оның дүниеге, 
табиғатқа

қоғамға ерекше қатынасын білдіреді және адамның өз-өзінен оқшаулануын 
жеңіуіне көмектеседі. Дін мәдениеттің маңызды құбылысы.Адамгершілік 
мәселесі қойылып шешілген, жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі нәр 
алған 
әлемдік 
әдебиеттің 
шығармалары 
оның 
ерекшеліктеріне 
айналады.Әлемдік әдебиет, бейнелеу өнері, саз бүгінгі күнге дейін діни 
сюжеттер мен тақырыптарды қамтып келеді. 
Дінді мәдени құбылыс ретінде түсінуде оның шығу төркіні мен міндетін 
түсіндіру маңызды рөл атқарады.Дінді әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде 
арнайы пән – дінтану зерттейді.Қазіргі дінтану мәдениеттанумен 
ментальдықты зерттеу әдісіне тоғысады.Ментальдық - әлемнің қабілетін 
жасайтын мәдени дәстүрлердің бірлігін нығайтатын ақыл-ойдың, сенімнің 
жиынтығы. 
Дін екі ғасыр бойы мұқият үйрену мен зерттеудің объектісі болып 
келеді.Діннің адам мәдениетіндегі орнын, яғни мәдениеттің дінді 
тудыратындығын немесе діннің мәдениетті тудыратындығын түбегейлі іздеу 
мен пайымдау жүргізіліп келеді. Алғашқы мәдениет танушы – теорстик және 
мәдениет тарихшысы болып неміс ағартушысы Иоган Гердер саналады.Оның 
«Адамзат тарихының философиясына апаратын идеялар» жұмысын 
мәдениеттану білімінің бастауы деп атайды.Дін,Гердердің көзқарасы 
бойынша, мәдениеттің ең көне элементі.Дін барлық халықтарға мәдени және 
ғылыми білімнің шымылдығын ашты.Діннің мәдениеттің дамуындағы озық 
рөлін бағалауға ұмтыла отыра, Гердер египеттіктер мен басқа шығыс 
халықтарының, ертедегі барлық көзі ашық еуропалық ұлттардың – 
этрустардың, гректердің, римдіктердің ғылыми білімді діни көзқарастардан 
алғандығын атап өтеді.Оның пікрінше, поэзия мен өнер, саз бен жазу, 
агрономия және жыл санау, ізгілік пен мемлекеттік туралы ілім осылайша 
пайда болды. 
Дж.Фрэзер өзінің басты «Алтын бұлақ» атты кітабында алғашқы діндер 
эволюциясы туралы өз көзұарасын білдіреді.Ол алғашқы адамның 
көзқарасын және бұдан кейінгі діни сенімін, әдет – ғұрпын, тыйымдарын 
түсінуге мүмкіндік беретін жалпы идеялық және психологиялық негізді 
табуға әрекеттенеді.Ал,кейінгі «Магиялар және діндер» теориясында 
адамзаттық ақыл – ойдың дамуының үш тармақты схемасы туралы ережені 
қамтиды.Олар:магия, дін, ғылым. 
Құқық
– мораль, саясат, экономика, өнер сияқты мәдениеттің ажырамас 


бөлігі.Құқық – сан қырлы түсінік. Ол үш түрлі мағнада қолданылады. 
Алғашқысы – қоғамдағы аса маңызды қатынастарды реттейтін нормалар 
жиыны және оларды бұзғандығы үшін мемлекет айып салады. Екінші 
мағнасы – жеке мүмкіндік, бұл мүмкіндікке заң кепіл береді. Бұл жерде 
әңгіме ар – ождан, дін бостандығы, еңбек ету, білімалу сияқты адам 
құқықтары туралы болып отыр. Ең соңында біз «құқық» сөзін заңдық емес 
мағнада жиі қолданамыз. Бұл да жеке мүмкіндік, алайда, заңда белгіленбеген. 
Қазір бізге адамның қалыпты дамуы үшін қоғамның рухани мәдениетін игеру 
қажеттігі айдан анық болып отыр.Ол мәдениеттің басқа түрлерімен қоса 
құқықтық мәдениетті де қамтиды.Олардың үйлесімі жеке адамның рухани 
дамуын қамтамасыз етеді. 
Мәдениет саласында саясаттың алатын орны.
Саяси мәдениет деген не? 
Адамдардың саяси мәдениетке көзқарасы әртүрлі.Көпшілігі саясат лас іс 
және саяси «ойындарға» қатысу ұят деп санайды.Басқалары, егер саналылар 
саясатпен белсенді шұғылданбаса, онда саясатқа лайықсыз адамдар 
араласады деп санайды. Саяси шешімдерге дербес келу қабілеті – адамның 
саяси мәдениетінің элементі.Оны игеру үшін міндетті түрде университет 
бітіру немесе ғылыми кандидат болу шарт емес, барлық тұрғыдан да 
мәдениетті адам болуға ұмтылу жеткілікті.Бұл қабілеттілік адамды арсыз 
саяси қызметкерлердің қолындағы ойыншық болудан құтқарады. 
Саяси мәдениеттің ерекшелігі оның саясаттың өзін немесе саяси процесті 
құрайтындығында емес, саясат әлемі туралы пікірлер мен түсініктер жиыны 
екендігінде. Саяси мәдениет көптеген онжылдықтар бойында әртүрлі ұрпақ 
қалыптастырған саяси дәстүрлерді, саяси практиканың қолданымдағы 
нормаларын қамтиды. Оның құрылымына, сондай-ақ , билік жүргізіп 
отырған саяси жүйеге қатысты адамдардың бағдарламалары мен ұстанымы 
кіреді. 
Саяси мәдениеттің берік элементі ретінде жеке адамның , жеке топтың 
жалпы көзқарасының бір бөлігін құрайтын саяси көзқарасты алуға болады. 
Адамдардың 
саяси 
бағдарламаның 
ұнатушылығы 
мен 
жақтырмаушылығының саяси сипатына қоғамда үстемдік ететін көзқарастар 
жүйесі , қоғам мен әлем туралы жалпы фундаменталдық көзқарастар үлкен 
ықпал етеді. 
Өнер 
– мәдениеттің ерекше жеткілікті дербес және төтенше маңызды саласы. 
Ол мәдениеттің жаны, оның өзіндік танымының түрі. 


Өнер өз бейнелерінде әдеби мәтіндер , мүсін және сәулет туындыларында 
суреттер, саз әуенінде берілетін мәдениеттің 
біртұтас қаңқасын жасай отыра

дүниені бейнелейді. Өнер көңіл-күйді , сезімді білдіреді. Өнерде итсал кез-
келген қуатты мүмкіндікті ақиқатқа айналдырады, адам мен дүниедегі жақсы 
атаулыны биікке көрсетеді. Өнердің арқасында адам әлемі, өзін басқа да 
адамдарды жақсы түсінеді. 
Өнер – бұл өзі адам мен сөйлесетін ерекше мәдениет тілі. Өзінің стильдік 
бірлігін сақтай отыра, өнер дүние мен адамды олардың қандай да кезең мен 
дәуірде қалайша көрінгендігін суреттейді. Сөндықтан да өнер адамдарды 
қатты қызықтырады, оларды толықтырады, бұрынырақта өтіп кеткен 
өмірдегі оқиғаларға күйіндіріп – сүйітеді. 
Өнердің ерекшелігі өзінің негізгі міндетіндегі шешілетін әлеуметтік 
мақсаттар сипатынан да көрінеді. Әдетте , өнердің , танымдық, тәрбиелік, 
өтемдік, қарым – қатынас міндеттері белгілі. 
Өнер ғылымы мен қатар ең алдымен, қоғамның өзін тану құралдарының бірі. 
Әлемнің көркемдік үлгісі , осы «екінші ақиқат» арқылы шынайы табиғи және 
әлеуметтік ақиқатты барынша тереңірек тануға болады. Оның үстіне , адам 
ақиқатын тануды мақсат еткен өнердің идеалдық әлемін өлең сөздің, әуеннің 
, ырғақтың, суреттің , адам денесінің қаптамаларымен және ақиқатты тануда 
өте тиімді аспап болатын өзге де эстетикалық құралдардың ерекше «құрылыс 
құрылғылардың» көмегімен жасалады. 
Алайда, егер, ғылым ұшін әлемді тану – басты міндет болса, бұл міндет өнер 
үшін қосалқы. Өнер адамды оқып-үйретуден гөрі оны асқақтатуға, 
имандандыруға, жан-дүниесіне сәуле түсіруге, асыл сезімдерді оятуға бейім. 
Өнердің басты мақсаты – қандайда бір идеалдық , жетілдіру үлгісін , 
адамдарды осы идеалға тарту үшін рухани алғышарт жасау. 
Өнер сонымен қатар , барынша қарапайым мәселелерді де шешеді, оны 
өтемдік міндет атқарады. Оның қажеттілігі бізді қоршаған шынайы өмірдің 
шектен тыс қаталдығымен байланысты . Өнер адамдардың , кітаптың, 
опералық , кинокомедиялық , телесериялдың көмегімен жұбата отыра, 
олардың осы қаталдықты жеңуіне көмектеседі. 
Өнер қарым – қатынас міндетін атқара отыра, қарапайым адамдардың - өнер 
шығармаларын тұтынушылардың және көркемдік құндылықты жасауға 
қабілетті дарынды адамдардың көркемдік қызмет барысында өз 
мүмкіндіктерін ашуына көмектеседі. 
Өнердің нақ осы мақсаты оның үлкен міндеттерін айғақтайды, оның тіпті 
қоғамдық дамудың дағдарыс кездерінің өзінде сақталуы мен өркендеу 
себебін 
түсіндіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет