Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет16/21
Дата21.05.2020
өлшемі129.72 Kb.
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Жаттығу үлгісі:

Тірек сөздер лақ, қозы, құлын, жабағы, бұзау, серке, тоқты, тай, бұқа, құнан, теке, құнажын, дөнен, дөнежін.

1. жылқы аттары:

2. қой атаулары:

3. ешкі атаулары:

4. сиыр атаулары:

Тапсырма: көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.

4. «Қай жануар қандай дыбыс шығарады?» деген сұраққа жауап бола алатын бастауыш – баяндауыштан құралған екі сөзді жалаң сөйлемдер құрастыруға үйрету де оқушылардың тілін дамытуға көмек етеді.



Жаттығу үлгісі:

Тірек сөздер: кісінейді, қорсылдайды, маңырайды, мөңірейді,шырылдайды, сайрайды, қарқылдайды, боздайды, мияулайды, бақылдайды, ысыллайды.

Тапсырма: мына дыбыстар қай жануардың дыбысы екенін ажыратып жазыңдар.

Үлгі: Жылан ысылдайды, т.б.

5. Жануарлардың төлдеуін, дүниеге ұрпақ келтіруін йттыру арқылы да бала тілін байытады.

Жаттығу үлгісі

Тірек сөздер: құлындады, қоздады, лақтады, күшіктеді, көжектеді, боталады, жұмыртқалады, бұзаулады.

Тапсырма үй жануарларының төлдеуін қала атайтынын ажыратыңдар.

Үлгі: Қоян көжектеді, т.б.

Қорыта айтқанда бірінші тарау бойынша мынадай қорытынды жасадық:

1. Бастауыш сыныпта жазу жұмыстарының мақсаты оқушыларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Балалардың жазу қимылдары автоматтанғаннан кейін сауатты жазуға үйрету міндеті басталады.

2. Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте заңға айналдырады.

3. Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысынд мұғалім жазуға берілетін материалды алдын-ала таңдайды. Дұрыс жазу үлгілерін тақтаға, дәптерге көрсетеді. Балалардың дәптерлерін күн сайын тексеріп, түзету жолдарын көрсетеді. Айына бір рет бақылау жұмысын жүргізеді.

4. Жазуға үйрету үшін мұғалім: сөздің мағынасын анықтайды; айтылуына, жазылуына, грамматикалық формасына көңіл аударады; жіберілген қатемен жұмыс жүргізеді; сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізеді; грамматикалық жаттығуларды сөздік– орфографиялық жаттығулармен алмастырып отырады.

5. Сауат ашу кезеңі орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский негізін қалаған дыбыстың талдау-жинақтау әдісімен жүргізеді. Бұл кезеңде талдау, жинақтау, бірінбірі ауыстырып, бірін-бірі толықтырып отырады. Тек осы екі әдісті ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болады.

Талдау-жинақтауда мынадай жұмыстар жүргізіледі: кез-келген дыбыстарды сөз ішінен бөліп алу; дыбыстың артикуляциясын байқату; сөздің аяғындағы не басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу; айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру; т.б. үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін түсіндіру; буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу; дыбыс алмастырып оқу.

6. Саут ашу кезеңі үшке бөлінеді:

1) әліппеге дейінгі дайындық кезеңі;

2) әліппе кезеңі;

3) әліппеден кейінгі кезең. Әр кезеңнің өз мақсаты бар: Дайындық кезеңінде оқушыларға ертегі, әңгіме оқып беріп, өлең жаттатып, сурет салдырып, қағаз, қалам ұстауға машықтандырады.

7. Сауат ашу кезеңі 4 кезеңге бөлінеді:



Бірінші кезеңде -дауысты дыбыстардың жуан, жіңшке болып бөлінуі, дауыссыз дыбыстардың түрлері үйретіледі.

Екінші кезеңд - қысаң дауысты дыбыстармен, буынның түрлерімен танысады, сюжетті суреттеумен, кестелермен жұмыс жүргізеді.

Үшінші кезеңде -жіңішке дауысты дыбыстарды дауыссыз дыбыстардан ажыратып жазуды үйретеді.

Төртінші кезеңде - орыс алфивитінен енген дыбыстармен, олардың әріп таңбаларымен жұмыс жүргізу. Әліппеден кейінгі кезеңде оқушылар «Әліппе» соңында берілген материалдармен жұмыс істеп «Әліппемен қоштасу» ертеңгілікке дайындалады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет