Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет9/21
Дата21.05.2020
өлшемі129.72 Kb.
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
«Сөйлем және сөз» тақырыбына арналған сабақ (ауызша).

1.Мұғалімнің ертедегі айтып беруі (немесе әңгіме оқып беруі).

2. Айтылған ертегі (немесе оқылған әңгіме) бойынша сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу.

3.Тыңдағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.

4. Әңгімені сөйлемге ажырату.

5. Сөйлемдердегі сөздерді табу.

6. Ертегідегі(немесе әңгімедегі) ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу.

«Сөз және буын» тақырыбы бойынша сабақ (ауызша).

1. Әліппенің алғашқы беттеріндегісуреттер бойынша әңгіме жүргіз

2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.

3. Сөйлемдерді сөзге талдау.

4. Сөздерді буынғаталдау.

5.Сөздің басқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға табқызу

6.Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе пластилиннен жасату.

Дыбыспен таныстыру сабағы.

1. Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешгізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.

2. Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.

3. Дыбыспен таныстыру (Мысалы,а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т.б. сөздерді талдай отырып, «а» көңіл аударылады.).

4.Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.

5. Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.



Әріп элементін жазуға үйрену сабағы.

1.Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.

2. Оқушыларды жазуға даярлау.Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.

3.Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.

4. Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.

5.Балаларға дәптерлеріне жазғызу.



Сөйлемді сөзге сөзді буынға ажыратуға жаттығу сабағының үлгісі.

Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу.

Көрнекі құралдар: Әліппе кітабының алғашқы беттеріндегі жеке суреттер.

Сабақ барысы: Жеке суреттерді қарап, оларды атау.Сұрақ жауап арқылы суретте көрсетілген заттарды әрқайсысына лайықты сөйлемдер құрату. Мысалы, -Үйрек қайтеді? - Үйрек ұшады деген сөйлемде неше сөз бар? -Үйрек ұшады деген екі сөз бар. – Бірінші сөз қайсы? - Бірінші сөз - үйрек. – Жақсылап тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін.– Үй-рек. Нешеге бөліп айттым? - Екіге бөліп айттыңыз.– Бірінші бөлігі қалай? - Бірінші бөлігі - «үй». - Екінші бөлігі ше? -Екінші бөлігі - «рек».

Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады.Енді бұл сөздерді балалардың өздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі, әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуымен бірге иектің ілгері қарай қозғалатындығы түсіндіріледі.Иектің қозғалысын байқату үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау арқылы тәжірибе жасатып көруге болады. Иек екі буынды сөзде алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың көздері жетеді.

-Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік?- Сөйлем құрастырдық, сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп үйрендік.

- Енді суретке қарап, жақсылап тыңдап отырыңдар Мен сөздің бірінші буынын айтамын, қалған буынды жалғастырып айтып тұрыңдар: би-дай, үй-рек, та-уық т.б

- Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік? - ¤ткен сабақта біз «Бақша өсімдіктері» туралы әңгімелескенбіз.

- Бақшада қауын, қарбыз, т.с.с. өсіріледі.

- «Бақшада қарбыз өседі» деген сөйлемде үш сөз бар.

Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады, сол сөздер буынға талданады.

Үйге екі үшбуыннан құралған сөздер ойлап келу және бақшада істеген жұмыстары туралы әңгіме айтуға дайындалу тапсырылады.



Дыбыспен таныстыру сабағының үлгісі

Көрнекі құрал: аттың, ағаштың,алманың суреті және «Әліппедегі» суреттер.

Сабақтың барысы:оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, балаларға көздерін жұмып, аз уақыт не естілетініне құлақ салып отыру тапсырылады.Балалар машинаның дүрілі, біреудің даусы т.б. дыбыстар естігенін айтады.Біздің сөйлейтін сөздеріміз де осы сияқты дыбыстардан құралатыны түсіндіріліп, Ажар, апа, Асыл т.б.с. сөздер мысалға келтіріледі, буынға бөлінеді (А-жар, а-па, А-сыл). Бұл сөздердің басында қандай дыбыс естілетіні сұралады. Балалар «а» дыбысының естілетінін айтады. – Осы дыбысты бәрің де айтып көріңдерші. Әлия, сенде. Асқар, сен де барлығымыз айтайық

Суреттерді қарау және олардың атын атау; Атауларды буынға бөлу. Ішінде «а» дыбысы бар сөздер ойлату. «А» дыбысының таңбасымен таныстыру. Кеспе әліппеден «а» әрпін алып, оның екі тік сызықтан және бір көлденең сызықтан құралғанын ажыратып, қосып көрсету. Оқушылар бұл әріпті таяқшадан өздері құрастырады және оқиды.

«А» әрпінің кіші таңбасымен таныстыру. Оны да талдау (сопақшалау келген дөңгелек пен имек таяқшадан тұрады). Оны екі бөлімнен құрастырып көрсету (картоннан жасалып әкелген).Балалар картоннан жасалы әкелінген үлгіні айнала сызу арқылы «а» таңбасын шығарады. Әріп кассасынан бұл таңбаны табады.

-¤ткен сабақта балалардың өздері атын айтып, буынға бөлген еді;бүгін сол сөздерді тағы қайталайық,-деп, мұғалім оқушылар айтқан сөздерді талдау арқылы оның құрамында «а» дыбысының бар жоғына көңіл аудартады.

Үйге құрамында «а» дыбысы бар 3-4 сөз ойлап келу тапсырылады.11

Бұл – сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға есітілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі.Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгімелер өткізіледі.

Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмыстарын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет