Дипломдық ЖҰмыс жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi шымкент-2008 мазмұны кiрiспе



бет1/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,59 Mb.
#34088
түріДиплом
  1   2   3
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетiнiң

Шымкент институты
Педагогика және психология кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ЖЕТКIНШЕКТЕРДIҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРIНIҢ КЕЙБIР МӘСЕЛЕЛЕРI

Шымкент-2008


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
1-тарау. Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң психологиялық-педагогикалық негiздерi


    1. Жеткiншек жас кезеңнiң психологиялық-педагогикалық ерекшелiктерi

    2. Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң психологиялық тұрғыдан теориялық зерттелу жағдайы.

    3. Жеткiншектердiң дамуындағы қарым-қатынастың рөлi


2-тарау. Жеткiншектердiң танымдық қабiлеттерiн дамытудың әдiстемелiк негiздерi


    1. Жеткiншек жастағы балалардың даму ерекшелiктерiн айқындаудың жолдары.

    2. Жеткiншектiк жастағы балалардың даму ерекшелiгiне сай таным процестерiн дамытудың әдiс-тәсiлдерi.


Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Қосымша


Кiрiспе

Зерттеудiң көкейкестiлiгi: Елiмiздiң құқықтық-демократиялық қоғам жағдайында дамуы бүгiнгi әрбiр азаматтың және өскелең ұрпақтың жоғары мәдениет пен бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын керек етедi. Осыған байланысты қоғамның адам тәрбиесiне қояр талабы да барған сайын артып, оны iске асырудың көзi болып табылатын психикалық нышандар мен оны дамытудың шарттарына деген көзқарас өзгерiп келедi. Соған сай бүгiнде бiлiм беру ұғымының өзi өзгеруде және кеңеюде. Бiлiм беру барған сайын көп ретте мектепте, жоғары оқу орнында, тiптi отбасында бiлiм берудiң педагогикалық-психологиялық негiздерiн меңгерудiң мазмұны мен мәнi кеңейе түсуде.

Бүгiнде жаңа Қазақстан қоғамы жағдайында жеке тұлғаны функционалдық әзiрлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүрiп жатыр. Жаңа тұжырымдама бiлiм берудiң даралық сипатын көздейдi, ол әрбiр нақты адамның мүмкiндiктерiн және өзiн-өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамытуға қабiлеттiлiгiн ескеруге мүмкiндiк бередi.

Осы тұста елбасы Н.Ә.Назарбаев өзiнiң "Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына" деген студент жастарға арнап оқыған лекциясында "Бүгiнгi күн - талантты, жiгерлi, өзiне сенетiн адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерiк - жiгерi бар адамдардың уақыты", - деп атап көрсеткен болатын [1]. Мұның өзi өскелең ұрпақты жаңа технологиялар негiзiнде бiлiмдi де жоғары мәдениеттi азамат етiп тәрбиелей отырып, олардың жеке басының тұлғалық қалыптасуына аса үлкен мән берудi көздейдi. Мұның өзi оқу-тәрбие үрдiсiнде жасөспiрiмдi оның жас ерекшелiктерiне сай жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi көздейдi.

Қазақстанда ұрпақ тәрбиесiн оның жас ерекшелiктерiне сай дамытуға көңiл бөлiп, осы мәселе төңiрегiнде еңбектенiп жүрген психолог ғалымдар Жарықбаев Қ.Б., Намазбаева Ж., Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ., Елеусизова С., Елiкбаев Н. және т.б.[2,3,4,6,5,6].



Қоғамның талабы бүгiнгi жастардың тәрбиесiнiң үйлесiмдiлiгiн барған сайын қатаң талап етiп келедi. Әсiресе, бұл тұста жеткiншек жастағы балалардың тәрбиесi аса үлкен мұқияттылықты талап етедi. Бұл кезеңде бала азамат болып қалыптасудың өтпелi шағында болғандықтан оның кейбiр қиыншылықтары мен қалыптасу ерекшелiктерiн педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ашып, талдау жасауды қажет деп таптық. Сондықтан бiз диплом жұмысының тақырыбын "Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi" деп алдық.

Зерттеудiң мақсаты: Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiн айқындау, оларға теориялық талдау жасау.

Зерттеудiң обьектiсi: Жеткiншектiк кезеңдегi оқушылардың iс-әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық сипатты.

Зерттеу пәнi: Жеткiншектердiң жас ерекшелiктерiне байланысты даму процесi.

Зерттеудiң мiндеттерi:

  • жеткiншектiк жастың ерекшелiктерiне психологиялық-педагогикалық тұрғыдан сипаттама;

  • жеткiншектiк жас кезеңдегi оқушылардың дамуына әсер ететiн факторларды айқындау;

  • жеткiншектiк жас кезеңдегi оқушылардың дамуын айқындаудың жолдарын көрсету;

  • жеткiншек жастағы оқушылардың танымдық қабiлеттерiн дамытуға ұсыныстар.

Зерттеудiң көздерiне психологиялық, педагогикалық әдебиеттер, диплом жұмысының тақырыбына қатысты зерттеулер мен фактiлер, мемлекеттiк тұрғыда жарық көрген құжаттар мен iс-қағаздар, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдаулары мен баяндамалары, оқушылар мен мұғалiмдер көзқарастары мен студенттiң педагогикалық практика барысында жинақтаған iс-тәжiрибесi және т.б.

Зерттеудiң әдiстерi: зерттеу мәселесіне байланысты кітаптар мен оқу құралдарын, арнайы әдебиеттердi, ғылыми-зерттеу материалдарын талдау; жинақтау, топтау, теориялық талдау, әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кiрiспеден, негiзгi екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.

Кiрiспеде зерттеу жұмысының өзектiлiгi мен қоғамдық сұранысы, оның бүгiнгi күнге дейiнгi зерттелу жағдайы, сондай-ақ, зерттеу мәселесiнiң ғылыми аппараты баяндалады.

"Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң психологиялық-педагогикалық негiздерi" деп аталатын бiрiншi тарауда жеткiншектердiң психологиялық-педагогикалық ерекшелiктерiне ғалымдар зерттеулерiне сүйене отырып талдаулар жасалады. Олардың дамуы мен қалыптасуына әсер ететiн факторлар сипатталады.

"Жеткiншектердiң танымдық қабiлеттерiн дамытудың әдiстемелiк негiздерi" деп аталатын екiншi тарауда жеткiншек жастағы балалардың даму ерекшелiктерiн айқындаудың жолдары, олардың даму ерекшелiгiне сай таным процестерiн дамытудың әдiс-тәсiлдерi қарастырылады.

Қорытынды бөлiмде зерттеу жұмысының нәтижелерi тұжырымдалып, диплом жұмысының нәтижелерiн практикада пайдалануға нақтылы ұсыныстар берiледi.

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнде зерттеу тақырыбына байланысты 37 ғылыми және әдiстемелiк еңбектер тiзiмi көрсетiлген.

1-тарау. Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң психологиялық-педагогикалық негiздерi


    1. Жеткiншек жас кезеңнiң психологиялық ерекшелiктерi

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныптарында оқитын кезеңмен сәйкес келеді, ол 11-12 жастан 14-15 жақа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс-жүзінде басталуы 5ші сыныпқа көшуімен тура келмей, бір жыл ерте, не кеш болуы мүмкін.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дауірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму проццесстерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылды. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік-әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшілігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің, сана-сезімнің үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің танымдық және оқу- әрекетінің мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым қатынасқа арқау болатын моральдық- этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектіктің жеке басы дамуының аса-маңызды факторы оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі: ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен өзіне қарым-қатынас орнатуға бағытталды. Жеткіншек дамуының алуан түрлі көріністерімен елеулі айырмашылықтары: 7 сыныпта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмрінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; өздігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар; бірақ сонымен қатар оқу материалдарының өзін өздігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар, болашаққа деген жоспары айқые емес мектеп оқушылары да бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар, кейбір қыз балалалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді, кейбір балалар үйінде нағыз қолқанат жәрдемгшілер болса, енді бірулер әбден ерке болып кеткен, тпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшіліктерін, қарым-қатынастарын түбірінен өзгертетін сипатта болады.

Жеткіншектіктің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың организімінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды. Дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процессі өрістейді.

Организімнің қайта құрылуы эндокридік жүйедегі өзгерістерден басталады. Олардың қызметі жеткіншектің организмінде көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады. Бұл процестер қыз балаларда 11-13 жста, ер балалаларда 13-15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалып отырған қазiргі уақытта кейбір қыз балалар 10-11, ер балалар 12-13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.

Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасы щеңберінің өсуі жеткіншек шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлары, бұлар "күрт өсу" деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді. Дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындаййды. Бас сүйегінің жедел жетілуі нәтижесінде де бет әлпеті де өзгереді.

Организімнің қайта құрылуы жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерлеріне, көңіл-күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтығының, қоғызштығының, қимыл-белсенділігінің, енжарлауының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.

Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар.

Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны обьективті тұрғыдан толысуы ересекке айналыдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің басталуына негіз болады.

Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы қалыпты құбылыс.

Жеткіншектің организімінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшіліктері мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шартасттығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Халл мен З. Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшіліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады .

Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологтары күшті соққы берді. Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше оймен шектелуі мүмкін екені анықталды.

Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті.

a) үздіксіз

б) баланың балалық шағында оқып үйренгенімен ересектің рөлін жүзеге асыру үщін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі.

Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда болатын, оның ерексектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. Бұл идеяны дамытуда К. Левин (АҚШ) ерекше орын алады.

Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің балаларда жоқ кейбір артықшылықтармен пайдалануға деген ұмтылысы болады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлiнуіне және жеткіншектер топтарының аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды. Левиннің жеткіншектің «өз орнын таппауы» туралы идеясын қазіргі уақытта Д. Коулмен және бақа шеь ел психолгтары дамытуда.

Сонымен, жеткіншектің кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшіліктері жеткііншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды.

Әлеуметтік ересектіктiң дамуы негiзiнде баланың ересектер қоғамында оның толық та тең құқылы мүшесі болып өмір сүруге деген даярлығының қалыптасуы. Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да мінез-құлқы жағынан да ересектерге ұқсамайды. Олар әлі де көп ойнап, көп жүгіреді алысып-жұлысып, тентектіктер жасайды, өз дегендерін істеп, байыз таппайды, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп ден қоюы да біреуді жақсы көруі қарым-қатынасы да тұрақсыз басқаның ықпалына тез көнгіш болады. Алайда балалығы қаз-қалпында болып көрінетін сырт көрінісі алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының маңызды процестері жүріп жатады. Жеткіншектер көп жағынан әлі бала болып жүріп, елеусіз есейеді. Ересектің қалыптасу прцесі көзге бірден түспейді. Оның көріністері мен нышандары әр сипатты және сан алуан. Кіші жастағы мектеп оқушысымен салыстырғанда жеткіншекте жаңаның көп болуының нақ өзі оның балалықтан арыла бастағанын көрсетеді.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. Осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас өзгереді. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуғы және өзіне жұрттың осыла деп қарауына ұмтылады. Ересектік сезім деп аталатын бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жеткіншек өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса деген қажетсіну бар болғанымен онда шынайы, толық ересенктікті сезіну болмайды.

Ересектік сезім дене дамуы мен жыныстық толысудағы ілгірілушіліктерді ұғынып, бағалаудың нәтижесінде шығуы мүмкін, бұларды жеткіншек анық сезінеді және оны өз ұғымында да обьективті түрде неғұрлым ересек етіп көрсетеді.

Осы жас кезеңiнiң ерекщелiктерiн ата-аналар, мектеп мұғалiмдерi, сынып жетекшiсi, басқа да жеткiншектiң айналасындағылар жақсы түсiнетiн болса, барынша төзiмзiк көрсетiп, түсiнушiлiк бiлдiрсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтередi.

Сонымен, жеткiншек жастың ерекшелiктерi:


  • барлық нәрсенi өз бетiмен орындап, үлкендердiң қамқорлығы мен ақыл-кеңесiнен құтылғысы келедi;

  • үйге берiлген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзiмен түсiнiктi етiп айтуға тырысады;

  • үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мiнеп, кей кезде өрескiл мiнез көрсетуi, жеткiншек iстi игеру жағынан әлi бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкiншiлiгiн жоғары бағалап, бәрiн өзi iстей алатындай сезiнуi;

Жеткiншектердiң қырсық мiнез көрсетуiне, ересектер талабын оңай орындамауына негiз болатын бiрнеше себептер бар. Олар:

              1. Балалардың оқудан басқа айналысатын шаруасының болмауы.

              2. Радио, теледидар, басқа да ақпарат көздерiнен ересектерге арналған хабарды көрiп, соған елiктеуi.

              3. Күнi-түнi фантастикалық және криминалистикалық әдебиеттердi оқып, ондағы кейiпкерлерге елiктеуi.

              4. Өздiгiнен үлкен балалармен танысып, солардың жағымсыз әрекеттерiне елiктейтiндiгi.

              5. Агрессияның анық байқалуы.

Психологтың жеткiншек жас кезiндегiлермен жүргiзетiн жұмыстарының мiндеттерi мен мазмұны осы ерекшелiктерден туады. Барлық iс-шаралар жеткiншектердiң жасымен байланысты проблемаларын ескере отырып, оларды шешуге немесе шешу жолдарын табуға көмектесуге бағытталады. Сонымен қатар осы жас кезеңiнде баланың интеллектуалдық дамуына үлкен көңiл бөлу қажет.



    1. Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң психологиялық тұрғыдан теориялық зерттелу жағдайы

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады жэне психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялык-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің сңбектері, алдымен оның «Адам — тәрбие такырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К- Д- Уишнский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: «...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалык кұбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыныз келетін жагдайларға сәйкес іс-әрскет жасаңыздар»— деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялык идеяларының айтарлықтай ыкпалы тиді. Олар психикалық дамудың кайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалык іс-әрекеттің маңызын кернекті орыс ғалымы Я. М. Сеченов те атап көрсетті.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмперикалық материалдарыкын жинакталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер еңгізе бастады. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалык дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми түрғыдан келуді негізден алатыны педагогтар мен психологтарға айкьн болды. Алайда ІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялык, экспериментті педагогикада колданудың арнайы жолдары әлі табыла коймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалык заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелсрінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы кимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б.), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнін де үміт туғызды. Ашылған зацдылықтарды педагогикалык және балалар психолопиясына тек жан ауыстыра салса жетіп жататыи тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен кимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына катысты фактілерді біле отыръп, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарьн түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі психо-логы П. Ф, Каптеревтің «Педагогикалык, психологиясы» (1877), америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы жәме сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.

М. Жұмабаев сынды жыр дүлдiлiнiң тәлiм - тәрбие ғылымының (педагогика, психология және т. б.) теориялық мәселелерiне бой ұруы таңғаларлық жайт. Өйткенi бұл салада ғылыми еңбек жазған әлемдiк ақын - жазушылар некен -- саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның "Педагогика" (1922 - 1923 ж.ж.) атты кiтап жазуы өмiрде өте сирек кездесетiн, тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет.

Кеңестiк кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына өзiндiк үлес қосып, осы салада артына мол мұра қалдырған академик Т.Т.Тәжiбаевтың ұлт психологиясына орай айтылған жеке пiкiрлерiмен қатар, Абайдың психологиялық көзқарастары туралы еңбегi; Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес қосқан, өзiнiң 20 жылға созылған этнопсихологиялық еңбектерiнде қазақ халқының сонау ерте замандардың өзiнде - ақ ой - өрiсi өте жоғары болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берген ғалым. М.М. Мұқановтың 1979 жылы жарық көрген " Дәстүрлi мәдениет өкiлдерiндегi когнитивтi эмпатия мен рефлексияның зерттелуi" атты ғылыми мақаласы мен 1980 жылы жарық көрген "Ақыл ой - өрiсi" кiтабынан жекелеген тараулар да осы кiтаптан орын алып отырғандығын айтады.

ХХ ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1930 - 1990 жылдар арасында қазақ елiнде, жоғарыда аты аталған ғалымдардан басқа, ұлттық психология ғылымына азды - көптi үлес қосқан басқа адамдар да аз емес. Олар психология ғылымдарының докторлары - профессорлар Жарықбаев Қ., Жақыпов С., Намазбаева Ж., Шериязданова Х., Хамзин Б., Бердiбаева С., Кәрiмова Р. және т.б. Бұлардың барлығын бiр жинаққа енгiзуге мүмкiндiк болмағанын оқырман қауымының есiне салады.

"Қазақтың психологиялық ой - пiкiрлерi" атты соңғы оныншы том, негiзiнен, елiмiздiң егемендiк алып, тәуелсiздiк алған кезеңiнде дейiнгi қазақ халқының он төрт ғасырлық психологиялық ой - пiкiрлерiн баяндаумен аяқталды. Яғни, бұл сонау VI-VIII ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбiрлi үлкен кезең. Ал үстiмiздегi ХХI ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу бiзден кейiнгi ұрпақтың еншiсi болмақ деймiз.

Ол 1922 жылы тұңғыш "Педагогика " атты оқулық жазып, бала тәрбиесiнiң проблемаларымен айналысушы мұғалiмдер қауымына үлкен көмек көрсеттi.Сонымен бiрге педагогика, психология ғылымдарының қазақ тiлiндегi терминдерiн жасауға белсене ат салысады.

Жеткiншек жастағы балалар бойында көп өзгерiстер байқалады. Әсiресе мiнез-құлқында өзгерiс айқын байқалады. Осындай өзгерiстердiң бiрi мiнез акцентуациясы болып табылады. Акцентуация- барлық адамға тән психикалық қасиеттерiнiң кейбiр көрсеткiштерiнiң ерекше дамып, шектен шығып кетуi.

Акцентуацияны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификацияны ұсынады. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:

1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі - көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.

2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне

байланысты – жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, үзақ уақыт шат болып жүреді. Махабатта қатты ренжігіш, Бірақ қажетті болса қамқорлық көрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.

3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабр-шу шығаратын


ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды.Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз
орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал
бағалап, кемістіктерім өте көп деп есептейді. Паталогияда - эпилептикалық психопатия.

4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер - тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз кабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.

5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.

6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда -эпилептоидты психопатия.

7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз, жалғыздықты жақсы көреді.

8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңлін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз

ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда - истериялық психопатия.

9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бүл түрі көрініс бергендер майда-шүйда сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетін

10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетіге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жагдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Паталогияда — параноялды психопат.


    1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
      2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
      2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
      2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
      2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
      2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
      2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
      2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет