Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: ТӨлен әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері орындаған: Жақыпбекова Р


Т. Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі (тіл өрнегі, стильдік оралымдары)



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,58 Mb.
#6927
түріДиплом
1   2   3

Т. Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі (тіл өрнегі, стильдік оралымдары).
Жалпы әдиеттану ғылымында әдеби шығармалардың табиғатын түсіну үшін олардың көркемдік ерекшеліктерін зерттеудің маңызы үлкен. Жазушының шеберлік қырлары, көркем әдебиет туындысының эстетикалық қуаты нақ осыдан – жазушы қаламының көркемдік ерекшеліктерінен, поэтикалық ізденістерінен көрінеді.

Академик С. Қирабаев: «Бүгінгі біздің замандасымыз қандай адам, оны қоршаған ортаның шындығы қандай, осы екеуінің арақатынасы қандай приципке құрылған, адам өз өміріеің қызығын, тіршілігінің мақсаты неде деп түсінеді, нені армандайды, не нәрсе оны ренжітеді? Бүгінгі күннің әдебиеті күн тәртібіне қойып отырған басты проблемалардың бірі – осы» дейді(21,29).

Өмірдің сапырылысқан сансыз қоғамдық – саяси, тұрмыстық интимдік ситуациялары мен көркем шығармаға азық болатындай тың тақырыптар мен идеяларды, ұлттық әдебиетке бұл кезге дейін мәләм болмаған жаңа қызғылықты характерлер мен тосын типтерді көріп, оларды аша білу өте қиын іс. Ал, сол тыңнан табылған тақырыптар мен идеяларды жаңағы қызғылықты характерлері мен типтердің көз – қарастарына, мінездеріне, іс - әрекеттеріне көшіру арқылы болашақ шығарманың сюжеттік желісін жасау, оны мінсіз композициялық процесс. Бұл процесс – творчестваның бұлжымыс заңы. Кез – келген жазушы бұл процесті бастан кешеді. Жазушының шеберлік қырларының ұшталып, көркемдік стилдің қалыптасып дараланатын жері де – осы процесс.

Дегенмен, Т. Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшеліктері, тақырып таңдау, кейіпкер психологиясын ашу, сөз саптау, сюжет құрау, бір сөзден жазушылық стилі қандай.

Әдебиеттану ғылымындағы стиль – аса кең мағынадағы ұғым. Көрнекті ғалым З. Қабдолов: «Нағыз пейзаж – поэзия! Характер! Адам! Неге десеңіз, адамның қабылдаунан, сезіну, түйсінулерімен, көңіл – күймен тыс табиғат суреті – пейзаж жоқ! Пейзаж жазушының стилінде белгілейді. Ал, стиль – адам ...» дейді.

Ең алдымен жазушы жақсылық пен жамандықты негізгі объект етіп ала отырып, ішкі сұлулықты, ішкі тереңдікті, рухани құндылықтарды жоғары қойып дәріптейді. Жазушыға тән негізгі қасиет – шығармаларына психологиялық, лирикалық сарындармен қатар философиялық ой дарыту басым. Сондай – ақ, асқынған драматизм, трагедиялық тағдыр, жаратылысы қызық характерлер ұтымды көрініп отырады.

Мысалы. ТӨленнің ең алғашқы шығармаларының бірі « Оң қол» әңгімесін алайық. Шығарманың кезінде үлкен жаңалық ретінде қабылданғаны белгілі. Ендеше шығарма құнын асырған қандай десек, ол ең алдымен тақырып тосындығы болса, соған орай жазушы идеясын шығарма сюжетінен табиғи бірлік табуы еді. Әрени, бұл тек «Оң қол» әңгімесіне ғана қатысты ерекшелік емес, Т. Әбдікұлы шығармаларының барлығына тән қасиет. Тіпті Төлен шығармаларының өзін ана тақырып, болмаса мына бір шындық болмаса шетел тақырыбы деп бөле – жарудың қажеті жоқ. Өйткені қайсы – бір туындысын алмайық өмірдің ең өзекті, аса зәру, аса білгір мәселелерді көтергені анық. Олар тек жанрлық тұрғыдан, және шығарманың сюжеті мен композицмялық құрылымына ғана бөлек. Ал автордың философиялық ой –түйіні алдыға қойған ол адамгершілігі барлық шығарманың алтын арқауы.

Олай болса:

«Әбдіков әуел бастан – алғашқы әңгімесі «Бассүйекте» бастап соңғы туындысы – «Өліара» романы аралығындағы бүкіл шығармалары парасаттылықты пайымдап, адамгершілікті мадақтауға арнағандығын айтуымызға болады. Өйткені Төленнің қай жанрда жазылған туындысы да тек осы биік адамгершілік мұраттарды өмірлік өнеге ретінде ұсынумен ұлағатты» дейді Қ. Құрманғалиұлы.

Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. «Өйткені – дейді З. Қабдолов, - тақырып - өнер туындысының ірге тасы» (22,160).

Ендеше бізде жазушы шығармаларының тақырыбынан бастағанды жөн көріп отырмын. Ең алдымен айтар ерекшелік Т. Әбдікұлының тосын тақырыптарға баруы. Жазушының алғашқы әңгімелерінің бірі «Бассүйектен» бастап « Оң қол», « Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Ақиқат», «Тозақ оттары жымындайды», «Парасат майданы» т.б. атты тосын тақырыптағы әңгіме, повестері өзінің тосын кейіпкерімен жазушының суреткерлік даңқы алысқа жіберді. Мысалы, «Бассүйектегі» мүсінші – антраполог Хамит, «Оралудағы» Әбдікерім, «Қыз Бәтіш пен Ерсейіттегі» Қожабек, «Жат перзенттегі» Кәрім, «Тозақ оттары жымындайдыдағы» Бэйкер сияқты басты кейіпкерлерді оқыған адамның ойынан шықпайтындығы шындық. Оның себебі, Т. Әбдікұлының қай шығармасы қайсы бір кейіпкері болмасын әбден сыннан өтіп, суреткер қиялында пісіп, жетілмей тумайтындығы. Содан да болар жазушы өте сирек қалам тербейді. Бірақ толғағы жетіп , дүниеге келген туындыларының елеусіз қалған жері жоқ.

Стиль ұғымының кең екендінін жоғарыда айттық. Ғалым З. Қабдолов: «Сонымен, біз жазушыны күллі творчествасын өң бойынан идеялық – көркемдік негіздің тек сол жазушыға ғана тән ерекшелігін аңғарамыз... Міне, стиль - әр жазушыға тән осындай творчествалық ерекшелік (23,331) деп жазады.

Тіл - әдебиеттің басты мүшесі. (М. Горький), сөз шығарманың негізгі материалы (Федин) екенін ескерсек, әдеби шығарманың көркемдік құны оның тілінде екен. Сондай – ақ тіл байлығы шығарма сюжетін баяндауда ғана емес, кейіпкер психологиясын ашудағы монолог, диалог, ойлау, қиялдау, еске алу т.б. сияқты тәсілдерден де көрінеді.

Ғалым Г. Пралиева « Тағы бір тоқталар жайт – Т. Әбдіковтің тілі. Оның қай туындысын алмаңыз, артық – ауыз әңгімеге, жалған сезімге, кездеспейміз. Немесе, ділмарсыған кейіпкер, не автор жоқ. Мүмкіндігінше аз сөзге көп мағына сыйдыруға және әр сөзінің әйтеуір, бір роль атқаруына аса жауапкершілікпен қарайтындығы – қаламгердің өзіндік қолтаңбасы, өзіндік әдіс – тәсіл» , - дейді.

Бұл жерде көркем шығарма сюжеті мен кейіпкер психологиясы ашудағы жазушы ізденістеріне қатысты көркемдік ерекшеліктерге тоқталамыз.

Негізгі психологиялық шығарманың жанрлық, стильдік ерекшелігін ашатын көркемдік бейнелеу құралдарының – ішкі монолог, монолог, ойлау, қиялдау, ой – түйсік, ес, еске алу, елес, елестету, түс – сандырақ , өзін - өзі бақылау мен өзін - өзі талдау т.б. жатқызатынын айтуға болады.

Т. Әбдікұлы шығармаларында осы тәсілдердің барлығы, әсіресе монолог, ішкі монолог, ойлау, өзін - өзі бақылау мен өзін - өзі талдау сияқты тәсілдер жиі кездеседі. Т. Әбдікұлы шығармаларының негізі философиялық астарларға бай екенін ескерсек, бұл тәсілдердің шығарма сюжеті мен кейіпкердің жан дүниесін ашып көрсетуде шешуші роль атқарады. Кейіпкерді өткен күндерге, мол өмір белестеріне қиял көзімен қарату жазушының «Әке», «Оралу», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повестерінде негізгі баяндау амалы болған . Соған орай естелік, ойға алу, жадыға түсіру, кешегі тірліктің жаңғырығын тыңдау жазушы қолданған тәсілдердің бірі.

Осыған орай оқиға желісі негізінен көбіне бас кейіпкердің сөзіне беріліп отырады. Мәселен, «Әкеде» шығарма сюжеті бас кейіпкер Сайлаудың өткен өмір белестерін әкесінің айтқан әңгімелерін еске түсіріп, жадына жаңғырту арқылы берсе, «Оралуда» Әбдікерімнің тікелей өз басынан өткен оқиғалар шығарма желісіне арқау болады. Шығармадағы тарихи оқиғалар бір – екі бетте шығармаға фон беру есебінен шолу түрінде атала кетсе, шығарманың негізгі тілін құрайтын оқиғалар ұзағырақ. Мысалы, қазақ ғұрпында өлген адамды ақ жауып, арулап көмудің өзіндік белгілері бар. Міне, бұл жазушыға кейіпкерлер психологиясын, қазаққа тән мінез – құлықтарды ашудың объектісі ретінде де қызмет етіп отыр. Шығарма желісінде анда – санда көрінер кейіпкерлердің де адами пендешілік қырларымен ашылар тұсы осы. Бірақ неге екені, мүмкін сол ғасырға байланысты туған атеистік көзқарасқа қатысты болды ма екен, жазушы торқалы той, топырақты өлімге байлланысты туған әдеп – ғұрыптарға теріс көзқараста болған. Өлікті жөнелтер алдындағы кейбір үй – ішілік тіршілікке, ислам дінінен келген шариғат заңдарына тіпті наразылық белгісі де байқалады.

« - Апырмай, Сейсен әулие екен, - деді молда шайын ұрттай отырып. Көз жұмардың алдында бір сағаттай бұрын ғана үй – ішімен арыздасып, мені шақыртқан екен. Мен келгеннен кейін – ақ күтіп жатқандай төмендей берді.


  • Өле - өлгенше ақылынан , не сөзінен жаңылмады ғой, - деді Смағұл. – Көзі жұмылғанша бәрімізді танып жатты.

  • Жарықтық – ай!

  • Япырай, ә! – десті шалдар бас шайқап.

  • Қанша ауырғанда да, әйтеуір кемпірдің алдында кеткені қандай жақсы болды. Келінге қараған күн болса, не болмақшы. Кіріп- шығудың өзі ақырет қой, - деп қауіп білдірді шалдар.

Келінге қараған күннің қиын екенін дәлелдеу үшін әрқайсысы жеке – жеке мысалдар келтіріп , сондай күйге тап болып отырған кейбір көзі тірі шалдардың халдеріне аяныш білдіріп, оған қарағанда әкемнің мынау өлімі құдайдан тілеп алатын өлім екенін айтйп ,тап бір әкем өлмей қалғанда жағдайымыз қиындап кететіндей, осының бәрін сәті түскен іске әкеп тіреді».

Бұл пікірді академик С. Қирабаев та айтып өтті. Ғалым: «Шындықты іріктеп ала білу, оның ішіндегі прогрессивті құбылыстарды таңдау және насихаттау, ұнамсыздықты жек көрсете білу де реализмге кіреді. Бізде реализмнің осындай тоғысқан үлгілері жетіспейді. Реализмнің толымсыздығы , - әлі жазушы есебінде де толыспағанның белгісі. Содан барып, нағыз шындықтан гөрі шығармаларда кездейсоқ оқиғалар өріс алады» деп жазушының көркемдік ізденістерін реалистік тұрғыдан баға береді.

...Т. Әбдіковтің әке өліміне байланысты халықтың өлікті қадірлеу салты жайлы теріс ұғымға келуі де реализмге қайшы. Ол халықтың өлімді қадірлеу салты мен діндәрлік ескілік шекарасын айыра бермейді» деген пікір береді. Т.Әбдікұлы шығармаларына қатысты айтылған сын – пікірлерді де айта кетсек. Мәселен, белгілі сыншы С. Әшімбаев тақырыптары басқа болғаны мен ар тазалығы шынайы сезім байлығы, адам жанындағы тереңдік пен кеңдік, адамгершілік принциптерге адалдық, адам өміріндегі дұрыс – бұрыс құбыстарға диалектикалық тұрғыдан ой жүгірту, байсалды баға беру қазақтың көптеген тән қасиет екенін айтады. «Әсіресе, Ә. Кекілбаев пен Т. Әбдіков, М. Мағауин шығармашылығындағы нақты да затты философиялық интелектуальдық өрелі интерпретациялар қазақ прозасындағы соны ізденістің куәсі дерлік» дей келіп, «Сондай – ақ, қайсыбір талантты деген жазушыларымыздың, жекелеген шығармаларында суреткерлік интуиция болады да, ең басты нәрсе – тұжырымдама кетпей жатады. Осының салдарынан шығармадағы оқиғалардың мезгіл мекені беймәлім, уақыт пен кеңістік ұғымы дерексіз, кейіпкерлері «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей абстрактылы ойлап, жер баспай салмақсыздық жағдайында ауа қармап жүрсе, олардың қым – қиғаш қисынсыз әрекеттерінде психологиялық – логикалық мотивировка жете бермейді. Мәселен Д. Исабекотың «Сүйекші», Т. Әбдіковтің «Тозақ оттары жымыңдайды» сияқты тілі, стилі, композициясы тәп – тәуір повестерінің басты кемшілігі осында» (24,124) деген сын айтады.

Дегенмен, сыншы пікірімен келісе қою қиын. Себебі, бұл сынның Д. Исабековтың аталған шығармасында кездесетіні бар. Алайда, «Тозақ оттары жымыңдайды» повесіне қатысты бұл сын – пікір қиянаттау сияқты. Өйткені жазушы сонау мұхиттің арғы жағындағы болып жатқан оқиғалардың дәл уақыты мен сыншы айтқан мезгіл – мекеннің дәл орнын белгілеуді мақсат етіп қоймаған. Суреткер үшін оның қажеті де болмаған. Одан шығармаға сюжетіне кедергі келтіріп тұрған жоқ.

Олардың бір - біріне ұқсамайтыны, тіпті бірін – бірі қайталамайтынын айтып өтті. Оларды даралап тіл ерекшеліктерін салыстыра отырып, С. Асылбекұлының пікіріне құлақ салсақ:

«Айталық, М. Мағауин, С. Мұратбеков, Қ. Мұқанбетқалиев, Т. Әбдіков, Б. Нұржекеевтер кейіпкерлерін іс - әрекет, динамикалық оқиға үстінде ашып көретуге шебер болса, шығармалары философиялық астарға бай Ә. Кекілбаев персонаждарын өзді - өзімен арпалысқан ішкі психологиялық тартыстар үстінде көрсетуге ұсте. Ал Д. Исабеков, Т. Нұрмағанбетов , Ж. Түйменбаевтардың қаламдары өз тұстарының арасында юморға байлығымен, детальдарды құбылтқыштармен мұндалап тұрады. Соның өзінде де олар бәрібір бір – бірінен әйтеуір бір ерекшеліктерімен өзгешеленбей қала алмайды. Т. Нұрмағанбетовтың юморы тапқыр, әжуашыл, Ж. Түйменбаевтікі сыпайы, астарлы, ал Д. Исабековтікі ащы, ащылығы сондай кейде ол бүтін бір жағымсыз әлеуметтік құбылысқа аяусыз үкім шығаратын сарказм дәрежесіне дейі жетіп барып жығылады. Мұндай ерекшелікте олар өмірге әкелген шығармалардың бүткіл көркемдік дүниесінен байқалып тұрады» - деп келтіреді.



Қорытынды
Біз көрнекті жазушы Т. Әбдікұлы шығармаларының әртүрлі жақтан қарастырдық. Соның ішінде әңгімелері мен повестерінің көтерген мәселесі мен сол өмірлік шындықты игерудегі жазушы ізденістеріне, шығармашылық жолдарына шолу жасадық. Жазушы творчествасының көп зерттелмегенін жоғарыда айтып өттік. Сонда да болса жазылған сын – пікірлерге сүйене отырып жазушының стильдік ерекшеліктеріне талдадық.

Т. Әбдікұлы - талант. Ол дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Оған шығармаларын талдау барысында көз жеткіздік. Оның қаламынан туған «Оң қол», «Ақиқат», «Әке», «Оралу», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымыңдайды», «Парасат майданы» т.б.

60 – 70 жылдардағы жазушының көркемдік ізденістері көбіне ой айту, тұжырымдама түюдің түрлі формаларын табуға әкелгенін айттық. Ең әуелі жазушыға тән негізгі қасиет кейіпкер психологиясын ашудағы сәтті ізденістері еді. Ол сомдаған кейіпкерлер шынайылығымен, ұлттық характерлеріне тән мінез – құлықтарымен дарланумен де құнды. Мәселен сол жылдардағы жазушылардың белең алған шығарманың негізгі геройлары комунистер мен олардың заңды мұрагері комсомолдар болуы керек деген партиялық нұсқаулардың күлін көкке ұшырды. Осы тұрғыдан келгенде Т. Әбдікұлының Сейсені мен Сайлауы, Болаты мен Қожабекі т.б, кейіпкерлері бір қап, бір саптан шыққан советтік қоғамның қалпына сиятын жандар еместін.

Жазушының көптеген шығармаларының, әсіресе, бұл қатарда «Оралу», «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» повестерінің орны ерекше. Шығарма мазмұнының тереңдігін, көтерген әлеуметтік жерін айтпағанда, шығар аяғындағы аяқталмай қалған драмалық түйіндер оқырман қауымды шет қалдырмай өздерімен бірге ойланып – толғануға шақырады.



60 – шы жылдардың ортасында келіп, Т. Әбдікұлының шығармаларын шолып, пікір білдірдік. Жазушы шығармаларын толық талдап, шықтым деп айта алмаймын. Төлен шығармалары әлі талай ғылыми еңбектердің нысанына айналары сөзсіз. Оның творчествасы жыл өткен сайын жаңарып, жасарып келер ұрпақтың сүйсіне оқитын шығармаларына айналары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Г. Піралиева Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. Алматы. Алаш 2003.

  2. Б. Ыбырайымов Көркемдік көкжиегі. Алматы. Жазушы 1981.

  3. Г. Піралиева Ізденіс өрнектері. Әдеби сын. Алматы, 2001.

  4. Т. Әбдікұлы Оң қол. Алматы. Атамұра, 2002.

  5. Ж. Дәдебаев Қазіргі қазақ әдебиеті. Алматы. Қазақ университеті, 2002.

  6. Р. Рүстембекова Қазіргі қазақ әңгімелері. Алматы. Жазушы, 1988/

  7. Т. Әбдікұлы Рухани кемелдену – адамның өзіне - өзі үңілуінен, өзінен - өзі күресуінен. Қ. Жиенбай сұхбаты. Қазақ әдебиеті. 18 – ақпан, 2005.

  8. Ә. Кекілбайұлы Адамстанға саяхат. Егемен Қазақста, 4 – қыркүйек, 2002.

  9. К. Сыздықов Ұстаздық ұлағат. Алматы, 2001.

  10. Т. Әбдікұлы Айтылмаған ақиқат. Алматы. Жалын, 1979.

  11. Ш. Айтматов Ғасырдан да ұзақ күн. Алматы. Атамұра, 2005.

  12. М. Байғұт Аспандағы мысықтар. Алматы, 2000.

  13. З. Қабдолов Арна. Алматы. Жазушы, 1988.

  14. С. Қирабаев Уақыт және қаламгер. Алматы. Жазушы, 1975.

  15. Т. Есенбеков Әдеби талдауға кіріспе. Оқу құралы, 1991.

  16. Б. Майтанов Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Алматы. Ғылым, 1982.

  17. С. Асылбекұлы «Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы». Алматы, 1997.

  18. Қ. Құрманғалиев Қоңыр күз күмбірі. Алматы. Санат. 2002.

  19. С. Әшімбаев Шындыққа сүйіспеншілік. Алматы. Жазушы. 1993.

  20. Б. Даулетбаева «Құпия есіктің құлпын ашқан қаламгер» Қазақ әдебиеті. 12 – қараша. 2002.

  21. С. Қирабаев Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. Жазушы. 1992.

  22. З.Қабдолов Әдебиет теориясының негіздері. Алматы. Мектеп.1970.

  23. З. Қабдолов Сөз өнері. Алматы. 1992.

  24. С. Әшімбаев Талантқа тағзым. Алматы. Жазушы. 1982.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет