Дүйсенбай Нұрсұлтан



Дата24.07.2017
өлшемі43,26 Kb.
#21928

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі. Оңтүстік Қазақстан облысы. Түркістан қаласы. №21 жалпы орта мектеп Қазақстанның оңтүстігіндегі дәрілік өсімдіктердің қорлары, адыраспан өсімдігінің биохимиялық ерекшеліктері. Дүйсенбай Нұрсұлтан Жетекшісі: Сапарбаева Ұлбосын. Ғылыми жетекшісі: Қ.А. Ясауи. Меңгерушісі п.ғ.к,досент м.а Е.Ауелбеков

Тақырыптың өзектілігі

  • Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 –дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар.
  • Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, адыраспан, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б.

Тақырыптың өзектілігі

  • Биіктігі 20- 60 сантиметрге жететін, жиі бұтақталып, жайылып өсетін көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамыры кіндік, негізгі тамыры бірнеше тарамдалған. Бөбешік жапырақтары жұп, майда, ланцет тәрізді. Жапырақтарының ұзындығы 3 – 6 сантиметр, ені 3 5 сантиметр, өркенге кезектесіп отырмалы орналасады. Жапырақ тақтасы терең ойықталып тілімделген. Гүлдері ірі, гүл сабағының ұзындығы 15-25 мм, тостағанша жапыраұшасының ұзындығы 15-20 мм, жіңішке, майда бөліктерге бөлінген, бөліктерінің ұзындығы 1,5-2 мм. Күлтесі ақ, ақшыл- сары түсті, эллипс тәрізді, ұзындығы 15-20 мм, ені 6 – 8 мм, аталыұтарының ұзындығы 13 – 15 мм. Жемісі шар тәрізді қауашақ, ені 1 см, үш жақтаулы, көп тұқымды, ұзындығы 3 мм. Мамыр- маусымда гүлдеп, тұқымы маусым- тамызда піседі. Қазақстанда Түйетабандар тұқымдасы ( Peganaceae Tiegh) , оларды халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланатын өсімдік. Өсімдіктің химиялық құрамын анықтау нәтижесінде, өсімдіктің қоректік құндылығына көз жеткізу. Осындай заттектерге байланысты организмге әсер етуші факторы, адамның әр түрлі органдары мен жүйкелерінің қызметіне ететін ықпалы анықталады, сонымен бірге шипалық қасиеті де жан жақты тексеріледі. Өсімдіктің химиялық құрамдастығын зерттеу, медицина және биология ғылыми салаларында өте өзекті мәселе болып табылады, себебі заттектер адам ағзасына әсер ететін негізгі фактор болып табылады. Өсімдіктің түрлерінің химиялық құрамын зерттеу шаруашылықты ғылыми жолмен жоспарлауға керек. Қазақстан Республикасы шеңберінде бұл бағытта орындалған ғылыми жұмыстар баршылық. Анықталған жәйттерді ескеру арқылы Түйе табандар тұқымдасына жататын улы өсімдік Кәдімгі адыраспан (Peganum harmala) ерекшеліктері мен емдік қасиеттерін толыққанды зерттеу жалғастырылды.

Біздің зерттеу мақсатымыз

  • Жергілікті жерде өсетін адыраспан өсімдігінің құрамын зерттеу арқылы олардың шипалық қасиеттеріне баға беру.

Зерттеу міндеттері

  • Адыраспан -киелі өсімдігінің химиялық құрамын анықтау;
  • Адыраспан өсімдігінің биологиясын зерттеу;
  • Адыраспан дәрілік шөбінде алкалоид пеганиннің мөлшеріне қорғасынның әсерін зерттеу;
  • Медицинада адыраспанның емдік мақсатында қолданылуын, онымен халық медицинасында емдеу жолдарының түрлеріне баға беру;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  • Түйетабандар тұқымдасына жататын адыраспан өсімдігінің химиялық құрамын анықтау арқылы, оның құндылығына көз жеткізу.

Зертханаға дайындалған нысаналық тәсілдері

  • Зерттеу обьектісіне адыраспан өсімдігінің түрлері Оңтүстік өңірінен алынды.
  • Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің өзі, тұқымы және тамыры пайдаланылады. Өсімдіктің шөбін гүлдеген кезде дайындайды, тамырдан жоғары жерінен кесіп алынады. Кептірер кезде темір шатыр астына көлеңкеге және ауа өтіп тұратын жерге кептіріледі. Сақтау мерзімі 2 жыл. Қауашағы ашыла бастағанда тұқымын тереді. Төбесі жабық жақсы ауа өтіп тұратындай жерде немесе күн астында кептіреді. Астына мата төсеп , сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.

Адыраспан – Peganum harmala сипаттама

  • Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.

Адыраспан – Peganum harmala

  • Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар.

Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala)

  • Гүлі ақ және сары түсті, ірі жалғыз не үш гүлі сабаққа гүл табаны арқылы бекітілген.
  • Тостағаншасы–бес, күлтесі бес бөлімді сары түсті, ұзындығы 1,5 – 2 см аталығы 15. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ, диаметрі 6-10 мм шар тәріздес, үш жеміс қалтасынан тұрады. Тұқымының түсі қоңыр немесе сарғыш қоңыр , ұзындығы 3 – 4 мм, үш ұшты төбешік тәрізді.
  • Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің өзі, тұқымы және тамыры пайдаланылады. Өсімдіктің шөбін гүлдеген кезде дайындайды, тамырдан жоғары жерінен кесіп алынады. Кептірер кезде темір шатыр астына көлеңкеге және ауа өтіп тұратын жерге кептіріледі. Сақтау мерзімі 2 жыл. Қауашағы ашыла бастағанда тұқымын тереді. Төбесі жабық жақсы ауа өтіп тұратындай жерде немесе күн астында кептіреді. Астына мата төсеп , сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады.

Мамыр-маусым айларындағы адыраспан

Адыраспан өсімдігінің химиялық құрамы

  • Химиялық құрамы
  • Формуласы
  • Мөлшері
  • Алкалоид
  • (C13H15ON2)
  • 3,5-6%
  • Гармалин
  • (С13H12ON2)
  • 60%
  • Гармин
  • (C2H10ON2)
  • Аз мөлшерде
  • Гармалол
  • (C11H15ON2)
  • Аз мөлшерде
  • Пеганин
  • Аз мөлшерде
  • Дезоксивицинон
  • Аз мөлшерде
  • Тамырында
  • 1,7-3,3%
  • Сабағында
  • 0,23-3,57%
  • Жапырағында
  • 1,07-4,96%
  • Гүлінде
  • 2,82%
  • Жемісінде
  • 1,08%
  • Тұқымында
  • 2,38-4,59%

Адыраспан өсімдігінің фармакологиялық құрамы

  • өсімдіктің фармакологиялық құрамы, адыраспан дәрісі (препарат) қабыну ауруын басатын, зәр айдайтын, тер шығаратын, ішек құрттарын өлтіру үшін, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин және пеганин алкалоидын паркинсонизм, сал, қояншық ауруларын емдеу үшін қолданады. Гармин мен пеганиннің әсері қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазанның, жүректің жұмысын баяулатады. Гармин препаратын көп мөлшерде қабылдаса безгек ауруына шалдығады. Пеганин гарминге қарағанда күштірек.
  • Дәрілік құрамы. Пеганин гидрохлорид, дезоксинпегонина гидрохлорид (таблетка және укол ретінде қолданады.)

Ақ адыраспан

  • Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Оған тек «ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады.

Түркістан топырағы мен шөбінде (Адыраспан дәрілік өсімдігі) қорғасын мөлшерін анықтау нәтижелері.

  • Атмосфераға көліктен бөлінген газдардың құрамында 25-27% қорғасын болатыны анықталған және оның 40% диаметрі 5мкм-ге дейін жетеді
  • Түркістан аймағы предкризистік апаттық зона болып тіркелген. Қорғасынның деңгейі суда, топырақта, өсімдіктерде судағыдан өзгеше, топырақта ол жердің қыртысының жоғарғы қабатында (20-30 см) жинақталады, жер асты суларына оның толығымен өтіп кетуі қиын. Осындай обьективті себептерге байланысты жұмыстың, ғылыми ізденістің, судан топыраққа және өсімдікке бағыт алуы өзекті мәселе болып міндеттелді.
  • Түркістан өңірінің флорасы толық зерттелмеген. Мұнда дәрілік өсімдіктердің 20-ға жуық түрі бар (кесте 2).

Дәрілік өсімдіктердің негізгі таралу аймақтары

  • Дәрілік өсімдіктердің аталуы
  • Қаратау аймағы
  • Сауран аймағы
  • Иқан аймағы
  • Сырдария аймағы
  • 1
  • Адыраспан
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 2
  • Мия
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 3
  • Қызыл мия
  • +
  • -
  • -
  • +
  • 4
  • Есек мия
  • +
  • -
  • -
  • +
  • 5
  • +
  • -
  • -
  • +
  • 6
  • Жусан
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 7
  • Дермене
  • +
  • -
  • +
  • +
  • 8
  • Кәдімгі бақбақ
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 9
  • Жантақ
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 10
  • Итмұрын
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 11
  • Қалақай
  • +
  • -
  • -
  • +
  • 12
  • Үлкен андыз
  • +
  • -
  • -
  • +
  • 13
  • Жұмыршақ
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 14
  • Жалбыз
  • +
  • -
  • -
  • -
  • 15
  • Мыңжапырақ
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 16
  • Жолжелкен
  • +
  • +
  • +
  • +
  • 17
  • Итжидек
  • +
  • +
  • +
  • +

Қорғасынның сыртқы ортаға таралуы

  • Түркістан экологиялық аймағында топырақта және өсімдіктерде қорғасынның мөлшерін анықтау орындалған. Ал қорғасын мөлшерін топырақта және адыраспан дәрілік шөбінің бойында тексеруді, оның әртүрлі концентрасының адыраспан алкалоиды пеганиннің жинақталуына әсерін байланыстыру арқылы жүргіздік.
  • Қорғасынның сыртқы ортаға таралуының басты себебі автокөлік жүйесі, халық арасында кеңінен таралған пештерде от жағу жағдайы. Қорғасын көп мөлшерде топырақта анықталғанда сол жердің өсімдігінде де мол болатыны туралы ғылыми хабарлар көп. Түрлі шөптердің бойынан қорғасын деңгейі тексерілген. Ал адыраспан туралы, оның құрамындағы алкалоидтар жөнінде деректер белгілі болғанымен шөптің қорғасынмен қатынасы бойынша және қорғасынның адыраспан алкалоидтарына әсері туралы мәлімет жоқ. Сондықтан осы тұрғыда жүргізілген ғылыми ізденісіміздің теориялық –практикалық маңызы бар

Қорғасынның топырақтағы және адыраспан шөбіндегі салыстырмалы мөлшері,%

  • N
  • Тексерілген мекен-жайлардың аттары
  • Қорғасын топырақта
  • Шөптің ылғалды
  • лығы %
  • Қорға
  • сын
  • адырас
  • панда
  • Қорға
  • сынның
  • шөптегі норма
  • тиві
  • 1
  • Қызылжол мен
  • Жүйнек ауыл
  • аралығы
  • 0,0045
  • 6,01
  • 0,00041
  • 0,0008
  • 2
  • Атабай ауылы
  • 0,0035
  • 5,89
  • 0,00037
  • 3
  • Бүргем мен Атабай аралығы
  • 0,4
  • 5,69
  • 0,00067
  • 4
  • Бүргем ауылы
  • 0,028
  • 5,60
  • 0,00055
  • 5
  • Ораңғай ауылы
  • 0,022
  • 6,62
  • 0,00053
  • 6
  • Құмтиын ауылы
  • 0,0054
  • 6,37
  • 0,00042
  • 7
  • Майдантал ауылы
  • 0,0019
  • 5,70
  • 0,00020

Адыраспан дәрілік шөбінің алкалоидтарының мөлшерінің қорғасын деңгейіне байланысты анықталуы

  • N
  • Тексерілген мекен-жайлардың аттары
  • Қорғасын
  • адыраспанда
  • Алкалоид
  • тардың
  • жалпы
  • мөлшері, %
  • Алкалоид
  • пеганиннің
  • мөлшері,
  • %
  • 1
  • Қызылжол мен
  • Жүйнек ауыл
  • аралығы
  • 0,00041
  • 1,13
  • 0,54
  • 2
  • Атабай ауылы
  • 0,00037
  • 1,50
  • 0,45
  • 3
  • Бүргем мен Атабай аралығы
  • 0,00067
  • 1,92
  • 0,36
  • 4
  • Бүргем ауылы
  • 0,00055
  • 1,93
  • 1,14
  • 5
  • Ораңғай ауылы
  • 0,00053
  • 1,96
  • 1,26
  • 6
  • Құмтиын ауылы
  • 0,00042
  • 1,78
  • 1,01
  • 7
  • Майдантал ауылы
  • 0,00020
  • 2,25
  • 1,27

Адыраспанның құрамындағы пеганинді анықтау

  • Адыраспанның құрамындағы пеганинді анықтауда, қорғасынның адыраспан дәрілік шөбінің алкалоидтарына әсері бар екендігін атап көрсету керек. Бұған дәлел қорғасынның айрықша көп мөлшері бар табылған адыраспан шөбінде пеганин алкалоиды 18,7% болса, ал қорғасыны өте аз болған адыраспанда 56,4 % пеганин алкалоидының анықталуы.
  • Пеганин негізінде гетероциклді хиназолин жатады. Пеганиндегі гидроксил спиртті болып келеді, сондықтан қорғасын алкоголятының пайда болуы мүмкін емес, бірақ пеганин лиганда ретінде болуы ықтимал.
  • Өсімдіктің химиялық құрамы оның биологиялық ерекшеліктеріне және элементтің физиологиялық роліне байланысты. Сіңірілетін химиялық элементтің мөлшері физиологиялық процестің қажеттілігін өтеу жолымен айқындалады: фотосинтезге, зат алмасуға, клетка түзуге, каталитикалық реакцияның шығынына.
  • Адыраспан дәрілік шөбінің құрамында қорғасын ықпалынан алкалоид пеганиннің азаюы, оның (шөптің) биологиялық және дәрілік (емдік) қасиетін әлсіретуі мүмкін.

Адыраспанның қолданылуы

  • Түркияда ерте кездерден-ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері – фесканы бояған.
  • Кезінде атақты Абу-Әли Ибн Сина оны сегізкөз нервісінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде қолданған.
  • Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады.
  • Адыраспанның түтіні адамды тынышталдырады және микробтардан залалсыздандырады. Оны кезінде қауіпті эпидемиялық ауруларға қолданған.
  • Адыраспанның қажетті мөлшері адамды нашақорлықтан және түрлі наркотикалық тәуелділіктен мүлдем арылтады екен.
  • 1997жылғы Сан-Францискода өткен конференцияда профессор Бо Холмстэд адыраспан құрамындағы гармин мен гармалин адамда кездесетін адам миындағы ісікті тежейді деген қорытынды жасаған

Қазақстанда адыраспанның бір ғана түрі – ақ адыраспан өседі. Ол – көп жылдық шөп, түйетабан тұқымдастар тобына кіреді. Тамыр діңгегі 2-3 метрге дейін жететін өсімдіктің сабағы бұтақшалы келеді. Жасыл түсті сабағының ұзындығы 30-80 сантиметрге жетеді. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасқан, қысқа сырғалы терең 3-5 бөлікке бөлінген. Гүлі ақ және сары түсті болады. Олар ірі жалғыз, не үш кіші гүлдерден құралады. Жемісі қоңыр түсті, құрғақ болып, үш жеміс қалтасынан тұрады. Топтанып өсетін өскін шілде айында гүлдегенде оның хош иісі төңіректі алып кетеді. Бір ғажабы, адыраспан өсіп тұрған маңайға шыбын-шіркей жоламайды. Оған тек «ханның қызы» сияқты қасиетті қоңыздар ғана қонады.

Адыраспанның емдік қасиеті.

  • Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.
  • Халық медицинасында Адыраспанды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады.

Дайындау әдісі

  • Тұмау тиіп ауырғанда, адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді.
  • Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған.

Адыраспан қоспасы

  • Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді. Ол үшін осы айтылған құрамдағы 10 грамм қоспаны жарты литрдей суға салып 2 сағат тұндырады. Содан соң оны баяу жанған отқа қойып 8 минуттай қайнатады. Суыған соң сүзіп тазалайды. Препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 грамнан 4 рет ішеді. Осылай 4-6 ай емделу керек.

Кепкен бума адыраспан өсімдігі

Адыраспан халық ұғымында

  • Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.

Адыраспан өсімдігінің ерекшеліктері

  • «Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін тіркес адыраспанның дәстүрлі қасиетімен қоса емдік қасиеті де өте көп екендігін аңғартады.
  • Адыраспан нерв жүйесін, жатыр миомасын емдеуде және медицинада малярия, лихорадка, мерез ауруларын емдейді. Қайнатпасын демікпе, невростенин және қояншық аурына қарсы ішеді, ал тұқымын мононеврит, неврит, полиневрит және миазтенид ауруларына қарсы қолданады.

Қорытынды

  • Адыраспан өсімдігінің морфологиялық және анатомиялық құрылысы,өсуі,көбеюі,адам ағзасында пайдалалығы қарастырылды.
  • 2. Адыраспан өсімдігінің халық және медицинада қолданылу тарихы қарастырылды.
  • 3. Адыраспанның химиялық құрамы анықталып, кесте жасақталды.
  • 4. Адыраспан дәрілік шөбінде алкалоид пеганинің мөлшеріне қорғасынның әсері болатыны анықталды.
  • 5. Қорғасыны көп топырақта өскен адыраспанда пеганин алкалоиды 18,7% болса, ал қорғасыны аз топырақта өскенінде 56,4 % пеганин деңгейі анықталды.
  • 6. Майдантал ауылындағы адыраспанда қорғасын деңгейі басқа мекен жайдың адыраспанымен салыстырғанда үш есе аз болып анықталды.
  • 7. Адыраспанда алкалоид азайса, шөптің дәрілік қасиеті төмендейтіні анықталды.
  • 8. Зерттеу нәтижелері бойынша суреттер жасалып, салыстырмалы көріністері анықталды.

Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет