Долон ауылдық округі әкімінің әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы және 2017 жылға арналған міндеттері туралы есебі 2015 жылдың 30 қарашада Қр президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»



Дата01.05.2018
өлшемі73,52 Kb.
#40368
Долон ауылдық округі әкімінің әлеуметтік- экономикалық

дамуы туралы және

2017 жылға арналған міндеттері туралы есебі
2015 жылдың 30 қарашада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын жария етті. Жолдау стратегиялық маңызды және нақты, қолжетімді міндеттер мен мақсаттарды шешуге бағытталған.

2016 жылдың 15 желтоқсанында Елбасы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі. Өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев 25 жылда қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық жетістіктерді атап өтті. Сонымен қатар Президент Үкіметке 2017 жылы зейнетақы мен бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы  мөлшерін арттыру мәселелерін қарастыруды тапсырды. Бұл шешімімен Мемлекет басшысы тағы да өзінің әлеуметтік әлсіз халыққа қамқорлығын атап өтті.



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын қолдай отырып, округ тұрғындары Жолдауда қойылған міндеттердің орындалуы мен жүзеге асуына өз үлестерін қосуда. 2016 жылдың 12 ай ішінде округтің бюджетін нығайту мен тұрғындардың өмір салтын жақсарту жолында бірнеше жұмыстар атқарылды.

Соңғы есеп беру кездесуінде ауылдық округ тұрғындарымен ауылдық округ аумағындағы абаттандыру және инфрақұрылым мәселелері бойынша сұрақтар қойылды:



  1. Суармалы егістік жерлерді игеру үшін инвесторларды тарту - тартылды

  2. «Бестерек» фермерлік қожалығы сүт тауарлық фермасын ашу - ашылуы

2017 жылға жоспарлап отыр

  1. Мостик ауылындағы ескі мектепті іс-шаралар өткізу үшін ауылдық округтің

балансына қою туралы- балансқа койылды.

  1. Долон ауылына көше шамдарын құру және жөндеу - құру және жөндеу

жұмыстары жүргізілді.

  1. Бөдене ауылына көше шамдарын құру және жөндеу - құру және жөндеу

жұмыстары жүргізілді.
Республикада "Нұр Отан" партиясымен қабылданған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" жұмыс істейді. Бұл бағдарлама құрамында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған 36 индикаторлар бар. Ауылдық округі әкімінің аппаратында жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпаратпен қамтылған көрнекі-визуалды стенд бар.

Есепті кезең ішінде ауылдық округі бойынша келесі нәтижелерге қол жеткізілді:


Ауыл шаруашылығын дамыту бойынша

Ауылшаруашылығы және фермерлікті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау- Елбасы қойған маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Ауылдық округте барлығы 74 шаруа және фермер қожалықтары бар. Оның ішінде 30 қoжалық мал шаруашылығымен, 8 қoжалық өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Ет өнімдері-3417 цт., сүт-38542 цт., жұмыртқа-194007 дана, жүн-309 цт 2015 жылмен салыстырғанда: ет-239 цт., сүт-3240 цт., жұмырқа-5650 дана өскен.

Ауылшаруашылығы малдары, оның ішінде ірі қара мал- 4997, ұсақ мүйізді мал- 11125, жылқы- 2169, құс, шошқа – былтырғы жылмен бірдей. 2015 жылмен салыстырғанда ірі қара мал- 520 басқа өскен, ұсақ мүйізді мал- 317 басқа өскен, жылқы 154 басқа көбейді.

2016 жылы ауылдық округ бойынша барлығы 94,0 га жерге егін егілді, көкөніс пен бақша дақылдары 58,5 га жерге егілді, көп жылдық шөп 54,4 га, 2015 жылмен салыстырғанда 22,0 га өсті.

Картоптан түскен түсім -1974 тонна, былтырғы жылмен салыстырғанда 565 тоннаға көп, көкөніс пен бақша дақылдары -1799,0 тонаны құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 1247 тоннаға өсті, көп жылдык шөп 190,4 цт. көбейді.

2015-2016 жылдарда қыстамаға 8700 тонна қатаң мал азығы дайындалып, жоспар 100 % орындалды.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын орындау мақсатында 2015 жылы жоспар бойынша малдарды егу, серологиялық тексеру және сәйкестендіру жұмыстары толығымен жүргізілді.

Округ бойынша 2 мал сою алаңы бар. 1 мал сою алаңы Долон ауылындағы «Дәулет» шаруа қожалығында және Бөдене ауылындағы «Алмас» шаруа қожалығында орналасқан.

Округтің шаруа қожалықтары малды асылдандыру жұмыстарымен айналысуда. «Бестерек» фермерлік шаруашылығы 1 млн. 736 мың теңгеге «Шалабай» ЖШС –нен асыл тұқымды 8 бас ІҚМ сатып алды және қазан айында «Мадина» шаруа қожалығы «Казагрофинанс» АҚ –нан 17 млн. 500 мың теңгеге 283 бас асыл тұқымды құнажын сатып алды. «Балажал» фермерлік шаруашылығы 12 млн. 555 теңгеге 64 бас асыл тұқымды құнажындар мен 5 бас бұка сатып алды.

«Алмас» шаруа қожалығы өз қаражатына «Нұр» шаруа қожалығынан 735 мың 300 теңгеге 4 бас асыл тұқымды бұка сатып алса, «Даулет» фермерлік шаруашылығы өз қаражатына «Агрофирма» ЖШС-нен 1 млн. 089 мың 600 теңгеге 4 бас асыл тұқымды бұка сатып алды.

2016 жылда барлық құйылған инвестиция көлемі 74 млн. 541 мың 600 теңгені құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 4,2% өсті.

Мемлекет тарыпынан ауыл шаруашылығын қолдау, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялау бойынша округтің шаруа қожалықтары 24 962 000 мың теңге сомасына субсидия алынды.


Кіші және орта бизнес
2016 жылдың 1 қаңтары жағдайында округ бойынша 5 дүкен, 1 дүңгіршек, 1 наубайхана, 1 халық аспаптарын жасау цехы жұмыс істейді.
Жұмыспен қамту
2016 жылы жұмыспен қамту орталығында 10 жұмыссыз тіркеліп, ақылы қоғамдық жұмыстарға 10 адам тартылды.

Жұмыспен қамту орталығынан Бесқарағай колледжінде округтен 12 бала есепші, ағаш ұстасы, шаштараз тағы басқа мамандықтар бойынша білім алуда.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 2 отбасы жұмыс жүргізілуде.

Округте 34 тыл еңбеккері , 19 көп балалы ана, 23 алтын алқа, 23 күміс алқа, Ана Даңқы, Ардақты ана медалдарымен иегерілген 2 адам бар.

Округте орналасқан орман шаруашылығында 139 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 57 адам уақытша жұмысқа орналасқан. Жазғы уақыта мал бағуға екі адам белгіленген.
Білім беру

Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша округте 3 орта мектеп бар. 53 мұғалім жұмыс істейді, олардан 204 оқушы білім алады.

Бірыңғай ұлттық тестілеуге округ мектептері бойынша 2 бала қатысып, орташа көрсеткіш 105,5 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 16,3 балға өсті.

2016 жылы 5 жас мүғалім жұмысқа орналасты. Долон орта мектебіне - 2 мұғалім, Бөдене орта мектебіне 2 мұғалім, Мостик орта мектебіне -1 мұғалім орналасты. Округ мектептерінде 62 баланы қамтитын толық күнді шағын орталықтар жұмыс істейді. Даярлық топтарында 28 бала оқиды.

Мектептерде жасөспірімдер арасында нашақорлыққа, құқық бұзушылыққа қарсы іс –шаралар бекітіліп, тұрақты жұмыс жүргізіліп тұрады. 48 оқушыға 112 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Мектептердің спорт залдарында волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді. Әр жұмада округтің мектептерінде Көңілді тапқырлар алаңы ойынынан жарыстар, әдебиеттік оқылым, сурет көрмесі ұйымдастырылып отырады.

Мектеп оқушылары жылда өткізілетін «Ақ қайын» конкурстарына және аудандық «Гала-концерттерге» белсенді қатысып тұрады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге Бөдене орта мектебінің оқушылары Курчатов қаласында өткен спортты іс-шараға қатысып, 3 орынды иеленді. Шағын футболдан өткізілген аудандық жарыста 3 орында иеленді. Жасөспірімдер арасында «Қазақша күрестен» өткен жарыста 2-3 орынды иеленсе, аудандық «Жас барыс» жарысында 1-3 орынды жеңіп алды.

Округ мектептерінде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, барлық мектептерге қатты отын, жанар-жағар май толық көлемде жеткізілген.



Денсаулық сақтау
Округ бойынша бiр дәрiгерлiк амбулатория, екi фельдшерлiк пункт және екі жедел жәрдем автокөлiгi бар. Онда 5 медициналық қызметкер, 3 жұмысшы қызмет етеді. Биылғы жылы Бөдене ауылына бір жәрдем автокөлiгi берілді.

Туберкулездің алдын алу мақсатында Семей қаласынан жылжымалы флюрография аппараты әкелініп, округтің 725 тұрғыны флюрографиялық тексеруден өткізілді.

Соңғы 5 жылда ана өлімі тіркелген жоқ, округте дүниеге бала туу көрсеткіші 2 пайызға өсті.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Бөдене ауылында фельдшерлік пунктіне жөндеу жұмысы жүргізілді.



Инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар
Көшелерді жарықтандыру:

Округ бойынша «Аумақты дамыту» бағдарламасы бойынша -91 көше шамы орнатылды. Долон ауылына-44, Бөдене ауылына-47 шам орнатылды.

Әр апта сенбіліктер өткізіліп, жеке меншік аулаларда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. «Семей орманы» МОТР мемлекеттік мекемесінің Долон филиалында «Марш парков» өткізіліп, көшеттер отырғызылды.

«Аумақты дамыту» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаражат бөлініп, Долон ауылында ескерткіштердің қоршауы жаңартылды.

Бюджетке жергілікті салықтан түскен түсім көлемі -2 млн. 591 мың 239 теңгені құрады.

2016 жылы қолма қол ақшаны бақылау есебіне 2 млн. 591 мың 239 теңге қаражат түсіп, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің шешімі бойынша қаражат ауылды абаттандыруға жұмсалатын болды.

Саяси-қоғамдық басылымдарға жазылу жұмыстары жоғары дәрежеде өтеді.

Құқық сақтау тәртібі.
Азаматтардың қоғамда өмір сүруінің міндетті шарты қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қорғау. Ауылдық округте учаскелік полицияның тірек пункті бар. Құқық бұзушылықтың алдын алу және жасалған құқық бұзушылық статистикасы округтегі негізгі мәселе болып қалады. Ауылдық округ әкімінің аппаратымен жасөспірімдерді әскерге шақыру жұмыстары жүргізіледі.

Құқық бұзушылықтың алдын алуда округ тұрғындары арасында белсенді рөл атқаратын әйелдер кеңесі, Ардагерлер кеңесі және Сарбаздар тобы жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері кешкі кезекшіліктер ұйымдастырылады, сондай-ақ түнгі мезгілде көшеде жүрген кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыстар жүргізіледі.



Округте 7 адамнан құралған Елбасының Жолдауын түсіндіріп, насихаттайтын ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді.


2017 жылға арналған тапсырмалар

  • Мостик ауылының орталық көшесін абаттандыру.

  • Бөдене ауылында 600 басқа арналған сүт тауарлық ферма ашу.


Долон ауылдық округінің әкімі Н.Абдрахманов
Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет