Дуалды білім беру жүйесі және әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыс орнату мәселесі



бет1/2
Дата04.05.2017
өлшемі174,46 Kb.
#15511
  1   2



Таразмемлекеттікпедагогикалық институты

Ф 15-38/2-1



Анықтама

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

беттіңбеті


СМЖ «Оқу-әдістемелік»

ҮК НҮ 07-2011

Баспа2.Дана №1





Дуалды білім беру жүйесі және әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыс орнату мәселесі анықтамасы
Дуалды оқыту жүйесі - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.  Ол алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кәсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нәтижелілігі зор екендігі тәжірибеде дәлелденген. Дуалды оқыту жүйесі қазіргі дүние жүзілік тәжірибеде бар дүние. Оның жарқын мысалдарының бірі - Германиядағы кәсіптік-техникалық білім берудегі даярлаудың дуалдық жүйесі. Мұнда студенттер уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп өндірістен қол үзбей оқиды, тек уақытының үшінші бөлігін теориялық оқуға, білімді ұйымдастыруға арнайды. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық–кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.

Педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялауға әсер ететін фактор ретінде қазіргі кезде кең таралып, танылып келе жатқан дуалды оқыту жүйесін элементтерін де қарастыруға болады. Бұл жүйенің ерекшелігі оқу орындарында теориялық білім мен өндірісте практикалық іс-әрекеттерді оқып үйренуді кіріктіре оқытуды үйлестіретіндігінде.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 4 мамандық бойынша дуалды білім беру жүйесінің элементтері іске асырылуда: 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу; 5В010500 – Дефектология; 5В010800 – Дене тәрбиесі және спорт; 5В012000 – Кәсіптік оқыту.

1. Дуалды оқыту жүйесі болашақ мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу маманына қажетті пәндік, кәсіби жалпы мәдени құзыреттіліктердің қалыптасуына, еңбекті нарықтық экономикаға қажетті талаптарға сай болуын, институт пен жұмыс берушінің арасындағы қарым-қатынас әлеуметтік серіктестік және студенттердің әлеуметтік-мәдени бағыттылығын дамытады. Дуалды оқытудың бірден-бір ерекшелігі - бітірушілердің жұмысқа орналасуына мүмкіндікті көбірек болады.

5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша дуалды оқыту түрі №7, 20, 33 «Айсәуле», 35 «Ер Төстік» және «Інжу» балабақшасымен келісім-шартқа тұрған. Дуалдық білім беру: Методика развития речи», «Технология организации изобразительной деятельности детей», «Формирование элементарных математических представлений», «Технология организации физической культуры дошкольников», «Методика ознакомления дошкольников с окружающим миром» пәндері бойынша жүргізіледі.

Бүгінгі таңда дуалды білім беру бойынша №9, 12, 14, 16, 22 балабақшалары және «Солнышко Тараза» атты жекеше мектепке дейінгі мекеме келісім-шартқа тұруға дайын.

2015-2016 оқу жылынан бастап «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» пәнінен зертханалық сабақ (ДОВ 14-1,2), (2 курс, 3 семестр, 3 кредит, зертханалық сабақ), «Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістемесі» пәнінен тәжірибелік сабақ (ДОВ 13-1,3)(3 курс, 5 семестр, 3 кредит, тәжірибелік сабақ); «Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру технологиясы» пәнінен зертханалық сабақ (ДОВ 14-1) №35 «Ер Төстік» балабақша базасында жүргізіледі. Аталған балабақша арнайы кафедра қызметкерлерінің таңдауыменен алынған, балабақшаның материалдық базасы оқу-тәрбие, әдістемелік жұмыс барлық талаптарға сай. Сабақты балабақша меңгерушісі А.С.Ережепбаева жүргізеді. (2 курс, 3 семестр, 3 кредит, зертханалық сабақ).

Осы аталған пәндерден тәжірибелік, зертханалық сабақтардан каталог құрастырылды.



Ұсыныстар:

- дуалды оқыту жүйесі бойынша балабақша базасында өтетін зертханалық және тәжірибелік сабақтарының сапасын арттыру үшін аптаның бір-екі күніне жинақтап, бір мезгілде өтетіндей етіп құрастыру;

- Қазіргі білім беру жүйесінің үш тілділікке көшуіне байланысты 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығының оқу жоспарына балаларға ағылшын тілінің элементтерін қалыптастыратын элективті пәндерді енгізу қажет.


Каталог: download -> habarlama
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
habarlama -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет