Дундар Селим, ст16-005-01



бет1/2
Дата14.12.2021
өлшемі17,42 Kb.
#126251
  1   2
Байланысты:
1 сабак мудл Селим (1)
ркк элтех, бжб тжб 11, Posobie dlya fizikov Habirova Sajfullina ispravv, Лекция 8. Айнымалы ток

Дундар Селим, СТ16-005-01

1 тақырып: Бет жақ сүйек аймағының одонтогенді емес қабыну үрдістері. Беттің шиқаны мен көршиқаны. Диагностикасы. Клиникасы. Емі. Сібір жарасы. Тілме. Нома. Диагностикасы мен емінің негіздері.

1 тапсырма. Фурункулдың, карбункулдың, беттің тілмелі қабынуы, сібір жарасы мен нома бойынша дифференциалды диагностикасын, клиника сын сипаттай отырып кесте құрыңыз

Нозологияның аты

Клиникасы

Дифференциальды диагностикасы

Шиқан

Клиникасы 3 кезеңді ажыратады: инфильтрация, абцесстену, жазылу(выздоровление).

1 кезең: бұл кезде 1-2 күнде шаш түбінде инфильтрат пайда болады, ортасында іріңдік орналасады, айналаласы гиперемияланған. Қызару ұлғая келе ауру сезімі пайда болады.

2 кезең: бұл кезде орны іріңдеп, тіндер некроздала бастайды, гиперемия аймағы ұлғаяды, ауру сезімі күшейе түседі, флюктуация пайда болады, яғни бұл жерде іріңді-некротикалық өзек толықтай қалыптасады, бетін қара түсті қабыршақ жабады.

3 кезең: шиқанның орны тыртықталады, жазыла бастайды

Орналасуы: терінің кез келген бөлігінде, мұрын-ерін үшбұрышында пайда болуы адам өміріне қауіпті.

Жалпы жағдайы: қанағаттанарлық

Фурункулез – терінің әр түрлі аймағында пайда болған көптеген шиқандар (фурункулдар).

Карбункул – бірнеше шаш фоликуласының, май бездерінің, маңайындағы тіндердің, ірі некроз ошақтарымен сипатталатын жедел іріңді-некротикалық қабыну.

Сібір жарасы

Көршиқан

Алдымен жекелеген бір-біріне қосылмаған сыздауықтар пайда болады. Ары қарай даму барысында тері бозғылт-көк түске ие болып, тығыз инфильтрат қалыптасады. Аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады, инфильтрат беті көкшіл, ал шеттері бозғылт түске иа болады. Сосын жекелеген сыздауықтар қосылып, ірі инфильтраттқа айналады.

Жалпы жағдайы: айқын инфильтрация белгілері (39-40оС дене температурасы, жалпы әлсіздік, салқын тер, құсу, лоқсу, тәбетінің болмауы).

Орналасуы: бетте, иекте, мойынның артқы беті, жауырында және жауырын аралық аймақта және т.б.

Шиқан – шаш фоликуласының, май бездерінің, маңайындағы тіндердің патогенді микроорганизмдер (көбінесе алтынды стафилококк) әсерінен болған жедел іріңді-некротикалық қабынуы.

Сібір жарасы (pustula maligna) айырмашылығы – инфильтраттың орта тұсындағы тіндер сезімталдығын жоғалтады, тері бетінде көкшілденген көпіршіктер жарылған соң, орнын қара-қоңыр қабыршақ жабады. Бактериологиялық зеттеуден күйдіргі бацилласы анықталады

Сібір жарасы

Дене қызуының 38°-қа дейін көтерілуімен көрігетін. Ауру басталар алдында бет терісінде қышитын түйіншек пайда болады. Оның ортасында қанды бөртік, ал айналасында үлкен инфильтрат дамып, жұмсақ тіндері домбығып ісінеді. Бөртік өздігінен жарылып, инфильтраттың бетінде қатты қара-қоңыр түсті қабыршақ пайда болады. Қабыршақтың айналасынан сарысу шығып тұрады. Инфильтрат айналасы білікті ісініп, түбі қарайған жара пайда болады. Жараның айналасындағы күлдіреген көпіршіктер жарылып 5—6 күннен кейін көршиқан дамиды. Төменгі жақасты, иекасты және мойын лимфа түйіндері үлкейіп, қатаяды. Сібір жарасы немесе көршиқан инфекциясының күшейіп асқынып, аурудың жағдайы нашарлап, дене қызуы 40°-қа дейін көтеріліп, организм улануының тағы да басқа көріністерімен сипатталады. Жара ауыз қуысының шырышты қабығына да шығуы мүмкін.

Шиқан мен көршықанда қатты ауру сезімі және қабыну реакциясы туындайды, жұмсақ тіндердің ісінуі мен іріңді бөлініспен ерекшеленеді.

Жәндіктер шаққан орын тез ісінеді, егер сол жерді аммиак ерітіндісімен сүртсе, қара-қоңыр дақты көреміз

Тілме

Орналасуы:мұрын, ұрт, маңдай, құлақ қалқаны,иек, ерін, көз (көздің ашылуы шектеледі)

3 клиникалық кезеңнен тұрады: продромальды, дерттің дамуы, кульминациясы

Продромальды кезеңде науқаста жалпы әлсіздік, қалжырау, меңзең күйге түседі.

Дерттің дамуы кезінде ағзаның интоксикация белгілері айқын, инфекциялық ошақ ісінген, аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады.

Кульминация кезеңі 1-2 тәулікке созылады. Тері түсі ақшыл немесе қанық қызыл, бірнеше сағатта дақ түріндегі тілме эритемасына ауысады, теріде өлшемі шектелген, шекарасы тегіс қызыл дақты көреміз.

Сонымен қатар: ОЖЖ (бас ауру, қозу, есеңгіреу, сандырақтау), жүрек-қантамыр жүйесі (аритмия, тахикардия, экстрастология), тыныс алу (өкпе қантамырларының кеңейуі, плеврадағы өзгерістер), зәр шығару (диурез төмендейді) жүйелері қызметі бұзылады

Эритема, дерматиттер, флегмона, кей жағдайда күйдіргі мен салыстырмалы диагностикалаймыз.

Нома

(су жегі/водяной рак)

Алғашқы ауыз қуысындағы көрініс бұл кілегейлі қабаттағы гангренозды стоматит ошақтарымен басталады, сосын бұл кілегейлі қабық асты тіндерге, мимикалық бұлшықеттерге, тері асты май тіндеріне тез тарайды. Гангренозды стоматит ауыз бұрышында, ерінде геморрагиялық дақ немесе көпіршік тұрінде көрінеді. Сонымен қатар ауыздағы галитоз, беттің жұмсақ тіндері ісінген, қабыну ошақтарына сәйкес сұр-қара дақтар орналасады, 2-5 күнде пайда болған элементтер ойық жараға ауысады. Тіндердің некрозы қызылиекке, ауыз қуысы түбі, тілге, таңдайға тарайды, олар сұрғылт түстес болады. Тістердің қозғалғыштығына әкеледі, некроз ошағ жоғарғы /төменгі жақ сүйек денесіне жетіп деструкциясын шақырады, кейде олар сынып кетіде мүмкін

Флегмона, сібір жаралы карбункул, ісіктік рак(нома тәріздес), агрануляцитозбен салыстырмалы диагностикалаймыз



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет