«Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына саяхат» атты ғылыми мақаласына


Қайталау. «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары»



бет2/4
Дата23.12.2019
өлшемі1,35 Mb.
#54476
1   2   3   4
Байланысты:
0000f9ae-7cb40e82

2. Қайталау. «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары»


Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы және дизайн өнері.


Бейнелеу өнерінің түрлері



Кескіндеме____Дизайн'>Сәулет өнері


Кескіндеме



Дизайн

Графика



Сәнді қолданбалы өнер

Мүсін өнері


Кескіндеме – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.

Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.

Дизайнбейнелеу өнеріндегі жаңаша сипатқа ие болып отырған өнердің түрі. Дизайн дегеніміз – кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.

Бейнелеу өнері түрлерінде орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.




Бейнелеу өнерінің жанрлары


Натюрморт

Маринистік жанр





Батальдық жанр

Портрет



Пейзаж

Тарихи жанр




Анималистік жанр

Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.

Пейзаж –табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады.

Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар. Тарихи жанр, негізінен, өткен тарихқа бағытталғанымен, кейде өз заманындағы күрделі өзгерістерді қамти алады.

Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.

Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар.

Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.
3.Жаңа сабақ. «Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына саяхат»

1935 жылы көрме негізінде Т.Шевченко атындағы Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы құрылған еді. Бастапқыда галереяда небары 43 картина болды. 1936 жылы Мәскеу мен Ленинград мұражайларынан 200-ге жуық картина әкелінді. Мұражай қорын толықтыру ісі 1950 жылдары кең құлаш жайып, Қазақстан суретшілері, мүсіншілері, графиктері мен кескіндемешілерінің ең таңдаулы шығармалары жинақталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен біріктіріліп, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік өнер мұражайы деген атқа ие болды.

1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайы деп аталды. Мұражайда 14 зал бар. Олардың 11-інде Қазақстанның қазіргі заманғы мүсін өнері, Ә.Қастеев мемориалдық залы, қазақ халықының қолданбалы өнері, орыс халқының өнері, батыс еуропалық өнер, кеңес кезіндегі өнер, Шығыс халықтарының өнері сынды тұрақты экспозициялар орналасқан. Үш зал уақытша көрмелер үшін пайдаланылады[2].

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен жақын танысу үшін Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайына видео және слайд арқылы саяхат жасайық.




Әбілхан Қастеев (1904-1973) - қазақтың тұңғыш әйгілі график-суретшісі, кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.




Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы қаласы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет