Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку



бет14/17
Дата05.11.2016
өлшемі4,37 Mb.
#728
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Тәжірибешілік жұмысының мазмұны
1 – тақырып

5-7 сынып материалдарын оқытудың технологиясы. Оқытылым мазмұны. Мемлекеттік қисын, құжаттарға негіздеудің маңыздылығы.


2-тақырып

8-9 сынып материалдарын оқытудың технологиясы. Оқытылым мазмұны. Дидактиканың пәлсапалық негіздері. Мемлекеттік қисын, құжаттарға негіздеудің заңдылығы.


3-тақырып

10-11 сынып материалдарын оқытудың технологиясы. Оқытылым мазмұны. Дидактикалық пәлсапалық негіздері. Мемлекеттік қисын, құжаттарға негіздеудің заңдылығы.


4-тақырып

Эвристика әдісінің маңызы. Үрдіс пен құбылыстарды беркелеу (эмпирикалық) әдісі. Шығармашылыққа бағдарлау әдісі - ізденіс, проблемалары - зерттеу.


5-тақырып

Жалқылау мен жалпылау - бөлінбес әдіс - тәсілдер. Талдау, жинақтау - көрінісі пен құбылыстың не ұштастығын, не айырықша ерекшелігін танытудың жолы. Силлогизм - әдебиетті оқытудың құралы. Суггестив - сезім суретінің көрінісі.


6-тақырып

Әдіснама - әдістердің тиімді шоғыры. Әдістерді сұрыптап алу іскерлігі пән мазмұнын жіті білу іскерлігіне бағынышты.

Жүйе-топшылым заңдылығы. Сабақтың типтерін жүйеге ыңғайлаудың мәні. Көпдеңгейлікті тапсырмалар құрастырудың маңызы.
7-тақырып

Мектеп бағдарламаларының құбылмалығы. Топшылымның парадигмасы. Материалдарды не жеңілдету, не тереңдету үрдісіне құбылтудың сыры.


8-тақырып

Технологияларды екшеп алудың мәні. Ұжымдық, қауымдастық үрдіске ыңғайлы педагогикалық технологиялардың заманға қайшылығы.


9-тақырып

«Сорос - Қазақстан» қорының «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының маңызы.


Әдебиет тізімі
Негізгі:

1. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1985.

2. Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1969.

3. Сүлейменова P. Қазақ әдебиетін оқытудың кейбір мәселелері - Алматы: Мектеп, 1971.


Қосымша:

Дайырова Ә. Орта мектепте I. Жансүгіровтің творчествосын оқыту. -Алматы, 1969.

Қалиев С. Мектепте F. Мүсірепов шығармаларын оқыту жолдары. - Алматы: Мектеп, 1974.

Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. - Алматы, 1987.

Қоныратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1966, 1985.

Көшімбаев Ә. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1969.

Ақшолақов Т. Мектепте әдеби шығарманың компоненттерін оқыту. - Алматы: Мектеп, 1974.

Сүлейменова P. Қазақ совет әдебиетін оқытудың кейбір мәселелері. - Алматы: Мектеп, 1971.

Жұмажанова Т. Әдебиеттен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері. - Алматы. - 1995.

Жұмажанова Т. Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру мәселелері. - Алматы - 1982.

Тасболатов Қ. Әдебиет сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру. - Алматы: Мектеп, 1974.

Мектепте қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың меселелері / Ұжымдық жинақтар.- 1958, 1961, 1968.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің іс-тәжірибесінен. -Алматы.- 1972.
Қосымша ұсынылатын оқулықтар
Голубков В.В. Методика предподавания литературы-М.: Учпедгиз, 1962.

Корст Н.О. Очерки по методике анализа художественных произведений-М.: Учпедгиз, 1963.

Никольский В.А. Методика преподавания литературы в средней школе-М.: Просвещение, 1971.

Методика преподавания литературы / Под ред.проф. З.Я. Рез.-М.: Просвещение, 1985.

Айзерман Л.С. Уроки литературы сегодня.- М.: Просвещение, 1974.

Гуковский Г.А. Изучение литературного произведения в школе. -М-Л.: Учпедгиз, 1968.

Марацман Б.Г., Чирковская Т.В. Проблемные изучения литературного произведения в школе. - М.: Просвещение, 1977.

Инерсон М.А. Комментированное чтение на уроках литературы. -Л.: Учпедгиз, 1959.

Рез З.Я. Изучение литературных произведений в школе.-Л.: Просвещение, 1968.

Кудряшов Н.И. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы.-М., 1981.

Бітібаева К.М. Әуезовтың «Абай жолын оқыту». - Алматы: Мектеп, 1989.

Дайырова Ә. Орта мектепке I. Жансүгіров творчествосын оқыту. - Алматы, 1969.

Қалиев С. Мектепте Ғ. Мүсірепов шыгармаларын оқыту жолдары. - Алматы: Мектеп, 1974.

Лисохина Л.Н. Урок-диспут. -М.-Л.: Просвещение, 1965.

Мақпыров С. Әдебиеттен шығарма жұмыстары. - Алматы, 1987.

Дайрабаев Е. Мектепте шығарма жаздыру методикасы. - Алматы, 1963.

Тілешова С. Әдебиет сабағында жазу жұмыстары. - Алматы, 1971.

Рабинович Р. Урок анализа сочинений // Литература в школе. -1962. №5.

Анализ и оценка сочинений // Литература в школе. - 1968. - № 5, 1971. №2.
Әдебиетті оқыту әдістемесіне қатысты мақалалар, монографиялар
Мырзағалиев Қ. Әдебиет сабағында әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту. - Алматы: Мектеп, 1973.

Кереев P. 4-7 кластарда поэзиялық шығармаларды оқыту // Қазақстан мектебі, 1972. - № 8.

Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы жанрлық жағынан талдау // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1991. - № 1.

Айзерман Л.С. Уроки литературы сегодня. - М.: Просвещение, 1974.

Кудряшов Н.И. О типах и видах уроков литературы // Литература в школе, 1974. - № 57.

Бітібаева Қ. Баспасөз сабағы // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1991. -№2.

Өтемісқызы Б. Театрланған пікірталас // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1992. - № 2.

Төретаева С. Сайыс сабағы // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1991. - № 6.

Әленов Ш. Ұлттық тұрғыдағы тәрбие // Қазақ тілі мен әдебиеті. -1992. -№ 2.

Құрманалиева А. Тіл мен әдебиет кабинеті // Қазақстан мектебі, 1978.-№ 1.

Прессман Л.П. Кабинет литературы. - М.: Просвещение, 1975.

Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. - Алматы: Мектеп, 1977.

Тілешова С. Әдебиет сабағындағы сөздік жұмысы // Қазақстан мектебі, 1963. -№ 12.

Досмырзаева А. Техникалық құралдарды пайдаланудың тиімді жолдары // Қазақ тілі мен әдебиеті, 1993. - № 1.

Бернштейн Л.Я. На уроке - художественный фильм. - М. - 1971.

Құлмағанбетова Б. Қазақ әдебиеті пәні сабағында кинофильмді пайдалану // Қазақ мектебі, 1968. - № 12.

Шевелев Н. Тематические вечера в школе. - М.: Учпедгиз, 1963.

Ғалиева С. Тіл мен әдебиетке арналған апталық // Қазақстан мектебі, 1976. - № 12.

Бессонов Т. Литературные кружки и литературно-музыкальные вечера. -М.: Учпедгиз, 1960.
Г ҚОСЫМШАСЫ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қазақ филологиясы кафедрасы

Мамандыққа мінездеме


Павлодар - 2012 жыл


I. ҚАЛЫПТЫҢ ОРЫНДАЛУ АУҚЫМЫ
1. Аталған құжат - мемлекеттік қалыптың микробөлігі. Ол жоғары білім беруде мемлекеттік қалыптың (стандартының) бөлігін құрайды.

Жоғары білім меңгерген студенттер оқу жүктемесінің кәсіптік бағдар көлемін толық игеруге міндетті.

2. Егер талапқа сай кәсіптік бағдарлама көлемін игермесе, жоғары білім алу құқысынан айырылады.

Оқуға түсушілерге қойылатын жалпы талаптар.

Мұғалім оқу орнының «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ие болу үшін орта, не арнаулы орта білімі жайлы аттестат пен дипломы керек.

3. Мұғалім даярлау мазмұнының минимумы мен деңгейліктеріне қойылатын талаптар.



3.1. Мұғалім біліктілігінің жалпы төмендегідей талаптарына жоғарғы білім меңгергендердің ісі лайық болуы көзделеді:

- этикалық және құқықтық білім деңгейі, адам мен адам арасындағы қарым-қатынас мәдениеті, қоғамда, ортада, экологиялық, әлеуметтік мүмкіндіктерді өзінің іс-әрекетінде жобалауы;

- табиғаттағы тірі және тірі емес құбылыстар мен өзгерістерге тұтастықпен қарау көзқарасы, табиғатты қабылдауға бүгінгі ғылыми әдістердің мүмкіндігін түсінуі, өз деңгейінде меңгеруі, сабақтың міндеттерін шешудегі қажеттілігін байқауы, гуманитарлық ауқымда құрылған ғылымдардың ішіне табиғаттану ғылымын кіріктіре білу қабілеті, кәсіптік ерекшелікті аңғару дағдысы;

- оқу қазақша жүретін мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына лайықты қызметін сәтті алып жүруі, оны дамыту икемі;

- салауатты өмір салты жайлы хабары, өзінің мамандығын үнемі дамыту қарқыны, бағамдау, парасаттау мәдениеті жоғары, оның жалпы заңдылықтары мен қағидаларын меңгеруі, өзінің қолы жеткен жетістігін жазбаша, ауызша дұрыс құрастыру тәсілі;

- өзінің оқу еңбегін, біліктілік деңгейінің құрылым-жүйесін ғылыми негізде бағындыру ұшқырлығы, кәсіптік іскерлігін таратуда компьютерді пайдалануы, мағлұмдама (информация) жинақтауы, кәсіптік қажетіне жаратуы;

- тілді, әдеби ұғымдарды меңгертуде коммуникативті жүйені соңғы нәтижеге бағдарлауы, тілді игеру үрдісіне қызмет ететін ақын -жазушылардың шығармалар жинағын адам факторын шешуге ұтымды пайдалану қабілеті;

- алдында отырған оқушылардың қабылдау әдістерінің мүмкіндігіне орай жеке, жұптық, топтық, ұжымдық әрекеттестікті ұйымдастыруы;

- тіл категорияларының кіші жүйе-құрылымдарының өзара сабақтастығының параметрін ұтымды жолмен шешу шеберлігі;

- ғылыми дамушылық өзгерістерге ыңғайлы, жинақталған тәжірибешілікке әлеуметтік жағдайлардың ықпалы, оған көзқарастың құбылып отыруына ілесуі, өз мүмкіндігін әділ бағалауы, үнемі білімін жаңа басқышқа көтеруі. Педагогтың еңбегіне жаңа технологияларды оқушыларға оңтайлы, ең қажетті мағлұмдама жию икемін машықтандыру үшін пайдалануы;

- өзінің болашақ мамандығының маңызын, әлеуметтік мәнін, пәндерді оқытуды негізгі өзекті мәселелерін сұрыптауы, қызметіндегі нақтылы білім бағытын айқындауы, басқа ғылым, білім салаларымен байланыстылығын алдын-ала болжауы;

- ұстаздық кәсіпке жүйелілік көзқарасы, кез-келген жағдайды (sit), әр түрлі өзгерістер мен құбылыстарды (тіл меңгерудегі) өзінің қызметіне сәйкестендіріп, үлгілеуі (модель), оны нәтиже қорытындысын жинақтау мен талдау барысында жүзеге асыру іскерлігі, өзінің педагогтық қызметіне рефлексия жасауы: нольдік, аралық, бақылау кесінділерінің салыстырмалы матрицасын жұмысына тірек ету дағдысын жаттықтыру деңгейі;

- өзінің пәніне жаңа философиялық қөзқарасы (парадигма);

- оқулықты тұтас меңгеру үшін сабақты блок, таратуға жіктеп алып, мақсатты қою және міндеттерді дұрыс саралап алу қабілеті, оны кәсіптік дәрежеде жүзеге асыру белгілері, шешім табуға қозғаушы күш боларлық ғылыми әдістерді тиімді қолдануы;

- нарықтық қоғамға лайықты мектептерге өзін ыңғайлауы, болашақ әріптестерімен және ұжыммен жұмыс істеуге бейімі, оқушылардың ойлау әрекетін ұйымдастыру барысында басқарушылық даярлығы, әр түрлі вариантта айтылған пікірлерді салыстырып, өзінің ісіне ең үйлесімдісін таңдауы, педагогтық қызметтің негіздерін білу;

- кәсіптік мамандығының уақыт пен кеңістік талабына сай өзгерістері мен басқа пәндермен байланысын жоғары сапаға көтеруге психологиялық, әдістемелік аспектідегі әзірлігі;

- білімнің жаңа заңымен таныстығы, оны орындау шеберлігі, мамандығын ширатуға доминант боларлық әдістер, амал, жол, тәсілдер мен технологиялардың мамандық иесінің табиғи икеміне үндесіп келуін қарастыруы.

3.2. Пәндерді шоғырландыру бірлігінде қабылданудың білім, іскерлік, қабілеттілік деңгейліктеріне қойылатын талаптары.

3.2.1. Гуманитарлы - әлеуметтік пәндерінен меңгеретін білім, икем, дағды, іскерліктеріне қойылатын талаптары.

Мұғалім төмендегідей міндеттерді шешуге ниеттенуі керек:

Философия, психология, тарих, культурология, педагогика, орыс тілі, шет тілі, құқықтық негіздері, әлеуметтану, политология, экономика:

- әлемдік, республика көлемінде ғылыми философиялық, діни ұғымдарды меңгеруі, адам өміріне ыңғайлылығы, маңызы, адамдардың білімі мен сенім-наным деңгейліктерінің әр түрлілігі, рационалды, иррационалды білімнің қоғамға әсері, этикалық білімнің құндылығы, шығармашылық пен күндегі өмірге тигізер мәні, оған өзін бағыттауы;

- өркениетті ел болу үшін білім мен ғылымның рөлін түсінуі, әлеуметтік және этика аспектісіндегі өзекті мәселені шешуде ғылым жетістіктері мен оқушыларды бүгінгі заман ағымына лайықты даярлау үрдісінде пайдаланатын техника арасындағы қатыстық (коммуникация) өлшемі, ғылыми құндылықтың тиімділігі, тарихи типі, құрылымын білуі, оқытудың түрлері мен әдістерін ғылыми таным, сезім өрісіне негіздеуі, оның түйістенуі (апперсепсе);

- гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық білімі, негізгі ғылыми мектебі, әлеуметтік-экономикалық білімінің бағыттары, тетіктері, жұмыс барысында қолданатын амалдары мен жолы;

- адамның әлеуметтік бастауының биологиялық, тән, жан, рухани азықтарының мәнісін ұғынуы, адамның табиғатқа қатысын бағалауы, ғарыштық қоғамымыздың техника ғасырынан мағлұмнама (ақпарат) ғасырына өту кезеңін пайдалануы;

- оқыту үрдісінде әр түрлі субъектілерді тұлғалық дәрежеге жеткізуге бағыт жасауы, олардың өмірін дұрыс жолға түсіре алу іскерлігі, мәдениеті, қысым көрсетудің адам өміріне ықпалын түсінуі, адам тәртібінің әр түрлілігі және тарихи өзгерістердің болуы жайлы аңғарымпаздығы, басқаларға және өзіне адамгершілікпен қарауы;

- саналы, санатты деңгей мен санасыздық, ақылсыздық деңгейлерді ажыратуы, қарым-қатынаста сөйлеу шеберлігі, этикалық өнері, киім кию шеберлігі, педагогтық икемі;

- психика болмысын түсінуі. Психологиялық белгілер мен нышандардың негізін және оның философиялық механизмін білуі, психикасының қалыптасу кезеңдерінде әлеуметтік жағдайлардың мәнін күні бұрын бағамдауы, еріктілік, эмоция, қажеттілік, сарын сияқты адам сезіміндегі (аффекті) қылықтарының мәнін білуі;

- әрбір тұлғаға психологиялық мінездеме беру қабілеті, өзінің психикалық ішкі құбылысына интерпретация жасауы, өзінің психикасын тәртіпке келтірудегі мүмкіндігін ескеруі;

- мәдениеттің феномендігін түсінудегі іскерлігі мен түсінігі, жаңа технологияларды оқыту үрдісінде тиімді пайдалану ұшқырлығы, өзінің әлеуметтік тәжірибесін жинауы, таратуы, мәдени құндылықтың қорлануы жайлы хабары;

- мәдениет типінің түрлерін, негізгі мәдени-тарихи орталықтарды, әлемдік, өлкелік ерекшелігін анықтауы, өмірдегі белгілері мен заңдылықтарын, дамуын, Қазақстан Республикасының тарихын, Қазақстан тарихының әлемдік мәдени коры мен өркениеттілікке қосар үлесін түсініп, оны талдау-жинақтау, сұрыптау, тұжырымдау қабілеті арқылы жүзеге асыруы;

- мәдениеттің қол жеткен жетістігін тарихи контекст негізінде бағалау, мәдениетке қатыстығын сұхбат арқылы таныту, мөдениетті меңгеру тәжірибесін жинақтау іскерлігін (республикалық, өлкелік, аймақтық) соңғы ықтимал нәтижеге бағдарлауы;

- дәуірлер мен тарихи-хронология жайлы ғылыми негізгі мәліметтерді есте сақтауын жаттықтыруы;

- негізгі тарихи факторларды, тарихи тұлғалар мен даталарды және тарихи сілкіністерді білуі;

- өткен тарихи құндылықтарға өзінің көзқарасын негіздеуі мен дәлелдеу деңгейі.



Әлеуметтану, экономика, политология және құқықтық пәндерінен:

- әлеуметтік көзқарастың ғылымилық дәрежесі, негізгі әлеумет жайлы заңдылықтар мен тәртіптілік туралы хабары, әлеуметтік қоғамдастық пен топтар, олардың түрлері, шығу себептері хақында түсінігі, әлеуметтік шығу процесін сүрыптай білуі;

- қоғамдық әлеуметтік қозғалыстың шығу негіздерін аңғаруы, типтерін ажыратуы, оның құрылым-жүйесін білуі;

- микроүлестік қажеттілігін түсінуі, жеке меншік мектептің мәртебесін көтеруі үшін микроэкономика деңгейінде ұғынуы, әлеуметтік ақшалай кредит пен инвест саясаты заңдылықтарының маңызын пайдалануы;

- өз елінің экономикалық жағдайын есептей аларлық қабілеті, мағлұматнамамен толықтырып отыру ізденісі, экономика саласындағы өзекті мәселеге өзін бағдарлауы;

- әкімшіліктің, басқарудың маңызын түйсінуі, саяси өмір жайлы, саяси қарым-қатынас процесіндегі субъект туралы, оның саяси жүйедегі атқарар рөлі және Қазақстан Республикасының саяси ағымының әлемдік денгейдегі мәртебесі хақындағы ыңғайы, пайымы;

- теория мен тәжірибешіліктің ара жігін ажыратуы, өзінің тұлғалық орнын қоғамнан алдын-ала табуы жайлы хабары;

- адамзаттың құқығы мен тәуелсіздігі туралы заңдылықтарды білуі;

- кәсіптік мамандығына байланысты құқылық пен нормативті құжаттармен күні бұрын таныстығы;



дене шынықтырудан:

- дене шынықтыру пәнінің рөлін түсінуі;

- санатты, салихалы өмір сүру үшін дене шынықтыру пәнінің «әліппесін» меңгеруі;

- өзінің денсаулығын сақтауға септігін тигізер жаттығулар мен гимнастиканың түрлерін игеру іскерлігі;

- дене шынықтырудың фонологтық шеберлікті шыңдауға тигізер пайдасын жаттығу арқылы дамыту қабілеті;

- адамның өз орнын анықтауда дене шынықтырудың ролін ұғуы, психофизикалық қабілеттілікті дұрыстықка ыңғайлауда дене шынықтыру пәнінің мүмкіндігін бағымдауы;

- кәсіптік мамандықка дене шынықтыру пәнін сәтті пайдалану икемі;



филология аспектісінен:

- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді филология мәртебесінің деңгейінде меңгеруі;

- кәсіптік мамандығына қатысты құжаттарды талапқа сәйкес толтыру дағдысы;

- өзінің қызметіне қажетті лексиканы күні бұрын сұрыптап алуы;

- ұлтаралық қарым-қатынаста орыс тілін білуі, оны өзінің білімін көтеруіне, дамытуына пайдалануы;

- шетел тілінде сұхбатқа қатысуы, жалпы сөйлеу түрінің этикасын меңгеруі, сөздіксіз қызметіне қажетті әдебиеттерді оқуы.

3.2.2. Табиғаттану, нақтылы пәндер бойынша қойылатын жалпы талаптар.

Болашақ мұғалім төмендегі талаптарды білуі керек:

- әрбір әдебиетші, тілші информатикадан төмендегідей түсінігі дамытылуы қажет:

- әлемді танудағы тәсілі;

- мәлімдеме мен мағлұмнаманың ең қажеттісін сұрыптап, есте сақтауы, оны басқа сапаға ауыстыра алуы;

- өзінің мамандығына пішіндеуі, үлгілеуі;

- экологиялық принципті табиғат қорғау үрдісінде пайдалануы;

- филология нысанасын толығымен экология мақсатына тиімді үйлестіруі;

- ауыз әдебиеті үлгілерін, тотемдік ыңғайды табиғат қорғау тұрғысында қарауы;

- адамның өзі табиғаттың кіші бөлшегі екенін унемі есте ұстап, филология ілімінің мазмұны, құрылым-жүйесі, бейнелер, кейіпкерлер, қаһармандардың іс-әрекеттеріндегі табиғатқа көзқарасының ізгілігі мен жағымсыз әрекеттері назарда болуын қадағалауы.



Біліктілігі мен іскерлігі:

- негізгі түсінігі, әдебиет пен тіл нысанасына қатысты заңдылықтар мен ережелерді теориялық бернелерді, қағидаларды меңгеруі;



3.2.3. Жалпы кәсіптік мамандығына қойылатын талаптар.

Болашақ мұғалім мыналарды білуі керек:

- Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет, денсаулық сақтау және білім министрлігінің мемлекеттік стандартында, тұжырымында мектеп оқушыларын ізгілікке баулу ісіне басты көңіл аударылған. Осыған орай, қазақ тілі мен әдебиет пәнінен ұстаздық қызметті меңгерудің алғы талабы барлық: «Әдебиет пен тілдің мазмұны (шығармалардың мәтіндері мен лексика, дыбысжасам, сөзжасам, сөйлемнің құрылым-жүйесі) адам факторын ізгілікке бастаудың қозғаушы күші» - деген тұжырымдаманы қабылдау деңгейінің дұрыстығы;

- барлық теориялық білімін жаңа қоғамның жаңарған мазмұны мен құрылған мектебіне лайықты инновациялық ізденісі;

- жаңа технологияларды, оқытуда ыңғайлау (адаптация) әрекетін жүзеге асыру, оқытудың ұжымдық ойлау әрекеті, оқытудың ұжымдық тәсілі, программалап оқыту, пішінге салып оқыту, проблемалы-зерттеу, т.б., бір сөзбен айтқанда, «өзінің икем, дағды, іскерлік, білім деңгейіне үндесетін, үйлесім табатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұтымды пайдалануы және оны соңғы нәтижеге бағдарлау ұшқырлығы.

Төмендегідей машықтары дамуы керек:

- оқу қарқыны талапқа сай болып, өзінің зерттеп отырған мәселесіне қатысты ең керекті көріністерді, фактыларды, уақиға иірімдерін, әдебиеттің қисындық түрлерін (айшықтану, құбылту), сынын, тарихын санатты меңгеруі, оны үнемі үздіксіз, үзіліссіз дамытып отыруға ынталануы;

- алған білімі мен ғылыми түсініктерін кәсіптік мамандығына жарату іскерлігі;

- күнтізбе, авторлық бағдарлама, сабақтың жоспарларын құруда мектептің типіне орай шығармашылық іскерлік танытуы;

- аймақтық, республикалық, әлемдік иерархияға ілесіп отыру ықыластылығы мен оны өзінің тәжірибесінде өзгерістер енгізіп, мектебіне ыңғайлай алу машығы;

- мектеп ісін басқаруға қатысты жарық көрген құжаттарды өмір талабына, мектебінің мәртебесіне лайықтау қабілеті.



Әдебиетті оқытудың әдістемесі

Оқу қазақша жүретін мектептерде әдебиетті оқытудың әдістемесі вербальді әдіспен сабақ жүргізуден бас тартуға мәжбүр етеді.

Дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістер мен оқытудың жаңа инновациялық технологияларын соңғы ықтимал нәтижеге бағдарлай білу іскерліктерін ширатудың тәсілдерін меңгеруге ниеттенуді қажетсінеді.

Қазақ тілін оқытудың әдістемесі

Қазақ тілінің салаларын оқытуда жекелеген кестелердің орнына жүйелілік қағидасын сақтайтын материалдарды жалқылау, жалпылау, жинақтау, талдау, саралау, даралау және т.б. әдістердің негізінде оқыту көзделеді.



Тіл біліміне кіріспе

Тіл білімінің алғашқы құрылым-жүйесін бүгінгі сипатымен ұштастықта қабылдауға бағыт жасайды.



Қазіргі қазақ тілі

Қазіргі қазақ тілінің барлық кіші жүйелерін тұтастықта қабылдау бұрынғы зерттеу жұмыстарын салыстырмалы жинақтау тұжырымында жүзеге асады.



Дыбыс жасам

Дыбыс жасамның ғылыми жүйесі алдымен фонологтық сипатта қабылданып, орфографиялық заңдылықтар орфографиялық қағидаларға сүйеніп меңгеруіне бағдар жасалады.

Мұның барлығы алгоритмдік тәртіппен берілуі қадағаланады. Лексика және фразеология

Лексиканың ғылыми еңбектеріндегі сараланған тәртіп жүйесі тұтасымен жинақталып, теориялық білім тәжірибешілікпен астасып, фразеологиялық тіркестердің өзіндік ерекшелігін ажыратарлық салыстырмалы жаттығулардың қабаттасып келуіне мүмкіндік туғызылу қажеттілігі ескеріледі.



Морфология

Барлық ғылыми морфология жүйесі салыстырмалы түрде жинақталып, түбір морфема мен қосымшалардың сөз тудырушылық, сөз түрлендірушілік ықпалын ажыратарлық қабілеті дамытылу есте болады.

Мұнымен бірге жалғаулықтардың сөз бен сөзді байланыстыру амалын айыру іскерлігі жаттығу жұмыстары арқылы ұшталады.

Синтаксис

Синтаксис ғылымына деген зерттеушілердің көзқарасы. Күрделенген сөйлемнің феномендігі, соңғы зерттеу еңбектеріндегі парадигманың маңызы. Синтаксисте қалыптасып қалған талдау мен жаңаша талдаудың арасындағы айырмашылықты ажыратып, тиімдісін меңгеруге мүмкіндік жасау көзделеді.



Қазақ тілінің практикалық курсы

Бұл нысананың қарастыратыны барлық қазақ тілі курсының теориялық білімін тәжірибешілік әрекет арқылы меңгеруге жол ашылады.



Қазақ тілінің тарихи грамматикасы

Түркі тұқымдас халықтардың тілдеріндегі ұқсастық. Оның тарихи кезеңдері. Ғасырдан ғасырға аяқ басу үрдісіндегі тілдің ұлттық сипатының даралануы, туыстас ұлттардың ара қатысының алшақтамауы тілдердің ерекшелену заңдылықтары мен қағидаларына апаруы жайлы мағлұмнама алады.



Қазақ тілінің диалектологиясы

Қазақстан Республикасын мекендеген қазақ халқының аймақтық ерекшелігіне, көршілес халықтардың ықпалына орай туған өзіндік тіл сатысын ажыратарлық қабілеті қамтылады.

Диалектінің әдеби арнаға үндеспейтіндігін түсінуге ұмтылдырады.

Әдеби қазақ тілінің тарихы

Әдеби қазақ тілінің тарихы жайлы зерттеу жұмыстарының салыстырмалы жиынтығы. Әдеби тілдің туу кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі даму қарқыны.

Әдеби тілдің тарихына жаңа көзқарастың маңызын аңғару қабілеті мен икемі, машығы жаттығу жұмыстары арқылы ширатылады.

Стилистика

Тілдің сөздік құрамын, дыбысжасам, сөзжасам құрылымын қамтиды. Экспрессивті-эмоционалды лексика жасайтын морфологиялық тұлғалар. Стилистикалық қызметін ажыратарлық әр стильдің өзіндік нақышын анықтарлық дағды салыстырмалы жаттығулар арқылы ұшталады.



Көркем текстіге лингвистикалық талдау жасау курсы

Текстегі лингвистикалық талдау ясасаудың басқа талдаулардан өзіндік даралық сипатын игеру іскерлігі дамытылады. Оның заңдылықтары мен қағидалары жаттығу жұмыстары арқылы меңгеріледі.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет