Э«Қазақстанның Қазіргі заман тарихы» ПӘні бойынша тарих емес мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған мемлекеттік емтихан сұРАҚтары



бет1/89
Дата24.01.2022
өлшемі297,02 Kb.
#114004
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
тарих сессия ответы
essay, Анкета рус, Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, тарих сессия ответы, 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1. Этносаралы келісім Р- ауіпсіздігін ныгайту негизи (1), 1.1-physical quantities units - cie ial physics-ms

э«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

ТАРИХ ЕМЕС МАМАНДЫҚТАРДЫҢ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ



  1. Этносаралық келісім - Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Қазақстанның Түркі мемлекеттері, Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ аясындағы іргелес елдермен достық қарым-қатынас қалыптастыруы - ел тыныштығының кепілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы жылдарынан бастап, этносаралық татулық пен келісімді сақтауға, дамытуға, олардың қауіпсіздігі мен бейбіт тұрмысын қорғауға бар күш-жігерін салды.

Бүгінде Қазақстан 130-дан астам этнос өкілінен тұратын 17 миллионнан аса халқы бар беделді мемлекетке айналды. Қазақ халқымен тарихи сын сағаттарда этностар өзара ымыраға келіп, тіпті өзара келісім орната білді. Әсіресе, Қазақстанның ұлттық саясатын жүзеге асыру бірнеше кезеңді қамтиды. Алғашқы кезеңде еліміздегі тіл саясатына қатысты мәселелер қарастырылды. Одан кейін ұлттық-мәдени бірлестіктер құрыла бастады. Нәтижесінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1992 жылы Қазақстан халқының I форумында Мемлекет басшысы алғаш рет республика халқын біріктіретін қоғамдық (саяси және үкіметтік емес) ұйым құру туралы идеясын жариялады. Қазақстан халқының келісім және бірігу ассамблеясын құру мәселесін талқылауға ұсынды. 1995 жылы наурыз айында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган ретінде, ұлтаралық қатынастар бойынша ауқымды құқықтық мәртебеге ие Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылды.

Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайту мақсатында, Қазақстан Президенті Жарлығымен 1997 жыл - «Ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», ал келесі 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болып жарияланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты қазақ халқының топтас¬тырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизмді дамыту болып табылады. Ал Ассамблеяның тікелей араласуымен қазіргі кезде елімізде көптеген этномәдени бірлестік қызмет жасайды. Сонымен қатар, республикада 15 тілде газет-журнал шығарылып, 8 тілде радиобағдарламалар таратылады және 11 тілде телебағдарламалар көр¬сетіледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесінің артуына Елбасының қосқан үлесі зор. Мәселен, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген түзетулер бойынша Парламент Мәжілісіне Ассамблеядан 9 депутат сайланды. Ал 2008 жылы 20 қазанда Президент «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңға қол қойды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет