Әдеби тіл және оның нормалары Қоғам мүшелеріне қызмет ететін жалпыға ортақ, түсінікті тіл әдеби тіл



бет11/38
Дата20.05.2020
өлшемі104.35 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Құрылысына қарай

Құрамына қарай

Дара сан есім

Күрделі сан есім

Негізгі сан есім

Туынды сан есім

Бір, мың, жүз, миллион, т.б.

Мың-мыңдап, екі - үштен, бір мың, т.б.

Он, бес, жүз, тоғыз, т.б.

Алт(ы)ау, жүз мың, сексен (сегіз он) он-оннан, т.б.

Сан есім мағынасына қарай алтыға бөлінеді.

Мағыналық түрлері

Мысал

Мағынасы

Есептік сан есім

Бір сағат өтті

Уақыт мөлшері. (Нақты санды білдіреді)

Реттік сан есім

Екінші үйде тұрады

Заттың реттік саны. (Саналу ретін білдіреді)

Жинақтық сан есім

Бесеуі жолға шықты

Заттық ұғымды (Кімдер?).

(Жинақ санын білдіреді)



Болжалдық сан есім

Жетпістей адам келді

Зат (адамдардың) мөлшері.

(Дәл емес, шамалап, мөлшерлеп көрсетеді)



Топтау сан есім

Бес – алтыдан бөлінді

Заттың топталуы

Бөлшектік сан есім

Екінің бірі ән айтады

Заттық ұғымды білдіреді

(Бөлшек ұғымын білдіреді)



Дара және күрделі сан есімдер

Дара

Күрделі

Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Түбір сан есімнен құралған негізгі және жұрнақ арқылы туынды сан есім болады

Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім

Жүз, жиырмалаған, ондап, сегізінші, жетеу, т.б.

Үш мың тоғыз жүз елу алты, жүз қаралы, оннан бір, бес ондық, бір-бірден, т.б.

Есептік сан есім

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.



Дара

Күрделі

Елу, алты, жүз, алтау, миллион, миллиард, т.б.

Он жеті, жүз жиырма, бір-екі, бір миллион екі жүз жетпіс мың, т.б.

Реттік сан есім

Заттың саналудағы ретін (қатарын) білдіретін сан есімдер реттік сан есімдер деп аталады. Олар нешінші? деген сұрақтарға жауап береді.



Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады

Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды

Жыл, ай, ғасыр аттарының алдынан келген сан есім араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды

6 – сынып, 2 – орын, 5 – қатар, т.б.

VI сынып, Энциклопедияның ІІ томы, V бөлім, т.б.

2010 жыл, 22 наурыз, т.б.

Жинақтық сан есім

Нешеу? деген сұраққа жауап беретін сан есімдер заттың жинақталған санын білдіріп, жинақтық сан есімдер деп аталады. Олар бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Бір

-еу

Біздің Отанымыз – біреу.

Ек(і)

-еу

Екеу – жарасқан жұп.

Үш

-еу

Үшеу – ынтымақ, бірлік, татулық өрімі.

Төрт

-еу

Төртеу – түгелденер тұсың.

Бес

-еу

Бесеу – белін бекм буған ердің қаруы.

Алт(ы)

-ау

Алтау – алаштың туын тік көтерер елдің саны.

Жет(і)

-еу

Жетеу – сырын түсініп, ұғыңа білсең – киелі сан.

Болжалдық сан есім

Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетіп, қанша? неше? қай шамалы? қаншадай? деген сұрақтарға жауап беретін сан есімдер болжалдық сан есімдер деп аталады.



1. Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған (-деген), -таған (-теген), -лап (-леп), -дап (-деп), -тап (-теп), -дай (-дей), -тай (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады

2. Есептік сан есімдердің қосарлауы арқылы жасалады: бес-алты, 7-8, 40-50,т.б.

Көптік жалғаулы сан есімге септік жалғауы жалғану арқылы: шамамен бестерге келді, жасы елулерде, т.б.



3. Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады

Мысалы: мыңдаған, жүздеп, елудей, т.б.

Сонымен бірге: он-он екілерде, мың-миллион, т.б.

Мысалы: жүзге тарта, мыңға жуық, елулер шамалы, т.б.

Топтау сан есім

Нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап беріп, заттың санын жекелеп емес, топтап көрсететін сан есім түрі топтау сан есімі деп аталады.

Жасалу жол:



Дара сан есімдерге шығыс септігі жалғану арқылы жасалады

Күрделі сан есімдерге шығыс септігі жалғану арқылы жасалады

Екі+ден, жүз+ден, бес+тен, т.б.

Он бес+тен, екі-екі+ден

Бөлшектік сан есім

Бүтін заттардың бөлшектік санын білдіретін сан есімдер бөлшектік сан есімдер деп аталады. Мысалы:0,25 немесе төрттен бір (ширек), 0,50 немесе екіден бір (жарты), т.с.с.

Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрге бөлінеді.

Жай бөлшек сандардың бөлімі шығыс немесе ілік септікте (бестен немесе екінің), алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады (үші, бірі), кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп (екі, бір) те айтылады.

Ондық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады.


Мысалы: оннан үші немесе екінің бірі, бестен екі, екіден бір.

Мысалы: 2,03 – екі бүтін оннан үш, 0,20, т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет