Әдеби тіл және оның нормалары Қоғам мүшелеріне қызмет ететін жалпыға ортақ, түсінікті тіл әдеби тіл


Етістер Мұндай іс – әрекет пен оны жүзеге асырушы арасындағы қатынасты білдіретін (белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын) етістік түрі етіс



бет21/38
Дата20.05.2020
өлшемі104.35 Kb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Етістер

Мұндай іс – әрекет пен оны жүзеге асырушы арасындағы қатынасты білдіретін (белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын) етістік түрі етіс деп аталады.

Қазақ тіліндегі етістер 4 түрге бөлінеді. 1. Өздік етіс (іс – әрекетті өзі орындайды) 2. Өзгелік етіс (біреуге орындатқызады) 3. Ырықсыз етіс (еріктен тыс, өзінен – өзі іске асатын қимылдың сипаты) 4. Ортақ етіс (екі немесе бірнеше адамға ортақ іс – әрекет)

Өздік етіс

Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейдігін я өзі істегендігін білдіретін етістің түрі өздік етіс деп аталады. Өздік етістің жасалу жолдары: 1. –ын: жу – ын, тағ – ын, жасыр – ын, т.б. 2. –ін: ки – ін, көр – ін, сез – ін, т.б. 3. –н: (дауыстыдан кейін жалғанады) тара – н, қара – н, ора – н.

Өздік етісті өздік есімдікпен шатастырып алмаңдар. Өздік есімдік: өзім барамын, өзім келемін, өзінің балам, өз отаның, т.б.

Өзгелік етіс

Іс – әрекет, қимылдың өзі емес, өзге біреу арқылы іске асатындығын білдіретін етістің түрі өзгелік етіс деп аталады.



Өзгелік етістің жасалу жолдары: 1. –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз. Мысалы: сыз-ғыз, жаз-ғыз, ал-ғыз, ки-гіз, кір-гіз, бер-гіз, айт-қыз, аш-қыз, жат-қыз, ек-кіз, күт-кіз, жек-кіз, т.б. 2. –дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір. Мысалы: ал-дыр, сал-дыр, сен-дір, біл-дір, айт-тыр, ас-тыр, кел-тір, тік-тір, бат-ыр, жат-ыр, кет-ір, біт-ір, т.б. 3. –т. (дауыстыдан кейін) оқы-т, таны-т, панала-т, дүрілде-т, арала-т, т.б. Кей жағдайда бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді. Мысалы: сат-қыз-дыр-т, сөйле-т-кіз, ал-дыр-т-қыз (іс-әрекетті өзі емес, екінші, үшінші,төртінші адам арқылы іске асырады).

Ырықсыз етіс

Істі кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістің түрі ырықсыз етіс деп аталады.



Ырықсыз етістің жасалу жолы: 1. –ыл, -іл, -л: жу-ыл-ды, жи-ыл-ды, тер-іл-ді, шеш-іл-ді, тара-л-ды, күре-л-ді (іс – әрекетті кім істегені белгісіз, әйтеуір, өзінен – өзі істе-лін-іп қой-ыл-ған). 2. –ын, -ін, -н: (өздік етісте де бар) етістік негізінде –л дыбысы болса, онда ырықсыз етіс болады: ал-ын-ды, сал-ын-ды, әкел-ін-ді, іл-ін-ді, бөл-ін-ді, сөйле-н-ді, тазала-н-ды, сарала-н-ды, т.б.

Ортақ етіс

Біреу емес, бірнеше адам арқылы ортақ істелетін я болатын іс – әрекет, қимылды білдіретін етіс түрі ортақ етіс деп аталады.



Ортақ етістің жасалу жолы: -ыс, -іс, -с (айт-ыс, таны-с, шығар-ыс, ал-ыс, жи-ыс, әкел-іс, іл-іс, бөл-іс, көр-іс, сүй-іс, хабарла-с, құшақта-с, сөйле-с, сыйла-с, сырла-с, айтысып, хабарласып, сөйлесу үшін де екі не одан да көп адам керек). Ақындар айтысты. Екеуі танысты. Бір – бірімен қол алысты. Таңға дейін сырласты.

Ортақ етістің жұрнағы зат есімнің жұрнағымен тұлғалас (омонимдес) келеді. Сондықтан мәтінде кездескенде шатастырып алмаңдар. Ажырату үшін сұрақ қойыңдар.



Есімше
Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрі есімше деп аталады.

Есімше тұлғаларына «емес», «жоқ» сөздері тіркесіп, болымсыз мағына беріледі: барған емес, барған жоқ, барар емес, бармақ емес, баратын емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет