Әдеби тіл және оның нормалары Қоғам мүшелеріне қызмет ететін жалпыға ортақ, түсінікті тіл әдеби тіл


Негізгі және туынды еліктеу сөздер



бет35/38
Дата20.05.2020
өлшемі104.35 Kb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Негізгі және туынды еліктеу сөздер

Еліктеу сөздер

Негізгі түбір

Туынды сөздер

Бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөздер. Мысалы: тарс, тырс, күрс, жылт, жалт, топ, шіңк, морт, қарс т.б.

-аң, -ең, -ың, -ің, -ң жұрнақтары жалғану арқылы жасалған еліктеу сөздер. Мысалы: арс-аң, ырж-ың, қиса-ң, т.б.



Еліктеуден жасалған туынды еліктеу сөздер

Етістіктен жасалған туынды сөздер

1)

аң

борт-аң,болп-аң, арс-аң

1)

- аң

ағар-аң, қызар-аң

2)

ең

елп-ең, желп-ең, селт-ең

2)

- ең

иір-ең, едір-ең

3)

- ың

сымп-ың, жылт-ың, быж-ың

3)

- ң

домала-ң, жайқа-ң

4)

ің

кілт-ің, кірж-ің, шілп-ің

Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа (негізінен зат есім мен етістік) сөз таптары да жасалады.

Еліктеу сөздерден өзге сөз табын тудыратын жұрнақтар

Туынды зат есім жасайтын жұрнақтар

Туынды етістік жасайтын жұрнақтар

Туынды сын есім жасайтын жұрнақтар

-ыл; -іл; -л; -ғыр; -гір

-ыра; -іре; -да; -де

-ыр; -ақ; -ек; -іш; -ық

тарс-ыл, ыр-ыл, сыр-ыл, ыңқ-ыл, күж-іл, гүр-іл, күрс-іл, даңғ-ыр, мыңғ-ыр, шіңг-ір, дүңг-ір, т.б.

желб-іре, салб-ыра, былб-ыра, үлб-іре, қалб-ыра, күрк-іре, дүрк-іре, арбаң-да, ербең-де, селтең-де, бұраң-да, қоқаң-да, т.б.

желб-ір, жылт-ыр, жалб-ыр, еңк-ек, еңк-іш, тырб-ық, бырт-ық, бұлт-ақ, қалт-ақ, т.б.

Еліктеу сөздердің түрлері

Еліктеуіш сөздер

Бейнелеуіш сөздер

Табиғат құбылыстары мен айналадағы заттардың қозғалысы, адам, түрлі аң – құс дыбыстарына еліктеуден туындаған еліктеу сөздер

Табиғаттағы заттардың қозғалысын, адам мен түрлі аң – құс қозғалысын көру арқылы сипаттайтын сөздер

Мысалы: сатыр-сұтыр, тарс-тұрс, гүрс, зірк, сыбдыр-сыбдыр, сылдыр, сыңғыр-сыңғыр, т.б.

Мысалы: жалп-жалп, елпең, морт, арбаң-арбаң, бақшаң-бақшаң, жылп-жылп, маң-маң, тыржың, т.б.

Еліктеуіш сөздер

Естілген дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы, Сырттан тарс – тұрс атылған мылтық даусы естілді. Қатты желден ағаш бұтақтары шарт – шұрт сынды. Ештеңе істемей, мысық құсап пыр – пыр ұйықтап жатырсың ба? Дүңк – дүңк еткен дыбыстан шошып ояндым.

Еліктеу айтылып тұрған тарс – тұрс, шарт – шұрт, пыр – пыр, дүңк – дүңк сөздері арқылы біз қимыл – қозғалыстың дыбысы жөнінде мәлімет аламыз.

Бейнелеуіш сөздер

Табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы бейнелейтін сөздер бейнелеуіш сөздер деп аталады. Мысалы, Шам жалп етіп сөнді. Ол жаулығын желп еткізіп, артына жалт қарады.

Берілген мысалдағы жалп етіп сөзі шамның лезде, жылдам сөнгенін, желп сөзі бірден, тез тоқтау нәтижесінде болған көріністі сипаттап, жалт шапшаң бұрылып қараған қимылды бейнелеп білдіріп тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет