Әдеби тіл және оның нормалары Қоғам мүшелеріне қызмет ететін жалпыға ортақ, түсінікті тіл әдеби тіл


Шылау. Шылау сөздер туралы сөздер



бет36/38
Дата20.05.2020
өлшемі104.35 Kb.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38
Шылау. Шылау сөздер туралы сөздер

Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып және өзі тіркескен сөзге қосымша мен үстеп тұратын көмекші сөздер шылаулар деп аталады.

Шылау сөздер білдіретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді.



Шылау сөздер

Септеулік




Жалғаулық




Демеулік

Белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп, сөздерді сабақтастыра байланыстырады




Сөздер мен сөйлемдерді салыстыра байланыстырады




Сөз бен сөзді, сөйлемдерді байланыстырмайды. Өзі тіркескен сөзге мағына үстейді

Көпір арқылы келдім. Күн сайын өмір туралы толғанысын тебірене жеткізді.




Адамға талап та, білім де аса қажет. Қоңырау соғылды да, оқушылар сыныпқа бетттеді.




Осының өзі аз жауапкершілік емес – ау! Бір айтары осы ғана.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары бар.

Шылаудың дербес лексикалық мағынасы болмайды

Олар сөйлем ішінде сөйлем мүшесі бола алмайды

Шылаулар түрленбейді және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалмайды

Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлемді салыстыра, сабақтастыра байланыстырып немесе толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады

Шылаулар – лексикалық мағынасынан айырылу нәтижесінде туған көмекші сөздер





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   38




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет