Әдістемелік сараптама жұмысы: «Қобыз аспабын сатылай үйрену» Балалар музыка мектебі «Қобыз» сыныбының оқытушысы



Дата28.01.2018
өлшемі67,09 Kb.
#34544
Әдістемелік сараптама жұмысы:

«Қобыз аспабын сатылай үйрену»


Балалар музыка мектебі

«Қобыз» сыныбының оқытушысы

Доспанова З.Қ.

Кіріспе
Қазақтың ежелден келе жатқан қасиетті де қастерлі музыкалық аспаптарының бірі қобыз. Ғасырмен үндескен қобыз аспабы халқымызға рухани азық болып, атадан балаға, ұрпаққа мирас болып біздің заманымызға жеткен.

Заман ағымына, уақыт талабына орай, осы ғасырдың отызыншы жылдары еліміз Еуропалық мәдениетке жетуге тырысып, оркестр құруға мәжбүр болды. Оркестрдің жан-жақты репертуарына байланысты қобыздың жаңа үлгілері: диапазоны, техникалық мүмкіндігі жағынан скрипкадан қалыспайтын төрт ішекті қобыз аспабының мүмкіндігінсіз оркестрмен күрделі шетел шығармаларын орындау мүмкін емес.

Осы орайда бүгінде республиканың түкпір түкпіріндегі музыка мектептерінде, колледждерінде, ҚазҰМА және Ұлттық консерваторияда прима-қобыз аспабы кәсіби тұрғыда терең оқытылады.

Бастауыш сыныпта болашақ дарынды музыкант тәрбиелеу барысында қиыншылықтар да аз емес. Қобыз аспабына арнайы жазылған қазақша ән-күйлер, пьесалар жинағы және хрестоматия оқулықтарының жетіспеушілігі. Ұлағатты ұстазы, білім беру ісінің үздігі Ғалия Оразалиева көп жылдан бергі осы аспаптан дәріс беріп келе жатқан тәжірибесіне сүйеніп отырып, музыка мектептері мен колледждеріне, жоғарғы оқу орындарына және жалпы өнер сүйер қауымға арнап хрестоматия оқулығын құрастырып отыр.

Хрестоматияға қазақтың халық әндерінен бастап, халық композиторларының ән-күйлері, кейінгі Қазақстан композиторларының ән-күйлері, кейінгі Қазақстан композиторларының туындылары, сондай-ақ басқа халықтардың бұрыннан қобызда ойналып жүрген шығармалары сұрыпталып, беріліп отыр. Мұндағы берілген шығармалардың реті оқушының сыныбына, орындаушылық деңгейіне, техникалық өсуіне қарай жеңіл шығармадан күрделі шығармаға қарай біртіндеп жүйеленіп берілді.

Қорыта айтқанда, ұсынылып отырған бұл хрестоматия қобызшыларға лайықты оқу құралы болады деп сенемін дейді автор. Бізде осы автордың еңбегін ары қарай жалғастыруымыз керек.

Қобыз үйренудің алғашқы шарттары.

Сабақ беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ тегі тәжірибесі негізінде дүниеге келген. Осындай тәжірибелердің негізінде қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы, тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге байланысты екендігі анықталады. Жүргізілген сан қилы тәжібибелердің нәтижесі – сол және оң қолды біршама уақыт бөлек қоюды оқыту керектігін түсіндіреді. Оң қолды бөлек қою әуелі қарашдашпен, кейін қыл ысқышпен жаттықтырылады. Музыкалық қабілетіне қарамай-ақ оқушыға да алғашқы табиғи қалпын сақтай отырып, еркін ойнау үшін қолын дұрыс қоя білуді үйретуге болады. Істің мәнісі алғашқы үйрету әдісінде. Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы керек. Тұтас жинақталған амал-әдістерді үйреткеннен ғөрі жеке-жеке тәсілдермен үйреткен жеңілдеу тиеді. Жекелеген амал-әдістерді әрқайсысын бөлек үйреніп болғаннан кейін оларды тұтас қосып үйрету әрине, жақсы нәтиже берері сөзсіз.

Бала тәрбиесіндегі қоршаған ортаның шешуші роль атқаратыны анық. Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп. Ұстаздық оқушысы және оның ата-аналарымен жақсы қатынаста болуы оған баланың үй және тұрмыс жағдайын жақсы білуге көмектеседі. Мұндай өз-ара байланыс шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге, тіпті жан-жақты жетілуіне музыка құдыретімен әсер беруге көмектеседі. Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің алдында ұстаздың беделі жоғары, бала қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою, отырып – тұру, мимика бет-әлбет қимылы сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды баланың екі тізесі аралығына қойып үйретіп, содан кейін барып, баланың бос қолын қажетті бағытпен сүйемелдеп қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды үйретеді, бірте-бірте дағыландырады.


Қызығушылығын арттыру
Бәрімізге белгілі, қобызда ойнауды үйренудің алғашқы кезеңі негізінен алғанда, шәкірт үшін қызығы аз, зеріктіретін процесс. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап қобызға баланың қолдарын дұрыс қоюдан басқа, музыка саласындағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек. Мысалы ән айту, салатын әндерін іріктіру, ноталық сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің ынтасын оятып қызықтырып отырады. Бір мезгілде екі шәкіртті үйрету де жақсы нәтиже береді. Бір шәкіртке қандай да бір жаңа тәсілді көрсете отырып, екіншісіне зер салуды, зейін салуды, зейін қоя тыңдауды тапсырады. Кезектесіп көрсетіп қайтатауды, ойнап беруді талап етеді. Осылайша екеуінің арасында шығармашылық сайыс көрініс табады. Екеуі де бірін-бірі қамшылай отырып, тапсырманы тез де жеке жеке меңгеруге құлшынады. Ұстаз өзінің қатысуымен біріне екіншісінің қобызды дұрыс не бұрыс ұстағанын тексеруді, ал байқалған оқулықты түзетуге тапсырады. Келесі сабақта олар өздерінің міндеттерін ауыстырады.
Ұстазды оқушымен алғаш кездесуі және оның мәні
Ұстаз бірінші кездесуге мұқият дайындалады. Өйткені, оқушы үшін елеулі оқиға. Шәкірт музыка мектебіне алғашқы сабаққа келгенде қызықты да ғажайып құбылыспен жүздесетіндей жұмбақ көңілімен табалдырықты аттайды.

Біріші сабақтың әсері баланың жанында ұмытылмастай терең із қалдырады, тағылымы есте берік сақталады. Ол заңды құбылыс. Қабылдау мүмкіндігіне қарай баланың ойында өзінің ұстазына және оның алғашқы сабағына деген оң немесе теріс пікірі қалуы сөзсіз. Сондықтан ұстаз алғашқы кездесуде балаға жақсы әсер қалдыруға ұмтылады. Ол шәкірттің тек қана игі әсер алуыңа, сыныпта оның өзін еркін ұстауына, сабақта белсенді де ынталы отыруына, берілген музыкалық тақырыпты жете игреуіне көмектесуге міндетті. Балалар жаңа жағдайда бір-біріне тез үйренеді. Бір мезгілде сабақты екі-үш рет оқушымен жүргізуге болады, музыка әуенімен салтанатты жүру, музыкалық ойын, музыка әуенімен салтанатты жүру,музыкалық ойын, музыка суйемелдеуімен ән салу, сонан соң әр баланың ол әуенді күйсандықта теруі. Сол сияқты, есту қабілетін дамыту және нота бойынша сауаттандыру-жетілдіру жағы да ұмыт қалмайды. Ұстаз өзі қобызда ойнап балаға көрсетпесе, тіпті жақсы болар еді.


Қол қойылымы
Ұстаз назары қолдың сыртқы сипатына емес, бұлшық еттердің еркін қимылына көңіл бөлуі керек. Бүкіл дене бұлшық еттерін еркін қозғалысы шәкірттің ешбір қиындық көрмей қолдарының дұрыс қойылуы үшін де, сондай-ақ ойын ырғағы үшін де тиімді табиғи қалып табуына көмектеседі. Аспапта ойнаған тұста балаға ең алдымен қолдарының, сондай-ақ тұлғасы және аяқтарының дұрыс бағыты аса қажет. Отырғанда тұлғасын дұрыс ұстау физиологиялық тұрғыдан да дұрыс екені түсінікті ғой. Ойнау барысында қолдар үздіксіз өзгеріс үстінде болады. Шәкірт аспапта ойнау шеберлігін меңгерген сайын өзінің қол қойылымын, отырысын өз ыңғайына қарай жетілдіре береді. Ұзақ ақыт бойына қобызда шаршамай ойнау үшін музыкант өзін еркін ұстаумен қатар денесін жинақы сақтауы, орындықтың жарты бөлігіне немесе үштің біріне жайғасып отыруы тиіс.
Оң қолдың қойылымы
Оң қол бос, бірақ белсенділік жағдайында болуы керек. Сұқ саусақ таяқшаның сыртқы жағынан сүйемелдей жанасады. Ортаңғы және аты жоқ саусақ өз еріктрінше бос жатуы керек. Негізгі төрт саусақтың орта буындары шамамен бір деңгейде болуы тиіс. Барлық саусақтың да формасы – кейпі сәл дөңгеленген бейнеде беріледі. Бас бармақ та дөңгеленіп шеңбер сипатта таяқша (ысқыш) тұтқасында шамамен ортаңғы саусаққа қарсы, бірақ түйіспей орналасады. Балаға қолды дұрыс қоюды жеңілдету үшін саусақтардың орналасуын әуелі қарандашқа қойып көрсеткен жөн. Қарындашты өз салмағында күш-жігер жұмсап, әуреленіп жатпай-ақ түрлі жағдайда ұстап көруге жаттығуға болады. Ал саусақтардың дұрыс қойылуы дағдыға айналған кезде шәкірттің саусақтарына қарындашты ұстатып, қолдың қарындашта дұрыс тұрғанын тексеріп көрген жөн.

Қыл ыспаны төмен жүргізгенде оң қолдың буыны сәл иіледі, ал жоғары жүргізгенде буыны иіледі де салбыраңқы кейіп алады. Оқушы қыл ыспаны «ре» ішегімен дұрыс жүргізгеннен кейін, «ля» ішегін де қатар меңгеруі керек.

Шәкіртке қыл ыспаны жүргізудің практикалық дағдысын қалыптастыруды дамытуға кіріскенде, алдымен баланың қолының талмауына септесетін, негұрлым жеңіл жаттығуды іріктеп, істі содан бастауды ескерген жөн. Алғашқы жаттығулар үшін қыл ыспаның орта сонан соң жоғары бөлігін пайдаланған дұрыс. Оқушы қыл ыспаның әрбір бөлігінде ойнап үйренгеннен кейін, ысқыштың әрбір бөлігінде ойнап үйренгеннен кейін, ысқыштың түгел бойымен орындалатын жаттығұларға ешбір қиындықсыз көше алады. Ұстаз оқушының қолын дұрыс қойылуы мен еркін болуын және қобызда дыбыстың құлаққа жағымды, таза шығуын үнеме бақылау керек.
Сол қолдың қойылымы
Сол қолды шынтақтан ішек деңгейіне дейін иіп көтеру қажет. Барлық саусақтар дөңес кейіпте болып тұрды. Бас бармақ, сұқ саусаққа қарсы орналасады. Басқа саусақтар ішектің үстіне дөңес кейіпте қалады. Алақан қобыз мойнына жабыспай орналасады. Оқушы қобыздың төмен сырғып кетпеуі үшін, оны екі тізесімен қысып ұстайды. Қобызды өз бетімен жақсы ұстауды меңгерген соң, ішек басуды және дыбыс шығаруды үйренуге кіріседі. Алдымен саусақтарды ішекке дұрыс қою үйретіледі. Мұнан кейін әр саусақты түсіріп – көтеріп үйреніп, шәкірт шеберлігін, қозғалыс дәлдігін танытады.

Жалпы ереже:

1. Қобызда ойнаған кезде саусақтар ішек аралығына қойылуы қажет, ішекке тырнақтарды тік тигізіп, немесе босағасына қарай аздап қисайта ұстау керек;

2. Бір ішекке ойнағанда барлық саусақтар ішекке бәрі бірге емес, біртіндеп кезекпен дөңеестене орналасады;



3. Қолдың анағұрлым еркін қозғалысын сақтау үшін, басқа бас бармақ мойынға жеңіл ғана тиіп тұруы тиіс. Саусатардың барлық төрт ішек бойында ауысуы ыңғайлы болуы үшін бас бармақ қобыз мойнына емін-еркін орналасады да, қобыз мойнын қыспай, шамамен орта «ре» және «ля» ішегіне қарама-қарсы орналасады;

4. Саусақтардың аталған міндеттерді орындауын жеңілдету үшін, қолды асылған қалыпта ұстау қажет. Қолдың жоғары не жоғарлау ұсталуы біржағынан ойналатын ішекке де, позиция – ұстаным тұғырына байланысты. Ішекке саусақтардың еркін жүруі үшін қолды алғашқы позицияда біршама «орта» биіктікте ұстаған жөн. Сол қолдың дұрыс жолға қоюдың қарапайым тәсілдері осы.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет