ЭқЖ 911 тобы Баратова Асем практикалық жұмыс Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі



Дата12.12.2021
өлшемі34,3 Kb.
#99833
Байланысты:
Баратова қаржы (п) 11



ЭҚЖ 911 тобы Баратова Асем практикалық жұмыс

  1. Халықаралық қаржы-қаражат жүйесі — Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды буындарының бірі. Халықаралық қаржы-қаражат қатынастары халықаралық нарық жүйесінің үш ірі құрылымының өзара әрекетінен туындайды. Олар валюталықнесиелік және инвестициялық (қаражат жұмсау) жүйелері болып табылады.

  2. Ұлттық валюта — әр елдің ұлттық ақша бірлігі; алтын, күміс және қағаз ақша түрінде қолданылады. Ең көп қолданысқа түсетіні — қағаз ақшалары. XX ғасырдың 80-жылдарында Батыс Еуропада аймақтық еуропалық валюталық жүйе қалыптасты. Оның ақша бірлігі болып экю қабылданды. 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуропа Одағының ортақ валютасы — еуро енгізілді.

Әлемдік валюталық жүйе ұлттық және аймақтық валюталар жүйесінің қарқынды дамуы нәтижесінде қалыптасты. Қазіргі кезде жасалатын операциялар төлемі бойынша үш орталық — Лондон, Нью-Йорк, Токио ерекше айқындалады. Сонымен қатар Еуропадағы аса ірі әлемдік нарық орталықтары ретінде Майндағы Франкфурт, Цюрих, Париж, Брюссель, ал Азиядан Сингапур мен Гонконг аталады. Әлемдік валюта жүйесінің дамуы 1968 жылы ортақ есеп бірлігі бар Халықаралық валюта қорының құрылуына негіз болды. Оның қоржынындағы АҚШ долларының үлесі шамамен 42%-ға, жапон иенасы 13%-ға, Батыс Еуропалық түрлі валюталар жиынтығы 43%-ға жетеді.

  1. Халықаралық инвестиция нарығы — экономикалық даму дәрежесі жоғары елдердің өз қаражатының комақты бөлігін неғұрлым даму дәрежесі төмен елдердің алдыңғы қатарлы өндіріс саласын дамытуға салу. Осы арқылы өздеріне де пайда табу мақсатын көздеген, ұзақ мерзімге жоспарланған экономикалық саясат. Ол тікелей және портфельдік инвестиция деп белінеді. Халықаралық инвестиция нарығында тікелей жеке инвестициялардың маңызы зор. Оларды ірі ұлтаралық бірлестіктер басқарады.



Халықаралық қаржы ұйымдары

Халықаралық валюталық қор (МВФ) 1945 жылы құрылған. Штаб-пәтері Вашингтонда (АҚШ) орналасқан. Мақсаты: халықаралык, валюталык, ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік сауданың кеңеюіне, мүше елдердің ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем ба­лансы мәселелерін қысқа мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу.

Халықаралық қайта құру және даму банкі (МБРР) 1945 жылы құрылған. МБРР-дың мүшелігіне тек қана МВФ-тың мүшелері қабылданады. Қазір құрамында 176 ел бар. Мақсаты: өндірісті ұлғайту күрделі қаржының қажетті бағыттарын ынталандыру, шетелдік жеке меншік капиталды келтіруді ынталандыру, халықаралық сауданың тұрақты түрде өсуіне жағдай жасау, т. б.

Халықаралық даму ассоциациясы (MAP) — (МБРР)-дың филиалы. 1960 жылы ең кедей елдерге процентсіз займ беретін несие ұйымы ретінде құрылған, қатарында 154 ел бар. MAP өз несиелерін табысы жан басына шаққанда 1305 доллардан аспайтын елдерге ғана береді.

Халықаралық қаржы корпорациясы (МФК) 1956 жы­лы экономикасы нашар дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын тікелей инвестициялау мақсатында МБРР-дың филиалы ретінде құрылған. МФК-ға 15 6 ел мүше.

Инвестицияларға кепілдік беретін көп жақты агенттік (МАГИ) — МБРР-дың филиалы ретінде 1988 жылы қурылған. Қазір МАГИ-ге 110 мүше ел бар. Аталған агенттік дамушы елдерге жеке меншік инвестицияларды тартумен шұғылданады. Бұл ұйым жеке меншік инвестици­яларды келтіру бағытында жекелеген үкіметтерге өзінің консультациялық-кеңестік қызметтерін ұсынады. Инвестициялық шиеленістерді реттеуші Халықаралық Орталық (МЦУИС) 90-жылдардың басында құрылған. МБРР-дың филиалы.

Қазақстан МВФ пен МБРР-ге 1992 жылы мүше болды. Аталған қаржылық ұйымдарға мүше болып кіру мақсатында Қазақстанда 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Халықаралық валюталық қорға, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму ассоциациясына, Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көп жақты агенттігі мен Инвестициялық шиеленістерді реттеуші халықаралық орталыққа мүшелігі туралы” арнайы заң қабылданды.

1993 жылдан бастап Қазақстан Үкіметі экономикада түбегейлі реформаларды жүзеге асыру және қаржылық тұрақтандыруға жету бағытындағы жалпыэкономикалық стратегияны қолдап келеді.



Азия даму банкі (АБР)—Азия, Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қаржылық мекеме. 1966 жылы құрылған. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. АБР-ға 54 ел мүше. Қазақстан АБР-ға 1994 жылдың қаңтарынан мүше. 1994 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен АБР өкілдігі арасында өзара түсінісушілік Меморандумына қол қойылды.

Еуропаның қайта құру және даму банкі (ЕБРР) 1990 жылдың маусым айында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің рыноктық экономикаға өтуіне көмек көрсету мақсатында құрылған. Қазақстан Еуропалык, банкке 1992 жылы мүше болып кірді. Қазақстанға қатысты Банк стратегиясы екі кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңде техникалық ынтымақтастыққа, әсіресе кадрлар даярлау ісіне көңіл аударылады, екінші кезеңде ауыл шаруашылығына, энергетикаға, тау-кен өнеркәсібі мен көлік шаруашылығына нақты инвестициялар тарту көзделеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет