Ей, Өлең Ей, өлең маған тиген еншім едің, Бой жазайын қасыма келші менің



Дата03.02.2017
өлшемі220,03 Kb.
#8735
Ей, Өлең Ей, өлең маған тиген еншім едің,

Бой жазайын қасыма келші менің.

Менің саған шамалы жақсылығым,

Сенде маған әрине көншімедің.

Келші маған тез жетші алданышым,

Тез жетші атам Абай аруағы үшін.

Бейіштегі ұяңды қоя тұрғын,

Тіршілікке керексін арда құсым.

Ей, өлең қайтсем саған жан бітірем?

Жансыз өлең жанымды алды кілең.

Бір ойым жүрегімде қаза болып,

Бір ойым көмейімді қалды тіреп,

Ей, өлең қайтсем саған жан бітірем?
1

Автограф

Көрер едің,

Шаламын ба, отпын ба,

Білер едің,

Ақынмын ба, жоқпын ба?

Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда.

Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.

Түсінер ең,

Езбін бе, әлде ермін бе,

Байқар едің,

Артықпын ба, кеммін бе?

Мен Спартак бола алмадым, не шара,

Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?!

Сырым да-осы,

Жырым да-осы,

Алдыңда.


Байқашы бір

Бықсыдым ба, жандым ба?

Махандар жоқ,

Махандардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда

2

Жылдарым менің, жылдарым

Жылдарым менің, жылдарым,

Жазылмай қалған жырларым.

Айтылмай жүрген сырларым,

Ақтармай жүрген мұңдарым,

Жылдарым, қайран, жылдарым.

Жылысып өткен жылымды,

Жоғалтқан өмір дер едім.

Айта алмай қамап мұңымды,

Шерменде болып келемін.

Көргенім ылғи өгейлік,

Қуанам неге тоқсынып .

Жыл өткен сайын кедейлік ,

Жыл келген сайын жоқшылық.

Кедейдің көңілін жасытып,

Мұң басады екен мұңдайда,

Дәулетімді тасытып,

Бақытқа бөлер жан қайда?

Жылдарым менің, жылдарым,

Айтылар ма екен сырларым.

Ашылар ма екен мұңдарым,

Жазылар ма екен жырларым.

3

Музаға

Отырғаның қарашы күйім келмей,

Қайда кеттің?

О, Муза! Құйын желдей.

Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді,

Қаңыраған иесіз диірмендей.

Мұздатады жанымды бұйым көрмей.

Жел үреді желпініп, көрік-кеудем,

Күйім келмей отырмын неліктен мен?!

О,Муза!

Қайдасың сен желік берген



Жалын мен отқа ғана ерік берген.

Серігім,қайдасың сен сеніп келген?

Дәптер жатыр парағы аударылмай,

Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай!

Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей,

Тонна-тонна қорғасын салмағындай.

О, Муза!

Әуреге салғаның-ай!

Күтемін сенен үміт, сенен жігер,

Қисаң маған, биік пен тереңді бер!

О, Муза!

Маған алыс сөреңді бер!

Ғайыптан кел де, мені демеп жібер

4


ӘКЕ АМАНАТЫ

Аттанарда алыс жолға,

Тапсырды әкем аманатын.

Серт етіп менде алдым қолға,

Әкемнің берген «асыл затын».

Сұстандырған суық лебі,

Соғыс жылы, қыстың кезі.

Әкем сонда аймалап мені,

Аманат еткен мынау ед сөзі:

«Тыңда, балам, тыңда,күнім

Болуға жара қолғанат!

Кәрі анаң, сәби інің,

Барлығы саған аманат!

Менде сенің он жасыңда,

Атадан жетім қалғанмын.

Аса ақылды болмасам да,

Аманатын алғанмын.
5
Қыздарға

Қыздарды көрсем, бір түрлі

Өзімнен-өзім мұңданам.

Тыям да бейқам күлкімді,

Өзімнен-өзім сыр бағам.

Қымбат-ау қыздардың ар-мұңы,

Қиын-ау, қиын тым қиын.

Не болар еке тағдыры?!

Үйіріліп соқса бір құйын.

Тоймайды көзім жүз көрсем,

Жайқалған менің гүлдерім!

Тоң тұрып жерге,күз келсе

Не болар екен күндерің?!

Түрткілеп күдік жанымды,

Кетеді жүрек дыз етіп...

Әзірге жасыл бағымды,

Отырмын,міне күзетіп.
6
Несіне ойланасың

Несіне ойланасың,

Несіне қиналасың,

Қайтесің,

Бір жылы сөз қимағасың?

Атаң қазақ ескерткен әлдеқашан,

Ешкімде сыйламайды сыйламасың!

Қапаланба, қадірлім, қапаланба

Қауіп-қатер басыңа тақағанда.

Абайыңның басына қамшы ойнатып,

Ақаныңды осылар матағанда...

7
Шыда,шыда

Шыда,шыда!

Шыдай түс,шыда тағы!

Шыдамдыны мына өмір ұнатады.

Үміттің құлан иек құла таңы,

Әйтеуір бір атада,бір атады...

Өкінбе,өкпелеме,бүгініңе,

Өмір,өмір!

Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,

Қайта тұрып,қақың бар жүгіруге.

Түсінемін жаныңның ауырғанын,

Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.

Иогтардың тәсілін қабылдағың,

Басқасына бас ұрып,табынбағын.

Шыда,шыда!

Шыдай түс,тағы шыда!

Тас құлатқан тасқының ағысына,

Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа,

Қарысуға болады,алысуға...

8
Н-ның монологы

Бір мінезім бар еді көкке өрлеген,

Батылдықты,шындықты жек көрмеген.

Ол әншейін жастықтың жалыны екен,

Ойласам,ақымақ боп тек терлегем.

Бір мінезім бар еді аңқылдаған,

Досқа да, дұшпанға да жарқылдаған.

Ол да әншейін жастықтың желігі екен

Ауыздықсыз бір кезде қарқындаған.

Пайда болды бір мінез енді маған,

Алып-қашпам басылды, бітті шамам.

Кімдер қандай қабақпен қарайды деп,

Асыранды тазыдай жылмаң қағам.


9
Өміріме

Қысқы өлең сияқтанып қысқа болар

Деп ойлап ем,

Ұзын болдың, өмірім.

Ұрдым-пердім ұлым болар

Деп ойлап ем,

Ұзатылар қызым болдың,өмірім.

Қара аспаннан жалт еткен бір

Жасыным ба деуші едім.

Қара көздің мөлт еткен бір

Жасымын ба деуші едім.

Қара қарға ғұмырымен неге мені өлшедің?

Неткен жанмын таусылмайтын талқаны мен кеусені?

Ей, өмірім,

Түсінбеймін,

Түсінбеймін мен сені!!!


10

Пай ,пай,Өмір!

Пай, пай,Өмір!

Өтесің-ау бір күні.

Тиясың-ау қуанышты күлкіні.

Өмір деген-бір жарқ еткен найзағай,

Өмір деген-көк аспанның күркірі.

Пай,пай,Өмір,

Өтесің-ау бір күні!

Болмағандай,жүрмегендей сенде біз,

Кетеміз-ау,әй,кетеміз...пендеміз.

Ұрпақтарға береміз де кезекті,

Біз кетеміз.кету үшін келгеміз.

Өмір деген-бұйым емес қолдағы,

Өмір дейтін-ұлы бекет жолдағы.

Қаның кеуіп қаталаған кезінде

Сусыныңды қандырсаң бір болғаны.

Мына күн де,мына аспан да,дала анау,

Бәрі бізден, бәрі бізден қалады-ау!

Өмір дейтін- тағатсыз бір қозғалыс,

Өмір дейтін-өлемін деп қарамау.

11

Фаризаға


Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден біріміз арылармыз. Біздерді де жоқтайтын жан болса егер, Шаң басқан архивтерден табылармыз. Сен мені білесің бе, білесің бе? Жаралмаған жан екем күресуге. Жылай жүріп, өтірік күлесің де, Жүресің де қоясың, жүресің де. Бірі итеріп кеудемнен, ірі шалып, Тастағысы келеді күресінге. Фаризажан, сен соны білесің бе?... Жанарымды тұманмен тұмшаладым, ..Серіппесі үзіліп тұр садағым. Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім.. Ақың болып несіне жаратылдым, Арасында қап қоймай қара түннің. Қасиетін сезем деп Ана тілдің, Қауырсыны қалмады қанатымның. Қу тірлікке құл болып, аяң басып, Құлашымды жая алмай баратырмын..

12


Сап-сары жапырақтар

Сап-сары жапырақтар...

Сап-сары жапырақтар...

Саудырап құлап жатыр атырапқа.

Біреудің жанарында,

Біреудің табанында,

Сап-сары жапырақтар жоғалуда.

Қаусаған қаңқасы тұр ағаштардың,

Жасыл бақ тоналуда.

Естілмей құстың әні,

Естілмей құстың үні,

Жалғанның кетті сәні,ұшты гүлі.

Сырғасынан айырылған ақ қайыңның

Басына бар ғаламның түсті мұңы.

Сап-сары жапырақтар,

Сап-сары жапырақтар,

Саудырап құлап жатыр атырапқа.
13

Кешіріңдер

Кешіріңдер, туыстар,

Кешіріңдер, ағайын,

Өр көкірек бейбаққа өкпеледің талайың.

Кірсіз көңіл ақ туын

Жоғары ұстап, ағайын,

Ақ киімге оранып,алдарыңа барайын.

Кешіңдер, жараңдар,

Қошақаның болайын.

Сый сұрағам жасыңнан,

Мейір күткен қартыңнан.

Еркелеп ем сендерге,

Емін-еркін шарқ ұрғам,

Екенмін ғой антұрған.

Сөз өргізіп артымнан,

Арыла алмай келемін

Бала күнгі қалпымнан.

Кешіріңдер,достарым,

Кешіріңдер,қастарым.

Есім кіре бастады,

Мен-мен емес басқамын...

Еркелікты тастадым.

Естеріңе алғайсың еркін жүрген қалқаны.

14

Нені көрдім



Не көрмедім демеймін,

Нені көрдім?

Маған,өмір,

Көрсің деп нені бердін?

Ештеңе де көргем жоқ,

Көрмей,білмей,

Жөніме өлгім келеді,жөніме өлгім.

Көргемін жоқ қуаныш,қайғыны да,

Қуануға мұрса жоқ, қайғыруға.

Жоқшылық та жат маған,байлығың да,

Қонысым бар қос жолдың айрығында.

Махаббатты білмеймін,сүюді де,

Сүймей өмір өткерген күйім міне.

Жүрегіме біреулер ғашық болып,

Иілді ме,білмеймін,күйінді ме?

Жақсылығын біреудің, қорлығын да

Көргемін жоқ,білмеймін барлығын да.

Қуанышым белгісіз,зар –мұңым да,

Таң нұры да белгісіз,тағдырым да.

Не көрмедім демеймін,

Нені көрдім мен?

Көрермін деп бәрін де келер күннен,

Айрығына қос жолдың қосым тіктім,

Қос өркешті түйемді шөгердім мен.

15
Көретін күнім алдымда

Көретін күнім алдымда,

Алдымда көрер таңым да.

Алдампаз мынау тағдырға

Бағынба, жүрек, бағынба!

Үміт бар алда, бар арман,

Талпына бергін таңдарға.

Болымсыз нұрға ағарған

Алданба, жүрек,алданба!

Әміршім менің, алданба

Мына бір бейқам күндерге!

Алдағы таңды арманда,

Түндерге аттап кіргенде.

16

Өзгереді



Өзгереді дүние,

Өзгереді,

Әуелден сол –

Адамның көздегені.

Кереметті ескіртіп кереметтер,

Керемет шақ ақыры кез келеді.

Жүгінейік,

Тартайық шындықты алға,

Өзгереді мұхиттар, құрлықтар да.

Өз бетімен,

Табиғи өзгерсе екен,

Ұшырамай алапат сұмдықтарға.

Шөлдер, құмдар өзгерсе бақша болып,

Жұлдыздарға адамдар жатса қонып.

Адыра қап айла, күш,

Тұрар сонда

Ақыл менен парасат патша болып.

Өзгереді, қандай сыр бар осында?

Болашаққа дүние таласуда.

Өзгерт бәрін, уақыт!

Тиме бірақ

Санасы бар адамзат баласына!

26

Алдында құлдық ұрып, ақталмаймын


Алдында құлдық ұрып, ақталмаймын,

Астында аяғыңның тапталмаймын.

Біраз күн сені есімнен шығарды рас,

Жаныма батқан дертім, батқан қайғым.


Не күйде жүргенімді көресің бе?

Мен сөніп баратырмын, сенесің бе?

Қан майданнан оралған жауынгермін,

Жарадан сау-тамтық жоқ денесінде.


Басымды бұлт алған бүгінде сен,

Жүрекке ине қадап, бүлінбе сен!

Әлсіреп, әзер жанған шырақпын мен,

Сөнемін де қаламын бір үрлесең...


27

Жартасқа жалғыз гүл өсер



Сабағы әлсіз сары гүл

Жартаста жалғыз тұр өсіп.

Жауын ба, жел ме – бәрібір,

Өзінше ол да күресіп,

Жартаста жалғыз тұр өсіп.

Дәнеңе де атпай желігіп,

Олжасыз қалған бір мерген

Отырған сәтте ерігіп,

Жартаста жалғыз гүл көрген.

Паналап төсін көненің,

Жыл сайын осы гүл өсер.

Көрсетпек болып өнерін,

Көздеді оны бір есер.

Бір есер отыр сүйініп,

Есерді қостап жаңағы.

Үкілі қыздай иіліп,

Қиылды гүлдің сабағы.

Тамыры терең көмілген,

Жартаста жалғыз гүл өсер.

Өткінші мынау өмірмен

Өзінше ол да күресер.
28
Білгішіме

Тағы да, тағы, тағы да,

Тағы да сына, білгішім.

Кіріп ап менің жаныма,

Кір іздеп тағы жүрмісің?!

Бір жырым- менің бір балам,

Мезгілсіз шала тумаған.

Мерзімі жеткен шағында,

Шығам деп сыртқа тулаған.

Мезгілсіз өлең тумайды,

Көңілсіз болса, кім білсін

Сыбызғы десем қурайды,

Оны да сына, білгішім.

Домалақ жердің үстінде

Домалап бара жатырмын.

Мұхитқа сүңгіп түстім де,

Аспанға бір-ақ атылдым.
29

Кереметі-ай

Кереметі-ай,

Мына жарық сәулені!

Езу тартып барады,әне,әлдекім,

Алатауда жатыр,әне,сәнденіп,

Ал мен болсам,

Бір жаныммен әуремін.


Кереметі-ай,

Мына жарық сәуленің,

Қайта маған оралар ма әл-демім.

Қайда кеттің,

Қайда кеттім, дәрменім?

Қайда кеттің,сауық-сайран дәуренім?

30


Мастың монологы



Ақымаққа болмайды ақыл айтып,

Алдап кетер көзіңді бақырайтып.

Ағажан,маған несін әуре болдың

Бір ауыз сөзіңізге татымайтын.

Басуға күш жоқ менде мас желікті,

Ақыл бермей,тәңірім бас беріпті.

Бір түйір ақыл қонбай кетіп барам,

Мінеки,қырық бірге жас келіпті.

Жоламай құрбыларым сырласуға,

Інілер ажуалап құрдасымдай,

Әлі де қылтың-сылтың жүр басылмай,

Базарда беті ашылған ұрғашыдай.

Мендегі көрік бөтен,жерік бөтен,

Ит құйрығын бұлғаса,еріп кетем.

Кім білсін,анам мені көтергенде

Есектің миына әлде жерік пе екен?


31
Орта жолда

Көңіл де пәс,пәс кеуде,

Аэропортта даң-дұңмен

Затым кетті Мәскеуге,

Ақтөбеде қалдым мен.

Алдан шығып достарым,

Тоса берді тостағын.

Ұсынғасын тостағын,

Сілтеп-сілтеп тастадым.

Адал ас пен көңілін

Қалай қиып кетерсің?!

...Айхай,менің өмірім,

Армансыз-ақ өтерсің!

Маған жоқ-тын жат,дұшпан,

Бәрі бауыр тұстасым.

Қалып қойдым ақ құстан

Ақтөбеде,қысқасы.

32

Жігіттер,басымда екен бар салмағым



Жігіттер,басымда екен бар салмағым,

Кезбе аяғым,несіне алшаңдадың?

Болғанына мәз болып жүріппін-ау

Түлкі тұмсық бәтіңкем,тар шалбарым.

Салмағымды көтерген,жасымаған

Бар мүшем де, болса екен басым аман.

Шаруадай кетпенін арқалап ап,

Бас екен ғой бәрін асыраған.


33

Арманым,тіріл,көз ілген

Баяғы бала кезімде,

Әкем бе әлде өзім бе,

Әкелдік аппақ күшікті

Ашпаған әлі көзінде.

Өсірдім көңілін қалдармай,

Мойнына қарғы салдырмай.

Әлжуаз аппақ күшігім

Ақ тазы болды қанжырдай.

Әжуа,мысқыл әзілмен,

Қайтейін онда ұятты,

Ойнаймын аппақ тазыммен,

Ұялас күшік сияқты.

Қар жауды,міне,алғашқы,

Ақ тазым менің қар басты.

Түлкі ұстатып берем деп,

Үлкендер келіп жармасты.

36


Қатыгез қайсыбір сағатта

Қатыгез қайсыбір сағатта

Өмірді келеді тастағың.

Сонда да үміт жоғалтпа,

Қаралы күндерден қашпағын.

Сабыр ет,тоқтау қыл,шеше біл,

Тағдырың улы оғын жолдаса.

Өзің-ақ ойлашы,несі өмір,

Қуаныш қайғысы болмаса?!

Қай жерде тіршілік,өмір бар,

Сол жерде қуаныш қайғы да.

Болсын да алтын құз,артың жар,

Көн-дағы,өмір сүр,айныма.

37
Біреуге

Өсіңіз,жетіліңіз,тасқындаңыз,

Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз.

Сен мықты,анау осал, мен орташа-

Бәріміз бір аспанның астындамыз.

Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,

Шайқаңыз осы өмірді жүріп мейлі,

Ойлаңыз,арзан атақ , сасық ырыс

Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді!

Сен қандайсың?!

Сен бе?


Сен...

Жыландайсың елге сен,

Жүре алмайсың жөнге сен,

Құрдымдайсың шөлде сен,

Құрымайсың өлмесен!

Сен қандайсың?

Қандайсың?

Майлы,майда шандайсың,

Жұғып кетсең қалмайсың,

Алпыс айлалы аңдайсың.

Адамдарды қармайсың,

Өзгелерге ор қазып ,

Өз көріңді қамдайсың!

Сен сондайсың!

Сондайсың!

Барса келмес жолдайсың,

Балшықтағы сордайсың,

Түбінде сен сорлайсың!

Түбінде сен оңбайсың!

Сондайсың сен,сондайсың!

38

Бақытыңды жырлайды



Жыламашы,шырағым,

Күңіренген қобыздың

Бұрамашы құлағың.

Ұмыт болып мына күн,сейіледі мұнарың.

Жыламашы,шырағым,

Шашыратып шуағын,

Мен білемін мына күн шұғыламен тыңарын.

Аттанады мына күн,ашылады аспаның,

Шашылады аспанға сенің жақұт тастарың.

Сонау алыс асқарға асылады шашбауың,

Шашырайды басқа нұр, қосылады бастарың...

Шаттық пенен қуаныш,

Өкініш пен мұң-қайғы

Өмір бақи тұрмайды,алма кезек зуылдайды.

Жыла,жаным,жылай бер...

Менде мәңгі тұрмаймын.

Зарыңды кім тыңдайды?

Ертең келіп басқа ақын,бақытыңды жырлайды.


39
Елім барда

Не сыйлайды,не береді келер күн?!

Неде болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман,мен де аман.

Таулар-менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым- ұланғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын,гаухар,жақұтты,

Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,

Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты.

Дәнеңе де сыйламасын келер күн.

Сый алмай-ақ суалармын сөнермін.

Туған елім тұғырын да тұрса екен,

Әрі қарай...

Әрі қарай көрермін...

40

Сананы сары уайым сарылтқанмен

Сананы сары уайым сарылтқанмен,

Тынысты тұйық тұман тарылтқанмен,

Үзбеймін күдерімді жарықтан мен,

Үзбеймін күдерімді халықтан мен!

Қақым жоқ тағдырыма қалтылдарға,

Қақым жоқ болашаққа салқындарға.

Сенемін,түспек емес нарқым дауға,

Сезетін жүрегімді халқым барда.

41


Отыздан асып барамын

Сұқтанып тұрып жанарың,

Сұрыма неге қарадың?

Солай да,солай, қарағым,

Отыздан асып барамын.

Шашымның санап әр ағын,

Таңырқай берме,қарағым,

Санаулы басқан әр адым,

Отыздан асып барамын.

Белгісі тұрма ағаның,

Бетіме неге қарадың?

Бақытын тілеп баланың,

Отыздан асып барамын.

Қуанып кейде қаламын,

Қуарып кейде қаламын.

Аттанған ата-ананвң

Артынан қуып барамын.

42


Қасым солай болмаса...

Дейсіңдер-ау!Қасымның несі басым?!

Қасым солай болмаса,несі Қасым,

«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің

Әммесінен Қасымның десі басым.

Қуат алып жырына бәз-даладан,

Ол жанған.

Күні жоқ-ты маздамаған!

Өлісінде өнеге болғаны анық,

Тірісінде біреуге «жазған Адам...»

Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,

Өлеңін өлмеуін арман қылды.

Тасқа басып қалдырды тәккаппар жан,

Қан менен жас аралас тарлан-жырды.

Жеді.

Тынды...


Керемет дерттер төніп.

« Бір күй бар домбырамда...» (Иесі Қасым)

Қасым солай болмаса, несі Қасым!?

Жыр бәйгеге аттанған адам болса,

Сөредегі Қасымын есіне алсын!..

43

Шәмілдің пәлсапасы



Жігіттер, осы Шамқаңның

Айтқанының жаны бар.

Тесігі болса қалтаңның,

Ақшаңды қолға алып ал.


Жыртыла қалса шұлығың,

Әйеліңе алғын тіктіріп.

Шақыра қалса ұлығың,

Алдынан табыл, тік тұрып.


Шәркейің тозып баратса,

Армянға бар да шегелет.

Мәрттігің ұстап қазақша,

Артық күмісті бере кет.


Қарының ашса ет жегін,

Шөліркеп кетсең, су ішкін.

Сыра іздеп алыс кетпегін,

Ақырын күтпей жұмыстың.


44

Ғашықпын



Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?

О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!
Ғашықпын,

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.
Шарықтап, қолым жетпес көкте Күнге,

Ақ қанат құсым менің кеткенің бе?

Шарқ ұрып бар ғаламды шыр айналып,

Мәңгілік сені іздеумен өткенім бе?


Сарғайған сағынышты басып толық,

Бар үміт, бар сенімді шашып болып,

Өтермін сірә да мен бұл өмірден,

Мәңгілік қалармын мен ғашық болып.


45

Поэзия


Поэзия, менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған замандардан.

Сені іздедім досымнан, қасымнан да,

Ақша бұлттан іздедім, жасынан да.

Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,

Қызыл- жасыл шұғыла шашылғанда,

Көк жиек пен көк жиек қосылғанда.

Махаббаттан іздедім, сағыныштан,

Арманымнан іздедім алып ұшқан.

Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,

Сені іздедім жадырау, жабығыстан.
17

Сатқан емес

Сатпаймын дінімді мен

Өлмейтұғың, өшпейтің күнім білем





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет