Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»


-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, қарамен жазылған сөздердің райдың қай түріне жататынын айтыңдар



бет10/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, қарамен жазылған сөздердің райдың қай түріне жататынын айтыңдар.
Үйіңде атаңның намысын қорға, шет жерде Отаныңның намысын қорға. Ішсең, тұнықты іш, жесең, піскенді же, сөйлесең, шындықты сөйле.

Секірмей тұрып, сырғуды үйрен.

Өмір бәрін үйретер, үйренбесең күйретер.

Еңбек етпесең, елге өкпелеме.

Егін екпесең, жерге өкпелеме.
5-тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жазыңдар.
Мен ертең кітапхана... барамын. Кітапханаға досым... барамын. Кітапхана мектеп... алыс емес. Кітапхана... көрме ашылды. Кітапхана... қасында үлкен азық-түлік дүкені бар. Мен кітап... дауыстап оқимын.
97сабақ

Сөздік:

тиісті жерде – в нужных случаях

талап қойып – нацеливать

жүлделі орындар – призовые места

ие болды – завоевала
1-тапсырма. Жақшадағы етістіктерді келер шақ формасына қойып, мәтінді оқыңдар.

Мұғалім ол біздің
Мен алтыншы сыныпта (оку). Біздің сынып жетекшіміз Мариям апай. Ол бізге тарих пәнінен сабақ (беру). Мариям мұғалім тиісті жерде талап қоя білетін, мейірімді де адал мұғалім. Ол өз мамандығын да, оқушыларын да жақсы( көру). Біз де Мариям апайымызды жақсы (көру). Осы жылы ол облыстық мұғалімдер сайысынан жүлделі орынға ие (болу). Ол бізге екінші анамыздай! Біз оны (сыйлау) және (құрметтеу).

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.
1. Менің мұғалімім ... адам.

2. Біз оны әрқашан ... .

3. «Тәрбиелі, мейірімді, кішіпейіл ...», - дейді мұғалім.

4. Ол үлкендерді құрметтеуге, ... дос болуға үйретеді.

5. Ол – біздің ... жетекшіміз.
Керекті сөздер: сынып, сыйлаймыз, болыңдар, білімді, бір-бірімізбен.
3-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мәнін түсіндіріңдер. Бір мақал-мәтел бойынша шағын әңгіме құраңдар.
1. Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

2. Ұстаздан шәкірт озар.

3. Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріп, әр сұраулы сөйлемдегі етістіктердің қай шақта, жақта тұрғанын анықтаңдар.
Үлгі: жазамын (келер ш., жекеше, 1жақ).
1. Сен тақтаға немен жазасың?

2. Кім оқушыларға білім береді?

3.Сендер мұғалімдеріңді сыйлайсыңдар ма?

4. Қазақ тілі сабағында қандай талдаулар жасайсың?

5. Орыс тілі сабағын қандай мұғалім жүргізеді?
5- тапсырма. Жұмбақтардың шешуін дұрыс жазыңдар.
Білімнің жолбасшысы, Білімнің дәнін тереді

Шәкірттің қолбасшысы, Балаға тәлім береді.

(М ...м) (Ұ...з)
98–сабақ

Сөздік:

міндет – обязанности

қадағалау – поверять

тағайындау – назначать

ескерту жасау – напоминать

нәтиже – результат

қорытынды – итог
1-тапсырма. Мәтінді оқып, етістіктердің қай шақта тұрғандарын анықтаңдар.

Айжанның сыныптағы міндеті
Айжан сыныпта тазалық үшін жауап береді. Оның міндетіне сыныптағы тазалықты қадағалау жатады. Әр күні ол кезекшіні тағайындайды. Кезекші тақтаның таза және бордың болуын қамтамасыз етеді. Егер де оқушылар сыныптағы тазалықты сақтамаса, Айжан оларға ескерту жасауы тиіс. Тексеру нәтижелерін әр күн сайын арнайы дәптерге жазып отырады. Ал апта соңында басқа да оқушылар өз міндеттері бойынша қорытындысын мұғалімге көрсетеді.
2-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Сыныпта, тазалық, дәптерге, оқушылар, тексеру, міндеттері, тазалықты, нәтижелерін.
3-тапсырма.Төменде берілген сөздерді үш шаққа қойып, кестені толтырыңдар.

Тұйық етістік

Нақ осы шақ

Жедел өткен шақ

Ауыспалы келер шақ

Келу

Бастау


Істеу

Тағайындау

Қадағалау

Жауап беру

Жасау












4- тапсырма. Сөйлемдердегі етісітіктерді келер шаққа қойып аяқтаңдар.


  1. Біз ертең Шәкен Айманов атындағы кинотеатрға бар... .

  2. Қалада мен кездестір... .

  3. Дәулет жақсы жұмыс істе... .

  4. Дүкеннен сен қант сатып ал... .

  5. Асханадан сен тамақ іш... .

  6. Сендер ертең көркем өнер мұражайына бара... .

  7. Сіз мәжіліс залында баяндама оқ... .

  8. Сіздер қазақ тілін үйрен... .

  9. Сен сабаққа дайындал... ба?


5-тапсырма. Мағынасы жағынана дұрыс келетін сөзді қойып жазыңдар.
Ертең мектепке ерте ( боламыз, келеміз). Үзілісте олар сулы шүберектермен тақтаны (қояды, сүртеді). Қанат гүлдерге су (жасайды, құяды). Сыныптың ауасын (тазартады, жинайды, жасайды). Қайрат соңғы сабақтаң соң би үйірмесіне (келеді, шығады, барады).

99–сабақ

Сөздік:

қадағалау – проверять

мәзір – меню

құру – составлять

ескеру – учитывать

әзірлеу – готовить

даяшы – официант
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.
Біздің асхана үлкен. Әр күн сайын медбике асхана жұмысын қадағалап қарайды. Аспазшы екеуі таңертең мәзірді құрайды. Мәзірді құру барысында, астың құрамында балалардың денсаулығына керекті дәрумендер болуын ескереді. Барлығы да гигиена нормаларына сай. Қасық, шанышқыны бос үстелге қойып, тамақты оқушылар өздері сатып алады. Мұнда даяшы болмайды. Сондықтан мектеп асханасында әркім өзіне-өзі қызмет етеді. Әр күн сайын кезекші сыныптан екі оқушы асханада кезекшілік етеді. Біздің аспазшылар асты өте дәмді әзірлейді. Оқушылар тамақты сүйсіне жейді.

2-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін бір-бірімен жұптастырып, сөйлемдер құраңдар.
медбике керекті дәрумендер

біздің аспазшылар өздері алады

қасық, шынышқыны қадағалап қарайды

асханамызда даяшы болмайды

тамақты оқушылар дәмді әзірлейді

астың құрамында сүйсіне жейді


3-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлі тапсырмаларды орындаңдар.
III – деңгей
1. Мәтінге ат қойыңдар.

2. Келер шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.

3. Мәзір сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.
II – деңгей
1. Мәтінге жоспар құрыңдар.

2. Мәтін бойынша бір-біріңе сұрақтар қойыңдар.


I – деңгей

Мектептеріңдегі асхана туралы әңгіме құрап, айтып беріңдер.


100сабақ

Сөздік:

жеңілдету – облегчать

мәлімет – сведения

меңгеру – усвоить


1 – тапсырма. Мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңдер.
Мектеп кабинеттері
Біздің мектептің кабинеттері қазіргі заманға сай жабдықталған. Кабинеттер жарық та кең, әрі оқуға жайлы. Әр кабинет белгілі бір пәнге арналған. Онда пәнге қатысты барлық оқу құралдары бар. Биология кабинетінде шағын ботаникалық бұрыш бар. Ол бізге ботаниканы тез меңгеруге көмектеседі.

Ал ағылшын тілі кабинетінде оқу курсын жеңілдету мақсатында әр партада шағын магнитофондар орнатылған. Магнитофон арқылы әр оқушы жеке өзі тақырыпқа сай мәліметті ести алады.


Сен қазақ тілі кабинетіңді қалай безендірер едің?
2-тапсырма. Берілген сөздерге антонимдер табыңдар.
Жарық, кең, жайлы, шағын, жеңіл.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, ашық райлы етістіктерді атаңдар.
Есеп сабағында
Есеп кабинетінде сабақ өтіп жатыр. Бірінші партада кішірек қара бала сабақ айтып отыр. Ол мұғалімнің берген сұрақтарына жайымен дұрыс жауап беріп тұр. Бұл – осы сыныптың үздік оқушысы Қайрат Есімбеков еді. Қайрат жауап беріп болғаннан кейін, мұғалім сынып журналына Қайратқа бестік қойды. Қайрат пәнді осылай үнемі бестік бағамен оқиды. Өйткені осы пәннен мұғалімнің білімі өте жоғары, сабақтары қызықты.

Кабинеті де қазіргі талапқа сай жабдықтылған.

Қайрат кабинет қабырға газетіне мақалалар жазып тұрады. Қайратты мұғалімдер де, жолдастары да жақсы көреді.
4- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сабақ қай кабинетте өтіп жатыр?

2. Қайрат қандай оқушы?

3. Есеп сабақтарын қандай мұғалім өткізеді?

4. Кабинет қалай жабдықтылған?

5. Қайратқа есеп кабинеті ұнай ма?

6. Сендерге мектептегі қандай кабинеттері ұнайды?


5–тапсырма. Берілген сөздермен сөйлем құрастыр.
Біздің, жабдықтылған, кабинетіміз, талапқа, сай. Қазақ тілі, кең, жарық, кабинеті.
101сабақ

Сөздік:

нәзік – нежный

таяқ жеу – быть побитым

аңғару – понимать

алған бетінен қайтпау – не отступать

сап – ряд

ынта-ықылас – усердие

намыстану – стыдиться

арта түсу – усилиться

тартылу – подтягиваться

жанкүйер – болельщик

ақырында – в конце концов

жақтау – болеть(за команду)

ұршықтай – как веретено

жаттықтырушы – тренер

бұлжымас – неизменяемая

қақпа – ворота

әуес – пристрастие





1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
Спортшы Бейбіт
Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі, әрі нәзігі. Мұнысы, әсіресе

дене шынықтыру сабағында аңғарылатын.

Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Онысына өзі де намыстанатын. Тез өсіп, үлкен болу – оның арманы еді. Ағалары ауланың бір бұрышына турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып, ақырында ұршықтай айналатын болды. Дене шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.

Бастауыш мектепті бітірген жылдың жазында спотқа әуес бір топ ауыл балалары бокс үйірмесіне қатысатын болды. Олардан кішкентай Бейбіт те қалмады. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен қайтпады, бокс өнеріне деген ынта-ықыласы арта түсті.


2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Бейбіт неге намыстанатын?

  2. Оның арманы қандай еді?

  3. Ағалары оған не орнатып берді?

  4. Спортпен айналасу Бейбіт Үшін қандай әдетке айналды?

  5. Ол қалай өзгерді?


3-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құраңдар.

1. Бейбіт балалардың оның арманы еді.

2. Тез өсіп, үлкен болу ең кішісі әрі нәзігі.

3. Ағалары Бейбітке алған бетінен қайтпады.

4. Бейбіт күн сайын турник орнатып берді.

5. Бірақ Бейбіт турникке тартылды.


4-тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық райдың 1 жағына көпше түріне қойып, олармен сөйлем құраңдар.
Тартылу, намыстану, аңғару, шуғылдану, қатысу.

102сабақ

Сөздік:

жалғызсырау – чувствовать себя одиноким

мақсат-мүдде – цель, интерес

сырың жоқ – нет секретов

ренжітпе – не обижай.
1–тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Мектептегі достарым
Менде мектепте достарым көп. Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Менің ең жақын достарым: Асет пен Серік. Олармен бірге жүргенде мен өзіме сенімді боламын. Мен кейде аурып, оқуға бара алмай қалсам, бірнеше күннен кейін жалғызсыраймын, зерігемін. Достарымды көргім келеді. Өйткені бірде-бір жан жалғыз өмір сүре алмайды.

Достарыммен мақсат-мүддесіміз, арман-тілегіміз бір. Олардан жасырар сырым жоқ. Олар да меннен ештеңе жасырмайды. Сабақтарда бірдеңе ұқпасам, түсіндіріп береді. Егер сендерде осындай достарың болса, оларды ренжітпеңдер. Оларға жәрдем беруге әзір болыңдар.


2-тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.
Жолдас - ... , жолдастық - ... , сыйласу- ... , қадірлеу..., тату - ..., ұзақ - ...
3-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар.
Жақсы - ... , ұзын бойлы... , қайырымды - ..., қатты сөзге келмеу - ..., меннен кіші - ..., сыйласу - ....
4-тапсырма. Етістіктерді келер шаққа қойып, сөйлемдерді аяқтаңдар.
Асет пен Серік түйдей құрдас, тату дос. Қашан көрсең де, жұбын (жазбау). Ойынды да бірге (ойнау), сыныпта да бір партада (отыру). Әрі кішіпейіл, әрі достықты қадір тұтатын екеуінің мінезі мен ісі басқаларға (ұнау). Сабақты да жақсы (оқу). Оларды мұғалімдер де, балалар да (сыйлау), (қадірлеу).

5-тапсырма. Берілген сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар. Олардан сөйлемдер құраңдар. Осы сөздер қай сөз табына жатады? Осы сөз табының қай түрі ?
Үлгі: сабырлы: сабыр – түбір, -лы – сөз тудырушы жұрнақ.
Сабырлы, ұқыпты, шыдамды, ақкөңіл, сенімді, әдепті, ашулы.
6-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.
1. Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа.


2. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

103сабақ

Cөздік:

сырты – снаружи

бір ауыздан – единогласно

уәде – обещание

оқу озаты – отличник
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Мектеп өмірі туралы
Мектепте оқу басталды. Оқушылар, мұғалімдер мектепке жиналды. Мектептің сырты, іші тап-таза. Оқушылар қуанысып, өз кабинеттеріне кірді. Бізде бірінші сабақ – қазақ тілі сабағы болды.

Үзілісте оқушылар жазда не көргені, қайда болғаны туралы әңгімелесті.

Сабақтаң соң сынып жиналысы болды. Жиналысты сынып жетекшіміз Мәншүк апай өткізді. Ол бізге көп жаңалықтар айтты. Содан соң бір ауыздан Абенова Ардақты староста сайладық. Ардақ – оқу озаты. Мен де сыныптастарыма биыл озат оқушы боламын деп уәде бердім.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Оқушылар бір-бірімен қалай кездесті?

2. Олар не туралы әңгімелесті?

3. Сабақтан соң не болды?

4. Ардақты неге староста сайлады?

5. Жазғы демалысты сен қалай өткіздің?
3-тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар.
Басталды, сырты, қуанысып, кірді, биыл, сабақтаң соң.
4-тапсырма. Етістіктің шартты райының жіктелуін есте сақтаңдар.


Жақ

Жекеше

Көпше

1 жақ

оқы-са-м

оқы-са-қ

2 жақ

оқы-са-ң

оқы-са-ң-дар

2 сыпайы жақ

оқы-са-ңыз

оқы-са-ңыз-дар

3 жақ

оқы-са

оқы-са


5-тапсырма. Сөйлемдерден шартты райлы етістіктерді тауып, олардың қай жақта тұрғанын анықтаңдар.
Сендер көп оқысаңдар, ақылды боласыңдар. Оқымасаңдар, өнер жоқ. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Мұғалім сұраса, біз жауап береміз. Дұрыс оқытсаңыз, мен сабақты түсінемін. Бақылау жұмысын жақсы орындасақ, Мәншүк апай бізді мақтайды.
6-тапсырма. Берілген етістіктерді шартты райда жіктеп, олармен сөйлем құрастырыңдар.
Білу, жаттау, оқыту, орындау.

104–сабақ

Сөздік:

тарыдай – как просо

негіз – основа

азаматтық борышы – гражданский долг

ізденісте болуымыз керек – быть в поиске

болашақ – будущее


1-тапсырма. Мәтінді оқып, тәуелдік түрінде тұрған сөздерді атаңдар.

Мектеп – кеме, білім – теңіз
Мектеп біздің екінші үйіміз. Оған біз тарыдай болып кіреміз, таудай болып шығамыз. Онда біз алғашқы білім аламыз. Осы он бір жыл бойы нәр алынған білімдер бізге өмір бойы негіз болады. Мектепте оқу әр адамның азаматтық борышы. Біз әрдайым ізденісте болуымыз керек. Себебі білімдінің болашағы жарық. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ!
2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.
1. Өмір – үлкен ... .

2. ... – алтын қазына.

3. Ұстаздан ... озар.

4. Күш – білімде, білім - ... .

5. ... – ғалым, тілсіз ... .
3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құраңдар.
Оқысам, мектепте, мектебімізде, сабақ берсе, мұғалімдер, барсам, бізге, білімді, біздің, жақсы, түсінемін, қызықты, тартымды.
4-тапсырма. Өлеңді оқып, жаттап алыңдар. Өлең жолдарында шартты райда тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.
Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойлап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Адам болам десеңіз,

Оған қайғы жесеңіз,

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

(Абай).

5-тапсырма. Сүйікті ұстаздарың туралы әңгімелеп беріңдер.
105сабақ

Сөздік:

дәстүрлі – традиционно

ризашылық – благодарность

іс-шара –мероприятия

өнерлі – талантливые
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мектептеріңде өтетін іс-шаралар туралы әңгімелеп беріңдер.

Мектептегі іс-шаралар

Біздің мектепте бір мыңнан аса оқушылар оқиды. Олардың ішінде жақсы оқитын, өнерлі балалар көп.

Мектепте дәстүрлі түрде Наурыз айында әр-түрлі іс-шалалар өткізіледі. 8 Наурызға біз аналарға, әжелерге мерекелі концерт дайындаймыз. Шынар мен Айгүл қазақтың «Қамажайын» билейді. Марат домбырада Құрманғазының бірнеше күйлерін орындап береді, ал ұлдар тобы «Қара жорға» биін билеп береді. Біз осындай тамаша іс-шаралар өткізу арқылы мұғалімдерімізге, аналарымызға өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз.
2-тапсырма. Мәтінді мазмұндап беріңдер, етістіктердің шақтарын анықтаңдар.
3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.
1. Өнерлі бала – өрге жүзер.

2. Өнерліге жол ашық

Өнерліге күн шығыс.

4-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар.
1. Мектепте дәстүрлі түрде 1. қазақтың «Қамажайын»

билейді.


2. Шынар мен Айгүл 2. күйлерді

орындап береді

3. Марат домбырада 3. әр-түрлі шаралар өткізіледі.

4. Ұлдар тобы 4. ризашылығымызды

білдіреміз

5. Біз аналарымызға 5 «Қара жорға» биін



обилеп береді.
5-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.


106–сабақ
Сөздік:

айына бір рет – раз в месяц

хабарлау – сообщать

қадағалау – следить

жауапты – ответственный

сезінемін – чувствую

тәртіп – порядок

сақтау – соблюдать



1–тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша бір-біріңе сұрақтар қойыңдар.
Мектептегі кезекшілік

Біздің сынып оқушылары айына бір рет мектепте кезекші болады. Мариям апай ертеден бізге кезекшілік туралы хабарлайды. Әр оқушы өзінің кезекшілігін біледі. Денис пен Қамран вахтада кезекші болады. Олар кезекші мұғалімдерге, кезекші оқу меңгерушілерге көмектеседі. Қалған оқушылар әр қабатта кезекші болып тұрады. Кезекшілік өте жауапты және қызық. Біз кезекшілік кезінде өзімізді ерекше сезінеміз.

Сыныпта да кезекшілер болады, олар тақтаны сүртіп, гүлдерге су құяды.

Бұл балаларды тәртіп сақтауға үйретеді.


2-тапсырма. Сызба арқылы сөйлем құраңдар.

1. су құяды.

2. тақтаны сүртеді.

Кезекші 3. сабақта карта іледі.

4. сынып журналын әкеледі.

5. қоқыс жинайды.

6. тәртіп сақтауға үйретеді.
3-тапсырма. Берілген етістіктерді қалау райға қойып, олармен сөйлем құраңдар.
Бару, киіну, ойнау, сөйлеу, тәртіп сақтау, көмектесу, қоңырау беру.
4-тапсырма. Төмендегі етістіктерді шартты райға айналдырып, жіктеңдер.
Айту, жинау, ішу, көру.
5- тапсырма. Төмендегі сөйлемдердегі етістіктің райларын анықтаңдар.

1. Ертең қар жауса, күн аязды болады.

2. Саяжайда қыдырғым келеді.

4. Мектептің алдында гүлзарларда әдемі гүлдер өсіп тұр.



5. Жақсы оқысаң, адам боласың.
6–тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.



Каталог: uploads -> doc -> 098c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
098c -> Сабақ Жеңіл атлетика Тақырыбы: Төменгі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру. Сынып: 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет