Әкімшілік кодекстің 11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,27 баптарында көрсетілген заңдылықтарға тоқталу. 11-бап. Кiнә қағидаты



Дата20.03.2020
өлшемі16,19 Kb.
#60478
Байланысты:
аида
Документ (22), Halleluiah
Әкімшілік кодекстің 11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,27 баптарында көрсетілген заңдылықтарға тоқталу.

11-бап. Кiнә қағидаты

1. Жеке тұлға кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады. Жеке тұлғаның кiнәсiз зиян келтiргені үшiн объективтi кiнә тағуға, яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа жол берiлмейдi.

2. Қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған жеке тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа кінәлі деп танылады.

12-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа қайта тартуға жол бермеу Ешкiмдi де нақ сол бiр құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылыққа екi рет тартуға болмайды.

13-бап. Iзгiлiк қағидаты Құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкiмшiлiк жаза дене азабын келтіруді немесе адами қадiр-қасиетті қорлауды мақсат тұтпайды.

14-бап. Жеке басқа қол сұғылмаушылық

1. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте, ешкiмді де әкiмшiлiк ұстап алуға, күштеп әкелуге, iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе басқа да мемлекеттiк органдарға жеткiзуге, жеке басын жете тексеруге және жеке тұлғаның заттарын жете тексеруге немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің өзге де шараларын қолдануға болмайды.

2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен судьяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу қолданылуы мүмкін.

3. Әрбiр ұстап алынған, күштеп әкелінген, iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе басқа да мемлекеттiк органға жеткiзiлген адамға ұстап алудың, күштеп әкелудiң, жеткiзудiң негiздерi, сондай-ақ жасалуы оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың заңдық саралануы дереу хабарланады.

4. Мемлекеттiк орган (лауазымды адам) заңсыз ұстап алынған, күштеп әкелiнген, жеткiзiлген немесе судья қаулысында көзделген мерзімнен артық әкімшілік қамаққа алуда болған адамды дереу босатуға мiндеттi.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушы адамдардың ешқайсысын азаптауға, оларға күш қолдануға, қатыгездiкпен немесе адами қадiр-қасиетiн қорлайтындай қарауға болмайды.

6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу процесiнде тұлғаның не оның өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын әрекеттер жасау тек осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.

7. Өзіне қатысты әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстап алынған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер төндірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.

8. Заңсыз әкімшілік қамаққа алудың, өмiрi мен денсаулығына қауіпті жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездiкпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтелуге жатады.

15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу кезiнде iске қатысатын адамның абыройын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемсiтетiн шешімдер мен әрекеттерге тыйым салынады, жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сол сияқты адам құпия сақталуы қажет деп есептейтiн жеке және іскерлік сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу барысында соттың, басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен адамға келтiрiлген оральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.

16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылық және құпияны қорғау Жеке өмiр, жеке бас, отбасы құпиясы, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдары мен жинақ ақшасының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және өзге хабарларының құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана жол берiледi.

17-бап. Меншiкке қол сұғылмаушылық

1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға болмайды.

2. Меншікке қол сұға отырып, мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын көлемді кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын көлемді кеменi ұстап алу; көлiк құралдарын, шағын көлемді кемелердi жете тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуді қамтамасыз етудің өзге де шараларын қолдану осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

18-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) тәуелсiздiгi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар (судьялар) және органдар (лауазымды адамдар) оларды өздерiне сырттан ықпал етуге болмайтын жағдайларда шешедi. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

19-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату

1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен айқындалған шектегi өзінің жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес.

2. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куә болуға мiндеттi емес.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшiн қандай да болсын жауаптылыққа тартыла алмайды.



20-бап. Бiлiктi заң көмегiне құқықтарды қамтамасыз ету

1. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.



2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.

27-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке тұлға өз әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз олардың алдын алуға болады деп ұшқары ойласа не тиiстi назар салған және көре білген жағдайда, олардың алдын алуға тиіс және солай ете алатын болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет