Элективті пәндер каталогы дегеніміз студенттердің өздігінен оқу траекториясын құратын таңдау пәні болып табылады



бет1/6
Дата04.07.2018
өлшемі493 Kb.
#46329
  1   2   3   4   5   6
Ф.7.02-07

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«БОПӘ және музыкалық білім» кафедрасы
Бекітемін

Оқу –әдістемелік жұмыстар

жөніндегі проректор

Ажидинов А.С.



«29» 08 2016 ж.

ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
5B010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу


Шымкент 2016
Элективті пәндер каталогы дегеніміз - студенттердің өздігінен оқу траекториясын құратын таңдау пәні болып табылады. 5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандықтарына арналған элективті пәндер каталогының қысқаша мазмұны берілген.

ОҚПУ оқытушылары мен студенттеріне ұсынылған


Құрастырғандар: п.ғ.к., доцент: Кенжебекова Р.И.

магистр: Айдарова Б.А.

Элективті пәндер каталогы кафедра мәжілісінде қарастырылған және талқыланған: хаттама №1. 26.08.2016 ж.
Кафедра меңгерушісі_______________Кенжебекова Р.И.
Элективті пәндер каталогы жұмысберушілермен келісілген:
№71 «Қ.Қазиев» атындағы бөбекжай балабақша меңгерушісі: __________________Дуйсенова А.Т.

«XXI ғасыр элиталық» бөбекжай балбақша меңгерушісі: _____________________ Юнусова З.А.

Элективті пәндер каталогы Педагогика факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде мақұлданған: хаттама №1. 27.08.2016 ж.
ӘК төрайымы _________________Длимбетова Б.С.
Элективті пәндер каталогы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің

мәжілісінде бекітілген:

хаттама №_1_, «_29_» _08_ 2016 ж.)

Құрметті Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті!

Алдыңызға элективті пәндер каталогы болып табылады. Бұл жүйеленген аннотация берілген элективті оқу пәндерінің тізбесі. Ол Сіз үшін оқытудың жеке траекториясын дербес, жедел икемді және жан- жақты қалыптастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында жасалады. Бұл өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызды жасаудағы Сіздің көмекшіңіз.


Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында бүкіл оқу пәндері 3 цикл.
– жалпы білім беруге (ЖБП), базалыққа (БП) және бейіндік пәндерге (БП) бөлінеді. Оқу пәндерінің осы циклдерінің әрбірінің ішінен 2 түрге – міндетті компонент пен таңдаған компонентке (элективті, яғни таңдап алатын оқу пәндеріне) бөлінеді. Мамандықтар бойынша Мемлекеттік білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарттары мен міндетті пәндер компоненттерін аталған мамандық студенттерін қоспағанда барлығы оқып үйренеді.
Элективті оқу пәндерін кафедралар Сіздің оқып үйренуіңіз үшін ұсынады. Элективті оқу пәндерінің бүкіл тізбесіне Сіз, атап айтқанда өзіңіз үшін қызықтысын таңдай аласыз. Осылай, оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша Сіздің жеке оқу жоспарыңызға 2 бөлім: міндетті компонент пен таңдаған компонент (элективті оқу пәндері) енетін болады.
Каталогтың көмегімен өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызға енгізу үшін элективті оқу пәндерін қалай таңдауға болады?


  1. Тізімнен өзіңіздің қурсыңыз бен оқу семестрінің кестесін іздеп тауып алыңыз.




  1. Элективті оқу пәндеріне типтік оқу жоспарымен, барлығы қанша кредит бөлінетінін анықтаңыз.




  1. Элективті оқу пәндері тізбесінің өзімен танысыңыз. Оқу пәндері таңдаған курстарға тиісті нөмермен біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндердің әрбір тобынан тек қана бір элективті оқу пәнін таңдауға болады.




  1. Өзіңізді қызықтырған элективті оқу пәнінің сипаттамасын оқыңыз және өз таңдауыңызды жасаңыз.




  1. Сіз таңдаған кредиттер санының типтік оқу жоспары бойынша талап етілетін санға сәйкес келуін тексеріңіз.




  1. Сізге элективті оқу пәндерін таңдауда өзіңізді эдвайзеріңіз көмектеседі.


……ЩШОТ


Пәннің коды
Код дисциплины


Пәндер

ҚР бойынша

ECTS кредит

саны

Семестрі

Пререквизиті/

постреквизиті

Пәннің мақсаты мен қысқаша мазмұны


Дублин дескрипторларының негізіндегі оқытудың нәтижелері


Құзыреттері




1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

TKN/OBZh1105

а) Тіршілік қауіпсіздігі негіздері

2

3

1

Пререквизиттері: жоқ.

Постреквизиттері: Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгі гигиена

Мақсаты: Студенттерді тіршілік кауіпсіздігі негіздерімен таныстыру.

Мазмұны: Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етідегі рөлі. Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу. Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеу. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастыру-практикалық шаралары

1) Төтенше жағдайларда олардың салдары бойынша шараларды білу;

2) Табиғат, техногенді және әлеуметтік сипаттағы құбылыстағы сараптама жасау технологияларын қолдана білу; 3) ТЖ-да жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру;

4) Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыру;

5) Жеке адамды қорғау құралдарын қолдануға өздігінен қабілетті болу.



1) Әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктей білуі;

2) Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дағдылануы;

3) Қауіпті және зиянды факторларды жіктеуді меңгеруі;

4) Жоспарлау және құтқару жұмыстын жүргізуге дағдылануы; Қауіпсіздікті ұйымдастыру-практикалық шараларын меңгеруі.




2


ETD/EUR

1105

б) Экология және тұрақты даму

 

 

1

Пререквизиттері: Жоқ. Постреквизиттері: Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгі гигиена

Мақсаты: табиғат пен қоғамның тұрақты дамудың негізгі заңды-лықтары туралы тұтас ұғым қалыптастыру.

Мазмұны: Тұрақты дамудың концепция-лары мен принциптері. ТД түрлі деңгейдегі стратегиялары мен саясаты: ғаламдық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейде. ҚР тұрақты даму перспективалары.

1)тірі ағзалардың қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын білу;

2) табиғи және антропогендік экологиялық процесстерді анализдеуді жүзеге асыра білу;

3) социумды апаттық кризистарсыз дамыту;

4) тұрақты дамудың заңды-лықтарын қалыптастыра білу;

5) алынған білімдерін экологиялық тапсырмаларды шешуде өздігінен қолдануға қабілетті болу.


1) экологиялық процесстерді анализдеуге дағдылануы;

2) қоғам мен табиғаттың тұрақты дамудың айқын нақты тапсырмаларын қоя білуі;

3) тұрақты даму идеяларын жүзеге асыруы;

4) биосфераның даму заңдылықтарын сақтауы; тұрақтылығын сақтау жағжайларын білуі.



3

KTTP/TPKYa 1201

а) Қазақ тілінің теориясы мен практикумы

5

8

1

Пререквизиттері: Қазақ тілі Постреквизиттері: Балалар әдебиеті, Тіл дамыту және мәнерлеп оқу практикумы.

Мақсаты: Бұл пән студенттерге яғни, болашақ мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиешілерге қазақ тілін (әліппе, ана тілін, грамматиканы) оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Мазмұны: Балабақшада оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;

сауат ашу әдістемесін меңгерту;

оқуға үйрету жолдарымен таныстыру;

грамматиканы оқыту әдістемесін игерту;

жазуға үйрету жолдарымен таныстыру;

тіл дамыту әдіс-тәсілдерін үйрету;


1.Қазақ тілінде тілдік ортада еркін тілдік қарым-қатынас жасауға дағдылануы.

2. Болашақ мамандығына сәйкес терминдік лексиканы, синтаксистік құрылымдарды тілдік жағдаяттарда қолдана білуі.

3. Мамандығы бойынша ақпараттарды талдап, жинақтап, жазба жұмыстарды орындай алуы.

4.Тілдік жағдаяттарға ауызша талдау жасау. Эссе, жазбаша сұхбат, мәтін құрастыру.

5.Жұптық жұмыстардың тұсаукесері.

- Мамандық бойынша лексикалық және терминологиялық минимумды меңгеру.

- Қатысымдық қабілеттілікті дамыту, оқу және тыңдау дағдыларын дамыту.

- Түрлі стильмен берілген мәтіндерді құрастыруға тарту.



1) «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» туралы түсінік, оның негізгі ұғымдары түсінеді;

2) Өз ойын жүйелі түрде және сауатты жеткізетін, қазақ және өзге тілдерде көпшілік алдыныда сөйлеуге және ғылыми мәтінмен жұмыс істеуде қажетті ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын игереді;

3) Қазақ тілін оқытудағы сабақтастық байланыстаруы;

Қазақ тілін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланысуы;

4) Қазақ тілінен білім, білік дағдыларға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламаылық талаптар.Білім, білік, дағдыларды тексеру және бағалау;.

5) Бақылау түрлері, және қазақ тілін оқыту нәтижелерін диагностикалауы;




4

KG/ZG 1201

б) Қызықты грамматика





1

Пререквизиттері: Қазақ тілі. Постреквизиті: Әлем балалар әдебиеті,Сауат ашу және жазуға үйрету практикумы.

Мақсаты: Бұл пән студенттерге негізгі грамматикалық ұғымдарды, грамматикалық мағына және граммматикалық форма, граммматикалық категориядан жүйелі білім беру мақсатын көздейді.

Мазмұны: Грамматика және оның салалары. Тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылысының қатынасы. Сөздің мағынасы. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына. Сөздің морфологиялық құрылымы. Түбір морфема мен негіз. Аффикстік морфема және олардың түрлері. Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруі.Жұрнақтардың құрамы, мағыналары. Қазақ тіліндегі жалғаулар. Септік жалғауы. Жай және тәуелді септеу. Грамматикалық тәсілдер. Аффиксация тәсілі. Ішкі флексия тәсілі. Қосарлану тәсілі. Бірігу тәсілі. Көмекші сөздер тәсілі. Екпін және интонация тәсілі. Грамматикалық мағына және грамматикалық форма. Грамматикалық форма. Сөздің синтетикалық формалары. Сөздің аналитикалық формалары. Грамматикалық категориялар. Олардың сөз таптарына қатысы.

Грамматикалық категориялардың түрлері. Сан мөлшер категориясы. Септік категориясы. Жақ категориясы. Шақ категориясы. Рай категориясы. Етіс категориясы. Сөз таптары және олардың классификациясы. Сөз тіркесінің түрлері. Сөйлем, оған тән басты белгілер. Сөйлемнің түрлері. Жай сөйлем және құрмалас сөйлем.



Білімі мен түсінігі: Тіл білімінің грамматика саласынан теориялық тұрғыдан жүйелі білім алу. Тілдің лексикасы мен грамматикалық құрылысының өзара қатынасын, негізгі грамматикалық ұғымдарды білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

-Тіл білімінің грамматика саласы бойынша білім деңгейлерін көрсете білу;

-Грамматикалық мағына және граммматикалық форма, граммматикалық категорияларды ажырата білу;

-Теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білу;



Пайымдаулар:

-Ғылыми көзқарастарды ескере отырып, грамматикалық ұғымдар бойынша өз пайымдауларын жасай білу;



Коммуникативтік қабілеттілік:

- Грамматикалық категорияларға қатысты шешімдерді мамандарға, басқа маман иелеріне жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.



Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

-Үнемі ізденіс үстінде болып, грамматикаға қатысты белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.



1) Жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін Мемлекеттік тіліміз-қазақ тілінен базалық білімінің болуы;

2) Грамматикадан талдау жүргізу барысында заманауи техниканы қолдануы;

3) Өз ойын саналы түрде жеткізіп, қазақ тілінде еркін сөйлей білуі;

4) Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

5) Грамматикалық мағына және грамматикалық форманы ажыратуға үйретеді.


5

MZhD/KIR 1203

а) Мәдениет және дін

3

5

2

Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Постреквизиттер: Әлеуметтентану, Философия.


Мақсаты: Жоғарғы кәсіби білім беруге байланысты қазіргі таңғы әлемдік және отандық мәдениет дамуында бүгінгі күнгі қалыптасқан күрделі мәселелер мен оны шешудің жолдарымен, ҚР және әлемдегі діни ахуал, оның негізгі проблемаларымен таныстыра отырып жастардың бойына мәдениет пен діни толеранттылықты қалыптастыру, ҚР заңдарына қайшы келетін өзге діни ағымдарға бой алдырмауды насихаттау. Мазмұны: Мәдениет және дін – пәнаралық жиынтық білім саласы болып саналады. Ол антропология, этнология, лингвистика, психология, әлеуметтану, тарих, саясатттану және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Мәдениет және дін философиялық ілімінің құрамдас бөлігі болғандықтан философиялық ойшылдықтың мұрагерлігіне сүйенеді. Алайда, философияның қалыптық жүйесіне қарамастан дінтану тарихи-дискриптивтік зерттеулерді қолдана отырып, дүниетанымдық ұстанымнан тыс, объективтік, толеранттық, нақты тарихи зерттеулерге сүйенген дербес ғылымы болуға тырысады.

Білімі мен түсінігі:
діннің басқа мәдениет пен қоғамдық ортамен өзара байланысын; Білімі мен түсінігін қолдана білу:
түпдеректермен жұмыс істеуді дамыта отырып, өз бетінше арнаулы және қосалқы оқулықтарды пайдалана білу.
Пайымдаулар:
өзінің дүниетанымдық көзқарастарын шынықтырып, қорғай білуді жүзеге асыру. Коммуникативтік қабілеттілік:
ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
философиялық ой мәдениеті мен дүниетанымдық пікір алмасу өнерін үйренеді. Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) діннің тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі туралы білімін дамыта алуы;

2) Діннің танымдық-дүниетанымдық және гуманистік аспектілерін ашуға қабілетті болуы;

3) Толеранттылыққа және діни білімнің қазіргі заманғы қайнар көздерін сыни тұрғыда бағалай білуге қабілетті болуы;

4) Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралық, конфессияаралық келісімдерді нығайтуды қалыптастыра алуы.



6

AZhZhAN/AOISD 1203


б) Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері










Пререквизиттер:

Жоқ.


Постреквизиттер: Саясаттану, Философия.

Пәннің мақсаты: Акмеологияның жекелеген мәселелеріне тоқталу, жеке адам индивидуалдылығы, «мен»-дік қасиеті, мінез және оның бітістері, қабілет даралығын, қоршаған ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тұрғыда тануға ықпал ету. Мазмұны: Акмеология – адамның шығармашылық ғұмырына, кәсіптілік шыңға жетуіне ықпал ететін факторлар мен заңдылықтарды зерттейтін ғылым. Жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық, техникалық ғылыми білімдер салаларының тоғысуынан туындап, ержеткен адамдардың белгілі бір іс-әрекет сферасында жоғары дәрежеде акме дамуы жөнінде ғылым.

Білімі мен түсінігі: жеке адамның шыңдалуына әсер ететін қасиеттер мен кемелденуді өздігінен білім алу, өзін-өзі түзету, өзін-өзі басқару құралдары арқылы өзін-өзі жетілдіруге қабілеттілік; Білімі мен түсінігін қолдана білу: кәсіби шыңға жетуге қажет жеке тұлға мүмкіндіктерін, дербестігі, сапалары және әлеуметтік құндылықтарын қолдана білу;
Пайымдаулар:
-әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру; Коммуникативтік қабілеттілік:
акмеологияның кейбір проблемаларын және шешімдерін мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
-белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) акмеология курсының теориялық-әдіснамалық негіздерін, оның қазіргі тұжырымдамаларын білуі;

2) акмеологияның психоло-гиялық ерекшеліктерін пайдалана білуі;

3) акмеология ғылымының мазмұны мен мақсаттарын, қағидаларын білуі;

4) өзін-өзі дамыту мен өз шеберлігін дамыту жолында өзінің ісін ұйымдастыра білу, әдістері мен тәсілдерін пайдалана алуы;

5) акмеология ғылымының мақсаты, міндеттері мен қазіргі адам үшін маңыздылығын түсіне және басқаларға жеткізе білуі.


7

EN/OE 1106


а) Экономика негіздері

2

3

2

Пререквизиттер: жоқ.

Постреквизиттер: Педагогика, Өзін-өзі тану.


Мақсаты: қоғамдық өндірістің, таратушылық пен айырбастың, тұтынушылық туралы білім негіздерін оқып үйрену.

Мазмұны: Әлемдік шаруашылық – халықаралық еңбек бөлінісі мен ұлттық экономикалардың ынтымақтастығы нәтижесинде пайда болған экономикалық қатынастар жүйесі.

1) Экономикалық қызметтің принциптері мен заңдылық-тарын оқып – үйрену;

2) Білімін экономикалық тәртіпке бейімделген тұлға қалыптастыруда, өзінің жеке әлеуетін жоғарылатуда қолдана білу;

3) заманауи экономикалық білімінің негізін қалыптастыру;

4) қоғамда өз орындарын табу мақсатында үнемі жаңа білімге ұмтылу қабілеттілігінің болуы;

5) Ашық экономикада айырбастың өзара тиімділігін өздігінен қалып-тастыруға қабілетті болу.


1) қызықтыру арқылы білімін тереңдетуі;

2) нарықтық экономикада логикалық сауаттылығын дамытуы;

3) өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасауы;

4) үнемі жаңа білімге ұмтылуы;

5) тұтынушылық туралы білім негіздерін оқып үйренуі.

8

KN/OP 1106


б) Құқық негіздері







2

Пререквизиттер:

Қазақстанның қазіргі заман тарихы.



Постреквизиттер: Саясаттану.



Курстың мақсаты: нарықтық қатынастарға көшкендігімізді жариялау, заңдарды білу, ондағы көзделген әрбір азаматтың өзінің құқығын қорғау, өмір сүру мен гүлденуіне күресу мүмкіншілігін іске асару

Курстың мазмұны: «Құқық негіздері» мемлекет және құқық туралы білімнің негізін құрайтын кешенді оқу пәні. Құқықтық білімдер жүйесінде құқық негіздері негізгі орындардың бірін алады, себебі құқық негіздері мемлекет және құқық теориясының негізгі түсінігін және қағидаларын, сонымен қатар қазақстандық құқықтың жетекші салаларын енгізетін кешенді оқу пәні.

Білімі мен түсінігі:

«Құқық негіздері» Қазақстанның құқық жүйесі және оқушылардың әлемдік көзқарасы туралы білімді қалыптастыру кезінде маңызды роль атқарады, бұл оқу курсы барлық мемлекеттік – құқықтық құбылыстардың жиынтығын нормативтік – құқықтық нысанда және құқық қолдану тәжірибесінде жүйелі түрде қарастырады.


Білімі мен түсінігін қолдана білу:
қоғамның әлеуметтік даму үрдістерін білу;кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге ұмтылу:
Пайымдаулар:
құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу;адам және азаматтың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуге;
Коммуникативтік қабілеттілік:
құқықтық проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) кәсіби мамандық жүйесін-дегі тәртіптің орны мен рөлін білуі;

2) мемлекет идеяларын іске асыруда, адамның құқықтары және бостандықтарының басымдылығын қарастыру кезінде әкімшілік құқығының проблемаларын шешуде қолдана алуы;

3) нақты құқықтық жағдайларды өз бетiнше кең ауқымда талдай бiлуi;

4) мамандық бойынша негізгі кәсіби бағдарламаны меңгеру барысында осы пәннен білімінің маңыздылығын білуі.



9

MDMN/ODM 1204


а) Мектепке дейінгі математика негіздері

3

5

2

Пререквизиттері: жоқ. Постреквизиттері: Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру.

Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың математикалық элементар түсініктерін қалыптастыру курсының теориялық негіздері. Мектепке дейінгі балалардың санау, есептеу ерекшеліктері. Бағдарламалық міндеттер. Санауға үйрету міндеттері, мазмұны және әдістемесі. Мектепке дейінгі балалардың заттың көлемі туралы түсінігін талыптастыру. Мазмұны: Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері. Мектеп жасына дейінгі балаларда элементарматематикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы. Элементар математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Білімі мен түсінігі: математикалық түсініктерді қалыптастыру саласына тишсті математикалық ұғымдарды білуі керек.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде математикасабағы барысында осы математикалық ұғымдарды математика сабағында тиімді тәсілмен үйрету.

Пайымдаулар: әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;

Коммуникативтік қабілеттілік: математикалық ұғымдарды кез келген саладағы тулғалара түсіндіре булуі керек.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Осы сала бойынша білім алуды өз бетімен жалғастыру.

1) Элементар математикалық түсініктерді қалыптастыруды ұйымдастыру формаларын меңгере алуы;

2) мектеп жасына дейінгі балалардың элементар математикалық түсініктерді қалыптастырудың әдіс тәсілдерін дұрыс таңдай білуге дағдылана алады; 3) элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру курсының теориялық негізін біле алады; 4) элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тиімді әдістерін пайдалана алады;



10

MNU/OPM 1204


б) Математиканың негізгі ұғымдары







2

Пререквизиттері: жоқ.

Постреквизиттері: Мектепалды дайындық, Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру, Математиканың оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.

Мақсаты: Ой өрісі дамыған, сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, математикадан білім деңгейі жоғары, пәнге деген қызығушылығы мол, теориялық білімді терең түсіне алатын студенттерді тәрбиелеу. Мазмұны: Математика, басқа ғылымдар сиякты бізді қоршаған әлемді зерттейді және де ол зерттейтін нақты әлемнің құбылыстары өздерінің материалдық табиғатымен емес, тек қана формальды құрылымдық қасиеттерімен, әсіресе олармен байланысты сандық қатынастар және кеңістік формаларымен анықталады.

Білімі мен түсінігі: математика да баска ғылымдар сияқты бізді қоршаған ортаны, қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Абстракциялау нәтижесіндс математиканың "сан" және "шама" сиякты негізгі ұғымдары пайда болды.
Білімі мен түсінігін қолдана білу:
мектепке дейінгі балалардың математикалық негізгі ұғымдардың дерексіздік (абстрактілік) касиеті математикаға дәл ғылымдык сапа беріп, оның қорытындыларынан сандық қатынастар мен пішіндері маңызды жағы болып келетін материялык құбылыстарға қолданылуы универсалдық бейнелі болып келуінің негізі болады.
Пайымдаулар:
математиканың тек зерттейтін объектісі абстрактілі ғана емес, оның зерттеу әдісі де мейлінше абстрактілі болып келеді. Математика өзінің заңдары мен қортындыларын тек логиканың, әсіресе математикалық логиканың заңдарына сүйеніп шығарады. Демек, математика шын мәнісіндегі таза теориялык ғылым болып табылады.
Коммуникативтік қабілеттілік:
Әр-түрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі , практикалық дағдылары мен қабілеттерін дамыту және мектепке дейінгі математиканың негізгі ұғымдарын қалыптастырылады.
Өздігінен білім алу қабілеттілігі:
Күнделікті қарым-қатынасты математикалық тілмен түсіндіру.

1) математикалық түсініктері туралы қалыптасуы;

2) мектеп жасына дейінгі балаларды математиканың негізгі ұғымдарын дұрыс тани білуге дағдылануы; 3) математикалық түсініктерді қалыптастыру курсының теориялық негізін білуі; 4) математиканың негізгі ұғымдары әдістемесінің тиімді әдістерін пайдалануы; 

5) балалардың ұзын-қысқа, үлкен-кіші, алыс-жақын т.с.с ұғымдарды меңгеруде көрнекіліктерді тиімді пайдалануы;


11

OPed/SPed 1205


а) Отбасы педагогикасы

2

3

2

Пререквизиттері: жоқ.

Постреквизиттері: Педагогика, Кіші жастағы балаларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау, Педагогикалық шеберлік.

Мақсаты: «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша студенттерді қазіргі отбасында баланы тәрбиелеу негіздері курсының теориялық негіздерімен қаруландырып, педагогикалық процесті түрлі типті оқу орындарында тиімді етіп ұйымдастыру үшін қажетті білім, білік, дағдылармен қаруландыру, өзін-өзі жетілдіріп отырудың қажеттілігін ұғындыру.

Мазмұны: Отбасында баланы тәрбиелеу – педагогикалық ғылымдар жүйесінде. Отбасының пайда болуы, неке және отбасы тарихы. Қазақстанда отбасының дамып қалыптасуы. Отбасының негізгі қызметтері. Отбасының түрлі типтері және құрылымы.

Отбасының әлеуметтік негіздері. Отбасының құқықтық негіздері.

Сәби шақтағы балаларды отбасында тәрбиелеу негіздері

Ерте балалық шақтағы балаларды отбасында тәрбиелеу негіздері.

Мектепалды жастағы балаларды отбасында тәрбиелеу негіздері.

Отбасындағы тәрбие принциптері мен механизмдері. Отбасында тәрбиелеу әдістері. Отбасында дене, енбек тәрбие беру жолдары. Отбасында отансүйгіштікке, сұлулыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жолдары. Отбасында экономикалық және экологиялық тәрбие беру құралдары.

Отбасында салауатты өмір салтын тәрбиелеу жолдары.

Отбасында балаға тәрбие беруде ата-ананың рөлі.

Отбасындағы тәрбие факторлары. Отбасында және білім беру мекемесінде баланы тәрбиелеу айырмашылықтары.

Баланы балабақшаға дайындау

Баланы мектепке дайындау

Ата-аналар беделі.



Білімі мен түсінігі: студенттердің мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстарын ұйымдастыруында алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: осы пән бойынша білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; отбасы тәрбиесі бойынша нақты дәйектемелер құрастыру және ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру барысында туындайтын мәселелерді шешу;

Пайымдаулар: әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру;

Коммуникативтік қабілеттілік: отбасында тәрбиелеу мәселелеріне тиісті ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.


  1. мектепке дейінгі балалар ата-аналарының педагогикалық мәдениетін арттыруға ықпал жасайтын іс-шараларды ұйымдастыра алуы;

  2. ата-аналардың өз балаларын дұрыс тәрбиеленуіне қатысты тиімді кеңестер бере алуы;

  3. балабақшаларда ата-аналар жиналысын ұйымдастыру тәртібін өз бетінше жасай алуы;

  4.  Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделуі;

12

OPsi/SPsi 1205

б) Отбасы психологиясы







2

Пререквизиттер: жоқ.

Постреквизиттер: Психология, Жас ерекшелік психология.



Мақсаты: Отбасының қалыптасу тарихы, отбасының бала тәрбиесіндегі орны мен отбасының әлеуметтік ортада орындайтын функцияларының психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты меңгеру.

Мазмұны: Отбасы психологиясының пәні мен міндеттері туралы; Отбасы психологиясының тарихы мен кезеңдерін анықтау; Отбасында бала тәрбиесінің орнын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ашып көрсету.


Білімі мен түсінігі:  баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлар мен түрлі мүмкіндіктер жасау;
- баланы эмоционалдық қолдауды қамтамасыз ету;
- баланың тіршілік іс –әрекетінде қауіпсіздік туралы алғашқы білім қалыптастыру;
- балаларды өз – өзіне қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету;
- тілдік қатынастың дамуын қамтамасыз ету;
- баланың бейімі мен қызығушылығын дамыту.

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

Отбасының бала тәрбиесіндегі орны мен отбасының әлеуметтік ортада орындайтын функцияларын меңгеру болып табылады.



Пайымдаулар: «Отбасы психологиясы» пәні бойынша отбасының қалыптасу тарихы, отбасының бала тәрбиесіндегі орны мен психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты меңгеру.

Коммуникативтік қабілеттілік: Отбасы психологиясына қатысты идеяларды, өзекті мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, басқа маман иелеріне жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді. Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік деңгейде дайындауда отбасының басты қызметтері мен міндеттерін меңгерудің ролі мен маңызы.


1) отбасы психологиясының пәні мен міндеттеріне жан-жақты сипаттама беруі;

2) отбасы психологиясының тарихы мен кезеңдеріне талдау жасауы;

3)отбасында бала тәрбиесінің орнын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білуі;

4) пәнді меңгертуде заманауи техниканы қолдануы;

5) отбасылық өмірге даярлаудың негізгі бағыт-бағдарын білуі;


13

OOT/Sam 2208


а) Өзін-өзі тану

3

5

3

Пререквизиті: Отбасы педагогикасы.

Постреквизиттері: Кіші жастағы балаларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау.

Мақсаты: Өзін-өзі тану пәні қоршаған ортаны тануда көптеген жаңалықтар мен қызықты дүниелерге жол ашады. Өзін-өзі тану сабағының ерекшелігі даналық, ел бірлігі жөнінде ұғым

қалыптастыруға, достаса білуге, ризашылық білдіруге, әдепті, өнерлі, еңбекқор болуға, жақсылық жасауға үйретеді. Мазмұны: «Өзін-өзі тану» пәні қоршаған ортаны тануда көптеген жаңалықтар мен қызықты дүниелерге жол ашады. «Өзін-өзі тану» курсы жеке тұлғаның рухани байлығының әртүрлі жақтарын анықтауға және зерттеуге бағытталған. Жоғарғы оқу орнында «Өзін-өзі тану» курсы студенттің жаңа әлеуметтік рольге «кіруіне», адамгершілік қатынастардың бай әлемін ашуға бағытталған. «Өзін-өзі тану» курсы бойынша сабақтар өзінің «менін» өз бетінше анықтауға бағытталған.

.


Білімі мен түсінігі: Өзін – өзі тану пәні бойынша білім саласына іргелі білімдерді меңгеру; Психологиялық педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін түсіну құзырлығына ие болу;

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

Оқу пәні бойынша ғылыми практикалық жағдайларды меңгеруі



Пайымдаулар: Өзінің міндеттерін орындауға кешенді түрде қарау, ойлау мәдениетін меңгеруі, өзін өзі дамыту, өзін өзі көрсете білу амалдарын меңгеруі; Өз ойын жазбаша және ауызша дұрыс жеткізе білуге қабілетті болуы;

Коммуникативтік қабілеттілік: Қазіргі кездегі жаңа технологияларды меңгеруі, әртүрлі ақпараттармен жұмыс істей білуі,

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Қажетті ақпатараттарды өз бетімен іздеп, талдау жасап, олардың ішінен қажеттісін таңдап алып, қайта құрып, сақтай білуі және оларды тарата білуі керек.

- өзінің даму мүмкіндіктерін анықтау, өзін дене, рухани және интелектуалдық жағынан дамыту, өзінің көңіл күйін реттеу және өзін өзі қолдау амалдарын меңгеруі;

- өзінің жұмыс нәтижелерін жақсартуға, тұлғалық ерекшеліктері мен кәсіби психологиялық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде еңбек тиімділігін көтеруге даярлығының болуы;

- оқыту бейімділігіне байланысты білім беру мазмұнын таңдай білуі, оқыту бейінділігіне байланысты білім беру процесін жобалай және ұйымдастыра білуі;

- қазіргі заманғы әдістемелер негізінде метепке дейінгі жастағы балалардың өз бетімен және өзін өзі жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру, инновациялық әдістерді бейімдеу және модификациялау, таңдау туралы білімдерді меңгеруі қажет.




14

TP/PT 2208


б) Толеранттық педагогика







3

Пререквизиттері: Педагогика;.

Постреквизиттері: Мектепалды дайындық, Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру.


Мақсаты:

Толерантты мінез-құлықты тиімді қалыптастыру педагогикалық әрекет пен оқушы тұлғасын өзіндік тәрбиелеу бірлігі көрінетін үдерісте де жүзеге асуына бағытталған. Мұнда тәрбиелік әсер мен қарым-қатынас субъектілерінің өзара әсері арасында заңды байланыс педагог пен оқушының арасында болады да, қалыптастыру үдерісінің бүтіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік

береді.

Мазмұны: Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының «болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасалады.


Білімі мен түсінігі:

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде толеранттылық ұғымы: қандайда бір қолайсыз, жағымсыз факторлардың ықпалына сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде аландаушылықтың жоқтығы немесе әлсіреуі;



Білімі мен түсінігін қолдана білу: психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру;

Пайымдаулар: жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістерді меңгеру;

Коммуникативтік қабілеттілік:

толеранттылық- шыдамдылық, сабырлық таныту, қызбалыққа салынбау, кез келген қиындыққа төзімділікпен қарау, барлық мәселелерді бейбітшілік жолымен шешуге тырысу;



Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

-Мұғалімнің толеранттылығының негізінде бір жағынан шынайы жағдайды дұрыс бағалай алу қабілеті,

-екінші жағынан жиеленіс жағдайлардан педагогикалық әдепті сақтап шығудың алдын ала анықтай алу мүмкіншілігі жатыр.

-Өз бойында толеранттылықты қалыптастыру, маңызды кәсіби білімдер жүйесін қалыптастыру.


-кез келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана сезімдері, ұлжандылығы, ана тіліне деген сүйспеншілігі сияқты ұлттық ерекшеліктерінің болуы;

-тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық ортасы, ұлттық салт-дәстүрлер, әлеуметтік ортасының болуы;

-психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алуға қабілетті болуы;

-әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап құрметтеуі;



-тұлғаның қалыптасу үдерісінде бағдар ретінде таңдауы мәселесін алға тартып , қоғам назарын өзіне аударып,этникалық толеранттылық түптеп келгенде ұлт өкілдерінің өзара өмірлік этникалық компонентерін қабылдай алуы;



15

Ale/Soc 2107


а) Әлеуметтану

3

5

3

Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, Экономика негіздері, Мәдениет және дін.

Постреквизиттер:

Философия.



Мақсаты: Студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді.

Мазмұны: әлеуметтік өзара әрекеттестік пен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлеуметтік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру.

Білімі мен түсінігі: Әлеуметтану пәнінен білімдер жүйесін қалыптастыру;

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы және әлемде болып жатқан әлеуметтік үдерістер мен өзгерістерге талдау жасауды үйренуі;



Пайымдаулар: қоғам, әлеуметтік топтар және қауымдастықтар ішінде әлеуметтік жүріс тұрысты реттей білу;

Коммуникативтік қабілеттілік: әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдай алу.

Өздігінен білім алу қабілеттігі: әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жӛніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жӛніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, кӛзқарастар, теориялар жүйесін қалыптастыру.

1) әз бетінше білімін көтеру (индивидтің көбіне-көп өзі жасайтын және ұйымдастыратын) және білім беру (мекеме, сыртқы жүйе ұйымдастыратын);

2)      көпшілікке, топқа және жеке адамға арналған білім беру;

3)     интеллектуалдық, гуманитарлық (адамгершілік, саяси, эстетикалық), политехникалық (еңбек, кәсіби), жаратылыстану.ғылымдары, физикалық білім);

4)   іргелі - ғылыми және қолданбалы білімді игеру.




Каталог: assets -> images -> news -> files -> ked
images -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
images -> Бюллетень проект «Образовательные стратегии выпусников школ вко»
images -> О работе с сайтами суицидальной направленностью
images -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
images -> «Бекітемін» ШҚО білім басқармасының басшысы А. Садыкова
images -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
ked -> Оқу жылына арналған
ked -> М. Ю. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта мектебінің директоры Искакова Сәулен Адырбекқызы
ked -> «бекітемін» Оқу-әдістемелік жұмыстар
ked -> Элективті пәндер каталогы студенттің білім алу траекториясын өздігімен және икемді белгілеу мүмкіндігін қалыптастыру үшін таңдау бойынша компоненттер құрамына кіретін пәндердің тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет