«Электр және магнетизм» пәнінен емтихан есептері Әрқайсысы



Дата05.06.2020
өлшемі19,84 Kb.
#72376
Байланысты:
3УФДК емт. есептері


«Электр және магнетизм» пәнінен емтихан есептері

  1. Әрқайсысы Кл екі заряд қалыңдығы 1 см слюдамен бөліген, өзара Н күшпен әсерлеседі. Слюданың диэлектрлік өтімділігін табыңыздар.

  2. Оңашаланған нүктелік зарядтың 1 м қашықтықтағы электр өрісінің кернеулілігі 32 Н/Кл. Осы зарядтың 8 м қашықтықтағы электр өрісінің кернеулілігін анықта.

  3. Кернеулілігі 2000 Н/Кл біртекті электр өрісі Кл зарядқа қандай күшпен әсер етеді?

  4. Біртекті электр өрісінде электрон үдеумен қозғалады. Егер электронның массасы кг болса, өрістің кернеулілігін анықта.

  5. Егер электронның электр өрісіндегі жылдамдығы м/с –тан м/с –қа артатын болса, оның жолындағы бастапқы және соңғы нүктелері арасындағы потенциалдар айрымын анықта. Электронның массасы кг.

  6. ЭҚК –і 220 В және ішкі кедергісі 2 Ом ток көзі кедергісі 108 Ом өткізгішпен тұйықталған.Ток көзінің ішіндегі кернеудің түсуін анықта.

  7. Қуаты 100 Вт шамның 200 сағат жанғандағы тұтынатын электр энергиясының құнын анықта. энергия құны .

  8. Егер электр шәугімінің ПӘК –і 80% , қуаты 600 Вт болса, 2 л су 200 С температурадан қайнағанға дейін қанша уақыт қажет?

  9. Электролиз кезінде мырыш қышқылынан 61,2 г мырыш бөлінеді. Егер ваннаның қысқыштарындағы кернеу 10 В болса, электр тогының шығындалған энергиясын анықта. Жауабын киловатт-сағатпен өрнекте.

  10. Индукция сызықтарына 30о бұрышпен орналасқан ұзындығы 0,5 м түзу сым өткізгіштен 3 А ток өткенде оған 9 Н күш әсер етеді. Бір текті магнит өрісінің индукциясын анықта.

  11. Электрон индукциясы 0,5 Тл біртекті магнит өрісіне 20 000 км/с жылдамдықпен ұшып кіреді. Магнит өрісінің электронға әсер күшін анықта.

  12. 20 В –қа дейін зарядталған 100 бірдей сынап тамшысы бір үлкен тамшыға бірігеді. Пайда болған тамшы потенциалы қандай?

  13. Әр пластинасының ауданы 200 см2 жазық конденсатор 2 кВ потенциалдар айырмасына дейін зарядталған. Пластиналар ара қашықтығы 2 см. Диэлектрик шыны. Конденсатордың өріс энергиясын анықтаңыз.

  14. Үй бөлмелеріндегі мыс электр сымының жалпы ұзындығы 100 м, қимасы 9 мм2 және кернеу 220 В болса, 110 В –қа есептелген, әрқайсының қуаты 300 Вт шамның қаншасын қоюға болады?

  15. Ток көзіне реостат пен амперметр тізбектей жалғанған. Ток көзінің ЭҚК –і 2 В, ішкі кедергісі 0,4 Ом. Амперметр 1 А токты көрсетеді. Элементтің (ток көзінің) пайдалы әсер коэффициентін анықтаңыз.

  16. Мыс купоросының электролизінде 15 МДж энергия жұмсалған. Электродтардағы потенциалдар айырмасы 10 В болса, одан бөлініп шыққан мыстың массасы қандай?

  17. Индукциясы 0,01 Тл магнит өрісінде, электрон радиусы 0,8 см шеңбер бойымен қозғалады. Электронның кинетикалық энериясы қандай?

  18. Индукциясы 1,2 Тл магнит өрісінде тұрған көлемі 400 см3 темір өзекшедегі магнит өрісі энергиясын анықтаңыз.

  19. Соленоидтан өтетін ток 5 А. Оның ұзындығы 1 м, көлденең қимасының ауданы 50 см2 және орам саны 500. Соленоидтың магнит өрісі энергиясын табыңыз.

  20. Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 50 мкГн. Контур ұзындығы 300 м электромагниттік толқында резонанста болу үшін, оның сыйымдылығы қандай болуы керек?

  21. Егер катушкадан 2 А ток өткен кезде магнит өрісінің энергиясы 1 Дж болса, оның индуктивтілігі неге тең?

  22. Электрон кернеулігі 455 Н/Кл электр өрісінде тыныштық күйден үдетіледі. Электрон қандай үдеумен қозғалады?

  23. Гелий атомының ядросы ( ) индукциясы 1 Тл магнит өрісіне м/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр ұшып кіреді. Бөлшек қозғалатын шеңбердің радиусын анықта. заряды Кл, массасы кг.

  24. Ұштарындағы кернеуі 10 В-қа тең өткізгіштен 5 Вт қуат бөлініп шыққанда өткізгіш кедергісі неге тең?

  25. Индукциясы 0,5 Тл магнит өрісі күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 1 м өткізгішке әсер етуші күш 10 Н-ға тең. Өткізгіштегі ток күші неге тең?

  26. Лоренц күшінің әсерінен зарядталған бөлшек магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Берілген шарттарда магнит өрісі индукциясын 2 есе арттырса, шеңбердің радиусы қалай өзгереді?

  27. Орам саны 200, ұзындығы 20 см соленоид бойымен 1 мА ток ағатын болса, соленоид центріндегі магнит өрісі кернеулігі неге тең?

  28. Контурды тесіп өтетін магнит ағыны 2 с уақытта 8 Вб-ден 2 Вб –ге дейін бірқалыпты азаяды. Контурдың кедергісі 3 Ом болса, орташа ток күші неге тең?

  29. Катушканың индуктивтілігін екі есе арттырып, ток күшін екі есе кеміткенде магнит өрісінің энергиясы қалай өзгереді?

  30. 2 А тогы бар контурдан өтетін магнит ағынының шамасы 5 Вб. Контурды манит өрісі әсер ету шегіне дейін орын ауыстырғанда жасалатын жұмыс неге тең?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет