Әлем елдерімен тересі тең Қазақстан !



Дата26.06.2018
өлшемі1,8 Mb.
  • РӘМІЗДЕР

Әлем елдерімен тересі тең - Қазақстан !

  • Қазақстан тәуелсіз, дамыған ел.
  • «Найзасыз ер болмайды, таңбасыз ел болмайды» демекші, тәуелсіздікті дәлелдейтін белгі ол — рәмәздер. Қазақстанда сондай таңбалы елдердің бірі.

Тәуелсіз ел белгісі

  • 1991 жылы 1-желтоқсандағы жалпыха-лықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
  • Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Орта мектепті бітіре салысымен сол жылдары Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста еді.
  • Өмір жолы
  • Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. Бостандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған
  • Мен сүйемін жерім менен елімді, Көкейімнен жыр арнасы төгілді. Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, Қазағыма мен арнаймын сөзімді.
  • Тәуелсіздік бізге оңай келмеді, Асау аттай өз тізгінің бермеді, Қазағымның алтын басын иілтіп Талай дұшпан төрімізге төрледі.  Біз жәй жүзген "Қазақ" атты кеме едік, Бірақ дұшпан басқа шықты- ау демедік Тәңір салған тағдырына бас иіп Неше ғасыр бодан болған ел едік.
  • Қуан халқым!Қуанатын күн бүгін, Серпіп таста мұнды жүрек түндігін Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәмәздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң күші бар жарлығымен (24.01.1996 ж) белгіленген. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Арайлы күн, қыран және ою-өрнек — алтын түсті.Бірыңғай көк-көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн -уақыт, заман бейнесі. Қанатын жайған қыран құс-бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран ҚР-ның еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.

Тудың авторы

  • Шакен Ниязбеков – Қазақстан Мемлекеттік Туының авторы және суретші. Ол 1938 жылы 12 қазанда Тараз қаласында өмірге келген. Шакен Ниязбеков анасы жағынан кеңес одағының батыры Бауыржан Момушылының туысы, сонымен қатар арғы ата-бабалары Төле би болған екен. Ол 10 жасында ата-анасынан, апасынан айрылған. Мектепті бітіргеннен кейін Ленинградтағы В.И.Мухин атындағы жоғарғы сурет-өнеркәсіп училищесін бітірген. Студент болып жүрген кезінен-ақ ол Эрмитаждағы, Петродворец-тегі Исаакиев соборын қайта өндеу жұмыстарына қатысқан. Ол өзінің басты ұстазы суретші Әбілхан Қастеев деп есептейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

  • Елтаңба-Қазақстан Республикасының негізгі Мемлекеттік рәмізі. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербінің негізі-шаңырақ. Ол – елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар-дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі.Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүру, халықтың өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан қырлы бет-бейнесін паш етеді.

Елтаңбаның авторлары

  • Мәлібеков Жандарбек Мәлібекұлы – ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Өзбекстанның еңбегі сіңген архитекторы.
  • Ол 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келген. Ол Ташкенттегі архитектуралық Политехникалық институтты бітірген. Өзбекстаның ғылыми – зерттеу институты өнеркәсібінің және қала кұрылысының басты жобасының архитекторы. Ж.М.Мәлібеков Андижан қаласының аэровокзалының, Самаркандта облыстық администрацияның, драма театрдың, орталық кітапхананың және Ангрена, Ферғана, Самарканд қаласындағы шағын аудандардағы үйлердің жобасын құруға белсене қатысты. Қазір Астана қаласында тұрады
  • Уалиханов Шота-Аман Ыдырысұлы Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік Елтанбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген архитек-тор, Қазақстан Республикалық Мемлекеттік сыйлығың лауреаты. Ол 1932 жылы 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыр-тау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Ол Мәскеудегі ар-хитектуралық институтын бітірген. Ол Қазақстан жобалау институтында қалақұрылысы бойынша Алматы қаласының бас архитекторының орынбасары болып істеген. Қазіргі уақытта Мемлекеттік тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының бастығы.
  • Негізгі жұмыстары: Шоқан Уалиханов, Әліби Жангельдин, Тоқаш Бокин ескерткіштерін және «Динамо» стадионның жобасын құрастырған.

Қазақстан Республикасының Гимні

  • Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!
  • Қайырмасы:
  • Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!
  • Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!
  • Қайырмасы: Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!

Гимн авторлары

  • Жұмекен Нәжімеденов – ҚР-ның Мемлекеттік әнұранының авторы. «Менің Қазақстаным» өлеңінің сөзін ол 21 жасында жазған екен.
  • Ол 1935жылы 28 қарашада қазіргі Атырау облысы, Құманғазы ауданында Қошалақ жерінде өмірге келген. Ол атасы Нәжімеден Стамгазиевтің қолында өскен. Сөз өнеріне сүйіспеншілігін, Отанның тарихын және Қазақ елінің салт-дәстүрін біліп өсуге жеке адам болып қалыптасуына атасының әсері мол болған. Атасы немересіне олардың әйгілі ата-бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата- бабалары) болғанын оның үлкен әпкесі Қосуан. Қосуан Махамбет Өтемісұлының шешесі болғанын айтып берген. Жұмекен Нәжімеденов Қазақстан Мемлекеттік консерваторияда оқыған. Кейінірек «Жазушы» баспасында редактор болып, «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, Мемлекеттік баспа комитетінің редакторы, «Мектеп» баспасының меңгерушішісі болып істеген. 1961жылы Ж. Нәжіме-деновтің ең алғашқы лирикалық «Егіс» жинағы шықты. Кейінірек төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты жинағы жарық көрген.Ж. Нәжіме-деновтың тірі кезінде барлығы оншақты өлең жинағы және үш томдық «Ақ шағыл» («Белые пески» 1973 жыл) «Кішкентай» (Маленький) (1975 жылы) «Даңқ пен уақыт» (Известность и молва) (1975 жылы) шыққан. 48 жасқа алты күн қалғанда 1983 жылы 22 қарашада қайтыс болған. Ақынның қайтыс болғаннан кейін тірі кезінде жарық көрмеген он жинақ өлеңдері, поэмалары, повестері, романдары, статьялары, аудармалары және тоғыз күй шығармалары жарық көрді. Оның шығармалары көптеген тілдерде аударылған.
  • Жұмекен Нәжімеденов А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикметтің және А.Файзидің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы қаскелен ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халақаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы бастамасымен кейбір түзетулер еңгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз-еліміздің кеңбайтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатын көрініс тапқан.

  • Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы қаскелен ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халақаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы бастамасымен кейбір түзетулер еңгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз-еліміздің кеңбайтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатын көрініс тапқан.
  • Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) композитор. ҚР Мемелекеттік әнұраны әнінің авторы.
  • Ол 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданында дүниеге келген. 1956-62 жылдары Алматы консерваториясында оқыған.
  • Ш. Қалдаяқов көптеген жастар жайлы лирикалық өлеңдердің авторы. Қазіргі таңда халық арасында ерекше орындалып жүрген әндер. Мысалы; «Қара көз», «Қайықта», «Ақ сұңқарым», «Ана туралы жыр», «Сырдария сұлуы» және т.б өлеңдері.Композитордың твочествосында 3000 астам өлең бар. Сол өлеңдерін Қазақстанның белгілі әншілері Б.Төлегенова, Р. Рымбаева, Н.Нүсіпжанов т.б. орындап жүр. «Менің Қазақстаным» әні оның творчествосындағы маржаны деп есептеледі.Осы әні ең алғаш рет 2006 жылы қаңтар айында Ақордада Н.Назарбаев президенттік қызметіне кіріскенде салтанатты түрде орындалды. Алматының орталық концерт залы және бір көшесі композитордың есімімен аталады.
  • Мемлекеттік Ту
  • Республика Президентінің сарайына
  • Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің,мемлекет-тік мекемелердің ғимаратта-рына
  • Ұлттық мерекелер
  • кезінде
  • Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің ғимаратта- рына орнатылады
  • Мемлекеттік Елтаңба
  • Туға,мөрге, металл ақшаға,мемлекеттік ғимараттарға
  • Республика Президентінің жұмыс бөлмесінде, Пар-ламент мәжілістері өтетін залда
  • Орталық және мемлекеттік мекемелерде,Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің үйіне орнатады
  • Мемлекеттің шекарасындағы бағанаға салынады
  • Мемлекеттік Гимн
  • 1.Жиналыстар мен мәжілістерде;
  • 2.Ескерткіштер орнатылғанда;
  • 3.Шет елдердің мемлекет бас-шыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда орындалады.
  • 4.Гимнді міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды.

Каталог: uploads -> doc -> 0b9d
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b9d -> Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ Көрнекілігі: қималар, үлестірмелі қағаздар
0b9d -> Оқу кабинетiнiң жабдықталуы
0b9d -> Жобаның түрі: Танымдық – зерттеу. Жобаның мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет