«Әлеуметтік –педагогикалық пәндер» кафедрасы «Бекітемін»: Декан гпф-г. Е. Шарипова № Хаттама



бет1/4
Дата23.03.2018
өлшемі0,59 Mb.
#39517
  1   2   3   4
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Гуманитарлық-педагогика факультеті

«Әлеуметтік педагогикалық пәндер» кафедрасы

«Бекітемін»:

Декан ГПФ-Г.Е.Шарипова--- № Хаттама

«ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

пәні бойынша



« Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

050102- мамандықтары үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Көкшетау 2016
Осы оқу-әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының білім берудің жалпыға міндетті стандарты ҚР 3.08.264-2006;5.04.019-2009 мен типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылды
Құрастырушы: Жанадилова Қ.Б., аға оқытушы

«ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»

пәні бойынша оқу- әдістемелік кешені. «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 050102-мамандықтары үшін

Кокшетау: КУАМ, 2016.
Оқу әдістемелік кешені студенттерге арналған оқу бағдарламасы, тақырыптар бойынша негізгі сұрақтар қарастырылған, семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау көрсетілген және қорытынды бақылаудың сұрақтары берілген.

Рецензент: «Пелагогика» кафедрасының оқытушысы:

Д.У.Бекенова, п.ғ.к., доцент.

Оқу-әдістемелік кешеннің мақсаты - болашақ педагогтарға педагогикалық процесті ұйымдастыруға қажетті жаңа педагогикалық технологиялар жайында білімдер мен іскерліктерді шығармашылықпен игеруге көмектесу.

Оқытушылар мен студенттер дәріс, семинар сабақтарына дайындалуда, аудиториялық және аудиториядан тыс өзіндік жұмыстарды орындауда, оқытушы басшылығымен жүретін студенттердің өзіндік жұмыстарына дайындалуда пайдалануға болады.

«Қазіргі педагогикалық технологиялар» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені 050103 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша оқу жоспарына және оқу-жұмыстық бағдарламасына сәйкес құрастырылған.



1.ПӘНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1.Оқытушылар туралы мәліметтер:

Жанадилова Карашаш Базаркызы мектепке дейінгі және педагогика кафедрасының аға оқытушысы

405 аудитория 1 ғимарат, күнде сағ: 9.00-17.00

1.2.Пән туралы мәлімет:

Пән атауы – Қазіргі педагогикалық технологиялар

Өткізу орны – 9,10 ғимараттар

1.3.Пререквизиттері: оқыту және тәрбие әдістері, педагогика жайында білімдері.

1.4. Постреквизиттері: қазіргі мектепті басқарудың педагогикалық менеджменті, салыстырмалы педагогика, жалпы білім беретін мектепте тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогикалық колледжде тәрбие жұмысының әдістемесі, жоғары мектепті басқару және ұйымдастыру, кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас негіздері, педагогикалық шеберлік.

1.5.Пәннің қысқаша мазмұны: студенттерге қазіргі білім беру технологиялары бойынша жүйелі білім меңгеруіне мүмкіндіктерін ашу, оқу процесінде осы технологияларды қолдануға тәжірибе жинақтау және болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиетін дамыту, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан білім беру реформасының мақсаттары мен талаптарын жүзеге асырып, студенттерді, яғни болашақ мамандарды алдағы кәсіби-педагогикалық қызметке неғұрлым жетілген деңгейде әзірлеуде уақыт рухына, қазіргі заман талабына сай жоғары сапалы білім беріп тәрбиелеу.

Міндеттері:



  1. болашақ мамандарға білім беру технологияларының пайда болуы, дамуы жайлы білім қалыптастыру;

  2. студенттердің жалпы ғылымдылық, кәсіптік дайындығында білім берудің жоғары технологияларын меңгеруін ескеру;

  3. педагогикалық әрекетте білім беру технологияларын қолдану тәжірибесін қалыптастыру;

  4. білім берудің жаңа технологияларын қолдану арқылы жаңашылдыққа ұмтылуға көмектесу;

  5. болашақ педагогтардың кәсіби-маңызды қасиеттерін дамыту.

1.6.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі



Жұмыс түрі

Тапсырма мақсаты және мазмұны

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі (рейтингтік шкалаға сәйкес)

Балдар (рейтингтік шкалаға сәйкес)

Есеп беру түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Лекцияға қатысу

Болашақ кәсіби қызметіне қажетті білімді қалыптастыру

Негізгі және қосымша әдебиеттер

Семестр бойы

20 – В («ағымдық бақылау» түрінде)

Ағымдық

Коспект

Семестр бойы

2.

Конспектілеу



Қашықтықтан оқытудың нормативті-базалық құжаттарын талдау.


Негізгі және қосымша әдебиеттер

Апта

10 – В («Үй бақылауы» түрінде)

Конспектіні тексеру

Конспект

№6 семинар тақырыбы бойынша

3.

Реферат

Модульдік оқыту және оның ерекшеліктері

Негізгі және қосымша әдебиеттер

Апта

15 – В («Ағымдық бақылау» түрінде)

Реферат қорғау

Реферат қорғау

№ 7 ОСӨЖ тақырыбы бойынша

4.

«тұсаукесер (презентация) көрсету


Кредиттік технология бойынша оқу процесін ұйымдастыру» тақырыбында

Негізгі және қосымша әдебиеттер

Апта

15 – В («Ағымдық бақылау» түрінде)

Топпен жұмыс

Тренинг

№ 12 СӨЖ тақырыбы бойынша

5.

Емтихан

Білімді кешендік тексеру

Негізгі және қосымша әдебиеттер

Емтихауақыты бойынша

40 – В («Қорытынды бақылау» түрінде)

Тестілеу

Тестілеу

Сессия кезінде

1.7 Әдебиеттер тізімінің мазмұны:

  1. Закон Республики Казахстан «Об образовании». – Алматы, 2007.

  2. Конституция Республики Казахстан. – Алматы: ТОО «Издательство «НОРМА-К». – 2002, 40с.

  3. Концепция государственной политики в области образования. – Алматы, 1995.

  4. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.

  5. Шкутина Л.А., Танасейчук М.К. Развивающая профдиагностика и педагогические технологии.- Алматы: Ғылым, 2000.-200с.

  6. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология как учебная дисциплина// Педагогика. –1993.- №2. –с.66-70

  7. Іргебаева Ә.И. Оқыту технологиясы ұғымы, мәні, сипаттамасы // білім берудегі менеджмент №2, 61-65б. 2000ж.

  8. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.

  9. Боголюбов В.И. Педагогическая технология: эволюция понятия// Советская педагогика. –1991. №9. С.123-128

  10. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.

  11. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.М.: 1997

  12. Ильина Т.А. Педагогическая технология //Буржуазная педагогика на современном этапе. Под ред. В.А.Мальковой, Б.Л.Вульдсона. М., 1984

  13. Ковжасарова М. «Развитие идеи дифференциального обучения в теории и практике общеобразовательной школы» /Ізденіс. Поиск 2001г №1 стр123-128/.

  14. Концепция дифференциального обучения в средней общеобразовательной школе /под ред. Монахова В.М., Орлова В.А./ Москва, 1990г. Стр.78

  15. Клевченя М.С. «Проблемы теории и практики дифференциального обучения» 1сб. «Актуальные проблемы дифференциального обучения» Минск, 1992г. Стр.17-21.

  16. Унт И.Э. «Индивидуализация и дифференциация обучения» Москва «Педагогика» 1990г. Стр.192

  17. Дистанционное обучение. Учеб. Пособие /Под ред. Е.С.Полат.-М.:Гуманист. Изд.Центр. ВЛАДОС, 1998.-192с.

  18. Егоров В.В., Нурмаганбетов С.Б. Технология дистанционного обучения. Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. 194с.

  19. Барсуков В.Н. Дистанционное образование //Проблемы информатизации высших учреждений образования. 1995. Вып.3 С. 10-12.

  20. Полат Е.С. Дистанционное обучение: организационные и педагогические аспекты: ИНФО. №3. 1996.

  21. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. –М.: Школа-Пресс, 1994.

  22. Курбацкий А.И., Листопад Н.И. Информационные технологии в системе высшего образования // Информатика и образования №3,1999,21-25б.

  23. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.

  24. Сарыпбеков Ж. Информационные технологии – будущее образовательной системы // Казахстанская правда -1996. №6165. 2-августа

  25. Н.Әміреев. «Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері» // Қазақ тілі мен әдебиеті. №12.2004. Б.112-117.

  26. Б.Ә.Әбдікәрімова. «Жаңа ақпараттық технологияларды кредиттік оқыту жүйесі бойынша студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруда қолдану» // ҚарМУ Хабаршысы: Пдагогика сериясы. Қарағанды. №3. 2005. Б.100-105.

  27. Абылайхан С.М. Қазіргі педагогикалық технологиялар. Лекциялар жинағы. Қарағанды 2008ж.

  28. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.: Народное образование, 2000. – с.195, 198

  29. Полат Е.С. Новые педагогические технологии - М., 1997

30. Жанпеисова М.М. Модульная технология обучения как средство развития ученика. – Алматы, 2001. – 154с.

31. Сарбасова Қ.А., Еңсебаева Н.Қ. Ойын технологияларының мүмкіндіктері «Қазіргі кезеңдегі педагогикалық және психологиялық ғылымның өзекті мәселелері Аймақ ғыл.-тәжір. Конф. Материалдары. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. – С. 45-47

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гуманитарные науки: Педагогика. http://www.refer.ru.

  2. Менеджмент. http://www.aup.ru.

  3. Наука и образование: Педагогика. http://www.ehoo.ru.

  4. Наука и образование: Педагогика ресурсы. http://www.pautina.net.

  5. Наука и педагогика. http://www.ecolife.krsk.ru.

  6. Общественные науки: Педагогика. http://www.myweb.ru.

  7. Педагогика. http://www.bigmax.ru.

  8. Педагогика. http://www.asmedia.ru.

  9. Ж.Караев, Е.Балафанов, М.Есбосынов, Анализ и тенденции развития Дистанционного обучения. // Высш. Школа Казахстана, 1998. №6.

  10. Е.Гаевская, М.Виницкая Педагогические аспекты дистанционного образования// Высш. Школа Казахстана, 1999, №4.

  11. Манабаева А.Ш., Абылайхан С.М., Алшынбаева Ж.Е. Қазіргі білім беру технологиялары Оқу-әдістемелік құралы. Қарағанды, Санат баспасы, 2007, 80б.

  12. С.Әбдіманапов. «Кредиттік оқыту жүйесі: бүгінгі күннің мәселесі болып тұр» // Орталық Қазақстан. 1 қазан. 2004.

  13. А.Ш.Исанова. «Кредиттік технология жүйесімен оқытудың тиімділігі» // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Хабаршы. Философия сериясы. №3. 2008. Б.181-183.

1.8 Баға туралы ақпарат:

Рейтинг – шкала

Бақылау түрі

Балдар

күндізгі

сырттай

Ағымдық

20

10

Аралық

30

20

Үй жұмысы

10

30

Қорытынды

40

40

Барлығы:

100

100

1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:

Оқу процесінде студенттерге қойылатын әкімшілік талаптарды белгілейді: студенттер күнделікті сабаққа қатынасып отыруға, кесте бойынша тапсырмаларды орындауға және интернет-зал мен кітапханаларда өзбетінше жұмыс істеуге міндетті.Студентердің сабақты босатпауы, аудиторияларда басқаларға кедергі жасайтындай тәртіп бұзбаулары «ҚарМУ-дің ішкі тәртіп Ережесімен» анықталады.

Жазба жұмыстарын мезгілінен кешігіп тапсырса рейтинг бағалары (Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру мерзімі кестесін қараңыз)10%-ға төмендетіледі.

Студенттердің өзінсіз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға қатынасу жағдайлары «Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің оқу үрдісін ұйымдастыру Ережесімен» реттелінеді.



2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 Күндізгі бөлімнің тақырыптық жоспары

Барлығы 3 кредит





Тақырып атауы

Лекциялар

Семинарлық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

  1. Қазіргі педагогикалық технологиялар негіздері

2

2

3

4

  1. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері

2

2

3

4

  1. Технология мен оқыту әдістемесінің өзара байланысы




3

3

4

  1. Ойын арқылы оқыту технологиясы




3

4

4

  1. Дифференциалды оқыту технологиясы

2

3

4

4

  1. Қашықтықтан оқыту технологиясы.

2

2

4

4

  1. Модульдік оқыту және оның мәні




2

3

4

  1. Оқытудың ақпараттық технологиялары

1

2

4

4

  1. Интерактивті оқыту әдістері

1

3

4

5

  1. Оқытудың ынтымақтастық технологиясы




2

4

4

  1. Жобалау әдісі

2

3

4

4

  1. Оқыту процесіндегі кредиттік технологияның мәні.

2

2

3

4

Барлығы

14

29

43

49

Сырттай оқу бөлімінің тақырыптық жоспары

Барлығы 2 кредит





Тақырып атауы

Лекциялар

Семинарлық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

Оқу мерзімі

  1. Қазіргі педагогикалық технологиялар негіздері

2

1

2

3

3(жылдық)

  1. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері

2

1

3

3

3(жылдық)

  1. Ойын арқылы оқыту технологиясы




2

3

2

3(жылдық)

  1. Дифференциалды оқыту технологиясы

2

1

3

2

3(жылдық)

  1. Қашықтықтан оқыту технологиясы.

2

1

3

3

3(жылдық)

  1. Модульдік оқыту және оның мәні




2

3

2

3(жылдық)

  1. Оқытудың ақпараттық технологиялары

2

1

3

3

3(жылдық)

  1. Интерактивті оқыту әдістері

2

1

2

3

3(жылдық)

  1. Оқытудың ынтымақтастық технологиясы




2

3

3

3(жылдық)

  1. 1Жобалау әдісі

1

2

3

3

3(жылдық)

  1. Оқыту процесіндегі кредиттік технологияның мәні.

2

1

2

3

3(жылдық)

Барлығы

15

15

30

30





2.2 Лекциялық сабақтар тезистері

Тақырып 1. Қазіргі педагогикалық технологиялар негіздері

Білім беру жүйесіндегі «техника» мен «технология» ұғымдарының қолданылуы

«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде жиі-жиі қолданылуын кездестіреміз. Қолданылатын ұғымдарды ажырату мақсатында келесідей негізгі ұғымдарды қарастырамыз, олар: техника, технология, педагогикалық технология, оқыту технологиясы, білім беру технологиясы және т.б.

Жалпы «технология» деген ұғым гректің techne – өнер, кәсіп, шеберлік, ал logos – ғылым, ілім деген сөздерінен құралған, сонда оның қазақша мағынасы «шеберлік туралы ілім» дегенді білдіреді.

Шетелдік басылымдар бойынша «технология» дегеніміз – қағидаларды анықтау және құрастыру, тәсілдерді және материалдарды қолдану жолымен, сонымен қатар қолданылатын әдістерді бағалау көмегімен білімдіктің тиімділігін жоғарылататын, білім беру процесінің тиімді тәсілдерін, фактілерді талдау жолымен анықталады. Ал қазіргі заманғы сөздіктерде бұл сөз техникалық мағынада қолданылады, мысалы осы тұрғыда, технология дегеніміз – шикізатты өндіру әдістерінің жиынтығы және өндіріс процестері ретінде түсіндіріледі.



Білім беруді технологияландыру

Оқытуды технологияландыру бағытындағы алғашқы қадам. Технология ұғымының алғашқы даму кезеңі 1940-50 жылдар аралығында оқыту процесінде техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануды білдіреді.

Оқытуды технологияландыру бағытындағы екінші қадамын көбіне зерттеушілер педагогикалық технологияны енгізуді және оны жалпы өңдеу мәселелерін ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына жатқызады, сонымен қатар ең алдымен америкалық, ал кейіннен еуропалық мектептерде оқытуды құруда технологиялық ыңғайдың пайда болуымен байланыстырады.

Технологияландырудың үшінші қадамы ең басында – педагогикалық технологияларды оқу процесін технологияландыру ретінде түсінді; оның негізгі бағыты және қаланған фундаменті – бағдарламалық оқыту болды. Ол 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдың басында техникалық құралдар мен бағдарламалық оқытумен қатар педагогикалық технология оқушылардың оқу процесі үстінде танымдық іс-әрекетті басқару теориясын және педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру жолдарын қарастырады. Сонымен қатар оқу-тәрбие процесін басқару ретінде оқыту процесін компьютерлендіру саналы түрде меңгерілді.

Оқытуды технологияландыру бағытындағы төртінші кезеңі 80-жылдардан бастап оқытудың ақпараттық және компьютерлік құралдарымен бірлікте қарастырылды. Осы кезде ақпараттарды, компьютерлік жүйелерді, ЭЕМ қолдану және басқа да техникалық құралдарды жинақтау – осының барлығы оқыту модернизациясы үшін, қолайлы жағдайды туғызады деген мүмкіндіктер қалыптасты. Ал олар технологиялық ортаның құрылуына және оқытуда ақпараттық технологияларды қолдануға бағытталған еді.

Сөйтіп, уақыт өте келе бірте-бірте оқытудың жаңа технологияларының бірнеше түрлері пайда болды. Олар білім беру процесіне енгізіліп, дами бастады.



Білім беру технологиясы – білім беру стандартында және мемлекеттік бағдарламаларда ұсынылған білім беру әрекетін жүйелі ұйымдастырудың тәсілін, оның жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттарын, ұйымдастыру құрылымы мен формасын түсіндіреді, ортақ білім беру кеңістігіндегі дамудың жалпы стратегиясы. Білім беру технологиясының мақсаты – педагогикалық жүйені жетілдіру болып табылады.

Оқыту технологиясы – педагогикалық технология түсінігіне жақын, бірақ онымен бірдей емес, яғни ол белгілі бір пән шеңберінде педагогикалық технология сұрақтарын, тақырыптарын, нақты оқу материалын меңгеру жолын бейнелейді. Сонымен қатар оқыту технологиясы қойылған мақсатты қамтамасыз етуде оқыту әдістерін, құралдарын, формалар жүйесін қарастырады.

Педагогикалық технология – білім беру технологиясын жүзеге асырумен түсіндіріледі, оған нақты пәніне байланысты емес, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын заңдылықтар тән.

Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 2. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері

Оқытудың дәстүрлі технологиясы ең алдымен сынып-сабақтарын ұйымдастыруды қарастырады. Ол XVII ғасырда Я.А.Коменский қалыптастырған, дидактика принциптері негізінде құрылды, оны әлемнің көпшілік мектептерінде әлі күнге дейін қолданады. Педагогикалық процесті неғұрлым жетілген, ұйымдастырылған түрде дайындау қажеттілігіне байланысты сынып-сабақ жүйесі пайда болды.

Оқудың дәстүрлі технологиясы білім, білік және дағдыны ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін, оны қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының бағалануын қамтамасыз етеді, бұл технологияның ежелгі түрі. Оның мәні: жаңаны игерту – бекіту – қадағалау – бағалау схемасы бойынша оқу процесін жүргізу іске асырылады.

Технология негізіне табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға мүмкіндік беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-бағдарлама алынады. Осыған орай дәстүрлі оқу технологияларында оқытудың басты әдістері ретінде негізгі екеуі қолданылады:



  • оқытудың түсіндірмелі-көрнекілік әдістері, бұл әдіс арқылы мұғалім оқу материалын көрнкі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді. Оған дәріс, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия және т.б. жатады;

  • репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту) – мұғалімнің оқушыларға білімді қаншалықты игергендігін тексеру мақсатында және оны қайталап айтып беруі үшін тапсырмаларды құруы. Оқушы сұрақтарға жауап береді, берілген есептерді шығарады және т.б.

Аталып өткен екі әдістің мәні – мұғалімнің белгілі білімдерді оқушыларға дайындап беруі, ал оқушылардың оларды жаттап алуы. Мұндағы оқушының негізгі қызметі – дайын ақпаратты алу, оны есте сақтау болып табылады, ал мұғалімнің қызметі – түсіндіру, әрекеттерді көрсету, оқушылардың орындағанын бағалау, түзету және реттеу.

Инновациялық технологиялар оқытудың дәстүрлі технологиясына қарағандағы айырмашылығы – неғұрлым мақсатты бағытталған және интенсивті процестермен (техникалық, әлеуметтік және ұйымдастыру-басқару) қамтылған, 88888888888888888888888888жаңа идеяларды тәжірибеде қолдануға байланысты білім мен ақпаратты, өзінің қасиеті мен сапасы бойынша жақсы идеяларды құруға әкеледі.

Сонымен қатар С.Қ.Мұхамбетова «Педагогика және педагогикалық технологиялар» атты оқу құралында жаңашылдық оқыту негізінде педагогикалық технологияны пайдаланып оқыту мен дәстүрлі оқытудың тағы бір айырмашылығын көрсетеді: технологияда негізінен білім беру сапасы процессуалдық, өлшемдік, сандық, сапалық компоненттеріне, ал дәстүрлі оқытуда мақсаттылық, мазмұндық, мотивациялық, әрекеттік, операциялық құрылымы мен құрылымдық компоненттеріне назар аударылады, осы әрбір компоненттің орынды қолдануына нәтижесі тәуелді келеді.

Сондықтан да әрбір шығармашылықпен айналысушы немесе қызмет етуші тұлға, білімді де, білікті педагог олардың теориялық, әдістемелік негізі мен мәнін, құрылымын, философиясын және оның тұжырымдамасын меңгеруі керек.



Оқытудың жаңа технологиясы – оқушыларға негізгі білім беру жүйесін жеткілікті іскерлік деңгейінде қалыптастыруға, оқуға, ойлауға, өз бетінше жұмыс істеу іскерлігін дамытуға, оларды танымдылық әдістермен қаруландыруға, оқушыларды сын көзбен қарап ойлауға үйретуге, сонымен бірге өздерінің ойлары мен тұжырымдамаларының дұрыстығын негіздеп, дәлелдеуге үйретуге мүмкіндік береді.

Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6].

Тақырып 3. Дифференциалды оқыту технологиясы

Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал – дифференциация болып табылады.



Дифференциацияның мәні – оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.

Тиімділігі – мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта әрбір оқушымен жекеше жұмыс жасайды. Мұнда оқушылар үш режимде жұмыс істей алады: мұғаліммен бірігіп, жеке және өз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен.

Мектептің білім беру тарихы, дифференциация барлық жағдайда оқушыларды оқытуда қолданылғандығын дәлелдейді. Мектептік білім беру пайда болғанда, мемлекеттен жеке алынған, әрбір дәуір талаптарына сәйкес дифференциациялап оқыту мәселесі де дамыды. Мысал ретінде біздің отандық мектептерімізде, бұл мәселенің пайда болу жолын, үш кезеңге бөлуге болады:



  • бірінші кезең – 1918-1930 жылдары, дифференциациялап оқытуды ұйымдастыруға жалпы амал, тәсіл іздеу;

  • екінші кезең – 1930-1990 жылдар, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эгалитарлы амал тұрғысында дифференциациялап оқыту пікірінің дамуы;

  • үшінші кезең – 1990-2000 жылдар, мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында дифференциациялап оқытуды жүзеге асыру үшін жаңа амалдарды анықтау.

В.М.Монахов, В.А.Орлов және В.В.Фирсов дифференциациялап оқытудың келесі формаларын ұсынады:

  • ішкі (деңгейлік) дифференциация – барлық оқушылардың міндетті даярлық базалық деңгейін меңгеруге, білімді қабылдауда әр түрлі деңгейдің бөлінуі негізінде олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, ұйымдастыруда оқытудың әдісі, формасы және тәсілінің жиынтығы. Авторлар алғаш рет ішкі дифференциацияны оқытудың нәтижелерін жоспарлауда деңгейлік дифференциация жүйесінің формасында жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті;

  • сыртқы дифференциация – білім беру мазмұны және оқушыларға ұсынылған талаптар ескерілетін, белгілі принциптер негізінде (қызығушылық, қабілеттілік, нәтижеге жету, бейімделгіштік) тұрақты топ құру. Қазіргі кезеңде мектепте екі түрлі сыртқы дифференциация қолданылуда: факультативті сабақтар және жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары. Егер 8-9 сыныптар арасында пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары талаптанбаса, онда мектептің жоғары сыныптарын маңызды профильдеу пайдалы. Бұл білім беру мазмұнының ерекше маңызды мәселесін белгілейді;

  • элективті дифференциация – бұл оқушыларға міндетті оқу пәндерімен қатар бірнеше пәндерді қосымша ретінде оқуға құқық беру.

Дифференциациялап оқыту процесінде оқушылардың бір топтан екінші топқа көшуі мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму деңгейінің өзгеруінен, сабақта білім алуда қызығушылығының тууына, талаптануда, оқу бағыттылығының жоғарылауы және кемшіліктерді толықтыруында қамтамасыз етіледі.

Негізгі әдебиеттер: [13,14,15,16].

Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6].
Тақырып 4. Қашықтықтан оқыту технологиясы

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттердің бірі: күнделікті іс-әрекетімізге қазіргі ақпараттық технологияны енгізу және білім беру субъектілерінің ақпараттық өзара байланыстарын, қарым-қатынастарын қамтамасыз ету, яғни білім беру саласын ақпараттандыру. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жоғары оқу орнында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру болып табылады. Ол үшін қашықтан оқытуға дәл анықтама беріп, оның теориялық жақтарын әр түрлі деңгейлерден қарастыру керек.



  1. Каталог: sites -> default -> files
    files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
    files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
    files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
    files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
    files -> Өмірбаяндық деректеме
    files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
    files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет