Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде



Дата05.03.2020
өлшемі16,29 Kb.
#59630
Байланысты:
Документ
Документ
Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Әрбір мемлекеттің алдына қойған мақсаты мен мұраты тарих сахнасынан өзіндік орнын ала отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылу болса, сол экономикасы жақсы дамыған елдердің басты жетістіктері олардың қазба байлықтарының көптігі немесе жер көлемінің үлкендігінде емес, сондағы байлықты өз орнымен игере білуінде. Бұл қажеттілікті қанағаттандыру үшін ел ертеңі бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге бүкілхалықтық дәрежеде мән беру-қазіргі таңдағы үлкен мәселе.
Ұлы Абайдың «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандастарының бәрі кінәлі» деген әйгілі сөзін еске алсақ, қазір құдайға шүкір, еліміз еңсе көтеріп, әлемдік өркениет пен ұлттық рухани құндылықтарымызға бет бұра бастадық

Қазіргі заманғы мектепте нақты педагогикалық қызметте іске асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірибе жинақталған, бірақ олардың бәрі бірдей қолданыла бермейді, өйткені көптеген мұғалімдер мен басшыларда ол тәжірибені зерттеу және қолдану қажеттілігі қалыптаспаған, сол сияқты ол тәжірибелерді талдау мен талдаудың дағдысы мен іскерлігі жетісе бермейді. Мұғалімдер нақты іс-әрекетінде өзінің, сол сияқты әріптесінің де педагогикалық тәжірибесіне талдау жасаудың қажеттілігіне мән бермейді.Осы бағытта мұғалімдердің инновациялық білім прогресіне бет бұруы көзделуде.

Бiлiмдегi иновациялық процестiң нәтижесi теория мен практиканың тоғысында пайда болатын – теориялықта, практикалықта жаңалықтарды пайдалану болып табылады.

Мұнда бiлiм жүйесiндегi инновация бiлiм мақсатына жаңашылдықты енгiзудi көздейдi, оқыту мен тәрбиенiң жаңа әдісі мен түрлерiн, жаңа мазмұнын әзiрлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйенi тарату мен енгiзу; мектептi басқарудың жаңа технологияларын әзiрлеу, оның дамуы; мектеп тәжiрибелiк орын ретiнде мектептiң принциптi жаңа бiлiмдiк бағдары болған жағдайда, бiлiм беру жүйесiнiң мақсатын, мазмұнын, әдiсiн, түрлерi мен басқа компоненттерiн көздейтiн жүйелi сипаттағы бiлiм тәрбие берудi жүзеге асырады.

Ал инновациялардың тууының екі жолы бар. Біріншісі – тәжірибенің терең қойнауынан, педагогикалық ғылымның ұғымдары мен терминдерінен пайда болған жаңаны ой елегінен өткізу, екіншісі – жаңаның ғылымның өзінен тууы. Кейде бұл жолдар тоғысады. Мысалы, кейде педагог-практик жаңа қорытындылар мен іс-әрекеттерге, олардың ғылымда бұған дейін әзірленіп, ұсынылғанын білмей, өз бетінше келеді. Әрине, оның проблемаларын ғылым шешіп бергенше күтіп тұра алмайды, бірақ та мұғалімнің нағыз кәсіпқойлығы сонда, ол соңғы зерттеулердің нәтижелері туралы үнемі хабардар болуға тиісті.
Өкінішке орай, қазiргi кезде мектепте нақты педагогикалық қызметте iске асырылуға тиiс мол тәжiрибе жинақталған, бiрақ өте сирек қолданылады, өйткенi көп мұғалiмдер мен басшыларда оларды зерттеуге, қолдануға қажеттiлiк қалыптаспаған, оларды таңдап, талдауға бiлiктiлiгi мен iскерлiгi жетiспейдi. Шынайы практикада мұғалiм көбiне өз педагогикалық тәжiрибесiн және әрiптестерiнiң тәжiрибесiн талдауы керек екенiн және диагностикалық зерттеулер жүргізілуін ойланбайды

Сонда диагностикалық әдiс мұғалiмдердiң бiлiктiлiгiн арттыру жұмысын жаңаша құруға мүмкiндік беретiн жұмыс нәтижесiнiң баянды болуына ықпал етеді.
Бұл оқытудың түрткi берушiлiк функциясы жетiстiкке деген сенiмiн, жұмысқа қызығушылығын арттырады, кәсiби өсуiне және кәсіби құзіреттілігінің кіріктірілуіне мүмкiндiк бередi. Мұнда оқыту кәсiби шеберлiктiң жаңа қырларын меңгеруге, мамандығының күрделi қыр-сырына қол жеткiзуде пiкiрлестер табуға жол ашады.
Ендеше, мектепішілік инновациялық іс-әрекет біріншіден жаңалықты таңдау, оны іске асыру болса, екіншіден сол жаңалықты жүзеге асыратын мұғалімдердің инновациялық даярлығын қажет етеді.
Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру үшін төмендегі жағдайлардың болуы шарт:
-білім беру мекемелері басшыларының инновацияны енгізудің құндылығын түсінуі;
-мектептің материалдық-техникалық базасын күшейту: мектептегі компьютерлер санын көбейту, оны түгелдей интернет жүйесіне қосу;
-мектептегі әдістемелік жұмыстарға жаңаша бағыт беру, әр мұғалімнің шығармашылығын арттыратындай ізденіс жұмыстарын жүргізу;
-әрбір мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін ашу;
-жаңа иденясы бар шығармашылық қабілеті жоғары маманның болуы;
-мектептің озық іс-тәжірибелерін жеке веб-сайттар арқылы тарату, пайдалану.
Жаңа енгізілген жаңалық немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналады. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол — ғылыми ізденістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Қазiргi уақытта қоғам, мәдениет және бiлiмнiң дамуында педагогикалық қызметтiң инновациялық бағыттылығының қажеттiлi бiрқатар жағдайлардан көрiнiп отыр.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие үрдістерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолданылуға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Төртіншіден, жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға енуі, мемлекеттік емес оқу орындарының құрылуы нақты бәсекелестік ахуал туғызуда.
Қазіргі мектеп жағдайларындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диогностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жүмыста қалыптасқан бұрынғы «баршаға білім беру» ескі сүрлеуінен тез арада арылып, жаңаша білім беру мазмұнына «әркімге таңдау бойынша білім беруге» көшуге қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылықпен ізденушілікпен жұмыс істейтік зерттеуші мұғалімдерді даярлауды қажет етеді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет