«Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы бүгінгі мұғалімнің қолында»



Дата04.05.2017
өлшемі115,57 Kb.
#15604
Ұстаз болу – оңай емес.

«Еліміздің болашағы бүгінгі

жас ұрпақтың қолында,

жас ұрпақтың болашағы

бүгінгі мұғалімнің қолында»

Н.Назарбаев.

Менің педагогикалық ұстанымым «Ізденген ұстаздан – шығармашыл шәкірт». Осы дана сөзді негізге ала отырып, жұмысымның негізгі мақсаты ретінде оқушы тұлғасын әлеуметтендіру барысында білім жүйесіндегі жаңашылдықтарды пайдаланып құзыреттілігін қалыптастыруды алдым.

Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады.

Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалім іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипатымен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылады, оқыту үдерісіне тәуелді болмайды.

Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілігімен орындағаннан гөрі, көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де саралай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен қолжетімдік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып туралы мәнмәтіндік қажет болады.

Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы зерттеулерден білуге болады. Біз сонымен қатар бұндай қасиеттер мен жұмыс тәртібін мұғалімнің кәсіби дамуындағы қандай мүмкіндіктер дамытатындығы туралы да көп білеміз. Зерттеулерден көрініп отырғандай, кәсібилік мұғалімнің өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде қарастыруын талап етеді. (Болам, Махон, Столл2005) Бұл тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновациялар негізінде мұғалімнің тәжірибесі жетіледі (Фрост мен Дурант).

Педагогикалық жолымда жаңашыл көзқарасты мұғалім ретінде көрінуге тырысқан әріптестерім туралы айтқым келеді.

Ең алдымен мектебімнің әкімшілігі туралы айтсам, мектеп басшылары мені қолдап, біраз көмек жасады, өткізген іс-шараларыма белсенді қатысты. Жұма сайын ұжымда шеберлік сағат өткізуге қуанышты болды.

Практидағы біраз жұмысыма мектеп психологы қатысып, көмек жасады: сауалнаманың қандай сұрақтарын қоюға тиімді болатынын екеуміз ақылдасып бір шешімге келдік. Содан кейін ата-аналармен жұмыс жасағанда да бұл әріптесім қасымда болып, жиналыс өткізер алдында жаңашылық кіргізгені: таныстырлым-тренинг өткізді, ата-аналарға өте ұнады.



Кәсіби қоғамдастық мүшелері: тарих пәнінің мұғалімі, екі әріптесім қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері, бастауыш сыныптың үш мұғалімі мектептің дамыту жоспарын құрастыруға, менің өткізген іс-шараларыма үлкен үлес қосты.

Фокус топқа кірген екі III деңгейлік жаңа формациялық курсты өткен мұғалімдер, «Сын тұрғысынан ойлау» курсын игерген бастауыш сыныптың мұғалімі және тәлім алушым. Іс-шаралар қызықты болсын деп, қандай түрде өткізу жолдарын іздеп, біраз көмек көрсетті.

Коучинг туралы.

Фокус топпен қандай тақырып бойынша неше коучинг өткізу керек екенін ақылдасып,мектептің мәселелерін кіргіздік. Коучингтерге көбінесе жас мамандар қатысты. III деңгейлік жаңа формациялық курсты игерген тарих пәнінің мұғалімі коуч болып бірінші коучингті өткізді. Осы әріптесімнің үш сабағына қатыстым. Сабақта жеті модульдің ықпалдығы, жеке, жұптық, топтық жұмыстарды кеңінен пайдаланып, оқушылар белсенді қатысып, диалгтік оқытуды меңгергенді байқадым. М-деген қазақ әдебиетінің мұғалімі топтық жұмыста «рөлдік ойын» арқылы қалай оқушылардың қызығушылығын оятуға болатынын көрсетті. . Коучингтағы осы жұмыстар әріптестерім үшін сәтті, алдағы уақытта өз жұмысына пайдалана алатындай нәтиже бергеніне шын мәнінде көз жеткізді. Себебі сабақ үстінде естіген, көргендерін мұқият түртіп жазып, қайталап сұрап, нақтылап алып отырған әріптестерім өзіне қажет жерінде сұрақтарын жаудырып, әркім өзіне керегін ала білді. Тағы пайдалы нендей материалдарыңыз бар деп аса қызығушылық танытып сұрастырып, қасымнан кетпеді. Кейінгі күндері мен сырттай бақылау нәтижесінде, кәсіби сұхбат үстінде және әріптестерімнің мектептегі жоспар бойынша беріп жүрген ашық сабақтарынан жаңа тәсілдерді өз сабақтарына бастан-аяқ кіргізбесе де біраз жаңалық енгізгенін байқадым. Мысалы коучинг кезінде жақсы шыққан стратегияны олар өз сабақтарына пайдаланып жүр. «Суреттерді сөйлет», «Екі жұлдыз бір тілек» стратегиясының мұғалімдерді өз ойларын айтып сөйлетуге, суретке қарап сол сәтте не сезінді, бойын қандай сезім биледі соны нақты ашып, сөзбен жеткізе білуге үйреткені анық.

2 слайд

Менің тәлім алушым – физика және информатика пәнінің мұғалімі. Өз еркімен ұсыныс жасады. «Әрқашан мүлтіксіздікке ұмтылу» деген ұстанымға бар тұлға.



Менің істеген жұмыстарыма, іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізуге де үлкен көмек жасады. Өзгеріс бейім, жаңашылдыққа жаны құмар.Педагогикалық көзқарасын жаңаша қалыптастыру үшін Монреаль Университетінің (Канада) «Шекарасыз оқу» заманауи педагогикасы орталығанда білім алып, өз сабақтарында «Оқытудың 101 техникасын» ұтымды пайдаланады. Сабақтарын Блум токсономиясы бойынша жоспарлайды. Деңгейлердің тапсырмаларына сәйкес оқушы білімінің сапасын бағалауға ыңғайлы. Коучингтерге, кәсіби әңгімелерге белсенді қатысып, өз сабақтарында жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (презентация, флипфарт, видео) қолданып өткізеді. Мысалы, ағымдағы жылда өткізген «Paint графикалық редакторы» Блум бойынша жоспарланған ашық сабағы - 2013ж., «Архимед күші» ашық сабағы - 2013ж. ашық сабақтары, «Алғыр информатик» интеллектуалдық сайысы - 2013ж. жоғары деңгейде өтті.

Сабақ барысында «Балық сүйегі», «Араб грамотасы», «Көпдеңгейлі үшбұрыштар», «Ақпараттық ағымдар», «Күш өрісі» т.б. техникаларын пайдаланады.

Сабақта тапсырмаларды оқушылардың оқу деңгейін ескере отырып жоспарлайды. Қабілеті жоғары оқушылардың деңгейлі тапсырмалар арқылы білімін жетілдіруге жағдай жасауға тырысады. Үлгерімі төмен оқушыларға аса назар аударып, арнайы тапсырмалар дайындап, «қанағаттанарлық» деңгейге жеткізуге тырысады.

Сабақта берген теориялық білімді практикамен ұштастыру мақсатында биылғы оқу жылында 7 сынып оқушылары Дүзелбай Жандос және Сулейменов Ержанмен «Свободный ауылының су құбыры» атты ғылыми жобасының зерттеу-теориялық жұмыстарын бастады. Бұл мұғалім туралы ізденімпаз, заманауи, белсенді, білікті ұстаз деуге болады.

3 слайд

Мектепте болып жатқан өзгерістерді мектептегі желілік қоғамдастықты дамыту арқылы қалай қолдауға болады?



Заманауи қоғамның тіршілігінде қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Мектептер арасында ынтымақтастық, мектепте оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім алушылар қоғамдастығына» бірігуі уақыт өткен сайын маңызды.

Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта «білім алушылар қоғамдастығына» мынадай анықтама берілген: «Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер».

Үздіксіз оқытуды дамытуда «қоғамдастық» ұғымы аса маңызды болып отырғаны байқалады. ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басындағы білім беру саласы оқыту линиялық, бірізді, жалпылама, механикалық үдеріс болып табылады деген идеяға негізделген.

Білім алушылар қоғамдастықтары біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналған.

Кәсіби қоғамдастықтарды дамыту халықаралық қолдауға ие болып жатыр.

Әріптестеріммен қоғамдастық құруды мен де оң көріп, информатика мұғалімдеріне ұсыныс жасадым. Аудан мектептерінің мұғалімдер топтарын құруды мақсатқа алып, желілік қоғамдастық құрылды. Қоғамдастық администраторы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, физика және информатика пәнінің мұғалімі М. С. қоғамдастық жұмысын тиімді ұйымдастырып және жүйелі түрде жүргізу ушін келесі ролдерді белгіледі. Техникалық модераторлар Ю.К. және М. Н., информатика пәнінің мұғалімдері. Ал редактор ролін қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің мұғалімі М. атқаратын болды.

Қоғамдастық беттерінде Есіл ауданының №1 орта мектебінің, №2 орта мектебінің, №1 орта мектебінің және өзім жұмыс жасап жүрген Свободный орта мектебінің мұғалімдері форумдарда, кері байланыс тетігі арқылы жүздесе алады. Қоғамдастық беттерінен инновациялық технологиялар, үш деңгейлі курстар, білім жүйесіндегі жаңашылдықтар, мұғалім портфолиосы т.б. жағдайлар туралы ақпарат алуларына мүмкіндік бар. Әдістеме бірлестіктерінің жетекшілері өз алдарына бөлек бет ашып әдістемелік жұмысын толықтай желілік қоғамдастық аясында жоспарлап, жүзеге асыруда. Дәл осындай мүмкіндік сынып жетекшілері үшін де бар. Қоғамдастық беттерінде әр мұғалім сабақ әзірлемелерін жүктеп, тәжірибесімен бөлісе алады.

Қоғамдастық жұмысын жүйелі жүргізу үшін жұмыс кестесі құрылды.



Құрылым

Қамту

Қоғамдастық мүшелері

Кездесуді өткізу жиілігі

Байланыстар

Топтардың негізгі мақсаттары

№1 ОМ

№3 ОМ


№2 ОМ

Свободный ОМ

Ақсай ОМ


Қоғам дастық мектеп аралық

Аталмыш мектептердің мұғалімдері

Айына бір рет

Интернет желісі арқылы

Қоғамдастық беттерінде сынып сағаттар, ашық сабақтар әзірлемелерін ұсыныу.

Хабарлама, жаңалықтар жариялау.

Жоспарлар мен өзгертулерді хабарлау.

Оқу тапсырмаларын жариялау


Мектептің желілік қоғамдастықтары үздіксіз бірлескен жұмыстар мен бірлескен зерттеулер арқылы оқушыларға толыққанды және келешегі зор білім алуға мүмкіндік беру арқылы мұғалімдерге және мектептің басқа қызметкерлеріне педагогикалық әдістемелерді зерделеу мен жетілдіру мақсатында оқуға және бірлесе жұмыс істеуге жағдай жасайды.


Табысты кәсіби қоғамдықтастар реформа жүргізу жөніндегі көптеген жұмыс топтарын құру арқылы жұмыс істейді. Өзгерістерді жүзеге асыру функцияларын іске асыратын жұмыс топтардың үш түрі құрылатын болған. Әр командалардың әрқайсысы әртүрлі мүддені көздейтін адамдарды бір топқа біріктіріп, ортақ мақсат қоя отырып, реформа жүргізу жөніндегі стратегиялық жоспарларды іске асыру үшін ұйытқы болған.

Басқарушы топтар реформа жүргізу бағытында орындалатын жұмыстарды бағыттайды, басқарады және бақылайды. Басшылық етуші топтар әдетте кәсіби қоғамдастықты жақсарту жөнінде жоспар құру үшін жауапты болады.

Үйлестіруші топтар кәсіби қоғамдастықтың әртүрлі бөлімдері арасындағы қызметті реттейді. Үйлестіруші топтар мектептер арасындакғы және кәсіби қоғамдастық ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды.

Дамытушы топтар кәсіби қоғамдастықтың даму жоспарларында басым сала ретінде белгіленген салаларда оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру әдістеріне назар аударады. Дамытушы топтар топтар оқу бағдарламарын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының қабылдауына қолдау көрсету арқылы кәсіби қоғамдастықты дамытуға өз үлестерін қосады.

Қоғамдастықтың тақырыбы: «Диалогтік оқыту арқылы қарым-қатынасты орнату»

Қоғамдастықтың мақсаты: желілік қоғамдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірибе алмасу, білім мен білімділікті дамыту; ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау, мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу, үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Нәтижесі: инновациялық технологиялар, үш деңгейлік курстар, білім жүйесіндегі жаңалықтар, мұғалім портфолиосы т.б. жағдайлар туралы ақпарат алуларына мүмкіндік жасалады.





Құрылым

Қамту

Қоғамдастық мүшелері

Кездесулерді өткізу жиілігі

Байланыстар

Топтың негізгі мақсаты – қызметті сипаттау

Тохашева М.С.

Крупский Ю.К.

Мұхтар Н.

Лақай А.





Свободный орта мектебі

Директор Сало Е.А.,

Директордың орынбасары М.Тохашева,

Модератор Ю.Крупский



Тоқсанына бір рет

Мүшелер арасында форум құрылған

Үйлестіру, жоспарлау және бағалау

  • Мектептің даму жоспарын құру;

  • Мұғалім портфолиосын толықтыру;

  • Сабақтың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын құру;

  • ӘБ жұмысының жоспарын құру және өзгертулер енгізу;

  • Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;

  • Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру стратегиясын көру.

Коккузов С.Б.

Челюбеева Е.Б.

Каримова Г.К.

Мурзалина М.А.

Сало Е.А.


Мектептер арасында

Аталмыш мектептердің мұғалімдері

Айына бір рет

Аталмыш мектептер

Адамдарды және үдерістерді дамыту.

Үш деңгейлік курстан өткен мұғалімдер

Мектеп аясында және мектеп арасында

Аталмыш мектептердің мұғалімдері

Айына бір рет

Аталмыш мектептер

Деректерге негізделген сынып сабақтарын әзірлеу. Өткен сабақтарды талдау және зерттеу.

Жас мұғалімдер тобы

Мектеп аясында және мектеп арасында

Аталмыш мектептердің жас мұғалімдері

Айына бір рет

Аталмыш мектептер

Адамдарды және үдерісті дамыту.

Оқытушы ұйымдар және Гай Глэкстон тарапынан жәрдемдесу.


Тәжірибесін насихаттау мақсатында тамыз конференциясында эксперименттік сыныптарда оқыту тәжірибемнен 2012 жылы “Информатика пәнін 12-жылдық білім беруде оқытудың ерекшеліктері”, 2014 жылы «Заманауи сабақ құрылымы» тақырыбында жұмыс тәжірибесінен, 2011 жылы педагогикалық кеңесте «12-жылдық білім беруге көшу барысында оқытудың құзырлы мәселелері», 2013 жылы әдістемелік кеңесте «Жобалық іс-әрекет - оқушы құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі әдістерінің бірі» баяндамалар жасады. Электронды журналдарда, педагогикалық сайттарда авторлық әзірлемелері жарияланған.

Түрлі деңгейдегі сайыстар мен байқауларға өзім де, оқушылары да үнемі қатысып тұрады: «Қазақстан интернет-олимпиадалары» республикалық жобасында ауданның үздік нәтижесі, «Ақбота» интеллектуалдық марафоны, «Кенгуру» математикалық сайысы, «Ең үздік авторлық жоба» республикалық байқауы 2014, әлеуметтік-педагогикалық жаңашылдықтары жәрмеңкесі, аудандық «Үздік педагог 2014» байқауының гран-при иегері, облыстық физика мұғалімдерінің олимпиадасының қатысушысы, 2014 жыл.

Қазіргі таңда балалар өмірі компьютермен тығыз байланысты. Бірақ графикалық жобалар жасауда қиындық тудыратын жағдайлар жеткілікті. Осы ақауларды түзету, компьютерлік графика негіздерін қалыптастыру мақсатында «Компьютерлік графика» оқу-әдістемелік кешені авторлық бағдарламасын 2010 жылы жазды. Аталмыш кешен бағдарламадан, оқу құралынан (хрестоматия), жұмыс дәптерінен және бағалау журналынан тұрады. Авторлық бағдарлама Қарағанды облыстық білім жетілдіру институтының эксперттік кеңесінде мақұлданып, информатика пәні бойынша қосымша оқу құралы ретінде ұсынылған.



Сабақты ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдануды әдетке айналдырып, оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланамын.
Каталог: FF5538CCA0084C83
FF5538CCA0084C83 -> Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге
FF5538CCA0084C83 -> Күні: 19. 02. 2016жыл Сыныбы
FF5538CCA0084C83 -> Сынып: 8 «А» Сынып жетекшісі: Шерғозы Фариза Мәлікқызы Мақсаты: "Адам құқығы" деген не екенін түсіну
FF5538CCA0084C83 -> «Бекітемін» мектеп директоры: Н. Меркер тақырып: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
FF5538CCA0084C83 -> Сайыстың мақсаты Сайыстың жоспары
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ №: 171 Пәні: Математика Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі : өткен сабақтардан алған күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ жоспары Күні: 09. 02. 2017 жыл Өткізілетін орны
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Рухани астана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет