Әлмұхамбетов Б. А. Абай атындағы ҚазҰпу-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, п.ғ. д., профессор



Дата08.07.2018
өлшемі24,28 Kb.
#48773
ӘОЖ: 745.52
Әлмұхамбетов Б.А. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры, п.ғ.д., профессор,

Бекболатова К.М. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 2 курс PhD докторанты,
СУРЕТШІЛЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ СӘНДІК ҚОЛӨНЕРДЕГІ МАҢЫЗЫ
Аннотация: Бұл мақалада Қазақстан және Кеңес Одағы кезіндегі суретшілер шығармашылығына сипаттама беріліп, олардың туындыларынан қазақ сәндік қолөнері, ұлттық киім туралы мәліметтер айтылды.

Аннотация: В данной статье проводится анализ творческих работ художников Казахстана и Советского Союза в которых упомянается особенности декоративно-прикладного искусства и национальной одежды.

Annotation: This article analyzes the creative works of artists of Kazakhstan and the Soviet Union that mention arts and crafts and national costumes.
Әлемнің кез келген мемлекетінің кес­кін-келбеті ең әуелі мәдениетімен және дәстүрімен өлшенеді. Мәселен, Францияны Лувр мұражайынсыз, Италияны Ла Скала театрынсыз, Египетті пирамидаларсыз немесе Александрияны кітапхана­сын­сыз көзге елестете алмаймыз. Сол сияқты, біз де ұлттық мәдениетті ұлық­тап, оны әлемдік өнер жауһарларымен ұш­тас­тыра дамыта түссек, мемле­кеті­міздің мерейін тасытып, еліміздің жаһанға танылуына жол сала бермекпіз. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады [1]. 
Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі - мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру үрдістері жүзеге асырылу нәтижесі болып анықталады. Сол бір мәдени материалдық қажеттіліктің бірі әрбір ұлт өкілі үшін – ұлттық киім үлгілері болып табылады. Қазақ ұлттық киім үлгілерінің бүгінгі күндегі дамуы мен тұрмыста қолданылуы және қажеттілігі күннен-күнге артуда. Осы орайда білім беру жүйесінде атқарылып жатқан педагогикалық зерттеулер мен өндірістік қызметтерге тоқталмай, ұлттық киім мен қазақ қолданбалы қолөнері жайлы айта алмаймыз. Себебі, мәдени құндылықтарымыз жайлы ғылыми еңбектер нәтижелерінде берілген тұжырымдар мен жаңалықтарсыз ұлттық өнерімізге үлес қосып, өркендету екі талай. Ізденген, зерттеліп, біздерге сақталып жеткен дерекнамалар өнерді дамыту мен жалғастыруда негізгі тірек болмақ. Сондықтанда, педагогика саласы бойынша зерттелген еңбектерді атауымыз жөн.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері педагогика ғылымы саласында орындалған бірқатар зерттеулерде оқушыларға еңбек, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру (С.Ұзақбаева, Б.Альмухамбетов, Р.Төлеубекова, Қ.Шалғынбаева, Т.Левченко, Қ.Әміргазин, О.Сатқанов және т.б.), көркемдік-эстетикалық, танымдық қызығушылығын қалыптастыру (С.Жолдасбекова, А.Сәулебаева, Б.Ж.Жиентаева және т.б.), кәсібилігін шыңдап, шығармашылық қабілетін дамыту (Ж.Балкенов, М.Мырзаханов, А.Манабаева және т.б.) мақсатында қарастырылса, кейбір зерттеулерде ([Қ.Болатбаев], Қ.Ералин, Б.Ижанов, Е.Асылханов, С.А. Жолдасбекова, Ұ.М.Әбдіғапбарова, Н.М. Адамқұлов, А.Д.Райымқұлова, А.С. Сманова және т.б.) қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін және қазақ ұлттық киімдерін әзірлеуді болашақ көркемөнер мұғалімдерінің кәсіби даярлығында пайдалану мақсатында жан-жақты зерделенген [2].

XX ғ. басындағы қазақ халқының бейнелеу өнерi ерте кезеңдердегiдей сәндiк-өрнектiлiк пiшiнде дамыды. Сонымен қатар кәсiптiк станоктық өнер де дами бастады. Қазақстандағы кәсiптi бейнелеу өнерiнiң негiзiн салушылардың бiрi болып Н.Г.Хлудов (1850-1935 жж.) саналады. Оның шығармашылығы шыншылдығымен ерекшеленедi. Н.Г.Хлудовтың көркем мұраларының арасында «Қой қырқу», «Тоқушы», «Даладағы айқас», «Орақ өру мерзiмi», «Көктемдегi жер жырту» картиналары ерекше орынды алады. Осы картиналарда автор қазақ халқының тұрмысы мен еңбегiн көркемдеп бейнелейдi. «Таулы жайылым», «Алматы құзы», «Ыстық көлi» картиналарында Қазақстаннның ғажайып табиғаты суреттелген. Н.Г.Хлудов шығармашылығының маңызды бөлiгi қазақ әйелдерiнiң қиын өмiрiне арналған. «Келiндi алып қашу», «Әйелдер айтысы» картиналары ескi әдет-ғұрып, салт–дәстүрiне шырмалып, бақытын таба алмаған әйелдер күнiн көркемдеп жеткiздi. Сонымен, қазан төңкерiсiне дейiнгi қазақ халқының қолөнерi тұрмыстық өмiрдiң өркендеуiне және басқа елдермен қарым-қатынастың дамуына байланысты дамып отырды [3].

Қазақстан бейнелеу өнерінде артына мол мұра қалдырған халқымыздың аяулы суретшісі Ә.Қастеев өзінен кейінгі суретшілерге өнерде сара жол көшбасшы десек болады.

Ал, 30-жылдары суретшілердің шығармашылық ізденісі ерекше даму үстінде болды. Сол жағынан ол кезде олар сонша аз болса да, кейінгі буындағы тума таланттар өсіп жетілді. Солардың бірі Ә.Ысмайыловтың 1932 жылы жазған «Қарағанды, Забойда» деген шығармасындағы графикалық ширақтықпен батыл композициялық шешімдер және де ондағы қатты тондар өмірдің шындығын дөп басқандай. Осы кезде Қ.Қожықовтың суреттері өзінің ерекшелігімен көпшілікке әсерін қалдырды. Суретшінің су бояумен жазған «Астық бастыру» (1937), «Сиыр сауу» (1937) шығармалары сол уақыттың тыныс тіршілігін романтикалық шабытпен бейнелеген. Ондағы елдің тіршілігі, көңіл күйі буырқанған бояулар арқылы үнсіз көрсетілген.

Ұлы отан соғысы жылдарында республикаға елдің әр түрлі аудандарынан көптеген суретшілер көшіп келді. Олардың ішінен кейбіреулері өз тағдырын Қазақстанмен түпкілікті байланыстырды. Бұл жылдары суретшілердің шығармашылық күш-жігері өнердің үгіт-бұқаралық түрлеріне жұмылдырылды, суретшілер көркемдеген ҚазТАГ хабарлары, плакаттар шығарылды. Алайда, форма мен мазмұндық атқаратын күрделі шығармалар да назардан тыс қалған жоқ. Бұл тағдырдың тәлкегіне қарамастан адамның әрқашан мойымай, рухын түсірмей, сұлулықты сергіштік қабілетін сақтай алатындығының айқын дәлелі ретінде сол кезде Алматыға келген жас суретші А.Черкасскийдің еңбектерінен көруге болады. («Күзгі алтын», 1944), («Әйел кеудесі», 1944). Суретші талай жылдар бойы Алматы көркемсурет училищесінде мұғалім болып еңбек етті. Осы кезде көптеген болашақ суретшілер одан білім алады. Шеберлік мектебінен өтеді.

Ал, А.Черкасскидің «Жамбыл Жабаев пен Дина Нурпейісова» (1946) атты іргелі полотносында да суретші жанрлық жанасуды пайдаланады. Мұнда музыка екі өнер адамының қарым-қатынас құралы болып табылады. Еңбектеріне көз жиберейік. Суретші М.Лизогубтың «Ертегі» (1957) шығармасында бояу нақышының жылылығы әжесі мен немересінің арасындағы жан тебіренісін дәл көрсеткен. Ал мүсінші Х.Наурызбаев болса мәдениет қайраткерлері портреттерінің галереясын жасауға кіріседі. («Құрманғазының портреті», 1957). 1950 жылдардың ортасында еліміздің көркем өнеріне Ресейдің жоғарғы оқу орындарынан көркемдік білім алған талантты қазақ жастарының келуі жаңаша дүмпу әкелді. Рас бұл кезеңде бейнелеу тілі жүйесін жасаудан гөрі, ұлттық тақырыпқа көбірек күш-жігер салынды. Бірақ, қалай болған күнде де, қазақ суретшісінің оның орыс, украин немесе өзбек ағайыннан өзгешелейтін өзіне тән әдіс-тәсілді ойлап табуға әрекет жасалғандығы күмәнсіз.

1953 жылы Ленинградтан С.Мәмбеев, Қ.Телжанов, Н.Нұрмұхаммедов, 1956 жылы К.Шаяхметов, Москвадан М.Кенбаевтар келді. Көп ұзамай осы келген жас кескіндемешілер Қазақстанның алдыңғы қатарындағы жетекші суретшілер қатарына қосылды. Туған жерге көп жылдардан кейін оралған суретшілер үшін оның әр қамысы мен топырағы ыстық еді. Олардың өскен ортаға, ата мекенге арнаған картиналары ыстық ілтипатпен жазылды. К.Шаяхметовтің «Туған ауылда» (1957) деген картинасында қаладан келген жас жігіттерді туған-туысқандарының қандай жылы шыраймен қарсы алуын бейнелейді. Шығармадағының бәрі жүрекке жылы тиеді. Қымыз құйып отырған әйелдің аппақ кимешегі, кешке қарай алысатын мұнартқан тау, жағалай тігілген киіз үйлер бәрі-бәрі тартымды. Суретші «Тал-түс» (1959), «Қойшылар портреті» (1977), «Анасының портреті» (1979) т.б. еңбектерінің авторы. Ол қалам тартқан қылқалам шебері Қ.Телжановтың суретшілік дарыны 1950 жылдардың ортасында жазылған «Тұңғыш рет» (1954), «Әжесі мен немересі» атты шағын жанрлық шығармаларында қарапайымдылығы, шешімнің жеңілдігі, сыршылдығы мен халықтың ерлік образын сомдау міндетін алдыға қояды. Оның үлкен полотноларының түп негізінде тың игеру, ұлттық ойындар төңкерістік оқиғалар секілді әр түрлі сюжеттер орын алды. Бұл ретте Телжанов әрқашан ұқсас сюжеттерге көңіл бөлген орыс суретшілерінің тәжрибесіне сүйенеді. Суретшінің картиналары «Бабалар жерінде» (1958), «Көкпар» (1960), «Бастау» (1966) Қазақстанның кескіндеме өнерінде ұлттық қаhарманның қалыптасуына айрықша ықпал етіп, маңызды роль атқардыдесек артық айтпаған болар едік.

Кеңестік дәуірде Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш.Уалиханов атындағы тарих-археология және этнография институты, Қазақстанның Орталық музейі ұйымдастырған далалық экспедициялар, 1962 жылы Москвада басылған «Орта Азия және Қазақстан халықтары» атты көлемді еңбектің, И.В. Захарова мен Р.Д. Ходжаеваның «Қазақтың ұлттық киім-кешегі» (1964) атты монографиясының жарық көруі, А. Ғалымбаеваның «Қазақтың халықтық киімі» (1968,1978) атты суретті альбомдарының шығарылуы, тіптен 1984 жылы Қазақтың халық музейінде өткізілген көрме мен осы жолдары автордың баяндама жасаған республикалық ғылыми-практикалық конференция қазақша киімді зерттеп білу ісін біршама жолға қойғандығы мәлім. «Өнер» баспасы дайындаған академик Ә. Марғұланның «Қазақтың қолөнері» атты үш томдығы да бұл мәселенің шешім табуына қосылған үлес. Міне, жоғарыда айтылған суретшілер шығармашылығынан қандай өнер бастауында болсақ та тәлім тәрбие алып, олардың туындылары не хабар берерін түсініп, сол еңбектерге де ізденіс жасап, талдама беріп, Қазақстан, басқа да елдер суретшілер шығармашылығанан хабардар болып, танып білудің маңызы орасан болмақ. Суретшілер шығармашылығын танып білу болашақ өнер адамы үшін негізгі білім болып анықталады. Өнер саласы жан-жақты, соның бірі киім жобалауда да суретшілер шығармашылығының маңызды екенін ескерсек, тек қана бір бағытпен байланысты ұйымдастырмай, жан-жақты ізденістер арқылы болашағы бар жоғары деңгейдегі жұмыстар жасауға мүмкіндіктер береді.

Жоғарыда айтылған суретші ғалымдарымыздың еңбектерін талдай келе, өнер арқылы өткен дәуірдің тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, әлеуметтік жағдайларын қылқалам ұшымен шынайы түрде жеткізе алған аға буындарымыздың арқасы деп түсінеміз. Олардың елеулі еңбектерінің арқасында ел болып танылып жатқан жаймыз бар. Сонымен бейнелеу өнерінің жанрлары кескіндеме, дизайн, мүсін, сәулет, қолданбалы қолөнер салалары үнемі дамып, жетіліп отырғандықтан, осы жаңа өзгерістерді бізге жеткізіп отыратын өнертанушы яғни ғылым жолындағылар.

Сол себептен, тарихи тағлымды білу, бүгінгі күннің мүддесін түсіну, өкше басар ұрпаққа әлеуметтік, рухани мұра қалдырып отыру – адамзат әулетінің ұлы парызы. Сондықтан қазіргі қазақ халқының рухани жағынан қайта түлеу, өркендеу кезеңінде ұлттық дәстүрді қастерлеу, ұлтына, еліне, тіліне, дініне, мәдениетіне шынайы сүйіспеншілікпен қарайтын тұлғаны рухани-мәдени қалыптастыра тәрбиелеу өзегіне айналу керек. Қазақтың болмысы түрлі мәдениеттің тоғысында қалыптасқан, ал қазақ мәдениеті рухани дамудың қалыптасқан белгілі бір бағдары, әрі деңгейі. Қазақ халқының дәстүрлі ерекшелігі оның қазақи болмысында: адам болу мен ел-жұрт болу бағдарын бірге ұстаған салтынан, ұрпақ өресін атамекенмен үйлестіре қараған мәдени-ұлттық дәстүрінен, халықтық салтты жоғары құндылық ретінде қабылдаған бағдарынан құралады және жаңғырады. Қазақ - өз атамекенінде, енді Қазақстан елінде ежелгі заманнан бері өмір сүріп, өсіп-өніп келе жатқан, әлеуметтік-мәдени мәртебесі жоғары тарихи халық [4, 222 б.]

Әр халықтың сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесінде өзіндік рухани тарихы, тағлымы, ой-пікірі, қорытынды түйіні болады. Күн санап халқымыздың дәстүрлі құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ықылас өсіп келеді. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қолөнердің ғасырлар сынынан еленіп, бүгінгі таңға дейін жетуі оның өміршеңдігін, мәдениеттегі өзіндік орнын, қажеттілігін айқындап тұр. Енді осы мұралардың құндылығын арттыру, дәстүр сабақтастығын жалғастыру, оған дәнекер болу әрбір ұлттық мәдениетке көзінің қарашығындай қамқорлық жасау зиялы қауымның борышы мен парызы. Бар әдемі құндылықтарды сырттан іздемей, оны өзіміздің асыл мұралардан іздеу, оны жандандыру, қалпына келтіру, мәдениеттанулық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы ең бір көкейтесті, өзекті проблемалардың бірі деп түсінеміз [5, 147 б.] Қазақ халқының болашағы - қазақ жастарының тәрбиесінің ұлттық болуын, жанының, дінінің, тілінің тазалығын, жалпы оның білімінің ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын қалап, "ұлттық өнер", "ұлттық рухани мәдениет", "ұлттық сана-сезім", "ұлттық мінез-құлық", "ұлттық қайрат-жігер" арқылы дамыту қажет. Қолөнердiң оның ішінде киім тігу өз дәрежесiнде игере бiлудiң маңызы болашақ ұрпақты өзiне ғана тән көне өнер сипатын сақтап қалуға негiз болатындығы сөзсiз. Сондықтан да, жас жеткіншектерге киім тігу өнері бойынша білім мен тәрбие берудің алатын орны ерекше. Өйткені, халқымыздың тігін өнерін жалғастырушы осы келешек жасөспірімдердің білімі мен тәрбиесіне, мәдениетіне тікелей байланысты. Бүгінде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең алдымен, жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықты бағалауға баса назар аударуды қажет етеді.


Әдебиеттер:

  1. Дархан МЫҢБАЙ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.Email: egemenkz@mail.online.kz 

  1. Райымқұлова А.Д. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру. Авторефераты. Алматы, 2009

  2. Асанова С.Ж, Птицина А.П. Қазақтың ұлттық киімдері және қолөнері тарихы; Оқулық. –Алматы, 2002. -200 бет

  3. Тарихи-мәдени мұра және мәдениет. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарының материалдар жинағы. Алматы: Service Press, 2012. -320 б.

  4. Әлімжанова Ә.Ш., Ғабитов Т.Х. Өнер - өзін-өзі танудың қайнар көзі. - Алматы, 2011. -168 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет