Әож 332. 146: 339. 137. 2 Аймақ имиджін қалыптастыру мен дамыту Тәжітаева Р. С. с.ғ. к., доцент



Дата17.06.2018
өлшемі44,91 Kb.
#42919


ӘОЖ 332.146:339.137.2

Аймақ имиджін қалыптастыру мен дамыту

Тәжітаева Р.С. – с.ғ.к., доцент

Оспанханова Ж.Б.- саясаттану магистрі

ОҚМПИ, Шымкент қ.


Резюме 

В статье рассмотрена и анализирована основные факторы и структуры которые влияют на формирование позитивного имиджа региона.

Summary

The factors and structures, which influences to the formation of the positive image of the region are defined and analyzed in the article.
Қазіргі кезде аймақтар (қалалар) имиджін қалыптастыру мәселесін шешу және оны қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналуда. Аталған мәселеге байланысты жыл сайын ғылыми конференциялар мен семинарлар ұйымдастырылады. Қаланың жағымды имиджін қалыптастыру мәселесі болжамды-аналитикалық зерттеулерде және қалалар-дың әлеуметтік-экономикалық дамуының концепциясын жасаудағы сценарий жоба-лауында да қозғалған. Тәжірибе көрсеткендей, имидж маңызын және оны қалып-тастыру принциптерін түсінетін басшылығы бар аймақтар, әріптестер мен инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылық танытуда. Алайда егер имидж жағымды, объективті сипатта болса ғана. Қала өмірінің әрбір аспектісі – қала тазалығынан бастап кәсіпорын жұмысы мен оның жұмысшыларының көңіл-күйлеріне дейін – біз байқай бермесек те, қала имиджіне әсер етеді. Инвесторлар мен туристтер, тұрғындар үшін аймақтың тартымдылығы қала имиджінің жағымды ретрансляторы, яғни оның барлық ресур-старын белсенді қолданушы ретінде қаралады. Бұл, өз кезегінде, нарық террито-риясындағы тауар болып табылады. Осылайша, қала имиджін, өзі секілді қалалар қатарында көрінуімен байланыстырылған, оның өзгешелігі, қайталанбастығы ретінде түсіне бастаймыз.

Соңғы кезде аймақ имиджі мәселесі қоғаммен байланыс жөніндегі мамандардың ғана қарауындағы сұрақ емес. Тіпті, басқарушы элитаның өзі осы мәселеге баса назар аударатын болған: БАҚ-пен байланыс, өлкетану әдебиетнің жарнамалық сипаты, ұлт-тық республиканың мемлекеттік символикасы, мәдени дәстүрлерді белсенді қолдану – осының барлығы енді имиджге «жұмыс жасайды». Мамандардың ойынша, мұндай маңызды үдеріс көзден таса болмауы қажет. Аймақ өмірінің барлық аспектісі, айналып келгенде, территорияның жағымды имиджін қалыптастыруы қажет. Әрине мұнда БАҚ ролі де аса маңызды. «Төртінші билік», «ақпарат билігінің» заманында, аймақтың негізгі сипаттарын қалыптастыру нақ осылардың қолында.

Бұл өзектілігіне қарамастан, аз зерттелген мәселе болып отыр. Сондықтан баса назар аударуды талап етеді. Аталған саланың қазіргі жағдайын, басым үрдіс пен перспективаларын анықтау үшін, «имидж» түсінігін анықтау жолдарын, «аймақ имиджі» феноменін қарастырып, бұл түсініктің негізгі құрамдас бөліктерін айқындау; аймақ имиджін қалыптастыруда бұқаралақ ақпарат құралдарының рөлін анықтау қажет.

Зерттеушілер бұған бірнеше анықтама береді. Оларды қарастырып, «аймақ имиджі» түсінігіне анықтама іздеп көрейік.

Имидж (лат. imado – бейне, сипат) – белгілі-бір тұлға, құбылыс, заттың бейнесін мақсатты түрде қалыптастыратын және популяризация, жарнама мақсатында тұрақты қолдауды, беделді табу мақсатында біреууге эмоционалдыы-психологиялық ықпал ету [1]. Вебстердің сөздігіне сүйенсек, имидж – бұл белгілі-бір объектінің, әсіресе, тұлғаның жасанды иммитация немесе сыртқы форманы ұсыну болып табылады [2]. Ол бұқара санасында паблисити, жарнама не үгіттеме көмегімен мақсатты түрде қалып-тасатын, адам, тауар не институт жайлы елес болып табылады. Қазіргі энциклопе-диялық сөздіктерде «имидж» түсінігі популяризация, жарнама және т.б. мақсатында эмоционалды-психологиялық ықпал жасауға бағытталған, бейненің (тұлға, құбылыс, зат) мақсатты қалыптасуы ретінде қарастырады [3]. Әдебиеттерде имидждің келесі негізгі қызметтері атап көрсетіледі [4,175-б.]:

1. Етенелесуші – мақсатты аудиторияға, қысқа мерзім ішінде, ақпараттың бар-лық көлемін талдамай, объектінің жағымды және жағымсыз жақтары жайлы ақпаратты қабылдауға мүмкіндік береді;

2. Идеализациялық – объектінің айналасында жағымды және жағымсыз ақпарат-тық аяны қамтамасыз ете отырып, сипаттарын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;

3. Компаративистикалық – басқа объектілердің имиджіне негізделеді, имидждің объектісін жағымды немесе жағымсыз жағын көрсетеді;

4. Диферренциациалық – қалыптасқан жағдайда объект имиджінің ерекшелейтін сапасын көрсетеді.

Енді «аймақ» терминін қарастырайық. Аймақ имиджі – күрделі түсінік, өйткені онда көзге көрінетін сипаттары арқылы емес сапалық және қасиеттік кешен жайлы сөз болады. Имидж – материалдық объект емес, ол ол адамның санасында калыптасады және оны тек оған деген ыңғайы арқылы сипаттауға болады. Көбінесе, ол индивидтің аймақпен арақатынасын белгілейтін, ассоциативті көрініс кешенді болып табылады.

Қазіріг уақытта біркелкі «аймақ имиджі» түсінігінің анықтамасы қалыптаспаған, алайда бұл бағытта жұмыстар жасалынуда. Осылайша, А.Васищева аймақ имиджін күрделі әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде анықтайды. Оның қалыптасуына адам психикасының ассоциативті сипатты қабылдау және қалыптастыру мүмкіндігі секілді қасиеттер қажетті жағдай болып табылады [5,56-б.]. И.С.Глебова түсіндіруіне қарағанда, аймақ имиджі территория жайлы эмоционалды және рационалды сипат-тарының жиынтығы болып табылады [6,59-б.]. Ол тарихи қалыптасады және ұлттық, әлеуметтік-психологиялық, мәдени ерекшеліктерімен шарттасады. Жеке мемлекет имиджі секілді, аймақ имиджінің ішкі түрі болады, яғни аймақтың ішінде тұратын тұрғындардың сипаттауы, және сыртқы түрі болады. Сыртқы имидж аймақтың эконо-микалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өмірін сипаттайтын ақпараттар мен жарна-маның таратылуы негізінде қалыптасады. Ол аталған территорияда тұрмайтын адам-дардың көзқарасы, әңгімесі мен ұзынқұлағына негізделуі мүмкін. Көбінесе, ішкі және сыртқы имидж сәйкес бола бермейді. Екеуінің ерекшелігі өте үлкен болуы мүмкін. Алайда, көбіне, ішкі имидж сыртқы имиджге қарағанда объективті болып келеді. Оған себеп ішінен шынайы жағдай айқынырақ көрінеді.

Жалпы алғанда, «имидж» термині, мысалы үшін, саясаткерлер мен жеке елдерге қарағанда, аймаққа өте сирек қолданылады. Аймақ имиджі – бұл «Бізді қалай сипаттайды?» сұрағынан келіп шығатын жауап. Аймақ өмірінің барлық аспектісі, соңында, территорияның жағымды имиджінің бейнесін сипаттап шығаруы тиіс. Терри-торияның жағымды қалыптастырылған имиджі – инвестиция тартушы, өмір сүруге қолайлы жағдай жасаушы, іскерлі және мәдени потенциалды дамытушы маңызды фактордың бірі екенін айрықша атап өту қажет. Аймақ имиджі БАҚ-на ол жайлы қандай ақпарат түсетініне тікелей байланысты болып келеді [8,18-б.]. Аймақ имиджінің қалыптасуына ұлттық БАҚ-да аталған аймақ жайлы ақпарат мазмұны мен жиілігі ерекше әсер етеді. Сондықтан қазіргі кезде аймақтың аса жағымды жақтары жайлы ақпарат белсенді жұмыс жасауы қажет. Көптеген зерттеушілер аймақ имиджінің дамы-мауының себебін, жалпы территория жайлы ақпаратпен қоғамды тиісті мөлшерде қамтамасыз етпеуімен байланыстырады. Өйткені барлық аймақтар, мамандар «ақпа-раттық маркетинг» деп атайтын аймаққа жағымды қатынас қалыптастыру мақсатында, осы аймақ жайлы жағымды ақпараттың жүйелілігінің маңыздылығы мен қажеттілігін түсіне бермейді. Аймақ жайлы ақпаратты тарату келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуды көздейді:

1. Аймаққа келген билік өкілдері арқылы;

2. Аймаққа келген нақты кәсіпорын мен ұйым өкілдері арқылы;

3. Аймаққа келген ресми делегацияарқылы;

4. Аймақ қатысатын көрме, жәрмеңке, конференция, басқа ақпаратты миссиялар арқылы;

5. Аймақтың сауда өкілдері арқылы;

6. Аймақтағы шетел өкілеттіктері арқылы;

7. Қазақстандық, шетел және халықаралық ұйымдар, туристік фирмалар, жергі-лікті және орталық БАҚ арқылы және т.б.

Аймақтың ақпараттық маркетингі аймақ жайлы жүйелік басылымдарға шығуды, арнайы ақпараттық және презентациялық мәліметтер дайындауды; ресми арналар бойынша аймақ жайлы ақпараттар таратуды; семинарлар өткізуді, миссиялар, жәрмең-келер мен көрмелерге қатысуды (өткізуді) және т.б. көздейді. Өзінің арнайы аудито-риясы бар, БАҚ-на мақалалар жариялау ерекше әсер етеді. Мұнда, ең бастысы, арнайы ойластырылған және дайындалған бағдарлама болуы тиіс. Аймаққа оны «тану және қабылдау» кезеңдерінің барлығынан сатылап өту шарт.

БАҚ-да аймақ жайлы ақпараттың болуы, оның идеалды бейнесін қалып-тастырмаса да, қоғамды сол аймақ жайлы ақпараттандыру қажет. Ал аймақ имиджін қалыптастырудың негізгі салмағы аймақтық және жергілікті БАҚ-на түседі.

Қорыта келе, аймақтың имиджін қалыптастыруда қандай да бір жолы таңдалмаса да, ақпараттандыруды назардан тыс қалдыруға болмайды. БАҚ аймақтық бәсекелес-тіктер аясында да «төртінші билік» болып қала береді. Сондықтан оның аймақ имиджін қалыптастырудағы мүмкіндігі мен рөлін зерттеу маңыздылығы артып келеді.



Әдебиеттер тізімі:

1. Минаев А.А. Критерии формирования имиджа региона. / http://www.cci.donbaass.com.

2. Толковый словарь Мерриама – Вебстера / http://www.m-w.com/netdict.htm.

3. Қазақша уикипедия. / http.://www.wikipedia.kz.

4. Шварценберг Р.-Ж. Политическая социология: В 3 ч.- М.: Республика, 1992.

5. Васищева А. СМИ и проблема формирования имиджа региона СМИ в этнополитических процессах на юге России: Сб.тр. - Краснодар, 2005. - 56-64 с.

6. Глебова И.С. Имидж республики.//PR-технологии в информационном обществе: Материалы II Всерос. науч.-прак. конф. - Санкт-Петербург, 10-12 ноября 2004 г. - СПб.: Изд. политех. унив., 2004. - 59-61 с.

7. Чернышов Ю.Г. Современная Россия и мир: альтернативы развития. // http://www.auditorium.ru.



8. Осетрова А.А. Имидж региона: формула успеха. //Publicity.-2006.-№1.18-22 с.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет