Әож-37. 00 Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ Ұлттық СӘндік қолданбалы өнерін үйрету бағыты мен жолдары



Дата19.02.2017
өлшемі100,43 Kb.
#10989
ӘОЖ-37.00
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕРІН ҮЙРЕТУ БАҒЫТЫ МЕН ЖОЛДАРЫ

Абдикаримова А.К.

«Бастауышта оқытудың педагогикалық әдістемесі»

мамандығының ІІ курс магистранты

Ғылыми жетекшісі, п.ғ.к., доцент Асабаев Ж.
Білім саласындағы кез келген пәннің жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Мектептегі технология пәні басқа пәндерге ұқсамайтын, өзіндік атқаратын қызметі мен тәлім – тәрбиелік мүмкіндігі зор пән. Технология пәнінің базалық мазмұны оқушылардың болашақ кәсіптерін анықтау қабілеттерін дамытады, өздерін өздері танып білулеріне , технология әлемін зерделеуіне, әр түрлі кәсіби салалар бойынша қабілетін, біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік жасайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан елінің болашағы да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр», - деген болатын.

Қазіргі таңда жеке тұлғаға бағытталған сабақ – бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес, сондай – ақ оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәрбиесін үнемі назарға ұстауы, сол тәжірибеге сүйенуі болып табылады. Бүгінгі таңда білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту қажеттілігі туындауда.

Ата – бабамыздың қалдырған бай мәдени мұрасының тарихын байыпты зерттемей, жаңа өмірдің талабына лайық жауап беретін туынды жасау мүмкін емес. Жаңа туындының тамыры көне дүние тарихымен неғұрлым терең астасқан сайын оның өрбіп өскен жапырақты бұтақтары да жаңа заманның рухынан нәр алып, сол ортаның идеалогиялық және рухани жағдайына лайықты мазмұн мен мағына беруі тиіс.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері ғасырлар бойы еліміздің тарихымен бірге дамып келе жатқан асыл мұра.Сәндік қолданбалы өнерді зерттеуге Қ.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, М.С.Мұқанов, Ә.Х.Марғұлан, Ә.Тәжімұратов, С.Қасиманов және т.б. секілді археологтар мен тарыхшылардың, ғалым – этнограф пен суретшілердің қосқан үлесі мол.

Қазіргі қоғамымыздағы рухани бай, терең білімді сәндік – қолданбалы өнердің туындыларын, әсіресе, көнеден келе жатқан асыл қазыналарды бағалап, зерттей білетін, оны ары қарай жалғастыра отырып, әлем мәдениеті деңгейіне көтеретін халық мұрасын дамытатын, танымдық белсенділігі жоғары балаларды тәрбиелеп шығару мектептің міндеті.

Танымдық белсенділік – жас ұрпақтың оқуға, өнерді тани білуге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Баланың өнерді үйренуіне негізгі түрткінің бірі – қызығу. Ұлттық қолөнерінің жемісті болу, ең алдымен, баланың өнерге қызығушылығынан туындайды. Егер оқушы өзі өнерге талпынбаса, күшпен зорлап үйрету мүмкін емес. Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты өнердің сатыларын үйрету керек. Үйренуге, оқуға, білуге деген қызығушылық – танымдық белсенділіктің қозғаушысы [1].

Әрбір ұрпақты жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін білім мен білігіне сай келетін оқыту бағдарламасын таңдай отырып, олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек.

Мұғалімнің негізгі мақсаты – өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру, оқушыларға өз бетінше танымдылық әрекет әдістері мен дағдыларын меңгерту, ақыл – ой қабілетін жетілдіру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:

- өнердің арнайы ерекшеліктерін ескеру;

- жас ұрпақтың ұлттық қолданбалы өнерге деген эстетикалық қызығушылығын дамыту;

- имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру;

- оқыту барысында жүйелілік пен бірізділікті ұстану;

- оқушының жас ерекшеліктерін ескеру;

- политехникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру.

Оқу – тәрбие жұмысындағы нәтижеліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде.

Мектепте оқушылардың қолөнер саласындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту әдісі көп жағдайда жеке дара, топпен және кіріктірілген презентация түрінде жүргізіледі. Қазіргі таңда ұлттық бұйымдарға сұраныстың артуы оқушыларды қазақ халқының кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білу іскерлігіне баулу қажеттігін тудырды. Бұл мәселені шешудегі негізгі себеп оқушы жастарды жаңа экономикалық жағдайда еңбек етуге, өз бағыт – бағдарын анықтауға мүмкіндіктерін іске асыруға даярлау.

Бағдарламаға сай тақырыптық бөлімдерде істелетін жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттырып, сабаққа деген белсенділік қабілеттерін дамытады.

Халқымыздың қолөнеріне оқушыларды баулып, оларды белгілі бір өнерге үйрету керек. Негізгі мақсат оқушыларды өнерге үйрету ғана емес, өнер туындыларын жасауға баулу.

Қазіргі кезде күнделікті тұрмысқа керекті жеңіл – желпі заттарды станоксыз да қолмен жасауға болады. Қолмен жасау ерекше жабдықты, арнаулы орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін қарапайым әрі тиімді өнер.

Сәндік – қолданбалы өнер – өнердің ең көне және кең таралған түрі. Мектепте оқушылардың сәндік – қолданбалы үйірмеде, студияларда қабілеттерін арттыру мақсатында кілем тоқу, шілтер тоқу, кесте тоқу, бисермен тоқу, т.б. түрлерін кең көлемде үйретеді [2].

Өрнектің түр – түрін ойлап шығару мүмкіндігі сәндік – қолданбалы өнерге деген қызығушылықты арттыра түседі. Ал қолөнерінің түрлері шексіз деп айтса артық болмас. Тоқып үйренген соң, бұл өрнектерді өзіміз де ойластырып шығаруға болады. Адамдарды барлық уақытта, қандай дәуірде өмір сүрсе де және олардың өміріндегі әдет – ғұрыптарына қарамастан әдемі орындалған бұйымдар барлық уақытта қызықтырады, қиялдауға жетелейді. Сондықтан да дұрыс ұйымдастырылған сабақ жоспары оқушының жеке басының қабілетін дамытып, өнерге үйретеді.

Сабақтан тыс уақытта оқушыларға «Шебер қолдар» атты сәндік – қолданбалы өнер студиясында өнер туралы білім беріледі, бір өнер түрін үйренуге ықпал жасайды. Бұл студияда оқушылар әр түрлі өнер түрлерімен танысады.


  • Шілтер, жастыққа қап тоқу, кілем тоқу, сырмақ пен құрақ құрау;

  • Сыммен шәлі, мойынорауыш, шұлық, қолғап, т.б. бұйымдарды тоқу;

  • Мата бояу – батик;

  • Табиғи материалдармен жұмыс, қайыс, былғарымен әр түрлі панно жасау және т.б.

Студияның сабақ мақсаты – оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру, әр бұйымға қойылған эстетикалық талғамын жоғарылату, ол бұйымдарды қазіргі тұрмыста пайдалана білуге тәрбиелеу.

Шығармашылық жұмыс жасарда оқушы алдына мақсат қойып, жоспар жасайды. Жұмыс әдісінің ерекшелігін, алуан түрлілігін, оқушылар қызығушылық таныта отырып меңгергенін көпшілікке дәріптеу мақсатында теледидар көріп, шығармашылық жұмыстарын көрмелерге, жәрмеңкелерге дайындау сабақтың тартымдылығын арттырып, оның қызықты да, нәтижелі өтуіне ықпал етеді.

Мысалы, гүл вазаларының астына қоятын шілтер, ыстық тағам ұстайтын тұтқыш, шәйнек астына қоятын төсеніш, сыйлықтық қоржын тігу оқушының сол зат туралы білімін көтереді, шеберлік дағдысын дамытады, еңбек істеу арқылы төзімділікке, уақытты ұтымды пайдалануға, бастаған ісін аяқтауға, т.б. жағымды қасиеттерге баулиды.

Қорыта айтқанда, қазақ халқының қолөнер түрі өте көп. Технология пәні қолөнер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын қолөнерді дамытудың бірден – бір бастар жолы екеніне толық сенімдеміз. Жалпы сабақ барысында әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиеленеді.

Қазір өнердің шарықтап етек жайған уақытында оқушыларға кесте тоқу, кілем, гобелен, бисермен тоқу және әр түрлі өнерді үйретуді мектеп бағдарламаларына көбірек енгізіп, оқушының шығармашылық қабілетін жандандырса, болашақ ұрпақтың ұлттық мәдениетін көтеру арқылы ұлттық деңгейімізді көтерер едік.

Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осы тұрғыдан сәндік – қолданбалы өнерді жан –жақты игеру, оны түсіну жаңа педагогикалық технология бойынша оқушылардың білім мен сапасын арттыруға, ой санасының дамуына мүмкіндік жасайды.

Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі: тамақ істеу, киімді пішу, тігу, тоқу, қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірмен, өзінің іс – әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де , қоғамға да пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны ісмерлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілік пен әсемділікті сезініп, қабылдауға үйретеміз.

Қазіргі өмір талабы – оқу – тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Технология сабағында іс жүзінде нақты ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек. Білім жүйесінің жаңа құрылымы мен оқу – әдістемелік жұмыстарының мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуды, шыңдауды талап етеді.

Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі мұғалімнің жеке басының ізденімпаздылығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді.

Дүниежүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдістерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүріп жатыр. Еліміздің болашақта көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып және әлемдік білім берудің кеңістігіне бағыт алуда. Білім берудің қоғамдық жағдайы келешек ұрпақты оқытудағы оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үрдістерін және жаңа педагог формациясын ұйымдастыруды талап етеді.

Жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу, әсіресе, қазіргі кезеңде ауадай қажет. Сондықтан «Технология» бөлімінің арнайы тарауларын оқыту, сабақта жаңа технологиялар мен әдістерді ізденуіне және шығармашылығын дамытуда, ісмерлігін, икем – дағдыларын қалыптастыруда қазіргі экономикалық жағдайға үйренуін қамтамасыз етеді. Сондықтан оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет. Ең басты мақсат – оқушылардың сабақ үстінде шет қалмауы, берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау. Технология пәнінде оқушылардың икемділігі, түсті таңдауы, жинақылығы және ілтипаты, биязы болып, өз ойын дәл дәйекті етіп, айқын көрсетуін талап ету [3].

Дүниетану, білімге талпыну әрбір адамның түбегейлі ісінің бірі. Егер бұл талпыну болмаса, әрбір адам білімге, еңбекке үңіле қарамаса ілгері басу, прогресс те болмас еді. Сондықтан, ұлттық мәдениетті көтеретін, ұлттық педагогикалық әдеп – ғұрыптарын, намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс – әрекеттерге сын көзбен қарайтын, ақпараттарды қарап саралай, тұжырымдай алатын оқушыларды дайындауымыз керек. Олар жаңа ойларға, идеяларға толы, күтпеген жерден пайда болған ойларға мағына беріп, шала ақпараттарды терістеп айта білулері керек. Оқушылар кез келген жалпыға танымал ақпараттарды сын тұрғысынан шығармашылықпен қарап, оның ұтымды жақтарын қолдануға тиісті.

Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан – жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалынуы қажет.

Қазіргі педагогикалық ғылымда жаңа ұғымдар көп. Солардың бірі – инновация ұғымы. Оны жете түсініп, инновациялық әдіс – тәсілдерді оқу үрдісіне енгізу – оқушылардың саналы да сапалы білім алуының бірден – Бір шарты. Ал инновация дегеніміз жаңа жағдайдағы жаңалық болып табылатын, нақты мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар.

Оқушылар ақпараттарды дұрыс мағыналы түрде меңгеру үшін сын тұрғысынан қарап, оны сұрыптай білуі тиіс. Олардың белгілі бір қалыптасқан ақпараттарды сұрыптауы, тізбектеп ойдан өткізуі, өз ойларын тұжырымдауы және пайдалы ақпараттарды, идеяларды таба білу тәжірибелері болуы керек. Олар өзі оқыған ақпараттарды жүйелілікпен ой елегінен өткізіп, сын тұрғысынан қарай отыра сұрыптай білуі қажет. Міне, сондықтан бүгінгі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуымен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келді.

Инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден – бір шарты деп айттық.

Саралап оқыту – оқушылардың туа біткен ақыл – ой қабілетінің жеке дамуының жан – жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс:


  • оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану;

  • оқушылардың ойлау қабілетін, жаңалықтарды тез қабылдауын қалыптастыру және жаңалықтарды өмірде қолдана білуді үйрету;

  • сабақтарда пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл күйіне, ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану.

Оқушылардың ойлау қабілетін жан – жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын сыни тұрғыда қалыптастыру негізінде күтілетін нәтижелер:

  • мұғалім мен оқушылар арасында тұлғааралық қатынас қалыптастыру;

  • сабақ барысында сыйластық пен сенімнің жоғары деңгеймен ерекшеленетін бірлестік жұмыс әдісі қалыптасады;

  • оқушыларды ашық түрде пікір алысу мәдениетіне баулиды.

Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан, оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастау мұғалімнің басты міндеті.

Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет нәрсе, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді. Сәндік – қолданбалы өнердің көп уақыт қажет ететіндігі мен қиындығына қарамастан ұлттық өнерімізді жалғастырып, ұлттық мәдениетімізді көтеруге өз үлесімізді қосайық.

Бүгінгі егемен еліміздің іргетасын нығайтып, келер ғасырға жалғастыратын, көкірегі ояу, саналы, арманшыл жастар екені даусыз. Тарихтың асыл қазынасын оқып үйренуде, халықтың мәдени мұрасын қадірлеп дәстүрін жалғастыра білу де дана халқымыздың қолөнерін үйренуде шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Шығармашылық қабілет дамыған өнер тілін түсінген өмірде бір мақсатқа қол жеткізіп үйренген оқушы кез келген істе осы қабілеттерін қолданатын болады. Мұғалімдерден қоғамның талап етіп отырған азаматтары осындай қабілетті, жан – жақты, ұлтының тарихын білетін, озық ойлы болуы қажет деп ойлаймыз[4].
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Қазақтың қолөнері» Дәркембай Шоқпарұлы, «Өнер» баспасы, 2005ж

2. Сихаева А. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің қажеттілігі. Бастауыш мектеп, 2006.-№10.



3. Жәнібеков Ө. Қазақ қолөнерінің мәдениеті. – Алматы: Өнер, 1982ж.

4. Сатқанов О. «Қазақтың сәндік – қолданбалы өнеріне бейімдейтін еңбекке үйрету» Алматы,.2010
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет