Әож 37. 012(063) Ө71 Бас редактор



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі3,47 Mb.
#54022
түріСборник
  1   2

ӘОЖ 37.012(063)

Ө71
Бас редактор: Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

директоры Алматова Сандуғаш Орекеновна


Редакция алқасы:

С.О.Алматова-Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры

Б.А. Турманова – директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары

Р.Е.Мамбетов – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Г.П.Дьячкова – бастауыш білім беру бөлімінің меңгерушісі

Б.А- Нургазиева – педагогикалық тәжірибие меңгерушісі

Г.С.Космухамбетова -Жоғарғы санатты оқытушы

А.С.Ерназарова -Бірінші санатты оқытушы

А.А.Сайболова – кітапхана меңгерушісі

Басылымға жауапты:

А.Н.Сейдакметова - аудармашы



Ө 71 «Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесі - ұлы даланың ұлағатты тарихы» тақырыбында «Құлжанова оқулары - 10» қалалық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы (Арқалық, 25 қараша 2016 жыл)

Сборник материалов городской научно-практической конференции «Нравственное воспитание подрастающего поколения великая история великой степи» «Кулжановские чтения - 10» (Аркалык, 25 ноября, 2016 год) – Қостаноай, 2016.-146 б,-қазақша,орысша.




ISBN 978-601-321-077-3
Жинаққа «Құлжанова оқулары - 10» қалалық студенттердің ғылыми- тәжірибелік конференциясының материалдары енгізілген. Материалдар Н.Құлжанова - мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаушы, қазіргі таңдағы білім беру мен тәрбиенің өзекті мәселелері, бәсекеге қабілетті маман дайындау. Конференцияның мақсаты болашақ мамандырдың кәсіби біліктілігін қалыптастырудың өзекті мәселелерін шешу бойынша тәжірибе алмасу; кәсіптік білім беру мекемелерінің бірлесіп жұмыс істеуін жақсарту;-заманауи ақпараттық қоғам жағдайында білім алушыларды әлеметтендіру; - студенттер мен олардың жетекшілерінің кәсіби тұрғыда қарым-қатынас жасауы үшін оңтайлы жағдай тудыру.

В сборник вошли материалы городской научно- практической конференции «Кулжановские чтения - 10». Материалы представляют авторские взгляды видения актуальных проблем и перспективные направления современного образования и воспитания. Цель конференции формирования профессиональных компетенций будущих специалистов, улучшение взаимодействия образовательных учреждений; - социализация студентов в условиях современного информационного общества; - создание оптимальных условий для профессионального общения студентов и их руковадителей.



ӘОЖ 37.012(063)
ISBN 978-601-321-077-3
©Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі


Құттықтау сөз
Алматова Сандуғаш Орекенқызы

Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық

колледінің директоры
Қадірменді қонақтар!

Құрметті конференцияға қатысушылар!
ХХ ғасырдың басында өз халқын білімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекі ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш – журналист- публицист Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың атындағы Торғай гумманитарлық колледжінде өткізіліп отырған, «Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесі – ұлы даланың ұлағатты тарихы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздарға артылатын жүк ауыр. Ол үшін ұстаз өзі білімді, жан-жақты болуы керек.

Нәзипа Құлжанованың ұлтқа қызмет етудегі қайыспас қайраткерлік тұлғасы- әрқайсымызға да үлгі-өнеге. Білімділігімен, парасаттылығымен, ұлтжандылығымен қайраткерлік дәрежеге көтерілген саусақпен санарлық қазақ қыздарының бірі, әрі бірегейі Нәзипа Құлжанованың өмірін, еңбектерін, саналы ғұмырындағы мұрасын зерттеу біздің парызымыз деп білеміз.

Елбасымыз «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», - деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осыған орай, қазіргі таңда ғылымға көп көңіл аударылуда. Ғылымға бетбұрыс кеңінен қолға алынып келеді. Жас ұрпақты ғылымға жетелеу, жол сілтеу, ізденімпаздығын ояту, ой – өрісін - дамыту, қабілетін шыңдап, бағдар беру ұлағатты ұстаздың құзіретінде. Жастардың ғылымға деген қызығушылығын, құштарын арттыру ұстаздың терең біліміне тікелей байланысты осы деп білеміз.

Осы мақсатта аталған оқу орнында ұлағатты ұстаздардың тәжірибесін жалғастыру мақсатында, ғылыми-практикалық негізінде жастарымыз бен ұстаздардың ізденіспен жасап жатқан еңбектерін жинақтауды жөн көрдік.

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы. Бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екені баршамызға мәлім. Сондықтан бүгінгі мен ертеңгіні жалғап, сонау Нәзипа бастаған үрдісті жалғастырып, қазіргі таңдағы ғылыммен ұштастырып, ғылымды дамыту өз қолымызда.

Ғылым - бізді жаңа әлемге, ашылымдарға, биіктерге, ойымыздың тереңіне үңілуге жетелейді.

Конференция материалдарының өзектілігі барлық білім беру салаларының буындарын қамтиды: тарихқа үңілу, Нәзипаны кеңінен зерттеп ғылымға зейін қою, жастарды осындай білімге тәрбейелеуге жетелеу басты міндетіміз деп қараймыз.



1 СЕКЦИЯ
Ыбырай Алтынсариннің шәкірттері мен ізбасарлар
Әбдір Айнур Ерболқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Турманова Бану Аскаровна
Қазақ жастары үшін арнайы оқытушылар мектебін ашу ісіне де Ыбырай Алтынсарин зор көңіл бөліп, көп мән берді. Талмай іздену, тиісті орындарға жалықпай өтініш жасаудың, сондай-ақ оқытушылар мектебінің елді мекендердегі ағарту ісі үшін айрықша қажет екендігін шебер дәлелдеудің нәтижесінде ол 1881 жылы Орск қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебін ашты. Бұл мектепке артқан үмітін және оның қоғамдық өмірі үшін маңызын Ыбырай өз сөзімен былайша сипаттайды: «Оқытушылар мектебі біздің оқушыларымыздың барып түсетін мектебі еді, бұлар сонда белгілі бір білім алып қазақ халқының тұрмысына, шынында да, пайдалы болған болар еді. Қазақ халқының ақыл-ойы мен экономикасының дами беруіне көмектесе алатын адамдар болар еді». Қазақ қоғамы жағдайында бірден үлкен оқу орнын жасаудың бүкіл қиындығын жақсы түсінген Ыбырай осы жалғыз оқытушылар мектебі мен уездік, болыстық мектептер арқылы қазақ арасындағы оқу-ағарту ісін алғашқы кезде дұрыс жолға қоюға болады, келешекте не істеудің керектігін уақыттың өзі көрсетеді деп санады.

Ерлі-зайыпты Нұрғали Құлжанов пен Нәзипа Құлжанова Ыбырай жолын қуып, халық ағарту саласының дамуына үлкен үлес қосты.

Нұрғали Құлжанов 1877 жылы Жанкелдин ауданы Қошалақ ауылында дүниеге келді. Алғашқы білімді Ыбырай ашқан мектептен алды. Қостанай гимназиясын бітіріп, Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқыды. Оның болашағына Ахмет Байтұрсынов ерекше әсер етті. 1905 жылы мұғалім, Семейде мұғалімдер училищесінің директоры қызметін атқарды. Қ.Сәтпаев, М.Әуезов, С.Бегалиннің ұстазы болды. Ол өзінің саяси қызметкерлері қолынан қаза тапты.

Әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту ісіне ерте араласқан Нәзипа Құлжанова 1887 жылы Торғай қаласында су атшы Сағымбайдың отбасында дүниеге келген. Сондағы ыбырай Алтынсарин іргесін қалаған мектепте білім алды. Кейін Қостанайдағы қыздар гимназиясын үздік бітіріп, Орынбор мұғалімдер мектебінде оқыды. 1908 жылы Семей мұғалімдер семинариясында ұстаздық қызмет істеді. Оның ағартушылық қызметі Сәкен Сейфуллин назарына да іліккен. Ахмет Байтұрсыновпен екеуі бір жерде туып, бір өзеннің суын ішкен адамдар. Ізденімпаз, ізгі, еңбекқор, талантты жасты Ахаң қолтығынан демеп, үнемі қолынан келген жақсылығын аямады. Соның бір айғағы, оның 1923 жылы «Мектептен бұрынғы тәрбие» деп аталатын кітабына алғы сөз жазды. Нәзипа Ыбырай мен Абайдың өлеңдерін орыс тіліне аударды. Ол газет-журналдарға хабар-ошар жазып тұрған. Қостанай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы қыздарымыздың бірі Нәзипа Құлжанова. Әкесінің аты бірде Сағызбай делінсе, кейбір басылымдар-да Сегізбай болып жазылып жүр. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) делініп, қатар көрсетілген.

Н.Құлжанованың мамандығы мұғалім. Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этнограф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік қалды. Құлжанова Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Ол әуелде Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, 1902 жылы Қостанай қаласындағы қыздар гимназиясын тәмамдаған. 1903-1904 жылдары Торғайдағы училищеде мұғалімдік қызмет атқарған. Кейін Орынбор мұғалімдер семинариясын бітіріп, Мұхтар Әуезов білім алған Семей мұғалімдер семинариясында 1905-1920 жылдары ұстаздық етеді.

«Ардақты Нәзипа деген ханым, Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім. Оқыса сондай әйел шығар ед деп, Оқығандар бағалар сөздің дәмін.

Неше күн қыдырсаң да таба алмассың, Семейдің одан өтер адал жанын.

Ақ көңіл, мінезі оңды, жүзі жарқын, Ынтасы жеткізбекке әйел халқын» деп қазақтың атақты ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров жырға қосқан Нәзипа Құлжанова ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлғалардың бірі. Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен танылған Нәзипа Құлжанова Семейде өзінің белсенділігін, қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы (ұлы Абайдың қайтқанына 10 жыл болған уақыт) мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін ұйымдастырып, өткізеді. Қазақ, орыс тілдерінде баяндама жасайды. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етеді. Нәзипа Құлжанова Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған. Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. Аталған кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз жазған.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ескерткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген.

Н. Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде ұсынылған. Ол 1927 жылы 5000 данамен Қызылорда қаласында басылып шыққан.

Н. Құлжанованың өмірі мен қызметі, мұрасы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Оның журналистік, аудармашылық қырын ашу келешектің еншісінде деп сенеміз. Қазақтың қайсар, қайраткер қызының ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жастарға аманат. Қостанай облысы Арқалық қаласында Назипа Құлжанова атындағы гуманитарлық колледж бар.

1915 жылдың 13 ақпанында Нәзипа Құлжанова әскери губернатордың рұқсатымен қазақтың ұлттық ойындарының кешін өткізеді. Бұл кеш жай ғана әдеби кеш емес, сауық кеші еді. Яғни орыстардың балы іспетті. Әлқисса, осы сауық кеште Абай мен Ыбырайдың шығармалары оқылды. «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 9 мамырында шыққан санында Нәзипа Құлжанова «Бір керек жұмыс» атты мақала жазады. Осы мақалада мынадай жолдар кездеседі: «1915 жылы 13 ақ­панда болған қазақша ойынның рұқсаты тым қиындықпен алынды. Бұл әдебиет кешінде тек екі Ыбырайдың (Ыбырай Алтынсарин) сөздері ғана базардан өтіп, басқа жақсы сөздер таңбасыз малдай бұл базарға кіре алмады». Бұл жолдардан сауық кешті өткізу Нәзипа Сегізбайқызына оңайлықпен келмегенін және қазақтың қос Ыбырайы сол кездің өзінде-ақ замандастарынан оқ бойы озып шыққанын байқай аламыз.

Нәзипа Құлжанованың осы бір сауық кештері жайлы жазған тағы бір жазбасына көңіл аударсақ: «Мұндай ойындар көбейсе, ақшасы – бір, екінші – жақсы сөздер жарысқа түсіп, әдебиетіміз ілгері басуға зор себеп болар еді. Сондықтан осындай жақсылық жолдарға ойын істейміз деп кезенген жерлерде жол бөгеу болмайтын қылып, тамам ескі, жаңа сөздерімізді – өлеңі бар, қара сөзі бар – жиып-теріп кітап (сборник) қылып драматическая цензурадан өткізіп алсақ, бір санаулы жұмыс біткен болар еді».

Енді өзі абайтанумен тұңғыш болып айналысқан, өзі аудармамен шұғылданған Нәзипа Құлжанованың негізгі қызметі не еді деген сұраққа келетін болсақ, бұл кісі бәрінен бұрын ұстаз болатын. Иә, ерлі-зайыпты Құлжановтар сол кездің ең білікті деген ұстаздары еді.

Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жангелдин ауданында дүниеге келген. Торғай қаласындағы приходская школада оқып, 1902 жылы Қостанайдағы пригимназияны тамамдайды да, 1903-1904 жылдар аралығында Торғайдағы әйелдер училищесінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1905 жылы Семей қаласына келіп, Оқытушылар семинариясындағы қызметін өмірлік серігі Нұрғали Құлжановпен бірге бастайды. 1903 жылы 1 шілдеде ашылған бұл семинария сол кездегі айтулы деген оқу орындарының бірі болатын. Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан секілді кесек тұлғалардың осы семинарияда оқығаны сөзімізге дәлел бола алады. 1923 жылы Н. Құлжано­ваның «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітабы жарық көреді. Бұл еңбек өз заманында жаңалық болғаны анық. Алғысөзін Ахмет Байтұрсынов жазған осынау кітап сәбидің өсіп-жетілуі, оны мектеп табалдырығына дайындау жөніндегі мәселелерді қамтыған еді. Теориялық тұрғыдан жазылған әдістемелік оқулық деуге де болатындай.

Ерлі-зайыпты Құлжановтар Ресей императорлық География қоғамына Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің мүшелігіне сайланып, ғылыми-ағартушылық, мәдени-қоғамдық істерге араласқанын да айтпай кетуге болмас.

Нәзипа Құлжанованың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің түлегі болып қана қоймай, сонымен қатар өз бойына тұлғаға ұқсайтын шәкірттік мінезбен тәлімгерлік өнегені жете ұғынып, бар күш қуатын біліміне үздіксіз жұмсап, соңғы буынға орасан зор еңбек сіңірді

Ыбырай Алтынсарин мектебінің буыны қатпаған шәкірттен, бүкіл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз, ғалым, ағартушы дәрежесіне дейін көтерілген. 1903 – 1904 жылдары екі жылдай Торғай қаласындағы әйелдер училищесінде ұстаздық қызмет атқарған.

Нәзипа Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы нәрестенің өсіп, жетілуі, мектеп табалдырығын аттауға дайындау төңірегінде жаңа ойларды ұсынған алғашқы жаңалыққа толы еңбек.

Қорытып айтқанда, Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы педагогика тарихының ірі – мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша сол жылдардағы қазақ әйелдері үшін арнайы теориялық және әдістемелік нұсқау ретінде маңызды қызметтер атқарды. Еңбек 1923 жарық көргеніне қарамастан, теориялық, тәжірбиелік маңызын, өзінің құндылығын жоймаған, бүгінгі күні де көкейтестілігін жоғалтпаған дүние болып қала бермек.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Нәзипа Құлжанова. Г.А. Карібжанова. Семей 2012ж

2. Н.Құлжанова -ағартушы, қайраткер Г.А. Карібжанова. Алматы «Арна» баспасы 2004 ж.

3. Қазақ тәлім тәрбиесі С.Қалиев. Қ.Жарықбаев Алматы «Жалын» 1986 ж.


Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Қапсалықова Саяжан Қасқырбекқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Нургазиева Бакытира Акансериевна
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы.

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды.

Ыбырай жасаған окулық ең алдымен, орыстың қала берді Еуропа оқымыстыларының педагогикалық көзқарастары мен оқыту, тәрбиелеу әдіс - тәсілдеріне негізделіп жасалды, бірақ ұстаз оларды талғам-талдаусыз, сол күйінше ала салған жоқ керісінше, оған енетін материалдарды қазақ балаларының түсінік -танымына сәйкес етіп алды, өзі де осы талапқа орай әңгіме, өлеңдер жазып қарастырған хрестоматиясына қосты. Сөйтіп, ұлы ағартушы — ұстаз халқымызды білім бұлағынан сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойыңдағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады.

Ыбырай ауыл шаруашылық, қолөнер мектептерін ұйымдастырады. Ол қазақ жерінде алғаш қыздар мектебін ашқан.

Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ыбырай Алтынсарин да туған.

Ыбырай (шын аты Ибраһим) Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай қаласындағы Затобол ауданында дүниеге келген. Ыбырай үш жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болады. Оны Кенесары шапқыншылығында өлтіріп кетеді. Ыбырайды әкесінің досы Жетібай Өтемісұлы құтқарып қалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады. 1846 жылы Балғожа би Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылатын мектепке Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 22-тамызда сол мектепке Ыбырай алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады. Ол уақытын жан-жақты білім алуға ерекше ынтамен кіріседі.

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Сонымен бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды. Оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі 9 жасар Ыбырай болды.

Ыбырайдың нағашылары – елін, жерін жатжерлік басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан, әскери «Тархан» атағын қазақта тұңғыш алған асқан батыр, мәмілегер Жәнібек Қошқарұлының ұрпақтары.

1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару орыны Орынбор бекінісінен  «Торғай қаласы» қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алған Ыбырай Алтынсарин Торғай қаласына барады. Ондағы мақсаты мектеп ашу еді. Бірақ жергілікті органдардың жәрдемі жеткіліксіз болып, мектеп ашу ісі ұзаққа созылады.

Ыбырай Алтынсариннің армандаған мектебі 1864 жылы 8 қаңтарда бекіністің барша адамдарымен 200-ден астам сыйлы қазақтардың қатысуымен салтанатты түрде ашылады.

Қыркүйек айларында Торғайға оралып, Орынбор, Қазан, Петербург қалаларынан қажет деген оқулық методикалық т.б. кітаптарды мол әкеліп, жұмыстарына қызу кіріседі.

1879 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Ыбырай Алтынсарин Торғай облысындағы мектептердің инспекторы болып тағайындалады.

1881 жылы қараша айында Бөрте болысында бір кластық орыс-қазақ училищесі ашылады. 1882 жылы Ыбырай Алтынсарин барлық мектептеріне ән-күй сабақтарын енгізеді. Жергілікті, ауқатты ел азаматтарынан ақша жинап, кітапхана ашады. 1883 жылы 15 қарашада Торғай қолөнер мектебін ашты.

1887 жылы 15 қарашада Ыбырай Алтынсарин Ырғыз қыздар училищесін ашады.  1888 жылы 28 қазанда қазақ қыздарына арналған 12 орындық мектеп интернат ашылды. Тамыздың 21-ші жұлдызында Қостанайда 1-ші кластық ер балалар үшін орыс мектебі ашылды.

Ыбырай Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.

Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланды.. Сондықтан көзге көрінер ешқандай пайдасы болмаса да, шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемшілігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан, татардың кітап тілі, бұл тілді татарлардан шыққан оқымыстылардың өздері де менсінбегендіктен араб, парсы сөздеріне лық толған; сондықтан қазақтарға түсініксіз.

Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай жалпы білім беретін кітаптардың Азия халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық, сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп,осы кітапты орыс әрпімен бастырды.

Жоғарыда айтылған қолайсыздықтарды оқу ведомствосының көптеген білімді қайраткерлері бұрын да көрсетіп келген болатын, сондықтан сол білімді адамдардың ақылын алып, осы хрестоматияны құрастыруға кіріседі.

Бұл кітапты құрастырғанда біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздеді, екіншіден, бұл кітапта келтірілген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздеді, сондықтан бұл кітапқа енгізген әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездесті, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды.

Бұл хрестоматияны екі кітап етіп шығаруды ойлады. Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай төрт тарауға бөлінді:



1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларын, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан алынды, мысалдар мен халық әдебиеті, балалардың туғандарына жазған хаттары.

2. Әр түрлі жастағы адамдардың өмірінен алынған әңгімелер.

3. Ең жақсы қазақ ақындарының өлең-жырларынан үзінді.

4. Қазақтың мақал-мәтелдері.

Екінші кітапта қазақтың төл әңгіме,аңыздарынан басқа, табиғат тарихы мен жалпы тарих жөнінен, география, өндірістехникасы жөнінен және кеңсе ісін жүргізу үлгілері жөнінен мақалалар қосты.Ы.Алтынсарин көптеген өлеңдерді жазған. Өз шығармаларында Отанын, халқын сүюге, оқып білім алуға шақырды.

Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды. Адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуды насихаттап, жастарға дұрыс тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы ұғынды. Сондықтан өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

Біздің Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжіде Ы.Алтынсариннің – 175 жылдығына арналған топ сағаттары, түрлі әдеби кештер, ғылыми –тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, колледж студенттері Республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларға қатынасып жүлделі орындарға ие болуда.

Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – Алматы , 2004 ж.

2. Оспанұлы С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар. Қостанай: «Шапақ», 2006

3. Сарбаева А.М. «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері.Оқу – әдістемелік құрал.

Көкшетау:«Келешек 2030», 2011ж

4. Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: Алматы: Ғылым

5. Ы.Алтынсарин. Елтұтқа.-Астана: Күлтегін, 2001.

6. Ы.Алтынсарин. Қазақ энциклопедиясы.



Қазақ халқындағы Ыбырай Алтынсарин бейнесі
Ықылас Гүлсұлтан Исабекқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Ақылбекова Луиза Бекетқызы
Ыбырай Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ол екеуінің ісін өз еңбегіне түйістіріп қоса білді. Сөйтіп ол екеуі, істемеген тың, тарихтық өресі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі жаңа үлгідегі ақын. Әрі батыл, жаңалық жасап, «бұратана» елдер үшін тың үлгілі мектеп ашушы.

Мұхтар Әуезов

Ұлы ұстаз өзінің қысқа өмірінде Қазақстан тарихында жарқын із қалдырды. Орынбордағы шекара комиссиясының жанынан құрылған қазақ балаларына арналған арнайы мектепте білім алды, халқының сауатты, көзі ашық болғанын армандап, қазақ даласына зайырлы білім беру үшін, ер балалар мен қыз балаларға арналған мектептер ашты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринді «Қазақстанның оқу-ағарту ісінің пайғамбары» деп атады. Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер өздерінің бір ғасырдан асқан мерейтойларын атап өтуде: Торғайдағы мектеп-150 жылдығын, Қостанайдағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат -130 жылдығын, Рудный қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжге 75 жыл толды. Ыбырай Алтынсариннің тарихтағы алатын орны, қызметі кең көлемде Кеңес өкіметі кезіңде зерттеле басталғанымен, әлі күнге дейін ағартушының шығармалары жеткілікті дәрежеде қарастырылмай келеді.

Кезінде орыстың белгілі тарихшы, ғалым зерттеушісі Лев Гумилев Абай туралы былай жазған «Мені өзіңнің шын жүрегіңмен түсіне біл» деген пікірінде: «Ойшыл ғалым және таланттар жер ландшафтарының қиылысу немесе тоғысу заманында туады» деген болатын. Бұл анықтама Абайдың өмірге келуінің сипаттамасы деуге де болады. Абай - Шыңғыстау бөктері мен қиыр шексіз дала Ертіс өңірінде мың шақырымға созылатын теңдесі жоқ ормандары бар өлкеде дүниеге келді. Міне, салыстырмалы түрде Ыбырай Алтынсаринді XIXғасырда қиыр шеті көрінбейтін көкпек, жусан, тобылғы, сексеуілге бай Торғай даласы өмірге әкелген «Қазақ ағартушысы» деп айтуымызға болады.

Ыбырай- ең алдымен ағартушы. Сондықтан да ол нені сөз етсе де, қандай тақырыпты қозғаса да сол ағартушылық көзқарасынан таймайды. Балаларға тәләм-тәрбие беру жағынан көбірек көңіл бөліп, жаман қылықтардан жирендіреді. Ыбырайдың шығарма жазудағы негізгі мақсатының өзі балаларға пайдалы ақыл-кеңес беріп,ізгілікке, ізеттілікке, адамгершілікке баулу. Сол себепті оның сатиралық өлеңдерінде де мысқыл, әжуа, сай-сүйекті сырқыратар ащы сөз, кекесін кездесе бермейді. Ыбырайдың И.А.Крыловтан аударған мысалдары да сондай еркін. Ыбырай кімнен қандай шығарма аударса да, бірінші оның тәлімдік-тәрбиелік маңызына назар аударып, ел көңілінен шығып, көзін ашатын, өзінің ағартушылық идеясына сәйкес туындыларды ғана тандаған. Яғни аударманы өз халқының ұғымына лайықтап, тәрбие құралы ретінде пайдаланған. Ұлы ағартушының осы дәстүрін оның ізбасарлары мен шәкірттері Асылқожа Құрманбаев, Ахмет Байтұрсынов, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетілеуовтер жалғастырып, бала тәрбиесі құралына айналдырды.

Ұлы ағартушымыз Ы. Алтынсарин қазақ жерінде кәсіби білім беретін оқу орындарының көптеп ашылуын армандап еді. Сол асқақ арманның жүзеге асқан алғашқы жемістерінің бірі Меңдіқара педучилищесі болды. Ол білім аңсаған жастарды бауырына тартып, үлкен өмірге қанаттандырып, сөйтіп талай түлектердің қазіргі жетістік –дәрежелеріне кәусар бұлақ көзіндей бастау алған, құт дарыған Қостанай өңіріндегі бірден-бір, әрі бірегей білім ошағы болған. Бұл сол өткен дәуірдегі Ыбырай ата армандаған мақсат-тілегінін шындыққа айналган көрінісі деп топшылаймын.

1860 жылы облыстық басқарма Ыбырай Алтынсаринге Орынбор бекінісінде (Торғай қаласында) қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуды жүктейді.19 жасар Ыбырай Торғай келіп, мектеп ашу үшін үш жылдай қаражат жинайды. Қаражат жинау ісі әлбетте оңайға соқпайды. Оған атымтай жомарттық көрсеткен нағашысы Шеген би бастаған игі жақсы адамдар болды. Құрылыс материалын Аманқарағайдан тасыды.1864 жыл 8-қаңтарда Торғай мектебі салтанатты түрде ашылып, ұлы ұстаздың, күллі Торғай жұртының армандары орындалғандай болды. Алғашқы ашылған мектепке 14 бала тартылды. Сөйтіп, Ыбырай бабамыз қиын –қыстау кезеңінде, сонау XIX ғасырда туған елін «өнер-білім бар жұрттар» қатарына қосылуға үндеп, осы жолда өмірінің ақырына дейін аянбастан тер төкті. Білім беру саласындағы қай мәселе болсын, Ыбырайдың назарынан тыс қалмады. Қиын жағдайда адам сенгісіз ауқымды жұмыс түрлерін уақытпен санаспай-ақ беріле атқарды. Бір өзі бір мекеме атқаруы тиіс, машақаты мол жұмыстарды тындырып жүрді.

Ы.Алтынсарин 1876 жылы 8- желтоқсанда Н.И.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым. Оны мынадай өлеңмен бастадым», - деп «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін түгел келтіреді. Ыбырайдың осы хатының түпнұсқасында «Бір Құдайға сыйынып» деп жазылыпты. Бірақ Кеңес дәуірінде аудармашылар бұл жолды алып тастаған.

Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіңдік ерекшеліктері болып табылады.

Ыбырай еңбек процесінің бала тәрбиеіндегі ерекше маңызын көре білді. Сондықтан, оның көптеген әңгімелерінің идеясы ұлы, дана Абай айтқандай, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген қағиданың төңірегіне топтасқан. Әңгімелерінде балаларды тапқырлыққа, табандылыққа үйретіп, көп тұрмыс тауқыметі- еңбек екендігін, сол себепті оның болашағы жарқын, өмір сүруі адал болатындығын көрсете келіп, жастайынан еңбексіз өскен балалардың бос белбеу, болбыр болатының барынша көрсетіп келемеждейді. Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінде еңбек процесінің адамның сана- сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген.

Қазақ әдебиеті тарихындағы Алтынсариннің алар орны ерекше. Проза жанрының негізін қалаған, балаларға арнап алғаш рет әңгіме жазған шебер жазушы. Оның қаламынан туындаған «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ», «Надандық», «Лұқпан хакім», «Бір уыс мақта», «Асыл шөп», «Мақта қыз бен мысық», әңгімелерінде терең мағына, тағылымды тәрбие ізі жатыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында «Шындықты мойындайық: болашақта, XXI ғасырда тек еңбек қана барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз ете алады» деген сөздермен түйіндейді. Шынында да, тек нәтижелі еңбек қана биік мұраттарға жеткізбек, ал, Ұлы Дала елінің басты мұраты- әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Бұған жеткізетін- сапалы адами капитал, еліміздің білімді, Отаншыл, бәсекеге қабілетті азаматтары. Олай болса, туған жерімізде жасампаз еңбекті ту еткен отандастарымыздың көбеюі- қажеттілік. Бұл орайда халыққа мінсіз қызмет етудің өшпес өнегесін көрсеткен кешегі ұлы тұлғалар тағылымынан нәр алуға үндеу- ұстаздарға парыз. Тағы да мемлекет басшысының « Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ- даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі» деген сөзіне жүгінейік. Демек, біз сөз арнаған ұлы ағартушы- педагог Ы.Алтынсариннің өнегесі, оның ішінде, Отан үшін қалтқысыз қызмет ету үлгісі- мәңгілік маңызды құндылық. Адамзат үшін таусылмас қазына- білімге ұмтылып, осы салада өшпес із қалдырған, бүкіл өмірі , қызметі тарихи маңызды істермен өрілген, ерең еңбек үлгісін көрсетіп, туған еліне зор пайдасын тигізген Ы.Алтынсарин әлемдік деңгейдегі Я.Коменский. В.Сухомлинский, Песталоцци және тағы басқа ұлы педагогтермен қатар тұруы тиіс. Бұл орайда білім қызметкерлері Ы.Алтынсарин мұрасына әрдайым оралып, жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу ісін ұлы ағартушы- педагог идеяларымен де ұштастыра жүргізіп отырғаны абзал. Ұлтын, ұлттық құндылықтарын қастерлейтін елге тән белгі- бұл. Жаһандану заманында ескертетін жағдай – бұл. Сонда ғана қазақ атты халық, Қазақстан атты мемлекет барын әлемге одан әрі танытып, елдігімізді, ер тұлғаларымызды өзгелерге паш ете аламыз.

Иә, туған еліне сіңірген өлшеусіз еңбегі көзсіз ерлікпен пара-пар. Ұлы ұстаз мұрасы- «Дала қоңырауы» атанған дарабозды дүниеге әкелген Ұлы Дала елінің қазіргі және келер ұрпақтары үшін қастерлі құндылық. Заманымыздың заңғар жазушысы М.О.Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл, классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді. Ыбырай да сол бір бағытта болуымен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай жанағы екуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп қоса білді. Сөйтіп, ол екуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, «бұратана елдер үшін тың үлгідегі мектеп ашушы». Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы»,-деген болатын.

Ұлттың ұлт болу болашағы сол ұлттың өз қолында деп айтқанымызбен, соған жол салып беретін, бағыт-бағдар көрсететін белгілі бір зиялы қауым өкілдерінің болуы заңдылық. Себебі ұлттық сананың ояну үрдісі кезеңдерге созылатын құбылыс болғандықтан, сол қоғамның элиталық бөлігін құрап отырған әлеуметік топтың барлық уақытта алда жүретіні белгілі. Алайда, жоғары білімі барлардың барлығын интеллегенцияға жатқыза беретін болсақ, онда біздің бұл туралы түсінігіміз үлкен қателік болар еді. Осыған орай: «Ұлт зиялысы дегеніміз-сол өзі шыққан ұлттың бар жақсы қасиетін бойына сіңірген, кісілік парасты биік, халқының мүддесін жеке бастың мүддесінен жоғары қойып, саналы ғұмырын соған қалтқысыз қызмет етуге арнаған, ұлттық дамудың мүддесін көздейтін әлеуметтік мұраттарды алға шығарып, қолдап, қорғап отыратын осы жолда кездескен қиындыққа қаймықпай қарсы тұрып, қажет болса, мақсатты ісінің жолында күресіп, құрбандыққа бара алатын, рухы биік, ары таза, қайраткер адам»-деп анықтама берген ғалым ағаларымыздың пікірін айтып кеткеніміз жөн сияқты.

Халықты оқытып, білім беру ісінің әлеуметтік мәнін терең ұғынған және туған халқын қараңғылықтан алып шығу жолынан өз жүрегін от қылып жағуға берік бекінген Ыбырай: «Менің жан сала талаптанатын себебім- қайткенмен де пайдалы адам болсам деуші едім, ал енді осы мақсатқа жетіп келем деген ой мені барлық жағынан да жұбатқандай»,-деп қайсарлықпен жазды.Ыбырай Алтынсарин мұрасының басым көпшілігі әдеби көркем шығармалар болып келеді,алайда сол өлеңдері мен көркем әңгімелерін ол тек педагогикалық-тәрбиелік мұрат-мақсатқа сәйкес жаратады, бұл жәйт оның жазушылығы мен педагогтығының бір арнадан бастау алатындығын аңғартады. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмірі көркі, болашақтың иесі-жастар деп ұқты. Бүгінгі өміріміз көрсетіп отрғандай, Ыбырай Алтынсарин негізін қалап берген білім беру жүйеміздің ақыры жаман болған жоқ. Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы да кеңейеді. Бұған басты себеп-қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы оқулықтардың көбеюі. Ы.Алтынсариннің XIX ғасырдың аяғында өзінің педагогикалық қызметінде ұстанған негізгі принциптері XXI ғасырға аяқ басқан, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға ұмтылыс жасап отырған Қазақстанның қазіргі рухани-мәдени дамуында өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ең бастысы Ыбырай Алтынсарин-педагог, халық ағарту ісінің ұйымдастырушысы. Егемен еліміздің өренеттілікке жету жолында Ы.Алтынсариннің де үлесі бар екнін біліп, айта жүретін жаңа буын жастар бар деп сенім артамыз.

Ыбырай Алтынсарин ескі діни мектептердегі жаттатып оқыту әдісіне қарсы болып, оның орнына пәндік оқытуды қолдады. Осының негізінде 1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы және « Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралдары жарық көрді. Бұл кириллицамен жазылған алғашқы еңбек болып табылады. Ыбырай жазған «Ислам шарттары » еңбегі бүгінгі күн талабына сәйкес келетін қазіргі таңдағы кез келген жастағы оқырманға өте нақты, әрі толық, әрі қысқаша түсінікті мәләметтерді өз ішінде қамтып кеткен таптырмайтын құрал деуге болады. Ыбырай Алтынсарин көтерген психолгиялық мәнді мәселелердің енді бір тобы оның методикалық пікірлерімен астасып жатыр. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге тәжірбиелі, методикалық ой-өрісі озық, мұғалім де еді. Қазақ топырағында тәрбиеші, ұстаз, мұғалімдік өнер жөніндегі небір жүрек тебірентерлік ойлар, аталы сөздер де Ыбырай Алтынсариннің аузынан бірінші рет естілген еді.Ыбырай Алтынсарин «Шариат-ул-ислам» атты ғылыми кітап жазып, онда ислам шарттарын көпшілік халыққа қарапайым қазақ тілінде түсіндірді. Бұл еңбекті жазудағы мақсаты туралы: «Қазіргі кезде Мұхамбеттің діни оқуы жайлы, етек алып барады; мүмкін болғанша, біріншіден қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеуі үшін мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап, осы оқу құралын құрастыруға кірістім»,-дейді.

Біздің мақсат ұлы ұстаздың ой-пікірін түсіндіріп қою емес, оны өнегелі тұлғаның тәрбиелеу ісіндегі әрекеті арқылы өмірмен байланысын пайдалану, оқыту үрдісінде басшылыққа алу. «Тәрбие-тал бесіктен», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» бұл даналық сөздер бекерге айтылмаса керек. Қорыта келе, қараңғыда қарманған халқын жарыққа жетелеген, қазақтың санасын жайлаған дерттің емін тап басып, көре білген Ыбырай ұстаз қазақ қоғамына жаңалықтың дәнін себуші қарлығаш. Ыбырай Алтынсаринді қай жағынан болмасын зерттеп баға беру, біздер үшін көптік етпейді. Өйткені қазақ халқындағы Ыбырай Алтынсарин бейнесі-жарқын бейне. Осы бейнені ұмытпау, ұрпаққа қалған асыл мұраларын жадымызда сақтау, оны дәріптеу-бізге берілген үлкен аманат..!
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әсіпов С. «Ыбырай Алтынсарин-ұлы ағартушы». Алматы,1989ж.

2. Дербісәлин Ә.«Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі жайында». Алматы, 1965ж.

3. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Алматы,1994ж.

4. «Ыбырай Алтынсарин» қазақ энциклопедиясы. Алматы,2007ж.

5. «Ыбырай тағылымы» оқулығы. Алматы, 2008 ж.

6. «Ыбырай Алтынсарин» шығармалар жинағы. Алматы,1994ж.

Қазақ қызы. Әйгілі ұстаз, еңбегі таудай қайраткер
Әшім Алтынбек Жеңісұлы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Нугманов Сағдат Маликович
Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жанкелдин ауданында (бұрынғы Торғай облысы Жанкелдин ауданы) дүниеге келген. Нәзипа Құлжанованың төлқұжаты мен архивтік құжаттардың бізге тұтас жетпеуі оның өмірбаянын жазуда қиындықтар келтіретіндігі сөзсіз. Ғылыми еңбектер, архивтегі материалдар, жекелеме мақалалардағы деректерді сүзіп алу нәтижесінде өмірбаянын жазуға жетістік.

Нәзипа Құлжанованың туған жері мен дүниеге келген мерзімін айғақтай түсетін дерек М.Имашевтің мақаласында келтірілген.

1903-1904 жылдары Торғайдағы әйелдер училищесінде мұғалімдік қызмет атқарған.

Ерлі – зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар Семей қаласына 1905 жылы келіп, ұстаздық қызметтерін бастаған. Құлжановтардың Семейге келуін зерттеушілер екі түрлі жағдаймен түсіндіреді.Бірінші пікір 1905 – жылы ішкі Ресейден көтерілген төңкеріс толқынының қазақ аулына жетуімен, яғни Құлжановтардың патша сақшыларының «назарына ілігуімен» байланысты. «Осыны сезген Нұрғали мен Нәзипа Торғай облысынан шеткері жатқан сахара төріне қарай- Семей қаласына кетеді» Екінші пікірді ұсынушы.

Нәзипа Құлжанованың ата- анасының ескі әдетпен қызы үшін қалың мал алып қойғандығына назар аударады. Санкт- Петербург қаласының мұрағаттар қорынан алынған деректе осылай делінген.

Құлжановтар Семей оқытушылар семинариясына мұғалімдік қызметке келген. Ерлі – зайыпты Құлжановтардың ұзақ және жемісті жұмыс атқарған жері – осы Семейдің оқытушылар семинариясы.

Нәзипа Сегізбайқызы күнделікті мұғалімдік қызметпен шектелмей қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтау, музыкалық фольклорына көңіл бөлу, қала өміріндегі маңызды мәдени – ағартушылық шаралардың жүзеге асуына ұйытқы болу жағына баса назар аударады.

Нәзипа Құлжанова шама – шарқы келгенше әртүрлі тақырыптарға, газет – журналдарға мақала жариялап тұрған.

Мақалалары, Ташкент қаласында шығып тұрған «Үш жүз» социалистік партиясының органы «Алаш» газетінде жарық көрген.

Ол 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» (қазірде «Ақиқат» ) журналында, 1925-1929 жылдары «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйелдері») журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Сөйтіп қазақ баспасөз қызметкерлерінің бірнеше буынының тәрбиеленуіне үлесін қосқан.

Қазақтың кеңестік дәуірдегі әйелдер арасынан шыққан тұңғыш журналисі, жазушы, аудармашы, ұстаз, мәдениет қайраткері Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова мұрасы сан салалы, құнарлы дүниелерді құрайды.

Сондықтан да шығар Ахаң – қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынов ол кісіге асқан сүйіспеншілікпен, зор құрметпен «Н.Қ. ханымға» өлеңін арнап, мұңын шағып сырласады.

Шынында, Нәзипа Құлжанова – атқарып кеткен тарихи – этнографиялық, мәдени – ағартушылық, ұстаздық, журналистік еңбегімен аса биік бағаға лайық тұлға.

1934 жылы небәрі 47 жаста жарық дүниемен қош айтысқан қайраткер қазақ қызының өмірі де, сол қысқа өміріндегі тарам - тарам бағыттағы сан салалы қызметі де ұмытылмайды.

ХХ ғасыр басында қазақ елі күрделі кезеңді басынан кешірді, ірі саяси –әлеуметтік мәнді оқиғаларға куәгер болды.Өткен ғасыр аяғында қоғамдық сананың дамып, өрлеуіне өлшеусіз үлес қосқан үш тұлғаның ұлтына сіңірген еңбегі ұланғайыр. Шындығында кейінгі ұрпақтың таным – түсінігінде Абай Құнанбаев ұлы ақын, Шоқан Уәлиханов ғұлама ғалым, Ыбырай Алтынсарин аса көрнекті ағартушы – педагог ретінде қабылданбақ.

Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың бөліп айтарлық ерекшілігі ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің түлегі болумен қатар, ол дарынды тұлғаға лайық шәкірттік мінезді бойына сіңіріп, тәлімгерлік өнегені жете ұғынып бар күш –қуатын, білімін сарқа жұмсап, өзі де соңғы буынға ұланғайыр еңбек сіңірді.

Ыбырай Алтынсарин мектебінің буыны қатпаған балаң шәкіртінен ұлы ұстаздың ағартушылық, дидактикалық принциптерін барынша жан – жақты оқу- тәрбие жұмысына енгізіп, бүкіл саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне бағыштаған ұстаз, ғалым, ағартушы дәрежесіне көтерілді.

1903-1904 жыдары екі жылдай ғана уақыт торғай қаласындағы әйелдер училищесінде ұстаздық қызмет атқарғаны өмірбаянынан белгілі.

Қазақ тарихындағы бетбұрыс кезеңде Ыбырай Алтынсарин:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық-деп оқудағы мақсатты белгілеп, тақтаға тізгендей айқындаған болатын.

ХХ ғасыр басындағы халқымыздың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының :

«Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай Һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек,» -деп оқуға басқаның бәрінен бұрын ұмтылуды насихаттауы, дәуір алдыға тартқан ізгі іске жол сілтеуі мақсатты жұмыстың ең қажеттісі екендігін ұғынудың салдары.

Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар, негізінен алғанда, орыс аудиториясында қазақ тілінен сабақ берген.

Н.С.Құлжанова тәрбиешілер мен ата – аналардың бүлдіршіндердің мінезі, дүниені тануы, қалыптасуы төңірегінде қандай мәселелерді білулері керек, мектепке дайындау барысында қадағалайтын жәйттер нелер – бұлардың баршасын жауапсыз қалдырмайды. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ескерілетін проблемаларды тізбелеп көрсетеді.

Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы, 1923 жылы жарық көргендігіне қарамастан, өзінің құндылығын, теориялық, тәжірибелік маңызын жоймаған, бүгінгі күні де көкейкестілігін жоғалтпаған дүние.

Н.С.Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі – «Ана мен бала тәрбиесі». 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан.

Нәзипа Құлжанова – ұстаз, педагог. Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин ашқан мектепте оқып қана қоймай, ұлы ұстазының жолын қуған. ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихында ағартушылық жолын бекем ұстанған, оқыту, тәрбиелеу ісінің теориясына да, практикасына да Н.Құлжанова именбей кірісіп, аянбай еңбек сіңірді.

Қорыта келе, білімділігімен, парасаттылығымен, ұлтжандылығымен қайраткерлік дәрежеге көтерілген саусақпен санарлық қазақ қыздарының бірі, әрі бірегейі Нәзипа Құлжанова.

Нәзипа Құлжанованың рухани мұрасы ХХ ғасырдың бас шеніндегі қазақ тарихын танудың дерек көзі бола алады. « Кез келген халықтың нағыз ғылыми тарихын жазу ең алдымен, сол халықтың өзі жасаған деректерді толық меңгермей мүмкін емес» - деп ғалымдар Р.Сыздықова мен М.Қойгелдиев тауып айтқан тұжырым кейінгі буын жас тарихшыларға жол көрсетіп, жөн сілтейді. Гоеграфиялық қоғамның мүшесі ретінде Семей қаласында 1914-1915 жылдары Нәзипа Құлжанова өткізген екі кеш тарихи, мәдени, танымдық бағасын күні бүгінге дейін жойған жоқ.

Нәзипа Құлжанова қазақ халқының ауыз әдебиетіне, этнографиясына, музыкалық мұрасына байланысты материалды жинақтаған, кейбір үлгілерін Г.Н. Потанин, А.В.Затаевич сияқты ғалым – жинаушыларға табыс еткен.

1920 жыдары Нәзипа апамыз араб әліпбиін тастап, латын әрпіне көшуге бет бұрған Қазақстандағы қосқыртысты, саяси астары терең істің басы – қасында болды.

Нәзипа Құлжанова – заманында ірі мәдени – қоғамдық істердің ұйымдастырушысы, ұйытқысы болған қайраткер. Сонымен қатар, қаламы жүйрік журналист, талғамы биік жазушы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін сонау 1915 жылы «Айқап» журналының 5- інші санында келешек ұрпаққа «Аманат әріптерімен»: «Біздің қазақта ұлтқа қызмет еткен әйелдің алды Нәзипа ханым болып жазыларға тиіс» деп жазылған және Қазыбек би бабамыздың :

Әділет деген бір шың бар,

Шындыққа ғана жүгінер.

Әдідік күткен халқың бар,

Түйінсіз сөзден түңілер- деген ұлағатты да дана ой түйіндеріне Мәдениет және Білім және ғылым министірліктері, тіпті Қазақстан үкіметі мен Қазақстан Жазушылар одағы басшылары тараптарынан Нәзипа Құлжанованы мәңгі есте қалдыру бағытында келешекте парасатты ортақ бір шешім қабылдайтындықтарына улкен үміт артып, зор сенім білдірсек дейміз.

Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова көп қырлы талант деуге әбден лайық. Ол – ұстаз, ағартушы, қайраткер, журналист, жазушы, аудармашы.

Ол – қазақ мәдениеті тарихынан өз орнын ойып алуға тиіс ірі тұлға.

Құдайға тәуба, еліміз аман, жұртымыз тыныш, ынтымақ бірлікте болғай. Қазақтың ұлтжанды, қайраткер қызы, ұлт мақтанышы Нәзипа Құлжановаға әлі де лайықты, әділетті баға беріліп, оның аса құнды баға жетпес педагогикалық, журналистік, шығармашылық еңбектерін халқы оқитын атаулы күн енді алыс емес шығар...?!
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кәрібжанова Г.А., «Нәзипа Құлжанова»- Семей, 2012 ж., 198 б.

2. Серікбай Оспанұлы «Ұлы ұстаз ұлағаты», Қостанай – 2014ж

Ыбырай Алтынсарин – ұстазға салған сара жол
Бақытжан Қымбат Алматқызы

Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Нургазина Гулим Сейлбековна
Менің басты арманым: бүкіл қазақ даласындағы балалар

мәдениетті, білімді, өнерлі болса екен деп армандаймын.

Я, Алла, осы күнге жеткізе гөр!
Мен сөзімді ұлы ойшыл, дана Әл – Фарабидің сөзімен бастасам деймін. Осыдан сан ғасырлар бұрын Әл – Фараби айтқан екен: «Адам дүниеге келгенде таза мектеп тақтасындай болады. Тақта бетіне әр адам өз қолжазбасын жазып қалдырғандай кішкене нәрестенің де санасына өсе келе әр нәрсе жазылады. Міне, сондықтан ұстаздық мінез – құлық нормалары мынадай болуы тиіс: ол тым қатал да болмауы тиіс, тым ырыққа жығыла бермеуі керек. Өйткені тым қатал шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген білім, ғылымына шәкірт селқос қарайтын болады. Ұстаз тарапынан барынша ынталық пен табандылық қажет, өйткені бұлар жұрт айтқандай тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді» деген. Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадына сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі. Мейлінше шешен, өнерге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ, ар – намысын ардақтайтын, жақындарын да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан, ал мен үшін жақсы ұстаз бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

Бүгінгі өркениетке өркендеу кезеңінде жастарды имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеудің аса қажеттігі пайда болған кезде Ыбырайдың ізгілік жөніндегі ойларын шәкірттердің жүрегіне ұялатудың және келешек ұрпақты Ыбырай дәстүрі негізінде тәрбиелеу қажеттігі туды.

Ақын «Өнер, білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудағы мақсатты аша түседі. Балғожа сықылдылардың бала оқытқандағы арманы «ата-ананы асырау» болса, Алтынсарин оқушылардың білімді адам болғандағы мақсат-міндеттері өз халқының бір керегіне асу, оның прогрестік жолмен ілгерілеуіне жетекшілік жасау, мәдениет жағынан салыстырғанда, басқалардан бірнеше ғасырлық кейін қалған өз елін, «Тастан сарай салдырып, айшылық алыс жолдардан, көзіңді ашып-жұмғанша хабар алдыратын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Радио, телеграф, телефон, самолет, электр, т.б. техника тетіктері қазақ тілінде көп тарламаса да, ақын сол сөздерді ұғындыруға тыңнан жол салып, үлкен шеберлік танытады. Оқып білім алудағы мақсат халықтың қажетіне жарау, өз еліңді өркениетті елдер қатарына қосу деп түсіндіреді.

Ыбырай Алтынсариннің оқулықтары

Ыбырай Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.



1) «Қазақ хрестоматиясының» дүниеге келуі

Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан көзге көрінер ешқандай пайдасы болмаса да, шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемшілігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан, татардың кітап тілі, бұл тілді татарлардан шыққан оқымыстылардың өздері де менсінбегендіктен араб, парсы сөздеріне лық толған; сондықтан ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда да дүниеяуи мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін, мысалы, орыс тіліне аудартып жаттықтыру үшін қолайсыз. Осылармен қабат бір ескертетін нәрсе — қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр. Ал осы айтылған мақсаттарға жету жолында, мен білсем, осы күнге дейін ешқандай жетекші құрал болған жоқ. Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай жалпы білім беретін кітаптардың Азия халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық, сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық.

Жоғарыда айтылған қолайсыздықтарды оқу ведомствосының көптеген білімді қайраткерлері бұрын да көрсетіп келген болатын, сондықтан мен сол білімді адамдардың ақылын алып, екінші жағынан, өзім де осылай етуді қажет деп тауып, осы хрестоматияны құрастыруға кірістім. Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім, екіншіден, бұл кітапта келтірілген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім, сондықтан бұл кітапқа енгізген әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды.

Бұл хрестоматияны мен екі кітап етіп шығаруды ойладым. Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай төрт тарауға бөлінді:



1) Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларын, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан алынды, мысалдар мен халық әдебиеті, балалардың туғандарына жазған хаттары.

2) Әр түрлі жастағы адамдардың өмірінен алынған әңгімелер.

3) Ең жақсы қазақ ақындарының өлең-жырларынан үзінді.

4) Қазақтың мақал-мәтелдері.

Екінші кітапта қазақтың төл әңгіме,аңыздарынан басқа, табиғат тарихы мен жалпы тарих жөнінен, география, өндірістехникасы жөнінен және кеңсе ісін жүргізу үлгілері жөнінен мақалалар қоспақшымыз.

Тұңғыш рет шыққалы отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияныңкейбір кемшіліктері де болуы мүмкін,бірақ сонда да болса бұл кітап ізсіз қалмас, тұңғыш оқу кітабы ретінде көздеген мақсатына жетер деген үмітпен өзімді жұбатып отырмын. Оның бер жағында осы күні халқымыз өз тіліндегі ғылыми оқу құралдарына аса сусап отырғанына, надан жатқан; бірақ әліазғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымыздың шамасының келгенінше қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз екеніне, бәлкім, басқа да менен білімдірек елдестеріміздің де санасы жетіп қалар.



2) «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» — орыс графикасына негізделіп жасалған ең алғашқы оқулық. 1879 жылы Орынбор қаласында шыққан. Бұл орыс тілі грамматикасы қысқаша курсын қамтитын оқу құралы. Оқулықта жеті бөлім бар: 1) Нәрселердің аттары (зат есім). Имя существительное; 2) Зат-мақұлықтың қасиетінің аттары (сын есім); 3) Есеп аттары (сан есім). Имя числительное; 4) Местоимение деген сөздің бөлімі (есімдік); 5)Ақыры өзгерілмейтін сөздер (үстеу, демеу). Наречие и союз; 6) Предлог деген сөздің бөлімі (жалғау); 7) Глагол деген сөздің бөлігі (етістік). Қазақшадан орысшаға кешіруге арналған сөздер. Оқулықтың алғы сөзінде оқу құралын қалай оқыту жөнінде әдістемелік нұсқау берілген (оқыту әдісі белімдерден кейін де көрсетіліп отырады). Әрбір бөлім сөздіктен тұрады. Әрқайсысынан кейін орыс грамматикасының негізгі, басты ережелері ұсынып отырады (мысалы, септік жалғаулары, көпше, жекеше түр, род, реңк мәнді жұрнақтар, зат есімнен жасалатын сын есімдер, шырай түрлері, етістіктің шақтары, райлары т. б.). Ережелер қабылдауға оңай нұсқауда келтірілген. Сөздердің тізбесін, грамматикалық ережелерді беруде арнайы әдістемелік мақсат көзделінген: оқушы әдебиеттік оқуды меңгермес бұрын, жекелеген сөздердің тобымен, бастапқы, негізгі ереже түрлерімен таныс болады, жүйелі дайындық курсынан өтеді. Оқулық бірде-бір орыс сөзін білмейтін қазақ баласына тіл үйрену неден қалай басталуы керек деген мәселені қояды. Бұл — сол кезеңдегі орыс грамматистері мен әдістемешілері де қолға ала қоймаған күрделі жұмыс. Тіл үйрену үстінде бала екі бірдей дағдыны қатар игереді.

Оқулықта орыс тілі мен қазақ тілі грамматикасын салыстыра оқыту қажеттігі басым айтылған. Бұл оқу құралы сол кезең үшін де және қазіргі талап тұрғысынан да терең негізгі лингвистикалық-әдістемелік еңбек болып табылады. Мұнда шет тілін жаңадан бастап үйренуге арналған оқу құралының сипаты қандай болуы керек деген мәселе шешімін тапқан. Сонымен бірге екі тілдің грамматикасы үйлестіре оқыту мәселесі де алғаш рет Алтынсарин заманында қолға алынған. Шет тілінде дұрыс жазуға үйрету, тіл ұстарту мәселелері көтеріледі. Алтынсариннің оқу құралы тіл үйренудің лингвистикалық негізгі тілдің лексиклық жүйесіне негізделуі керек деген қортындыға әкелді.



2) Ыбырай - жазушы

Ы. Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының да негізін қалады.Ол - тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы. Ыбырай әңгімелерінің басты ерекшелігі-жақсы мен жаманды салыстыра отырып әңгімелеу арқылы балалардың санасына ой салу, тәрбиелеу. Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. Ы.Алтынсариннің «Екі жолдас», «Бір уыс мақта», «Қисық ағаш», «Таза бұлақ», «Шеше мен бала», «Ақымақ дос», «Тазша бала», «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», «Талаптың пайдасы», «Бақша ағаштары», «Асыл шөп», «Байұлы», «Мейірімді бала», «Дүние қалай етсең табылады», «Жиренше шешен», «Бай мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Мақта қыз бен мысық» және т.б. әңгімелері бар.



3) Ыбырай - ғалым, этногроф

Ы.Алтынсарин этнография саласындағы еңбектері халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын қарастырады. Оның бірі өлген адамды жерлеу және оған ас беру, екіншісі құда түсу, қыз ұзату салттары туралы айтылады.

Лингвистика, тілтану саласында қазақ тілнің тазалығына зор мән берді.

Қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы.Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылады.

Қазақтың әдеби тілі, оның қалыптасуы мен дамуы, ана тілінің тазалығы Ы.Алтынсариннің негізгі бағыты мен қызметі болып табылады.

Қазақ ауыз әдебиетін зерттеп, қазақтың жұмбақтары, дастандары, мақал-мәтелдері жөнінде ғылыми мақалалар жазды. «Қобыланды батыр», «Қара батыр», «Жәнібек батыр» эпостарынан, қазақ халқының тарихынан үзінділері баспа бетіне жариялады.

Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы бөлімінің толық мүшесі болды.

Практикалық бөлім:

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына орай колледжішілік тәрбие сағаттары, конференциялар, пікірталастар, «Ұлы ағартушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында шығармашылық жұмыстар сайысы ұйымдастырылды Ұлы ағартушымызды дәріптеу мақсатында өткен іс – шаралар өз нәтижесіне жетті деп ойлаймын.



ҚОРЫТЫНДЫ

Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Ыбырай Алтынсариннің жұмысы жастарды үш тілді игеруге, сауатты және жоғары білікті маман болуға шақыратын елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың үндеуімен үлеседі.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. – Алматы: № 11, 2004.

2. Оспанұлы С. Алтынсариннің айналасындағы адамдар. Қостанай: «Шапақ»,

2006 ж.


3. Сарбаева А.М. «Қазақ мәдениетінің ұлы қайраткерлері. IX-XIX ғасырлар. Ғұлама тағылымы»: Оқу – әдістемелік құрал. Көкшетау: «Келешек 2030», 2011ж.

4. Ы.Алтынсарин. Қазақ әдебиеті: Алматы: Ғылым

5. Ы.Алтынсарин. Елтұтқа.-Астана: Күлтегін, 2001.

6. Ы.Алтынсарин. Қазақ энциклопедиясы.-Т.1



Бастауыш сынып оқушыларын Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы еңбекке тәрбиелеу жолдары
Мұхамедуали Айым Жаңабайқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Издибаева Дарига Муратовна
Балаға жастайынан дұрыс тәрбие беру дүниежүзіндегі педагог-ғалымдардың өткен замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша көтерген мәселесінің бірі болса, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласынан оларға үн қосушы бірінші қазақ педагогі - Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды. Ы.Алтынсарин ағартушылық-педагогикалық қызметімен кең байтақ даламызға ғылым-білімнін, шырағын жақты.

Ыбырай Алтынсарин шығармаларында көтерілген бір өзекті мәселе: жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман қасиеттерден жирендіру мәселесі. Оның «Хрестоматиясының» бірінші беттерінен-ақ балаларды оқуға, өнерге, ұқыптылыққа, тазалыққа, мейірімділікке шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі кездеседі. Мәселен, ол «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңінде жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыра келіп, білімді адамның сана-сезімі жоғары, ілтипатты, өнегелі болатынын, адам білім арқылы ғана мақсатына жететіндігін, өзінің келешектегі жақсы тұрмысын қамтамасыз ете алатындығын, мәселен, «Бай мен жарлы баласы» деген әңгімесінде Үсенді тапқырлыққа, табандылыққа үйреткен тұрмыс тауқыметі — еңбек екендігін, сол себепті оның болашағы жарқын, өмір сүруі адал болатындығын көрсете келіп, жастайынан еңбексіз өскен бай баласы бос белбеу болбыр Асанды барынша келемеждейді. Ы.Алтынсарин осы іспеттес әңгімелерінде еңбек процесінің адамның сана-сезімін, психологиясын қалыптастыруда ерекше орын алатынын жақсы түсінген.

Ыбырай еңбек сүймей, жалқау болып өскен адамдар қулық-сұмдықпен күн көруді өзіне мақсат ететінін, ал мұның өзі барып тұрған жексұрын қасиет екендігін, олай болса үлкендер балаларды кішкентайынан еңбекке баулу қажеттігін естерінен шығармауын ескертеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, жас өспірімдердің басында кездесетін түрлі жаман мінездерді отбасындағы тәрбиемен терең астастырады.

Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. «Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа», – дейді. «Атымтай жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бейнетімен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», – дейді ол. «Әке мен бала» әңгімесінде мынадай бір жай сөз болады. «Бір адам он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған бір ескі тағаны көріп, баласына айтты: «Анау тағаны, балам, ала жүр», – деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны не қылайын», – деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі кайырылып, тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап, баласына шиені орамалымен беріп тұрып: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір иіліп көтеріп алуға еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың», — деді. Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, аз жұмысты қиынсынып, бойкүйездікке салынушылық өмірде аз кездеспейді. Бұл – жақсы әдет емес. Сондықтан балалардың бойкүйез, жалқау болмауына, еңбекқор болуына Ыбырай ерекше мән берген. «Бай баласы мен жарлы баласы» атты әңгімесінде Ыбырай еңбекке деген коғамдық, таптық көзкарасты бейнелейді. Көшкен елдің жұртында қалған екі баланың бір тәулік ішінде басынан кешкендерін суреттеу аркылы сол балалардың өмір тануы, тіршілікке икемділігі жайлы мәселеге әлеуметтік мән береді.

«Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыздың әкесінің орнына, өз қолын кесуді сұрағанын жазады. Қыз: «Тақсыр, жұмыс істеп, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», – дейді. Жазушы «Аурудан аяған күштірек» деген әңгімесінде аяғы сынған Сейіт деген бала, ауруы қанша батса да, анасын қиналтпау үшін қабақ шытпағандығы айтылады. «Ауырмақ түгіл, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көріп, әжем де қиналып, жыламасын деп жатырмын», – дейді ол. Алғашқы әңгімедегі қыз да, соңғы әңгімедегі Сейіт те шын мәніндегі мейірімді қылықтарымен ерекшеленеді, мұның негізінде жалпы адамды сүйетін жақсы сезімдер жатыр.



Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі.Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды

Ы.Алтынсарин 1879 жыл алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқу құралдарын басшылыққа ала отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген екі төл оқу құралын («Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы») жазып бастырып шығарды. Хрестоматияда Ыбырай, біріншіден, қазақ халқының халықтық идеядағы Қара Батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі, т.б аңыз-әңгімелерін енгізсе, екіншіден, өзінің «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», «Әке мен бала», «Аурудан –аяған күштірек», «Жеміс ағаштары», «Асыл шөп» т.б ғибратқа, өсиетке құрылған дидактикалық әңгімелері мен өлең дерін, үшіншіден, «Мейірімді бала» , «Жаман жолдас», «Бір уыс мақта», «Алтын шекілдеуік» т.б орыс, батыс классиктерінің тәлімдік мәні зор әңгімелерін аударып енгізді. Ол қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу ісін ең басты мәселе деп қарады. «Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды оқытып тәрбиелеу ісінен артық ешнәрсе жоқ»,-деп ой түйді. Адамның мінез-құлқымен жеке басының қалаптасуы тәрбиеге байланысты деп қараған Ыбырай Алтынсарин өзінің осы пікірін «Бақша ағаштары» әңгімесінде өте көп орынды келтірген. «Бағып қағуда көп мағына барында шек жоқ шырағым, мұнан сен де өзіңе ғибрат алғайсың,сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, ал сен менің айтқанымды ұғып,орнына келтірсең,жақсы түзу кісі болып өсесің, бағусыз бетімен кетсең ,сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсесің», - дейді. Біз бұл әңгіме арқылы автордың педагогикалық көзқарасын айқын аңғарамыз. Ыбырай «адам мінезін түзеп болмайды, сүйекке біткен мінез, сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс қөзқарасқа қарсы адамның жақсы, я жаман болуы тәрбиеге, өскен ортасының игі әсеріне байланысты деген қағиданы қуаттап отыр. Ол өзінің хрестоматияға енгізілген әдеби шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халақтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабар беру принципі көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден, жастардың, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты. Мысалы, Ыбырайдың хрестоматияға енгізген «Қара батыр» ертегісінде жаугершілік заманда түрікмендердің қолына тұтқын болып түскен Қара батыр деген жігіттің қарлығашпен дос болып, сол арқылы еліне хабар беруі, ел-жұртының қол жинап келіп, оны тұтқыннан босатуы баяндалады. Осы арқылы автор құстардың адамға деген достығын паш етіп, балаларды табиғатты қорғауға үндейді. Ал «Бай ұлы» атты әңгімесінде кедей-кепшікке қайырымды бай баласының өз құрбысына астындағы атын түсіп беріп, баланың әкесінен бата алуы, сол батаның қабыл болып, бай ұлының асқан бай, аузы дуалы би болуы суреттеледі. Бұл жерде «Батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» деген халық қағидасы шығармаға идеялық арқау болып отыр. Ал «Жәнібек батыр» әңгімесін ұсынуда автор жастайынан ел кезіп, көнекөз қариялардан бата алып өскен қаракерей соқыр Абыздың «Алдыңа келсе әділдігіңді аяма, аймағың кетпес алдыңнан. Жолдастың мыңын алма, бірін ал, бір кісі мың кісіге олжа салатұғын. Олжаңды аямасаң, жолдасың қалмас жаныңнан»-деген өсиеті мен кіші жүздің тоқсанға келген Тайжан биінің «Өгізді өрге салма – қанатың талар, жаманға жүзіңді салма-сағың сынар»-деген өсиетін есте сақтап, ел билеген Жәнібек бидің өмірін жастарға үлгі еткен. Ыбырай «Ұлықпан әкім» әңгімесі арқылы ғылымның адам өміріне пайдасын насихаттауды мақсат етсе, Жиренше шешен, Тазша бала әңгімелерін ұсына отырып, оқушыларды тапқырлыққа тәрбиелеуді көздеген. Ыбырай өзінің «Таза бұлақ» әңгімесінде адам көңілінің таза болуын дәріптесе, «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде «Еңбекпен ер көгереді», мұратына жетеді, ал «Қарақшының басы жолда қалады», «Ұрлық түбі қорлық»-деген ойды қорытады. «Әке мен бала» әңгімесінде еңбекті дәріптеп, «Бай баласы мен жарлы баласында» жалқаулықты айыптап, аңғарымпаздықты, өнеге, еңбекке бейімділікті марапаттайды. Ыбырай аударып, хрестоматияға енгізген орыс жазушылары Пауэльсонның, Ушинскийдің, Толстойдың әңгімелерінде қайырымдылық, еңбексүйгіш сияқты зор адамгершілік қасиеттер дәріптелеп, оған қарама-қарсы жауыздық, дүниеқорлық, т.б жексұрын мінез-құлықтарды әшкерлеу өзекті орын алады. Ыбырай осы арқылы жастардың пайдалы азамат болуын көздейді.

Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі, надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушысы болды. Ыбырай Алтынсарин - жазба әдебиетіміздің төрінен берік орын алатын педагог-жазушы.

Колледж қабырғасында оқып жүріп-ақ педагогикалық машық кезінде Алтынсариннің қалдырғын өнегесін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін өз сабақтарымда тиімді қолданып келемін. Баланы еңбекке тәрбиелеуде, еңбекке үйретуге үлгі-өнегелі Ыбырай шығармалары бір күш қуат беретіндей. Машық барысында қыз балаларға, ер балаларға арналған еңбек тәрбиелерін жіктеп, топтық жұмыс түрінде өткізе отырып, сахналауды ұсындым, кейін алған әсерлерімен бөлісті. Бұдан түйетін ойым балалар шығармалар арқылы өз бойларына жақсы әдеттерді сіңіре білді, еңбектің пайдасын жете түсіне білді.

Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек еткен Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби еңбектері – бүгінгі жастарға берер ғибраты мол, асыл мұра.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Ұлы ұстаз ұлағаты» Серікбай Оспанұлы, Қостанай – 2014ж

2. «Ы. Алтынсарин» Әсет Ламашев, Алматы «Ана тілі» 1991ж

3. «Таза бұлақ» Ы. Алтынсарин



Ыбырай ізбасары - ұлағатты ұстаз Нәзипа Құлжанова
Жағалбайлина Перизат Шамқалқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының3 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Назарова Гулмира Куандыковна.
Қазақтың тұңғыш кәсіби ағартушысы, ақын және жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин қараңғылықтың қалың бұлтын ыдыратып, адами болмысқа жаңа бір құндылық енгізген, сауатсыздық құлпының алтын кілтіне айналған тұлға еді. Ол ағартушылық сипатқа ие болып, өркениеттен кенже қалушылыққа қарсы бағытталып, халықты білім-ғылым, өнерге шақырды. Аса талантты педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халықымыздың демократиялық мәдениеті мен өнердің бір сыпыра сала-сында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады. Халықты өнер-білімге жетелеген, өзінен кейінгі буын ағартушылық жолдағы ізбасары-Нәзипа Құлжанова.

Нәзипа Құлжанова қазақтан шыққан тұңғыш қаламгер әйел, талантты аудармашы, ұстаз. Қазақ топырағындағы журналистика өнерін тұңғыш меңгерген, әнші, мәдениет қайраткері, халықтың ауыз әдебиеті мен музыкасын зерттеп, оны А.Затаевич пен А.Бимбоэске нотаға түсірткен үлкен талант иесі Нәзипа Құлжанова 1887 жылы Торғай облысы, Жангелді ауданы қазіргі «Торғай» кеңшары жерінде сатушы отбасында дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен.

Талантты жас Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы- педагогы, демократ, ақын-жазушысы Ы.Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебінен тәлім алып, Ахмет Байтұрсыновтың қамқорлығы мен қолдауын көрген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан, 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің қөмекшісі болып қызмет еткен. Елдің қоғамдық саяси қызметіне белсене араласып, өзінің зерделігімен, қабілеттілігімен көзге түседі. Ленинград қаласындағы архив мәліметтеріне қарағанда, гимназияда 5 қазақ қызы оқыған. «Сағызбаева Нәзипа прогимназияның барлық 4 жылдық курсын бітіріп шықты, сабақты өте жақсы оқыды, тәртібі тамаша еді. Курстың бірінші оқушы болып аяқтады» делінген, бұл деректер Н.Құлжанованың гимназияны үздік бітіргендігін айқындап тұрғандай [1,7б].

Нәзипа өзінің жұбайы Нұрғали Құлжанов екеуі Семейде 1905 жылы мұғалімдер семинариясында жұмыс істейді. Нұрғали Құлжановтың да өмір тарихы Нәзипаныкіне ұқсас. Нұрғали Құлжанов 1870 жылы Жангелдин ауданына қарасты Қошалақ ауылында дүниеге келген. Ыбырай мектебін аяқтап, Орынбордағы мұғалімдер мектебін 1893 жылы бітірген.

Ерлі-зайыпты Құлжановтар 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы оқытушылық қызметке халық-ағарту, мәдени-әдеби жұмыстармен айналы-сады. Білікті де, сауатты мамандар осында орыс географиялық қоғамына мүше болып кіреді. Белгілі жазушы Сапарғали Бегалин «Құлжановтар семинариядан қолы бос уақытта түрлі қоғамдық жұмыстар мен айналыса жүріп те, бір-екі сағат үйдегі біздерге сабақ беріп үлгеруші еді» - деп еске алады. Шығыс әйелдері съезін ұйымдастырушылардың бірі. Семейде әдебиет және мәдениет саласындағы істерге жетекші болды.

Нәзипа Құлжанова көшпелі қазақ елінде бұрын - соңды айтылмаған, жазылмаған бала тәрбиесінің жаңа түрін айтып берді. Оның бұл еңбектері «Қазақ балалар педагогикасының» алтын қорына қосылды. Бұл жайт ұстаздың «Бала күтімі», «Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары» кітабында балалардың табиғи қалпын бұзбай мінсіз баулу, оған өскен ортасының әсері, балдырғанның мінез-құлқын, іс-әрекетін қалыптастыру, оның сезім мүшелерінің ақаусыз дамуы, баланың жаратылысқа еркін қызықтауын өркендету, зейін, зерде, қабілет, түйсік туралы жан-жақты, терең, әсерлі баяндалған. Ол «Баланы аурудан таза ауада ойнату қажеттілігі, баланың еркіндігін, табиғилығын дамытудың мәні зор екендігі дәлелді баяндалған. Оның педагогикалық еңбектері 1993 жылы толық жинақталып, «Халқыма деп іс қылдым» деген атпен жарияланды. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды. Ұстаз балалар сахнасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, кештер мен кездесулер, қойылымдар ұйымдастырды.

Нәзипа Құлжанова Еуропа елдеріндеі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірліігін де әңгімелейді. Автор өзінің еңбектерінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі.

Болащақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп, былай деген: «Балаға керегі-ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген –білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді». Н.Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге,ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған [2,6-7б ].

Нәзипа Құлжанованың дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көпте- ген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұлағатты ұстазы.

Ол алғашқы Абайтанушылардың бірі. Оған дәлел- 1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында Абай Құнанбаевтың қайтқанына 10 жыл толуына орай ұлы ақынды еске түсіру кешін ұйымдастырды. Кеште ақын өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндаманы Нәзипаның өзі жасап, одан кейін Абай өлеңдері оқылады. Бұл кеш туралы «Айқап» журналында да жазылды. Нәзипа ханым осы кеште сөйлеген сөзінің аяғында Абайды туғызған қазақ даласы, тағыда талай Абай секілді, бәлки одан да артық данышпандарды туғызар дегенде тыңдаушы қазақтардың жүйесі босап, көзіне жас алғандарды болды, деп хабар берді. «Ол кеш бірінші қазақ ақынының құрметіне жасалған алғашқы әдебиет кеші болып һәм бірінші қазақ әйел (Нәзифа ханым Құлжанова жамағатының) майданға түсіріп берген өрнегі» - деп жазды 1914 жылы «Қазақ» газетіне Міржақов Дулатов. Қазақтың ұлттық ойындарының кешін өткізуге әскери губернатордан рұқсат сұрап, 1915 жылы 13-ақпанда Нәзипа тағыда бір сауық кешін өткізеді. «Ойын-сауық ұйымдастырушы Нәзипа ханымның ондағы мақсаты қазақ әйелдерінің бетін ашып, мәдени-ағарту жұмыстарына қатысу бастамасы еді» дейді Мұхтар Әуезов. Мақтаса мақтауға тұрарлық Нәзипаның игі істерінің бірі жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткені еді.

Нәзипа ханым екі тілде бірдей жүйріктігімен де көзге түсті. Оның орыс тіліне жетіктіінің арқасында орыс және Еуропа әдебиетінің кейбірі қазақ тіліне аударылды. Сонымен қатар, Абай, Ыбырай, Ғабиттердің шы-ғармаларын тұңғыш рет орыс тіліне аударған да Нәзипа ханым еді.

Қазан төңкерісінен соң қазақ әйелдерінің арасынан суырылып шығып, өз халқына өнер-білім сәулесін шашқан алғашқы қарлығаштар - Алма Оразбаева, Мадина Бегалиева, Мүбина Ниязова, Шолпан Иманбаева сияқты қазақ халқының мақтанышына айналғандардың қатарында көпшілікке белгісіз себептермен аты осы уақытқа дейін көп аталмай, халықтың жүрегінен өзінің лайықты орнын ала алмай келген алғашқы педагог-ғалым, журналист-публицист қазақ қызы Нәзипа Құлжанова да бар еді [3,45б].

Туған халқы үшін өшпес із қалдырған Н.Құлжанова 1933 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеден өтті. Қазақтың аяулы қызының ең-бектері ғылыми - педагогикалық еңбектердің қатарында алар орны өзгеше, Қазақ зиялыларының бірі ретінде Нәзипа Құлжанованың рухыни, тарихи танымының жоғары екендігін байқаймыз. Семей оқытушылар семинариясында мұғалімдік қызметте болған кезі ізденістерге толы жылдар еді, ұстаздық ісінің бегілі бір жүйеге иеленіп, қомақты істерді бел шешіп атқаруға ойысқан шақ еді.

Семей семинариясында ұстаздық істі жемісті атқарған білімдар жанның өз ісіне шынайы берілгендікпен қарауы, өнегелі істің ұрқын себуі кейініректе жемісін де берді. Төңкерістен кейінгі жылдары бұрыннан бастаған ұстаздық ісін осы саладағы ағартушылық, қайраткерлік дәрежеге жеткізді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Торғай №40, 2016ж. [1,7б].

2. Халқыма деп іс қылдым [2,6-7б].

3. Нәзипа Құлжанова. [3,45б].



Нәзипа Құлжанованың мұрасы - колледж игілігінде
Танатқан Қырмызы Фазылханқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 2 - курс студенті

ғылыми жетекшісі: Насрединова Акжаркын Есеметовна
Жылдар өткен сайын даналардың дара сөздері сан қырынан сараланып, сәулеленіп, жарқырай түсуде. Соның ішінде ағартушы, демократ, педагог Ыбырай Алтынсариннің ізбасары аудармашы - педагог, көсем сөзші, журналист, мәдениет қайраткері Нәзипа Құлжанованың шоқтығы биік. Қазақ әліппесінің негізін қалаушы, халық ағарту ісін алғаш ұйымдастырушы , әдіскер мұғалім, Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жылдық мерейтойы мен тұңғыш журналист, мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаушы Нәзипа Құлжанованың 125 - жылдығына тұспа - тұс келуі біз үшін зор мәртебе.

Бұл мерейтой дәл біздің колледж қабырғасында кең көлемде аталып өтуінің жоспарланып отырғанының да өзіндік мәні зор. Ұлы ағартушының есімін иеленіп отырған біздің ұжымдағы ұстаздарым "Мектеп жүрегі - мұғалім, мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай болмақ" деген зерделі сөзді назарда ұстап, "Мәртебелі ұстаз" есіміне дақ түсірмей ұрпақ алдындағы еңбегін еселей түсуде, машықтанушылары да аяулы жанның атағына кір келтірмеуге тырысуда.

Осы орайда данадан қалған дара сөздерді жаңғырту, аяулы апамыздың ұлылылығын дәріптеу мен тәрізді машықтанушының абыройлы міндеті деп санаймын. Есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы апаларымыздың бірегейі Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этнограф, аудармашы ретінде есімізде мәңгілікке сақталып қалды. Ол 1887 жылы Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сынды дарабоз тұлғаларды дүниеге әкелген Қостанай облысының топырағы киелі Торғай өңірінде туды. Алдымен іргесін ұлы ағартушымыз Ыбырай Алтынсарин қалаған Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, кейін оқуын Қостанай қаласындағы қыздар гимназиясында жалғастырады. Оны 1902 жылы тәмамдап, Торғайда мұғалімнің көмекшісі болып істейді.

Автордың қай шығармасын саралап қарасаңыз, мектепке дейiнгi тәрбиенiң мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу, ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына баса назар аударатынына көзіңіз анық жетеді. Әрқашан бала ойынының мәнi мен маңызына тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне, дүние-танымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне тоқтала келiп, "суға түсiп, жүгiрiп, құспен бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей, құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын, тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де, жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек” – дейдi.

Начало формы

Тарқатып айтсам, "Мектеп - білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы тек қана мектептерде" деп Ы.Алтынсарин күткен үмітін жалғастырып, бүгінгі күні бізге мұра қылып қалдырды. Ол дәл қазіргі ақпарат заманында да тасада қалмай, жадымызда мықтап сақталып, қалдырған мұрасы халқымыздың мәңгі ескірмес рухани серігі, сүйікті шығармасына айналды.

Назипа Құлжанованың еліне сіңірген еңбегі қазіргі таңда, мен тәрізді жастарды үш тілді игеруге сауатты және жоғары білікті маман болуға шақыратын Н.Ә.Назарбаевтың үндеуімен үндесіп отыр. Иә, бүгінгі күні қазақ даласында жаңалықтың жаршысы болған шоқтығы биік тұлғаның мектепке дейінгі білім беру идеялары бүгінгі таңда колледжіміздің ғылыми зерттеу жұмысының шексіз алабына айналуда.

Назипа Құлжанова замандас отандастарының ой-пікірлерін қуаттап қазақ жерінде оқу білімнің шамшырағын жағып, жан-жақты педагогтік - демократиялық көзқарастың негізін салды. Өз заманының озық ойлы азаматшасы болды. Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен танылған Нәзипа Семейде өзінің белсенділігін, қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін ұйымдастырып, өткізеді.

Қазақ, орыс тілдерінде баяндама жасайды. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етеді. Нәзипа Құлжанова кезінде Қырғыз оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған. Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. Аталған кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз жазған екен.

Ағартушының қазіргі жаһандану заманы талабымен үндес осы бір сөзіне қайран қаласың. Неге десеңіз, құдіретті күш, ең басты құндылықтардың бірі саналатын – білімнің өзектілігі мәңгілік. Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ескерткен.

Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген. Сондай-ақ, Н.Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде ұсынылған.

Ол 1927 жылы 5000 данамен Қызылорда қаласында басылып шыққан. Жасыратыны жоқ, Н. Құлжанованың өмірі мен қызметі, мұрасы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Оның журналистік, аудармашылық қырын ашу келешектің еншісінде деген сенімдеміз. Нәзипа Құлжановадай қазақтың қайсар, қайраткер қызы, оның ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жайлы достарым білгені абзал. Өкінішке қарай, педагогика оқулықтарында ол туралы мәліметтер «Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбектері мектепке дейінгі педагогиканың алтын қорына қосылды» және «Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау салып, негізін қалауға қатысқан педагог – Н. Құлжанова деген бірер сөйлеммен шектелген. Осы мақалада алып тұлғаның шығармашылық қызметінің бір қыры ғана аз - кем сөз етілді.

Биыл талантты қазақ қызы, қайраткер, педагог Назипа Құлжанованың туғанына – 125 жылдығына орай оның «Мектептен бұрынғы тәрбие» құралы қайта жарық көріп жатса, бұл кейінгі буынның асыл тұлғаға деген құрметі болар еді. Бұл істі мен білім алып жатқан Арқалық қаласындағы Н. Құлжанова атындағы гуманитарлық колледж әкімшілігі қолға алса, нұр үстіне нұр.

Қазіргі кезде де аудармашының еңбектері өзінің өзектілігінен айырған жоқ. Тарқатып айтсам, «Мектептегі дәстүрлі тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі», т.б төл туындылары өміршеңдігімен колледж игілігіне кеңінен қолданылуда. Оның шығармалары замануи колледжімізде ұстаздарымыздың әр сабағынан көрініс табуда.

Нәзипа Құлжанова замандас отандастарының ой-пікірлерін қуаттап қазақ жерінде оқу білімнің шамшырағын жағып, жан-жақты педагогтік - демократиялық көзқарастың негізін салды. Өз заманының озық ойлы азаматшасы болды. Бұл елім деп еңірген халқын сүйген тек қана ақылды парасатты адамның қолынан ғана келетін іс еді. Өйткені, мәселеге шындап бүгінгі интелектуалды машықтанушының көзімен қарасақ, Нәзипа Сегізбайқызын тану қоғамның қолынан ғана міндеті емес, оны оқып үйрену өзін мәдениетті, білімді санайтын әрбір азаматтың парызы, оның ұлттық көркемдік түсінігін тәрбиелеумен өсірудің бірден - бір құралы. Ұлы ағартушының мұрасы біз үшін таусылмас қазына. Оның әрбір еңбегінен біз рухани тілектерімізге жауап тауып, нәр алудамыз. Эстетикалық талабы мен талғамын есейе түседі. Өмір мен өнердің үйлесу, үндесу үлгісін тауып, тағылым сабақ алады. Қайраткердің мұрасы халқымыздың мәңгі ескірмес рухани серігі, күнделікті оқу - тәрбие ісіміздің мазмұнына айналды.

Бала жанының зергері Нәзипа Құлжанованың әңгімелерінің қай - қайсын қарасаңыз да, жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне орай тілі жеңіл, мазмұнды, тартымды, олардың жан дүниесіне әсер етерліктей етіп беріледі.

Бұл әңгімелер мұғалімдер мен ата-аналардың балаларды ұқыптылық пен сабырлылыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеудің таптырмас көзі болып отыр. Сондықтан ағартушының төл туындыларын оқу үрдісінде, сынып сағаттарында, таңдаулы сабақтарда пайдаланып жүрміз.

Нәзипа апамыздың салған сара жол – бұл күндері қанатын кеңге жайған, тамырын тереңге жіберген, экономикасы мен мәдениеті дамыған тәуелсіз Қазақстан Республикасының білім шаңырақтарында жалғасын кеңінен табуда.

Келешекке сенімі мол Нәзипа апамыз өмір көркі, болашақтың иесі - жастар деп ұқса, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы да" Ел ертеңі - білімді ұрпақ" - деп сенім артып отыр. Олай болса, ағартушының идеялары, болжамы бүгінгі білім беру ісіне дөп келіп, алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Олай болса, ел ардақтаған асылдарымызға көрсетілер ізет-құрметіміз іркілмесін дейік.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақтың тәлiмдiк ой-пiкiр Антологиясы, 2 томдық. А; “Рауан” 1т. 1994, 2 т. 1998 ж.

2. Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. “Этнопедагогика”Астана. 2005 ж.

3. Бақраденова А.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту. Оқу -әдістемелік құрал. –Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012

4. Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. -Астана, 2010.

5. Қалиев С.Н.«Құлжанова-мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламаcы Астана, 2010. 89б. Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013.



Торғай топырағының мақтанышы, қайраткер қазақ – қызы

Нәзипа Құлжанова
Махмет Қызғалдақ Қанатқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

музыка бөлімінің 3 курс студенті

ғылыми жетекшісі: Нургалиева Г. А.
Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист. Н.Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903–1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905–1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған.

Нәзипа Құлжанова – мектепке дейінгі тәрбиенің негізін қалаушы

Қостанай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы қыздарымыздың бірі – Нәзипа Құлжанова. Әкесінің аты бірде Сағызбай делінсе, кейбір басылымдарда Сегізбай болып жазылып жүр. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) делініп, қатар көрсетілген.

Н.Құлжанованың бастапқы мамандығы – мұғалім. Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этно-граф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік қалды.

Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен та-нылған Нәзипа Семейде өзінің белсенділігін, қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы (ұлы Абайдың қайтқанына 10 жыл болған уақыт) мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін ұйымдастырып, өткізеді. Қазақ, орыс тілдерінде баяндама жасайды. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етеді.

Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды. Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек». Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады:

1. «Күллі жер жүзінде»;

2. «Мектеп жасына толмаған бала»;

3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?»;

4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі»;

5. «Бала бақшасы деген не?».

Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды. Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді. Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді. Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді. Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген. Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».

Құлжанова Назипа Сағызбайқызының ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған. Нәзипа Сегізбайқызы дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстазы.

Жасыратыны жоқ, Н. Құлжанованың өмірі мен қызметі, мұрасы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Оның журналистік, аудармашылық қырын ашу келешектің еншісінде деген сенімдеміз.

Нәзипа Құлжановадай қазақтың қайсар, қайраткер қызы, оның ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жайлы жастарымыз білгені абзал. Өкінішке қарай, педагогика оқулықтарында ол туралы мәліметтер «Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбектері мектепке дейінгі педагогиканың алтын қорына қосылды» және «Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау салып, негізін қалауға қатысқан педагог – Н. Құлжанова (1887 - 1934)» деген бірер сөйлеммен шектелген. Осы мақалада алып тұлғаның шығармашылық қызметінің бір қыры ғана аз-кем сөз етілді.

Биыл талантты қазақ қызы, қайраткер, педагог Нәзипа Құлжанованың туғанына – 125 жыл. Осы айтулы күнге орай оның «Мектептен бұрынғы тәрбие» құралы қайта жарық көріп жатса, бұл кейінгі буынның асыл тұлғаға деген құрметі болар еді. Бұл істі Арқалық қаласындағы Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледж әкімшілігі қолға алса, нұр үстіне нұр.

Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Балапан» бағдарламасына бұл туындының тың серпіліс әкелері де сөзсіз.

Ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішев «Аумалы-төкпелі заманда ел ісіне араласқан Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Қаныш Сәтбаев, Сара Есова сынды ер-азаматтардың айбынды толқындары қатарында Нәзипа Құлжанованы да атапты.

Олай болса, ел ардақтаған асылдарымызға көрсетілер ізет-құрметіміз іркілмесін дейік.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жангелдин ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы музей мәліметтері.

2. Хакімжанова. М. Нәзипа Құлжанова Қазақ әдебиеті, 1967.

Нәзипа Құлжанова – Ыбырайдың жолын

жалғастырушы педагог
Темірбай Нұрайым Боранбайқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

«Бастауыш білім беру» мамандығының 2 курс студенті

ғылыми жетекшісі – Уахитова Алмагуль Абдуалиевна
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келді. Шын есімі – Ибраһим. Ыбырайдың әкесі Алтынсарыны 1844 жылы Кенесары Қасымұлы жасақтары өлтіріп кеткен соң, анасы Айман ерінің інісі Қошанға тұрмысқа шығады. Ыбырай тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алған.

1846 жылдың 5 наурызында Балқожа Орынборға әдейі барып, Шекара комиссиясының председателі генерал-майор М. В. Ладыженскийге Ыбырайды жаңадан ашылуға тиісті қазақ балаларына арналған мектепке алуға арыз береді. 1850 жылы 22 тамызда Орынбор қаласында Шекера комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін арнаулы мектеп ашылады. Оқу мерзімі жеті жылдық еді. Осы мектепке қабылданған 30 баланың бірі болып Ыбырай да қолына алғаш қалам алды. Сабақ 24 тамызда басталды. Оқытылған негізгі пәндер орыс, қазақ және татар тілдері, сурет, сызу, есеп, география, тарих болатын. Христиан және ислам діндері де оқытылды. 1857 жылы 15 маусымда бұл мектепті 20 бала тәмәмдады, Ыбырай үздік бітірген бес оқушының бірі болып ресми куәлік алып шықты. 1857-1859 жылдары Ыбырай Алтынсарин Балғожа бидің қарамағында хатшы болып жұмыс атқарады.

1859 жылы 1 тамыздан бастап Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаш болып тағайындалады. Шекара комиссиясының председателі, орыс ориенталисі, ғалым, генерал-лейтенант В.В.Григорьевтің қарамағында жұмыс істейді. Ыбырайға ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кітапханада Ыбырай орыс жазушыларының шығармаларын, дүниежүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайлы кітаптарды көп оқыған. Өз заманының озат ой-пікірімен танысқан. Әдебиет, саясат, ағарту саласындағы журналдарды да зерделей қараған. Григорьев арқылы Алтынсарин ориенталист-ғалым Н.И.Ильминскиймен танысты, кейін онымен дос болып кетті.

Ыбырай Алтынсариннің хаты бойынша 1960 жылы Орынбор өлкесінің басқару орны Торғай бекінісінен қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алынады. Мектепке өзі оқытушы болып тағайындалмақшы болады. Мектеп ашпақ болып Торғайға келеді, бірақ қиындықтар туады. Сол себептен ол оқушыларды өзі қабылдап, үйінде оқытады. Ол ең алдымен ауылдарды аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. Осылайша армандаған мектептері салына бастайды. Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда төрт рет уездік судья болып (1868—1874), Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады. Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.

Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәсіпшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды.

Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің «Балалар дүниесін», Л.Н.Толстойдың «Әліппе және оқу құралын», Д.И.Тихомировтың «Грамматиканың қарапайым курсын» оқу құралы ретінде ұсынды.

Балаларды оқыту барысында Ыбырай оқушыларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді. Шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздейді. Оқушылардың діни көзқарастарын да ескеріп отырады. 1876 жылы Ыбырай Алтынсарин орыс-қазақ мектептеріне арнап «Қазақ хрестоматиясын» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жаза бастады. Олар 1879 жылы Орынбор баспасында жарыққа шығады. Екі кітаптың да корректурасын Орынборға барып өзі оқыды. Бұл еңбектер ғылыми деңгейде жазылған асыл мұралар, қазіргі кезде де қадір-қасиетін жоймаған қымбат қазына. Осы жылдың 25 қараша күні Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясының» бір данасын Петербургке В.В.Григорьевке, бір данасын Қазанға Н.И.Илминскийге жіберді. 1884 жылы оның «Шарият-ұл-ислам» («Тәңірі заңдарының ережелері») деп аталатын еңбегі Қазан қаласында басылып шықты. Оны қолжазба күйінде Н.И.Ильминскийге, әріптестеріне көрсетіп, олардың орынды пікірлерін ескерді.

Ыбырай өмірінің соңғы күндеріне дейін жанында болған сүйікті шәкірті, әрі әріптесі Ғ.Балғымбаевтың естелігінде мынадай жолдар бар: «Июль айының басынан Алтынсарин тіпті қатты ауырып жатты, өкпесі қабынған ба, әлде басқа бір жері ауыра ма, әйтеуір ісініп кетті». Ұлы педагогтің қатты науқас екені бүкіл Торғай даласына тарады. Онымен кездесуге көңіл білдіріп, денсаулық тілеуге дос-жарандары, ұстаздары, шәкірттері келіп жатты. 1889 жылы шілде айының 17 күні, күндізгі сағат 11-де, 48 жасына үш ай, үш күн қалғанда қайтыс болып, Тобыл өзенінің жағасына жерленді.



Ұлы педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнердің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады. Халықты оқуға шақырған, өнер-білімге жетелеген, өзінен кейінгі ағартушылық жолындағы ізбасары - Нәзипа Құлжанова.

Нәзипа Құлжанова Сегізбайқызы – ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдеиетінің ерекше із қалдырған тұлғасы, ағартушы, ұстаз, әлеуметтік қайраткер, журналист, жазушы, аудармашы. Құлжанова 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысы Жанкелдин ауданында сатушының отбасында дүниеге келген. Ол әуелде Торғай қаласындағы Приходская школында оқып, 1902 жылы Қостанайдағы прогимназияны тәмемдаған. 1903-1904 жылдары Торғайдағы әйелдер училищесінде 15 жасында мұғалімдік қызмет атқарған. Одан соң Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1950 жылдары осында мұғалім болды.

Нәзипа Сегізбайқызы жастайынынан бері ержүрек, жігерлі кісі болған. Әке-шешесі Нәзипаны бір жігітке атастырып, қалың малын алған. Қыз бой жетіп, осы жігітті сүйемегендіктен, оған тұрмысқа шығудан бас тартты. Нәзипа қазақ даласының салты бойынша бұрын берілген қалың малын қайтаруға тиісті болған. Қыздың отбасының материалдық жағдайы төмен болғандықтан, облыстық әскери прокурордың көмегіне жүгінді. Сөйтіп Нәзипа Сегізбайқызы жаны қалаған адамға тұрмысқа шыққан. Жұбайы Нұрғали Құлжанов – осы заманның көрнекті ағартушыларының бірі. Ол да мұғалімдік қызметін атқарған. 1905 жылы жанұя Семей қаласына көшіп келген. Ерлі-зайыпты Құлжановтар Семейге келген кезде бұл қала Қазақстандағы ірі мәдени-ағарту орталығы дәрежесінде еді. 1913 жылы Нәзипа Сегізбайқызы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің «Азамат серіктестігі» ұйымының мүшесі атанған.

Ұзақ жыл оқытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы Қызылордада «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптары басылды. Нәзипа Сегізбайқызы – ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуымен дамуына салмақты үлес қосқан салиқалы, зерделі зерттеуші. «Мектептен бұрынғы тәрбие» туындысында баланы қалай тәрбиелеп өсіруді, табиғи қалпын бұзбай, мінсіз баулуды, дұрыс, жақсы сөйлеуін, көркем мінезін, баланың саулығын, зейін-зердесінің жақсы болуын қамтамасыз еткен. Сондай-ақ Құлжанова мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдыңда орынды болуын ескерген. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген. «Халқыма деп іс қылдым», – деп Нәзипа Құлжанова өзі айтқандай келешек ұрпағына тәрбиелік мәні бар артына мол мұра қалдырған.



Оның ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған.

Дарынды Нәзипа ұлы Абайдың шығармашылығын жақсы көрген, алғашқы абайтанушылардың бірі. Оған дәлел – 1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында жұбайымен бірге Абай Құнанбаевтың қайтқанына 10 жыл толуына орай ұлы ақынды еске түсіру кешін ұйымдастырды. Кеште ақын өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндаманы Назипаның өзі жасап, одан кейін Абай өлеңдері оқылады. Бұл кеш туралы «Айқап» журналында да жазылды.

Н.Құлжанова – қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мүшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.

1929 жылы Нәзипа апай үйде отырып жұмыс істеуге мәжбүр болды. Мұрағат мәліметтерінің дерегінше, Құлжанованың денсаулығы нашарлап кетті. Бірақ ғалымның жағдайы жайында басқа пікір де бар. Яғни, Алашорданың қайраткерлерімен қарым-қатынас орнатып жүргендіктен, патша сақшыларының «назарына ілігеді».

Туған халқы үшін өшпес із қалдырған Н.Құлжанова небәрі 47 жасында 1933 жылы 21 тамызда Алматы қаласында, созылмалы аурудан дүниемен қош айтысқан. Қайраткер қазақ қызының өмірі де, сол қысқа өміріндегі кездескен сан түрлі қиындықтармен атқарған ереулі қызметі де ұмытылмайды, және оның есімі қазақ мәдениетінің тарихында мәңгілік қалады.

Ыбырай Алтынсарин – ғасырлар өтсе де, заман өзгерсе де өзі өмір сүрген заманы мен өмірінде қазақ балаларына “Кел, балалар, оқылық” деп жар салудан тынбаған, сол арқылы қазақ балаларының надандық қамытын киюіне жол бермеген бірден-бір тұлға болып қала бермек. Оның қызметінің басты саласы – бала оқыту, ұстаздық екенін ұмытпау біз үшін міндет. Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырады. Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады. Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді. Жастарды өнер-білім, техниканы игеруге үндеу ақынның «Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептерде ерлі-зайыпты Құлжановтар оқып қана қоймай, ұлы ұстаздарының жолын қуған ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихында ағартушылық жолын бекем ұстанған, оқыту тәрбиелеу ісінің теориясына да, практикасына да Нәзипа Құлжанова именбей кірісіп, еңбек сіңірді. Міне, Нәзипа Құлжанованың қаламгерлік мұраты мен эстетикалық талғамын айқындайтын барша шығармалары жазушы мұрасының құндылығын көрсетеді. Екі педагог теағартушы да балаларды өнер-білімгеге шақырып, қазақ халқының көзін ашқан педагогтер.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.Ламашев «Ыбырай Алтынсарин және оның достары мен ізбасарлары», Алматы «Қазақстан», 1988 ж.

2. С. Қирабаев, Ү.Асыл, К.Құрманбай, С.Дүйсебаев, Б.Әрінова 10 сыныпқа арналған оқулық «Қазақ әдебиеті (ХІХ ғ.)», Алматы «Мектеп», 2014 ж.

3. С.Қалиев, Ж.Молдабеков, Б.Иманбекова «Этнопедагогика», Астана, 2007ж.

4. Ұлттық энциклопедия, Алматы, 2004 ж.

5. «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008 ж.

2 СЕКЦИЯ
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМНЫҢ БАҒЫТЫ
Нұрсұлтанов Жасұлан Нұрлыбекұлы

Арқалық көпсалалы колледжінің Кеңесші – заңгер 30 тобының ІІІ – курс студенті

ғылыми жетекшісі: Байдилдина Жанна Рашидовна

Құқықтану арнайы пәндер оқытушысы
Болашақ ел тізгінін ұстап, өміршең бастамаларды алға жетелеуші күш -жастар. Кез-келген елдің дамуы еңбекке жұмыла білген еңбекқор жастардың қолында. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ел болашағы - жастардың қолында» деген қанатты сөзі күн сайын жастар үшін маңыздылығын нығайтып, қолдау табуда. Жастар кез-келген қоғамның белсенді мүшесі. Ең алдымен, Отансүйгіштік сезімдері шексіз, салауатты өмір салтын насихаттайтын, зияткерлік ой-өрісі кең жастардың болашаққа деген сенімі мол [1, С. 130-131].

Мамандық таңдау – адамның жас кезінде жасайтын негізгі өмірлік таңдауларының бірі, өйткені, кәсіпті таңдай отырып ол тұрмыс қалпын таңдайды. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетілген тап та бар қалан» деп ұлы Абай атамыз жырлағандай, әр адамның өмірден өз орын табуы үлкен міндет. Өмір жолы тарам-тарам, сол жолдан өз жолын таңдап, ұнаған мамандығын жан-тәнімен сүйіп, еліне, туған жеріне, халқына,адам қызмет ету әр адамның қоғам алдындағы азаматтық борышы. Мамандық таңдау жас өспірін жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Белгілі жазушы, ғылым Жүсіпбек Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген екен. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдер болып, тіпті алдырына жоспар да құрғысы келмейді. Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.

Халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар. Олар әр қоғамда, қандай жағдай немесе тәртіпте болмасын сұранысқа ие болады. Сол мамандықтардың ішінде заңгерлік те бар. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет.

Заңгер мамандығы-ең тартымды мамандық. Халықтың көнілінен орын табатын,көпшілік таңдайтын бірнеше мамаңдық бар, олар әр қоғамда, қандай жағдай, режим болмасын сұранысқа ие болады. Өндіріс аясында жұмыс берушіге де тиімді қызмет атқаратын заңгерлер қажет. Заңгерлердің болашақ қол жетістіктері қазіргі күнде заңгерлер салық органдарына, ішкі істер органдарына, әкімдіктерге, прокуратура органдарына, сотта қажет болса, комерциялық ұйымдарда шет тілін және мемлекеттік тілдерді жетік меңгеру студенттерге шетелдік ұйымдарда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заңгер мамандығын тандаған адамға келесіде қаражаттық мүмкіндіктер ашылады; Біріншісі; Мемлекеттік органдардағы еңбек ақысы мен әлеуметтік кепілдіктер. Құқық қорғау органдарында еңбек ақысын төлеу қалыпты және мемлекетімізде жыл сайын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалақысы көтерілуде, жоғары зейнетақы алу мүмкіндігі де бар. Екіншісі; еркін қызмет істейтін заңгерлердің (адвокаттар, нотариустар, кеңесшілер) жалақысы. Аталған тұлғалардың жалақысы өзінін біліктілігіне әрекетіне байланысты.

Заңгер мамандығының тартымдылығы неде?

Әрине, көп адамдар заңгер болуға құштарлығы бекер емес, заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер мамандығы, әділетсіздіктін құрбаны болған тұлғаға, ылмыстан зардап шеккен жәбірленушіге өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамнын қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді. Тергеуші, судья болып жұмыс істейтін заңгер қылмыскерге әділ жазаны қамтамасыз етсе, прокурор болып қызмет атқаратын заңгер зан бұзған шенеунікті жауаптылыққа тартады.Заңгер жұмысы-құқық үшін күрес,ол күрес заңгерлерге үлкен рухани ләззат сыйлайды.

Заңгер мамандығының тартымдылығының бір қыры-алынған білімді мемлекеттік басқарудын әр аясында, ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болатындығы. Жоғары білікті заңгер-кәсіби қызметте әрдайым қажет қызметкер және жәрдемші. Заңгер мамандығының тартымдылығы зор және шынайы білікті заңгерлер жоғары интеллектуалдылық, ұйымдастырушылық қабілетке йе болады. Заңгер мамандығы адамнын ой өрісін дамытуға және өзін, жанұясын жоғары материалды қамтуға мүмкіндік береді.

Заңгердін кәсіби мүмкіндіктері бүгінгі таңдағы нақты еңбек нарығындағы жағдай бойынша заңгер жұмыс істей алатын қоғам аялары анықталған. Қазақстанда заңгер, қызмет жасай алатын жұмыс орындарына назар аударсақ;прокурор қызметі, прокурордын көмекшісі, тергеушілер, судья, адвокаттар, юристконсульттар, нотариустар, ішкі істер органдарынын жедел іздестірушілері, салық полицейлері, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін кеден органдары, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, меншіктің барлық нысанында құрылған кісіпорындардың басшылары жатады. Заңгерлердің кәсіби мүмкіндіктері арнайы құрылымдарға таралады,яғни олар; сот, құқық қорғау органдары, сонымен басқарушылық және шаруашылық секторлар. Тәжірибеде көбінесе, заңгерлер өз мамандығы бойынша банктерде, саудада, сақтандыруда, заңды тұлғалардың басшылығында жұмыс істейді. Жаңа жұмыстар жеке кәсіпкерлердің, тұтынушылардың, авторлардың құқықтарын қорғауда, заңсыз бәсекелестіктің алдын алуда пайда болады. Бүгінгі танда құқық қорғау органдарында білікті мамандардың жетіспеушілігі орын алуда. Заңгерлердің ең маңызды пәндері; Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізіу, Қылмыстық құқық, Азаматтық құқық.

Заңгер – көп деңгейлі экономика мен басқару жүйесінің барлық салаларында қажеттілігі өте зор маман. Қазіргі таңда бизнес және өндіріс заманында заңгерлер биік мансаптарға ие болуда. Олардың қатысынсыз бірде-бір сот ісі қаралып, сот шешімі шығарылмасы анық. Кез келген мекемеге сауатты, білімді, алуан түрлі заңдарда майталман, әрі құқығын орынды қолдана білетін маман қажет. Антидағдарыстық басқару жүйесінде де заңгарлердің маңызы арта түсуде. Заманауи заңгер экономика мәселелерінде де білгір болып табылады. Мұндай маман қақтығыстар ортасында жүріп, мойнына үлкен жауапкершілік артып, өмір сүреді. Себебі, процессті жеңіп қана қоймай, оны болдырмауға да барын салуы тиіс. Заңгер мамандығы - әскери органдарда әрқашан да, кез-келген жағдайда да үлкен қажеттілікке ие болып отырған мамандықтардың бірі. Бұл саладағы мамандар әр ұйымға, фирмаға, кәсіпорынға, коммерциялық және қоғамдық құрылымға қажет.

Олар – сот, прокурор, адвокат, тергеуші, нотариус, кеңесші-заңгер.

Заңгер (Juristтiң немiсi, Jurist ағылшынша) (jus латынша - құқық) - құқықтануға, заң ғылымдары бойынша маман; [1, 54б.] құқықтың төңiрегiдегiн жаттығу қайраткерi.

Заңгер мамандығы - бұл әрқашан жеңіске жеткізе бермейтін құқық үшін күрес. Бірақ, кәсіби қызметтің негізгі бағытынан көптеген мамандар жоғары моральдық қанағат алады.

Заңгерлер жоғары құқықтық білімді талап ететін мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында жұмыс істейді. Құқықтық тәртіпті қалыптастыру, күтілмеген құқықтық қиындықтарды шешу, мемлекеттік және әкімшілік сипаттағы құқықтық мәселелерді реттеу, даулы және заңсыз құқықтық мүдделерді қорғау және мұқтаж болып отырғадарға білікті кеңеспен қарапайым ғана көмек көрсету – заңгердің мақсаты міне осы. Заңгердің құқық қорғау, жазалау, қадағалау функцияларын ғана атқармай, түзету, тәрбиелеу және ізгілендіру жұмысын жүргізуі тиіс. Сол себепті заңгердің кәсіптік этикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік дайындығының міндетті бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, жоғары білікті, теориялық білім мен тәжірибелік қызмет негізінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік этикасына сәйкес келетені кәсіптік қызметті іске асыра алатын қабілеті бар маманды даярлау қажет. Өйткені, кәсіптік этиканың негіздерін, оның ізгілікті мәнін және мамандық проблемаларын білу құқық қорғау органдарының әр қызметкеріне міндетті. Жалғыз мәнді де сәнді тыныш өмір сүруі екіталай, тіпті мүмкін емес. Сондықтан да әркім өзімен-өзі (өз ар-ожданымен, намысымен, жан-дүниесімен, бүкіл болмысымен) әрдайым жарасымды болуы керек.

Заңгер этикасы - әрбір азаматтың, әрбір заңгердің құқыққа деген көзқарасын, мінез құлқын қарастыратын ғылым. Этика негізінен заңгердің өздерінің қызметіне деген жауапкершілігін әділдік жолында барынша қызмет етуге дайындығын, ар-ожданын, мәдени дамуын қалыптастырады. Әрбір заңгер өз қызметіне байланысты қоғамдық жоғарғы құқықтық білім, мәдениет, құқықтық сана, адамгершілік сезім. Сондай-ақ Отанға деген шынайы сүйіспеншілік болуы қажет. Менің өзімнің шығармашылығымнан мамандық - өмір таңдауы атты өлен шумақтарымды сіздерге тарту етемін:

Мамандық – өмір таңдауы

Өмірлері бұл маманның заңды бірақ,

Қатырғанмен басымды заңды сұрап.

Көзін ілмей түнімен бұл қоғамның,

Сол әділет қай жақта соны қолдап.
Алладан тыныштықты ылғи сұрап,

Әділетсіз шараны мың түн бұрап.

Тыным таппай көз ілмей жүре тұғын,

Қаланың тыныштығын заңмен қорғап.


Заңгер десе алдына сот елестер,

Асар олар әрдайым қыр белестер.

Бұл маманның иесі әрқашанда,

Күрмеуі көп заманда әділ іздер.


Құқығын қорғап қоғамның,адамдардың,

Халқым тыныш болсын деп бір тынбаған.

Жүз адамның өмірін қорғаймын деп,

Жүрегінде мың адамға орын сайлаған.


Шығармаған кодекс, бабты,біреу ойдан,

Төмендетпей ұстаймын туды бойдан.

Ең бастысы ұлтым азат, халқым тыныш,

Міне менің мақсатым алға қойған.


Демеймін, заңдар жайлы көп білемін,

Жаттап алсам бұл заңдарды көп берерім.

Заңгерлік мамандықты тандағаным,

Алланың маған сыйы деп білемін...


Каталог: images-new -> 000
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по учебно-методической работе г. Уральск, 2016 г
images-new -> Общее среднее образование
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по методической работе Орал қаласы, 2017 Тақырыбы
images-new -> Тема урока: «Чарующий голос Гарифуллы Курмангалиева и тема Родины в творчестве Акуштап Бахтыгереевой». Урок музыки и литературного чтения
images-new -> №10 “Балапан” МдҰ-ң әдіскері: Г. С. Кадемова істер номенклатурасы 36
images-new -> Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Қазақстан тарихы 5 сынып
images-new -> Сабақ тақырыбы А. Байтұрсынов "Өгіз бен бақа" Мақсаты
images-new -> Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
images-new -> Сабақ жоспарлары 5-сынып Қаратөбе мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі С. С. Есқожинаның тәжірибесінен
000 -> Әож 37. 0 Кбж 74. 00 Н32 Баспаға


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет