ӘӨЖ 539 (075. 8) Физика пәнін пәнаралық байланыста кіріктіре



Дата07.05.2017
өлшемі51,08 Kb.
#16070

ӘӨЖ 539.1.(075.8)

ФИЗИКА ПӘНІН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА КІРІКТІРЕ

ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


А.К. Жамединова - ғ.м., аға оқытушы

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы



Резюме

Формирование творческой личности на основе эффективности использования междисциплинарных и интегрированных систем обучения

Summary

Forming of the creative person on the basis of efficiency of use of the cross-disciplinary and integrated training systems

Тәуелсіз  Қазақстанның  XXI  ғасырда  дамыған  елдермен  теңестіріп,  өркениетте  әлемнен бәсекеге барынша  қабілетті  елу  елдің   қатарына  кіріп орын

алуына  ықпал  етер  бірден бір  құдіретті  күш – білім, ғылым, білімді ұрпақ. Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  барлық  саласында  жаңа  технологияның міндеті  оқушылардың  білімге  қызығушылығын  арттыру,  ізденімпаздыққа баулу.


Оқушылардың білім деңгейінің жоғарлауына, логикалық ойлау қабілеті, шығармашылық ізденістерінің дамуына ықпал ету, материалдық әлемнің бірлігі жөнінде түсінік алуға, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын білу мүмкіндіктерін арттыру. Өндірістегі техника мен технологияның өркендеу маңыздылығын түсіне отырып, оқушының кәсіби білім, білік дағдыларын қалыптасуына жағдай жасап, политехникалық бағыттағы мамандылықтарды таңдай білуге тәрбиелеу.

Оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда, пәндердің бір-бірімен байланысын жүзеге асыру көзделген [1]. Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруге, физикадан алған білімінің сапасын көтеруде және жеке тұлғаны қалыптастыруда пәнаралық байланыстың мәні зор. «Арнайы курс» пен «Элективтік курсты» оқыту бүгінгі күн талабы оза оқытуды жүзеге асыру болып табылады [2]. Физика сабағында биофизикалық материалдарды қолдану оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы «Тербелістер мен толқындар» тарауын өткенде тербеліс тірі организмдерге де тән құбылыс. Айналадағы дыбыс құлақтың мембранасын  тербелтеді, соның нәтижесінде біз дыбысты естиміз. Адамның жан дүниесін тебіренте әсерлі сезімге бөлейтін музыка, музыкалық аспап ішегінің, күй табақтың тербелісінің нәтижесі. Ақырында, жүрегіміздің соғуы, дем алған кезіміздегі өкпеміздің ұлғайып-кішіреюі, тоңған денеміздің тітіркенуі, жүрген кезіміздегі аяғымыздың қозғалысы – барлығыда тербелістің тірі организм табиғатына тән екендігін көрсетеді. Адамның денесіндегі тербелістерге қатысты, адам организмінің күйін зерттеуге бағытталған ауқымды жұмыстар-инженерлік ізденістердің жемісі. Бұл мәселелердің көпшілігі жасанды жүрек, өкпе, бүйрек жасаудан бастап, теңіз толқындарымен күресу мәселеріне дейінгі барлық шаралар-тербелісті процестермен тығыз байланысты.

Өз ұрпағының өнегелі, еңбек сүйгіш азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық пен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқытуда, физикалық құбылыстарды, заңдылықтарды, оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыруға мол мүмкіндіктер  береді. Сабаққа қойылатын қазіргі заман талаптары мұғаліммен зор шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісіне материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет. Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім  беруде оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын  жаңартылған   инновациялық технологияны меңгеріп,  жаңашыл әдіс –тәсілдерді пайдалануымыз қажет. Пәнаралық байланыстар-ғылыми циклдағы физика сабағында жеке тұлғаны дамытудағы кешенді мәселе болып табылады [3]. Оны үш бағытқа бөлуге болады.: 1) Пән бойынша алғашқы білім мен дағды; 2) Пән бойынша екінші білім мен біліктілік; 3) Осы білім мен дағдылардың бірлігі, оны оқу үрдісінде қолданылу үрдісін кеңейтеді,  яғни аннимациялық тәжірибелер арқылы. Осыған орай  педагогикалық тәжірибелер пәнаралық байланыстарды ашық кіріктірілген сабақтар, семинар сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, ғылыми практикалық конференциялар мен ғылыми жобаларға оқушыларды қатыстыру арқылы жүзеге асырылып отырады.

Оқушылардың білім деңгейінің жоғарлауына, логикалық ойлау қабілеті, шығармашылық ізденістерінің дамуына ықпал ету, материалдық әлемнің бірлігі жөнінде түсінік алуға, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын білу мүмкіндіктерін арттыру. Өндірістегі техника мен технологияның өркендеу маңыздылығын түсіне отырып, оқушының кәсіби білім, білік дағдыларын қалыптасуына жағдай жасап, политехникалық бағыттағы мамандылықтарды таңдай білуге тәрбиелеу – әрбір ұстаздың міндеті.



1. Екі пәнге де ортақ болатын теориялардың, ұғымдардың, құбылыстар мен оқулықтар бойынша жүйелеу тәсілі.

Жүйелеудің белгілі бір тарауға әлде тақырыпқа кірісер алдында немесе оны аяқтағаннан кейін жүргізу керек. Жүйелеуді олардың негізгі белгілеріне байланысты сызба, кесте немесе диаграмма түрінде көрсеткен тиімді. Себебі осындай жағдайда нәтижелерді өңдеуге, өзара салыстыруға мүмкіндік болады. Кестені ары қарай жалғастыра беруге болады [4]. Сонда мына төмендегі ұғымдар мен құбылыстарды көрсету орынды. Олар: атом ядросы, изотоп, энергетикалық деңгей, электрондар қозғалысы, элементтердің периодтық жүйесі, атом құрылысы, байланыс түрлері, кристалдық тор, электролиз, парциал қысым, беттілік керілу т.б..

2. Екі пәнге де ортақ ұғымдар, заңдар және құбылыстарды жүйелеу тәсілі.

3. Пәнаралық байланысқа есептер шығарту және сұрақтарға жауап алу негізінде жүйелеу тәсілі.  

Оқу мен тәрбиенің, негізгі және қ осымша бөлімінің, сынып және сыныптан тыс жұмыстардың, инвариативті және вариативті білімнің, білім, білік, дағдының, сабақтың білім беру, тәрбие беру, дамытушылық мақсаттарының сабақтастығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Яғни интеграцияға баратын жол осы салалардың бірігуімен басталады, Интеграциялық білім оқушының ақпараттық және коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырады [5]. Пәнаралық байланыс арқылы бір ғылым саласының заңдылығын айқын, дәл білу үшін басқа ғылым саласындағы ұқсас құбылыспен байланыстырып, салыстыруға мүмкіндік туады. Оқушының дүниетанымын қалыптастыру барлық пәндердің міндеті. Пәнралық байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бір ізді, үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту-әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден бір жол.



Әрбір ұстаз-өз заманының алдыңғы қатарлы білімдар өкілі. Ол үшін әр сабағында пәнішілік, пәнаралық байланыстан бастау алатын интеграциялық білімнің біртұтас жүйесін ендіріп, оқушыларын әлемдік ақыл ойдың қол жеткен табыстар мен сусындауына, өз бетінше білім алуына, шығармашыл бастамаларға бейім болуына баулуы-заман талабы.

Әдебиеттер

  1. «Қазақстан мектебі» журнал, 2009 ж.№10

  2. Г.Б. Әлімбекова: «Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту» оқу құралы, Алматы -2001ж.

  3. «Оқыту технологияларын енгізу жолдары». Қазақстан мектебі №5, 2007ж.

  4. М. Байжанов ., «Педогогикалық инновация және оқытудың қазіргі технологиялары». Қызылорда 2000.

  5. «Қазақстан мектебі» 2003 .№1, Асанов/Білім беруді жетілдірудің өзекті мәселелері.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет