Әож 809. 434 058 О. БӨкей шығармаларының ерекшеліктері



Дата31.12.2019
өлшемі31 Kb.
#54749
ӘОЖ 809.434.2.058
О.БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Рединская А., Омаркулова Л.К.
«80 - жылдардың басында әдебиет сүйер жас қауымның пір тұтқан шын сүйікті жазушысы Оралхан Бөкеев еді. Араға 20 жыл салып Оралхан прозасын қайта оқығанда жазушы тұлғасы уақыттың тезінен еш ұтылмағанын, ескірмегенін аңдаудың еш қиындығы жоқ. Оның «Ауыл хикаялары» деп аталатын әңгімелер топтамасы өмірдің өзінен бұзбай алынған мөлтектігімен, жан тазалығымен, шындыққа қылдай қиянат жоқ әділдігімен оқырманын баурап алады. Оралхан, сөз жоқ, романтик суреткер, бірақ оның өмірге сүйіспеншілікпен өрілетін тұңғиық романтизмі реализмге қиғаш келмейтін тектілігімен қымбат, қызыл сөздің шылауында адасып лағып кетуден аулақ мағыналы-лығымен құнды...

Әдетте бұл қасиет үлкен суреткерге тән қасиет, адам баласына деген айрықша мейірім шығармашылық негізі болса керек.



Ауыл хикаяларының тағы бір кереметі, бұл жазушының өзі туралы да дүние, өмірбаяндық прозаның элементтері көп, кей тұсы- күнделік беттеріне ұқсап кетеді. Оралхан Бөкеевтің туған жеріндегі бастан кешкен кейбір жәйттеріне бұл әңгімелер үлкен мәлімет береді, мұндағы тірі адамдардың галереясы жазушының өзімен қоян-қолтық араласқан, сыралғы, ағайын-туыс жандар, балалық шақтың суреттері де үзік-үзік жарқырайды.

Сонда қазақ прозасында эссе тәрізді прозаның Оралхан қаламына да тиесілі болғанын аңдаймыз. «Апамның астауы» - көркемдігі ерен күшті әңгіме, бұл жазушының балалық шағының суреті. Осындағы апасы, анасы бейнесі эпосқа тән телегей-теңіз ішкі қуатымен, таңғажайып штрихтарымен қайран қалдыратын образ. М. Әуезовтің «Көксерек» атты классикалық әңгімесінде Құрмаш ауылға бөлтірікті алып келген күні апасының қасына жатпай, бөлек шығып кетуші еді ғой. Мына әңгімеде соған ұқсас эпизод бар. Ол енді жазушының өз хикаясы мен адамға тән қызғаншақ мінезі, балалығын жасырмай, боямасыз әшкерелеуімен күшті эпизот. Әпкесі күйеуге шығып кеткен соң, құдалар жағы «апама торқадай көйлек кигізіп, менің қолыма он сом ақша ұстатты. Мен мәз болдым. Өзім-өзі болып қолыма ақша тигені сол еді, ышқырымдағы асық салатын қалтаға жымқырып жүгіртіп жібердім де, үйге апамды тастап жаяу қашып кеттім. Апам кештетіп өзі келді. Сол күні түнде мен апамнан мүлде бөлініп шығып, қойнына жатпай, шалбарымды жамбасыма басып жеке ұйықтадым. Ондағы жымсыма ойым – апам құдалар берген он сом ақшаны сұрап алып қояды деген қауіп. Сонда маған «әпкеңді үйге қайтарамыз, он сом ақшаны бер десе; азар да безер қарсы болар едім-ау; сонда мен әпкемді он сомға сатып жібергендей едім», он бес жасар, жасөспірім баланың шынайылығында қылдай дақ жоқ».

Жазушы жадында сол әжесі айтқан тәлім-тәрбие тұнған әңгімелері мәңгілік сақталған.. «Тегінде, ол кісі әңгімеге сараң – көп сөйлемейтін, тек өз ісімен ғана жүретін, қақ-соғы жоқ, инабатты жуас адам еді. Дүниеде өсек-аяң, қулық-сұмдықты білмейтін, не болмаса тірі пенденің бетіне «әй, сен сондайсың» деп қарамаған, немесе тірі пендеге тілі тимеген, жарықтық ораза- намазы бұзылмаған, таза да тәкаппар әйел еді. Бала кезімізде байыбына барып бағамдадық па, бізді қойып бүкіл ауыл-аймақ, тіпті қазақ елі ең соңғы қасиетті әйел, тұрмыс-салттық өмірдің этикалық, этнографиялық, тіпті археология-лық байлығынан айырылғанын білді ме? Қазір ойлаймын, егер қазақтың әйелдері атқарар бүкіл ісмерліктің қолөнер институтын, немесе фабрикасын ашып, менің апамды бастық сайласа, тұтас бір он саусағы өнер ұрпақ дайындап шығар еді. Ия, ол кісі тірі кезінде ешкім елеп-ескермеген, алтын қолды құдіретті әйел еді. Қазақта оншалық мықты, оншалық ақылды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы... Оның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық, тәрбие деген ұғымның асқаралы таптырмас үлгісі екенін қайдан білейік». Міне осылайша жазушы өз әжесін есіне алады.

«Оралхан прозасы өзінің терең өміршеңдігімен құнды. Ол - өз оқырманын ешқашан жоғалтып алмайтын шын бақытты жазушы. Әдебиет үшін бұдан артық идеал болмаса керек».
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia
Konferencia -> Өмірбаяны байбатша Ә. Б
Konferencia -> МҰхаммед хайдар дулати қазақ хандығының тарихын алғаш зерттеуші кәрібаев Б. Б
Konferencia -> С., Алпысбаева Ғ. Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз
Konferencia -> ШӘКӘрім мұрасы – Ұрпақтар мұраты өтеш Ж.Ә., Рахимкулова Д. Т. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Konferencia -> Өмірбаяны мен еңбектері керімбаева Р.Қ., Сембаева Г. П
Konferencia -> М. Х. Дулатидің «ЖАҺаннаме» поэмасының Ұлттық руханияттағы маңызы тамабаева Қ.Ө
Konferencia -> Әож 81. 1(574) ахмет байтұрсынов және терминология мәселелері
Konferencia -> Әож 821. 512. 122: 82-96 МҰхамед хайдар дулатидың Әдеби көркемділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет