ӘӨЖ 94 (5) (075. 8) Қазақ-жоңҒар халықтарындағы некеге байланысты салт-дәСТҮрлер



Дата17.06.2018
өлшемі23,16 Kb.
#43066
ӘӨЖ 94 (5) (075.8)

ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ НЕКЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР

Таубаев С.С. - ғылым магистрі, оқытушы

Досыбаев Н.Қ. -ғылым магистрі, оқытушы

Сырбаева А.А. - ғылым магистрі, аға оқытушы

Сырдария университеті, Жетісай қаласы


Резюме

В статье рассматриваются общие понятия и особенности брачных обычаев и традиции казахско- джунгарских народов.

Summary

In article considered the generae concepts and features of marriage customs and traditions of the Kazakh and Dzungarion people.
Бүгінде жаһандану белең алған заманда этностардың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін зерттеу арқылы ұлттық болмысты, менталитетті жете танып білудің маңыздылығы артып отыр. Қазақ-жоңғар халықтарының некеге байланысты дәстүрлерінің тарихы бүгінгі күні өзекті болып табылады.

Жеті атаға толмай қыз алыспау себебін халық өзінше топшылайды. Біріншіден, қандастық жақындық некелескен уақытта ұрпақтың болмауына, яки аз болуына, тіпті оның азып, тәуір қасиеттерден жұрдай болуына да әсерін тигізетіндігін ескертсе, екіншіден, қандас туыстар арасында жыныстық қатынастарға байланысты әдепсіздіктердің көбейетіндігінен сескенетін; үшіншіден, жеті атадан бергі ұрпақтардың өзара туыстық қатынастары созыла берсе, жеті атадан асқан аталастармен қыз алысу арқылы жақындасып, құдандалық қарым-қатынас бірлікті ұлғайта береді деп қарайды. Шынында да, халық түсінігінде жаңсақтық жоқ. Өйткені алғашқы адамдардың табандық топтарында ретсіз жыныстық қатынастардың нәтижесінде болатын қанараласудың биологиялық зияндылығын жүз мыңдаған жылдар ішінде тәжірибе негізінде, әсіресе бір тотемдік адамдар тобының екінші тотемдік адамдар тобымен кездейсоқ болған жыныстық қатынастарының нәтижесінде туған ұрпақтың биологиялық артықшылығын байқағандықтан, өз тобының, кейінірек руының ішінде жыныстық қатынасқа тыйым салынып, рулық экзогамиялық тәртібі сонау көне замандарда-ақ қалыптасқан. Бұдан былай алғашқы адамдар арасындағы жыныстық қатынас топты неке негізінде жүрді. Экзогамиялық тәртіпті сақтау ісіне де өте қатаң қаралғаны сондай, оны бұзушыларды әрдайым өлім жазасына бұйыратын.

Құда түсуге де үлкен мән берілген. Мысалы, «Ежелден бергі әдеп-ғұрып заңы бойынша күйеу жағынан құдалар алдымен құдалыққа барып, «құйрық-бауыр жесіп», киіт киеді. «Құйрық-бауыр жесісудің» мәні ерекше. Екі жақтан дау-дамай бола қалғанда, кез келген би: «құйрық-бауыр жеппе едіңдер?» деп сұрайды. Желінген болса, құдалық заңды деп есептеліп, дауларын қараған. Ал желінбесе, қаралмаған» [1,36].

XVII—XVIII ғасырларда қыз алыспайтын аталас адамдардың тәртіп бұзғандары қатал жазаланатын, тіпті ондай адамдар елден қуылған. Ал жақын туыстар тәртіп бұзса, өлім жазасына бұйырылған. Бұған Тобықты елінде болған Қалқаман - Мамыр оқиғасы да жақсы мысал болғандай.

Екі өнерлі жас немере-шөбере туыстар болса керек. Бірақ екеуі бір-бірін сүйіп, бір түнде Мамырды Қалқаман алып қашады. Мұны естіген Мамырдың ағасы Көкенай екеуін де өлтіремін деп, ашу шақырады. Біраз уақыт бұлар жасырынып жүріп, қолға түспейді. У-шу басылып, ел іші тынышталған уақытта ата-ана, аға-інісінен кешірім сұрап, ризалығын алып, бұдан былай ашық өмір сүрмек болған Мамыр ауылына аттанады. Ауыл шетіне жете бергенде ағасы Көкенай қарындасын садақпен атып өлтіреді. Қарындасымды өлтіріп дегеніме жеттім, енді Қалқаманды өлтірмей тынбаймын деп жар салады. Ел адамдары ақылдасып, садақ кезенген Көкенайдың алдынан Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін де, бір атқанда тигізіп өлтірсе - Қалқаман құнсыз болсын, ал тірі қалса - дау осымен бітсін десіпті. Көкенай да, Қалқаман да бұған көніп, шауып өткен Қалқаманға оқ тимей, ердің алдыңғы қасын сындырыпты. Қалқаман болса, басын ажалға тіккен қалың елге өкпелеп, «Мамырсыз маған бұл елде не қызық бар» деп, Ұлы жүздегі нағашы жүртына кетіпті де, қайтып оралмай, сол жақта өз алдына ел болып қалып қойыпты. Осы күнге дейін Қалқаман ұрпағы Алматы облысын мекендейді.

Жоңғар халқы некелесуде генеологиялық туысқандыққа басты назар аударған. Туысқандар арасында некелесуге тыйым салған.

Төре тұқымы болса қыздарын қара қазаққа бермейтін де, немере туыстар өзді-өзі қыз алыса беретін. Қазақ ішіндегі бағы мен дәулеті бірдей жүріп, аты шыққан адамдар ғана төрелермен құдандалы болып, қыз беріскен. Мәселен, Сүйіндік руынан шыққан Шорман әулеті Уәлихан ұрпағымен көп жылдар бойы сүйек-шатыс болды. Осындай ұзақ байланыс Шорман әулетіне де әсер етіп, шөбере туыстар бір-бірімен қосыла беретін болған. Бірақ мұндай оқиға өте сирек кездеседі.

Әр әке өзінің шама-шарқына қарай, мүмкіндігінше өзіне теңдес адамды тандайды. «Бай — бастас, батыр — білектес, би — құлақтас» деген халық даналығы тегін айтылмаған. Алайда құда болудың бірнеше жолы, тәртібі болады. Кейде тағдырлары ұштасып достасқан екі адамның әйелдері екіқабат болса, олар босанбай тұрып — кімде ұл, кімде қыз боларын білмей-ақ — ниет қосып құда болатын. Мұны «бел құда» дейді. Әдетте бел құдалар қалың алыспайтын. Қазақ арасында кең тараған аңыз «Қозы Көрпеш—Баян сұлу» жырындағы Қарабай мен Сарыбайдың тумаған балаларын атастырып серттесуі осы бел құдалықтың анық айғағы: Онда:

Алланың әміріне кеніселік,

Көздің қыры түскенін көріселік.

Ұл туар да, қыз туар заман болса,

Уағдамен қалыңсыз беріселік, —

деп уәделескен.

Мұндай құдалықтың шарты екеуінің әйелі босанған уақытта бірі ұл, бірі қыз боп туса, екеуін қалыңсыз үйлендіру, ал екеуі де бір жыныстан болса, екеуін дос етіп, әкелерінің достығын әрі жалғастыра беру болатын.

Қыз әкесінің де өз есебі өзінде болады. Біреулері қызы үшін ерте алынатын қалыңмалдың өсімін пайдалану мен ол малды өз тарапынан керегіне ұстауды, тіпті ер баласына айттырған қыз үшін қалыңға беруді ойласа, енді біреулер шағын дәулетін төгіп-шашпай, асықпай жасау жасап, уақыты келгенде баласын дұрыстап ұзату қамын ойлайтын. Төңкеріске дейінгі қазақ жұртшылығының басым көпшілігі орта шаруа болғандықтан, қазақ арасында балаларын жастай айттырысу жиі кездесетін. Неке құруға байланысты атаулар: ер, жұбай, әйел, зайып, қатын, бәйбіше, тоқал, күйеу бала, жезде, балдыз, жеңеше, абысын, бажа, бөле . т.б..

Құда-құдандалыққа байланысты атаулар: құда, бел құда, бесік құда, аяқ құда, бауыздау құда, жанама құда, құданың құдасы, құдағи, құдаша, құдаша келін, құда бала т.б

Қазақ арасында неке құрудың бір түрі — ертеректе көрші халықтармен жиі болып тұрған соғыстар мен шабыстарда қолға түскен тұтқын қыз, келіншектерге үйлену болып табылады. Феодалдық қоғам қатынастарының үстем болған кезінде қазақ хандары мен билерінің мүддесіне сай қалмақ, қырғыз, өзбек, түркмен, қарақалпақ және башқұрт халықтарымен болған әр түрлі шайқастардың нәтижесінде қолға түскен тұтқын қыз, келіншектерді, ең алдымен, соғысқа қатысқан батырлар бөлісетін де, одан қалғандарын ел шетіне кірер-кірместе алдынан сауғалап шыққан туыстары алатын. Сөйтіп, тұтқынға түсіп батырлар үлесіне тегін тиген жас қыздар мен келіншектер неке құратын болса, мосқал тартқандарының күні күңдікте өтетін.

Жаугершілікте пенде болып қолға түскен Орта Азия халықтарын былай қойғанда діні, тілі, әдет-ғұрпы, салт-санасы бөлек жоңғар қыздарының қазаққа сіңісіп кеткендері туралы қазақ арасында аңыз-әңгімелер өте жиі кездеседі. Аңыздар бойынша кей уақытта қолға түскен тұтқын сұлуға көптеген батырлар таласып, өздерінің қолбасшыларының алдына баратын, енді бірде қыздардың өздеріне таңдау беретін. Мәселен, «Бөгенбай батыр» жырында немесе С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасында қолға түскен қыз-келіншектерді бөлісу мәселесінде олардың кейбіреулеріне тандау беретіндігі сөз болады. Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасындағы феодалдық шапқыншылықтардың келе-келе сиреуіне байланысты, біртіндеп қолға түскен тұтқын қыз-келіншектермен неке құру түрі де сиреді, бара-бара мүлдем жойылды. Әсіресе XVII ғ. ортасында жоңғар мемлекетінің күйреуіне және Қазақстан жерінде Россия үстемдігінің орнауына байланысты феодалдық соғыстардың тыйылуы тұтқындарға үйлену мүмкіндігін келе-келе жойды.

Ата-анадан ерте қалып, жетімшіліктің, жоқшылықтың зардабын басынан өткізген жарлы жігіт ес білісімен өз еңбегімен күн көруге кіріседі. Мұндай адамдардың әдетте қалыңмал беріп әйел алуға, өз бетімен үй болуға көбінесе мүмкіндігі болмайды. Сондықтан олар көп жыл бойы жалға жүріп, үйлену үшін мал табуға кіріседі. Кейде олар қызы бар, ұлы жоқ адамдарға бірнеше жыл қалыңмал үшін қызмет істеп, қызын алатын. Мұндайлар көбінесе қайын атасының қолына кіріп, қызына үйленетін, оларды «күшік күйеу» деген. Мұндай ат қою тегін емес.

Әмеңгерлік және балдыз алу алғашқы қауымдық қоғам қатынастарының жұрнағы ретінде осы күнге дейін өзінің алғашқы мазмұнын өзгертпей қойған жоқ. Қоғамдық қатынастардың өзгеруіне сай, бұл әдеттердің де мазмұны өзгеріп отырды.

Енді әмеңгерлік әдеттің қазақ халқында қалай сақталып, қандай жағдайларда қалай орындалып келгендігіне біраз тоқталайық. Қазақта «Аға өлсе -жеңге мұра, іні өлсе — келін мұра» деген мақалға айналған нақыл бар. Мұның негізгі мәні күйеу өлген жеңгені ағасының мұрагері есебінде қайнысы алады немесе күйеуі өлген келінін қайнағасы алады деген сөз. Мұра есебінде тек әйел ғана емес, онымен бірге бала-шағасы, мал-мүлкі де өлген адамның ең жақын мұрагеріне тиеді. Ағалы-інілі адамдар бірінің баласын бірі әрдайым балам дейді. Әсіресе ағасына інісінің баласы тек қана бала қатарында болса, інісіне ағасының баласы іні қатарында болады. Сондықтан әкесі өлген жас балаларға жетімдік көрсетпеу үшін, әсіресе олардың жас шешесі бөтен елге кетіп, мал-мүлікті бөтенге олжа, жас балаларды жат бауыр етпеу үшін жесірді ешқайда жібермей, жақын әмеңгері иемденуге тырысатын.

Жесір әйелге күйеуінің барлық туыстары әмеңгер болып есептеледі. Бірақ олардың қүқы туыстық жақындығына байланысты болады. Ең алдымен, күйеуінің бірге туған аға, інісі ағасының баласы, немере, шөбере туыстары, одан қала берді аталас жақындарының жесірге иелік етуге әмеңгерлік қақы болатын. Мұның өзі қалыңмал төленіп алынған әйел тек өзінің күйеуінің ғана емес, онымен бірге барлық туыстарының, тіпті рулы елдің иелігіне көшетіндігінің анық айғағы болып табылады.

Күйеуі өлген жесір әйелді әмеңгерлікпен алудың, толып жатқан тәртібі бар. Әмеңгерлік — күйеуі өлген әйелдердің барлығына бірдей жүреді. Бірақ әр түрлі жағдайларға байланысты бұл әдетті бірде пайдаланса, екінші жағдайда оны пайдаланбайды. Бұл мәселеге үңіле қарап, оның сыр-сипаты мен мәнін тереңірек талдасақ, қазақ арасына кеңінен тараған әмеңгерлік әдеттің қандай жаздайға байланысты қалай орындалатындығын дұрыс түсінуге болады.

Екі заңда да отбасылық қатынастарды реттейтін көптеген баптар бар. Некелік және отбасылық қатынастар қатаң заңдастырылған. Жоңғарларда да, қазақтарда да қыз балалар үшін неке жасы ретінде 13 жас белгіленіп, туыстар арасындағы некеге тиым салынған. Екі халықта да қалыңмал беру салты бар және ол ата-аналардың жағдайына байланысты қатаң сақталған.

Осы орайда Я. Гурляндтың хабарламасы көңіл аударуға тұрарлық: «Жених (жоңғар) имеет право на имущество помолвленной с ним девушки в случае ее смерти, причем, согласно ст.37, если не было пиршества, то только на половину» [2, 63]. Яғни, екі халықта да үйлену тойы тек мереке ғана емес, сонымен бірге ол заңды, куәгерлер қатысуымен өтетін акт болған.

Қазіргі заман тарихшысы А.Г. Митиров, Ф.И. Леонтовичке сүйене отырып, қалмақтардың туыстарынан мал айдап әкететін дәстүрін атап көрсетеді [3, 42]. Бұл құқыққа тұрған жерлеріне, уақытына қарамастан, барлық жиендер ие болған. Олар алдын ала малдан үлес алулары туралы ескертетін, егер тілектері қабылданбаса, онда жиендердің малды айдап әкетуге құқықтары болған. Бұндай дәстүр қазақтарда да болған, оны «жиенқұрық» деп атайды [4, 43].

Қазақтар мен қалмақтардың негізгі заңнамалық терминдерінде де ұқсастықтар бар. Мысалы, қазақтың жарғы деген сөзі қалмақтарда зарго деп айтылады. Қазақша жөн-жосын, қалмақша иосун (құқық), қазақтарда да, қалмақтарда да заң деген сөз бар, тек қалмақша ол салт деген мағынаны білдіреді.

Қазақтарда да, қалмақтарда да айыптың өлшемі ретінде тоғыздық алынған. Мысалы, жоңғарларда айып құны «тоғыздық түйемен» деп аталса, қазақтарда ол «түйе бастаған тоғыз» деп аталады.



Қазақ халқының материалдық және рухани мәдениеті сұлбасының қалыптасуында «қазақ-жоңғар» факторының өзіндік із қалдырды. Сондықтан да бүгінде отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттеріне айналған қазақ-жоңғар қатынастарында орын алған бейбіт, сауда-экономикалық, мәдени байланыстарды, салт-дәстүрлердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды зерттеу маңызды болып табылады.

Әдебиеттер

  1. Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. – Омск: Типогр. Окрудн. Штаба, 1886- 84 с.

  2. Гурлянд Я.И. Степное законадательство с древнейших времен по XVII столетие. – Казань, 1904. – 198 с.

  3. Митиров А.Г. Обычаи права калмыков в трудах дореволюционных исследователей России / Калмыковедение: вопросы историографии и библиографии. – Элиста: Калм. кн. изд., 1988. – 255 с.

  4. Өсерұлы Н. Жеті Жарғы. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 79 б.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет