Әож оңтүстік Қазақстандағы Ашаршылық



бет1/3
Дата11.06.2020
өлшемі20,18 Kb.
  1   2   3

ӘОЖ

Оңтүстік Қазақстандағы Ашаршылық

Буралхиева А.С. – 114-18 тобының студенті

Ғылыми жетекшісі Марина Ғ.А. аға оқытушы

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

Шымкент

Бұл мақалада Оңтүстік Қазақстандағы ашаршылық кездері және оның рухани жағдайы туралы баяндалады.

«Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып жатқан кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдықтың тұтқынына түскен санамыз қайта жанданып даму үрдісін бастан өткізуде. Кеңес үкіметі кезіндегі айтылмаған, айтылуға тыйым салынған көптеген тарихи құнды деректерімізді зерттеуге бет бұрып жатырмыз. Соның жарқын көрінісі Қазақ халқының демократиялық мәлеметтерді білуге деген қызығушылығы артып қазақ ұлты өз жерінде қалай азшылыққа ұшырады деген сауалдар әркімдіде ойландырар сөзсіз. »

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы қазақ халқының өмірінде бет бұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20-30 жылдардағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Қазақстандағы халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады:



Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ақуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931-1933 жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіреті «Ұлы жұт» кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырап отыр. Ұлт зиялысы М.Тынышбаевтың есебі бойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2910000 өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1965 433 әрен жетіп жығылған деген мәліметтер көрсетілген».

Осы жылдары 49 % қазақ, 11% украин, 6% орыс, 8% өзбек, 13% ұйғыр, 10% татар, 11% неміс, 12% беларус, 25% қырғыз, 10% дүнген, 10% қазақстандағы басқа ұлт өкілдері. Осындай жан ұшырлық ақпараттар бұл қасіретте тек қазақ жұрты емес басқа да ұлт өкілдері зардап шеккені дәлелденеді.

«В Казахстане несмотря на огромные успехи в промышленносте и сельском хозяйстве, в области животноводства, мы имеем глубокий прорыв, который превращает Казахстан из основной живодноводческой базы СОЮЗА в одну из второстепенных. Казахстан сегодня – это 40 миллионов голов скота с товарной продукцией в 163 миллиона рублей говорили», - говорили Вы, товарищ Голощикин, в 1930 году в статье «Завоевоения Октябрьской революции (сборник «10 лет Казахстан»).

Осындай Голощикеннің жарлығы бойынша Қазақстандағы ірі қара малдарды Мәскеуге жөңелтуді шешеді. Осы жағдайға байланысты Қазақстандағы бар ірі қара малдар күннен күнге азайып ашаршылықтың тағы бір себебін айқындады.

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал- мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жер төлесіненде айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті. Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаныңда Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардың қалғаны бар болғаны 4,5 млн бас еді. 1931-1933 жылдары бүкіл Қазақстанда құшағына алған аштықтан 6,2 млн Республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

Адамдар ішерге ас таппай қолдағы барын беріп өздері бірте бірте аштықтан ажал құша бастады. Ең бірінші ашаршылықтан түрлі аурулар пайда болды. Қазақстанның кейбір қала аймақтарынан түрлі деректер шыға бастады. Мысалы айта кетсек 5 адамға қатысты каннибализм оқиғасы байқалды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет