Әок 941/949 (574. 52) Жамбыл өҢіріндегі көне түркі тас мүсіндері а. Б. Әміркенова Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясы, Тараз қ



Дата11.01.2017
өлшемі73,24 Kb.
#7507
ӘОК 941/949 (574. 52)
ЖАМБЫЛ ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ ТАС МҮСІНДЕРІ
А.Б. Әміркенова

Төле би атындағы №8 мектеп гимназиясы, Тараз қ.

Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын, бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға - өз халқы өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы түркі дәуірінің тас мүсіндері болып табылады. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезендерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді.

Тас мүсіндерге табыну ғұрпы VII-XII ғасырларда Түркі және Қарлұқ қағанаттарының, Оғыз, Қыпшақ және Қараханид мемлекеттерінің құрамына кірген түркі тілдес тайпалардың арасында өріс алды. Көне тас мүсіндер Қазақстанның барлық аймақтарында күні бүгінге дейін сақталған. Әсіресе Жамбыл облысының маңындағы жазық далаларда ұшырасады.

Қазақ жеріндегі көне тас мүсіндерді ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеген ғалым- Ә.Х.Марғұлан. Оның Ұлытау төңірегіндегі осындай ескерткіштерге арналған еңбегі қазақ тілінде жазылғандықтан, көп ғалымдардың назарына ілікпеді.

Әлекей Марғұлан Түркі қағанаты дәуірінде орнатылған тас қоршаулардың біріне жазба жұмыстарын жүргізген кезде, бұл арадан адамның мүрдесі емес, мал сүйектері табылған. Осыған сүйене отырып, ғалым «Тас қоршаулар – адамдар жерленген қабір емес, оларды еске түсіру үшін ас беріп, ат шаптырған жерлерге қойылған белгілер» деген қорытынды жасады./1.13бет/ Белгілі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғалымның бұл ойының дұрыс екендігіне біздің де көзіміз жетті. Көне заман тас безеушілерінің қолынан шыққан мүсіндерде сомдалған бейнелер сан қилы. Олар – батырлар мен билер, абыздар мен жыршылар және бақташылар. Бұл жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі пікір бар. Олардың – бірі тас мүсіндерде түркі батырларының ұрыс даласында өлтірген аса күшті жауларының тұрпаты кескінделген десе, екіншілері – бұлар қабірдің басына немесе сүйегі өртелген жерге орнатылған түркілердің өздерінің бейнесі деп санайды.

Түркі қағанаты дәуірінен мирас болған тас мүсін орнату дәстүрін қарлұқтардың далалық жерлерді мекен еткен көшпелілері жалғастырды. Қарлұқ заманының ескерткіштері көбіне олардың негізгі қоныстарынан шалғай жатқан жайлауларда, биік тау бөктерлері мен шатқалдарда, шөбі шүйгін жерлерде кездеседі. Осыған қарағанда, қайтыс болған адамның аруағын еске түсіру жоралары тек жаз кезінде ғана өткізіліп отырған тәрізді. Себебі әзірше тұрақты мекендердің жанына орнатылған мүсіндерді ұшыратқан емеспіз.

Көне түркілер өмірінен кең орын алған әдет – ғұрыптар ғасырлар көшін артқа тастап, олардың бүгінгі ұрпақтары арасында өз жалғасын тауып отыр. Қазіргі кезде ата – бабалардың аруағына бағыштап ас беру, халқымыздың ардақты ұлдарын қадірлеп – қастерлеп еске алу іргелі дәстүрге айналды.
Ежелгі Түріктердің діни салтына байланысты орнатылған тас мүсіндер

VI-VIII ғ.ғ.
Тарихта Түрік қағанаты 552 жыл Алтайда мемлекет ретінде іргесін қалаған соң ұлан-ғайыр жатқан қазақ жері осы қағанаттың қарамағына кірді. Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолын бақылау жасап, көрші елдермен сауда- саттық дипломатиялық қатынас жасап, беделі күшейе бастады. Өлкенің негізгі діңгегіне айналған ірілі-ұсақты қалалар пайда болып, қолөнершілік кәсіп пен егіншілік дамып, сәулет өнерінің ірі орталықтарына айналды. Осы кезде үлкен бекініс орындары мен қалаларда буддизм, манихейство, христиандық, зороастризм, бертін келе ислам діні тарайды, ал далалық жердегі көщпелі халықтың арасында бабалар әруағына сиыну күшті болды.

Ежелгі түріктер негізінен діни сенімдері Көкке (Тәңірге) табыну болды. Сол себептен оларға бұның жақсылық, жеңіс тек көк тәңірінің рақымшылығы арқылы қолдауы негізінде жетіп отырған деп түсінген.

Көне түріктердің діни нанымдарының бірі – отбасы мен балалардың қорғаушысы және жебеушісі- әйел құдайы Ұмай болды. Жалпы Ұмайға табыну Алтайдағы түркі халықтарының басына орнатылған ескерткіштерден көруге болады. Міне, мұндай басында үштік тажы киген тас мүсін Жуалы ауданы Билікөл көлінің маңынан табылған. Бұл тас облыстың тарихи- өлкетану «түріктердің тас мүсіндері» деген мұражайында сақтаулы тұр.

Соңғы кездердегі Қазақстан археологтарының зертеуі бойынша Жамбыл облысы Меркі мен Байзақ аудандарының аймақтарынан басында үштік тажы бар екі тас мүсін табылып, ежелгі көшпенді тайпалардың емдеушісі бақсылардың кейпін білдіретін тас мүсіндер деп дәлелденіп отыр.


Қарлұқ қағандығы кезіндегі тас мүсіндер
Орта ғасыр дәуіріндегі өмір сүрген өлкеміздегі ірі мемлекеттің бірі Қарлұқ қағандығы (766-940). Бұл мемлекеттің қарамағына шығыста Жоңғар Алатауынан, батыста Сырдарияға дейінгі, солтүстікте Балқаш көлінен, оңтүстіктегі Ыстық көлдің түстік жағалауына дейінгі жерлер қарайды.[3]

Қарлұқ қағанаты кезінде егін шаруашылығы көптеген қосақ бой көтеріп сауда мен мәдениеттің дамуына ықпал етті. Ғасырда әсіресе қолөнер дамып, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда қолға ұстап содан көп пайда тауып отырды. Бұл мемлекет кезінде аты әлемге белгілі Құлан, Меркі және Тараз қалалары бекініс-қорған ретінде салынып ірі экономикалық-саяси орталық болды.

Қарлұқ мемлекетінің тарихынан қызықты мол деректер беретін, ертедегі көне діни жораларға байланысты орнатылған өзінің бастапқы нұсқасын жақсы сақтаған, тарихта өте сирек кездесетін Меркі селосының түстік жағындағы Сандықтас асуындағы 70-ке жуық тас мүсіндердің табылуы бізге қызығушылық етіп отыр.[4] Олар көне замандағы тайпалардың осы асудағы тау бөктеріндегі жаз жайлап мекен еткен құтты қоныс орны болғандығын дәлелдейді. Мұндағы барлық тас мүсіндер тастан, топырақтан үйілген, шығыс жағына орнатылған, кейбіреулерінде бір обада бірнешеу тас мүсін орнатылған. Бұл көне мұраларды жергілікті малшылардың көрсетуімен Э.А.Новгородова зерттеп, «Қазақстанның оңтүстік жағындағы Қыпшақтардың киелі орны» атты көлемді еңбегі шықты.[5] Бұл тарихи орынды жартылай осы мақаланы жазып отырған мен де көріп шықтым.

Меркі тауындағы Түркілердің тас мүсіндерін алғашқы рет археолог- ғалым А. Досымбаева есепке алумен бірге археологиялық қазба жұмысын жүргізді.[6] Ежелгі заманнан бізге жеткен бұл тарихи мұралар қазақ жеріндегі өте сирек кездесетін біргей ескерткіш ретінде танылып, әлемдік тарихи, табиғи мұралардың қатарына енді. Бұл өңірдегі Түркілердің жазғы жайлауындағы тас мүсіндер негізінен үйілген тастарға орнатылған әйел- еркектердің көпшілігі қолдарына ыдыс ұстаса, ал кейбіреулерінде ыдыс кездеспейді. Бір жарым мың жылдық тарихы бар Меркі тауының төріндегі Түркілердің ертедегі ғұрыбы бойынша орналасқан ескерткіштердің бір аймақта тығыз топтаса орналасуы, сөз жоқ, бұл өңірді аруағы киелі деп, жылдың әр кезінде тасаттық беріп тұрған. Осы аймақтағы тас мүсіндердің ішіндегі әйел балаларының бейнесінің көп кездесуі Түріктердің ертеден-ананың бейнесіне бас иіп аса құрметтегені тарихтан белгілі. Олар ананы- ананың анасы, от басы мен бала шағаның қорғаушысы, жебеушісі деп қадір тұтқан. Міне, осындай Ұмай ананың тасқа салынған бейнесі Жуалы ауданы Билікөл көлінің түстік жағынан табылды. Демек ана бейнесі ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа мұра ретінде тастарға бейнеленіп, оның аруақтарына бас иіп құрметтеп отырған екен.

Бізге ғасырлар тереңінен жеткен тас мүсіндердің көбінесе жұмсақ тастарды үшкір құралмен ұру арқылы сызып түсірсе, ал гранит, басқа тастардағы бейнеленген бейнелерде көзді, мұрынды, ерінді шығыңқы етіп,бөлек етіп көрсету үшін тасты егеп, адамның өзін нәзіргідей етіп көрсетуі, көп еңбекті қажет ететіні өзінен-өзі белгілі, қайсы бір тас мүсінді алсақ та көпшілігінде міндетті түрде екі қолымен немесе бір қолымен ернеулі ыдыс ұстап тұрғаның көресіз. Олардың түрлері әрқалай, біреулері кішкентай сусын ыдыс ұстатып қойса, басқа біреулері ернеулі биіктеу, бүйірі шығыңқы құмыра- тостаған сияқты ыдыстар ұстатып қойған. Әсіресе Қордай ауданы Алыс Жайсаннан табылған тас мүсіндерде аяқтарын малдасқырып, қайқы етік киіп отырған адамдардың суреті өте тамаша шыққан. Шебер аса қатты сұр гранит тастан аяқ киімді тастың етіне шығыңқы етіп шауып, жылтыр етіп егеп жасағаны шеберлікті қажет ететін өнер иесі екені таң қалдырады. Сонымен бірге, бұл тастардың мойнына моншақ пен құлағына таққан сырғалары барлары да кездеседі.

Туған Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан кейін өлкеміздегі сан ғасырлар бойы қожалық еткен, артына бай мұралар қалдырған бабаларымыздың тарихын оқып үйренуге кең жол ашылғаны бәрімізге белгілі.

Мен мектеп қабырғасында оқып жүргенде төл тарихымызға зер салып, жарияланған мақалаларды үзбей оқыдым. Олардың көбі ұлтжанды, тарихтың қамқоршысы ретінде жазылғаны мені әр уақытта отан сүюге, оның заңды мұрагері екенімді мақтаныш сезімі билеп тұрады. Сол себептен болар, өлкеміздегі бабаларымыздың сыры ашылмай жатқан тарих көзін ел игілігіне айналдыру үшін еңбек етсем деген мақсат қойдым.

Осы оймен облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкерлерімен ақылдаса отырып, өзіме «түркі дәуірінің тас мүсіндері»- деген тақырыпты алдым. Ол үшін осы туралы ғылыми еңбектерді, кітаптарды және мұражай қорының материалдарымен жан-жақты танысып, жалпы өлкеміздің түркі тас мүсіндердің таралуы және тарихы жөнінде шамамның келгенінше ғылыми тұрғыда баяндауға ат салыстым.

Осы ғылыми тұрғыда зерттелген материалдарды қорыта отырып және әрі қарай археологиялық зерттеуді ұштастыра отырып, төмендегі пікірді білдіремін:


  1. Түркі дәуіріндегі алғашқы кездесіп отырған Меркінің таулы аймақтарындағы түркілердің тас мүсіндердің киелі қорларын мұражайға айналдыру мақсатымен тиісті орындарға шығу.

  2. Сынып оқушылардың облыс көлеміндегі тас мүсіндері бар жерлерге экскурссия ұйымдастыру.

  3. Қала мектептерінің бірінде тас мүсіндердің тарихын таныстыру мақсатымен ғылыми конференция ұйымдастыру.

  4. Жергілікті жерлерде сақталған тас мүсіндерді сақтау, қорғау жөнінде тиісті органдардың алдында мәселе қою.

Қорыта келгенде, өзімнің негізгі мақсатым бабаларымыздан бізге жеткен асыл мұраның тарихын таныстыру, оны әрі қарай зерттеу қажеттілігі және келешек ұрпақ үшін сақтау мақсатымен шамам келгенше ғылыми тұрғыда баяндадым. Менің бұл еңбегім өзімнің әріптестерімді және ғалымдарымызды қызықтырады деп ойлаймын.



Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ә.Марғұлан. «Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер» 13бет. «Ежелгі мәдениет куәлары» Алматы.1966ж.

  2. Ә.Марғұлан. «Ұлытау төңірегіндегі тас мүсіндер» 10бет. «Ежелгі мәдениет куәлары» Алматы. 1966ж.

  3. Аманжолов К.Р. «Түркі халықтарының тарихы» Алматы. «Білім» 2002ж. 166 бет.

  4. Досымбаева А. «Меркі-Жетісу түркілерінің киелі түрі» Тараз. «Сенім» 2002ж. 10 бет.

  5. Новгородова Э.А. Тезис. «Проблеммы охраны и исследования ........археологов в Донбассе.» Донецк. 1987ж. 97-98 беттер.

  6. Досымбаева А. «Меркі-Жетісу түркілердің киелі түрі» Тараз. «Сенім» 2002ж. 15 бет.

Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> Сүйіктісі халықтың
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет