Әрбір ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы үш категорияға байланысты: операциялық,инвестициялық және қаржылық қызмет



Дата06.01.2022
өлшемі19,42 Kb.
#110267
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word (3)
л, Глоссарий, Қола дәуіріндегі Қазақстан, Реферат1

Әрбір ақша қаражаттарының түсуі мен шығуы үш категорияға байланысты:операциялық,инвестициялық және қаржылық қызмет.
Операциялық қызмет-бұл заңды тұлғалардың пайда алудағы негізгі қызметі,инвестициялық және қаржылыққа кірмейді.
Инвестициялық қызмет-бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату,қарыздарды төлеу.
Қаржылық қызмет-бұл заңды тұлғалардың өз капиталындағы өзгерісі мен қарыз қаражаттары.
Ақша қаражаттарының айналымын екі әдіспен есептейді: «тура» және «жанама». Тура және жанама айырмашылығы операциялық қызметтің көрінісінен.

Сонымен қатар, өнімді сатудан басқа кірістің көзі болып – негізгі капиталды сату бола алады.Көп жағдайда негізгі капиталды сату алдын-ала жоспарланады, және кассалық жоспар жасағанда оңай болжанады.Компанияның қосымша ақша қаражаты, сыртқы қарыздардан түсім және ивестициялық кіріс түрінде  қызмет етуі мүмкін.

3-кезең. Сату көлемі мен ақшалай түсім есебін болжағаннан кейін, тауарды сатқаннан кейінгі ақшалай төлем болжауды қажет етеді, иғни өндірістік жоспар кезеңдік ауытқу жасау жолымен өндірілетін кезеңдік есеп ауытқуынан шығатын өндірістің тұрақты көлем немесе өндірістің аралас стратегиясын атқарады.Осыдан өндірістік жоспарды бағалаудан компанияның материалға, жұмысшы күшіне және қосымша капиталға деген қажеттілік туады.Материалдар мен шикізаттар сатып алғанда,дебиторлық қарыз жағдайындағыдай алым мен төлем арасында уақытша айырмашылық болады,нәтижесінде материалға деген қажеттіліктің анықтылығы мен жоспарлануы өнім өндіруден жоспарланатын түсімнің үлгісіне ұқсас.

Жұмыскерлердің еңбекақысы секілді шығын түрі, сатып алуға қарағанда тұрақты болып табылады, сондықтанда толығымен өндіріс көлеміне тәуелді емес. Ережеге сай, берілген шығын түрі, шаруашылықты әкімшілік тұрмыстық, бағыңқы еңбек және материалды шығындардай болашақта қысқа мерзімде болжанатын етіп жасалатын констант болып табылады.

Ақшалай операциялық шығындардан басқа, сонымен қатар капиталдық шығындар, дивидендтерді салық және басқа да шығындарға назар аудару керек. Болған шығындар түрі болжанған жоспарының күші айтарлықтай жеңіл болжанған кезеңдер алшақтау болған сайын, шығындарды дәлірек болжау қиынға түседі.

Сонымен, компанияның ақша ағымының бұл кезеңінің соңында келесі мақсаттар шешімін табады:



  1. Өндіріс факторларының (материалдық, жұмыс күші, негізгі капитал) қажеттілігін арттыру

  2. Операциялық алымдармен байланысты, ақшалай төлемдерге болжам жасау

  3. Компанияның операциялық қызметіне емес, басқа да төлемдерге байланысты ақшалай төлемдерге болжам жасау

  4. Сатып алуға кеткен шығындар мен басқа да операциялық төлемдерден, жалпы графикалық төлем жасау.

4-кезең. Таза ақша ағымымен айлап есеп айырысу мақсатында қарастырылған бүкіл мүмкін кіріс және шығыс ақша ағымдары мен түсім және шығын ақаша қаражаттары салыстырылады. Бұл жағдайда принциптік мақсат ретін де кассалық жоспар қалыптасу мерзімін және қаржыландырудың потенциалды қажеттілік көлемін, оның оңтайлы көзін анықтайды. Ұзақ мерзімді қаржыландыру туралы шешім ұзақ мерзімді қор қажеттілігінде қабылданады, бірақ ол ақшалай болжамға тәуелді емес.

Қысқа мерзімді қаржыландыруды жоспарлауда көмекші құралдар, фирманың ақшалай ұстанымын басқаруда кассалық жоспар маңызды рөл атқарады. Кассалық жоспар негізінде қаржылық басқарушы сонымен қатар жойылатын бағалы қағаздардағы артық қаражаттарды инвестрлеу туралы шешім қабылдады.



Сонымен бірге кассалық жоспарды құрастыру болашақ ақшалай ағымдардың бағалануын ғана қарастырады. Нақты ақшалай ағымдар кассалық болжамның мұқият дайындалғандығымен олардың қарастырылатын бизнес ортасындағы өзгерткіштігіне байланысты әртүрлі дәрежеде үміт етілгеннен өзгешеленеді. Осындай белгісіздік болуы мүмкін кемшіліктерді ескеру үшін кассалық жоспарның қосымша нұсқаларын жетілдіру керек, оның біреу – бизнес дамуының оңтайланған болжамына негізделіп, ал екіншісі – болжамның оңтайлы емесінде.

  1. Ақшалай ағым экономикалық әдебиетте, сөздің жалпы мағынасында белгілі бір уақыткезеңінде болған кәсіпорынмен жүргізілетін ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының бар көлемін қамтиды.

  2. Ақша ағымдарын құрумен, реттеумен байланысты кәсіпорынның қызметі оның жиынтық активткрімен басқару сатыларына сай келетін және тікелей өндірістің даму  кезеңімен байланысты 2 негізгі кезеңдерді қамтиды: 1кезең – кәсіпорынның ақшасының, және оның ақшалай ағымының құрылуы; 2кезең – кәсіпорынның ақша қаражаттардың тиімді қолданылуы немесе оның ақшалай ағымдарын рационалды ұйымдастыру

  3. Ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есебінде есеп кезеңіне кәсіпорынның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат ашылады есеп кезеңіндегі ақша қаражаттарының өзгерісіне әсері еткен ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығуының мәні ашылады.

  4. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебінің негізгі артықшылығы пайдаланушының ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты операциялық, инвестициялық және қаржылық келісімдердің негізделген бөлек көрінісін алады.

  5. Ақша қаражаттарының айналымы туралы есеп беруде компанияның ақша қаражаттарының өзгеруі және олардың баламаларын жоғарлататын және төмендететін операциялар көрсетіледі.Әрбір кірістелетін және шығатын ақша қаражаттары 3 жалпыланған дәрежелердің біреуіне жатқызылады: операциялық, инвестициялық және қаржылық қызмет.

  6. Ақша қаражаттары туралы есеп беру 2 әдіспен құрастырылады: «тікелей» және «жанама». Тікелей және жанама әдістердің арасындағы айырмашылығы: операциялық қызметтің көрінісінде  және де инвестициялық және қаржылық қызметтер жайлы мәліметтердің сәйкес келуі.

  7. Ақша ағымын жоспарлау кассалық жоспар  көмегімен құралады, онда болашақ ақша ағымдарының болжамдары, ай сайынғы негіздегі шартты ақшалай түсімдер мен шығындар.

  8. Кәсіпорын ақша ағымын жоспарлау көбінесе компания қызметінің бөлек бағыттарын, болашақтағы нақты ақшалай шығыстар мен кірістерді зерттейді. Ең негізгілеріне сату болжамы, тауарларды өткізуден жоспарланған ақшалай түсімдер, жоспарланған ақшалай төлемдер, таза ақша ағымы мен ақшалай баланстың есеп айырысулары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет