Ерекешова Сәуле №82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең а/о



бет1/4
Дата04.08.2017
өлшемі0,77 Mb.
#22610
  1   2   3   4
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ КЕҢІСТІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Ерекешова Сәуле
82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең а/о.

Білім жолы – қиын да қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу-ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Халқымыздың ұлы перзенті, әлемге әйгілі ғалымы, көрнекті ағартушысы Ш.Уәлиханов «Халық кемеліне келіп дамуы үшін екі-ақ нәрсе керек»-деп ерекше атап көрсеткен, біріншісі- азаттық, екіншісі-білім. Бұл қол жетпес байлықтың екеуі де қазір біздің қолымызда бар. Жас жеткіншектерді шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу, оның қабілетін ашу, санасында жылт еткен шоқты үрлеп, үлкен жалынға айналдыру әрбір ұстаздың іскерлік шеберлігіне байланысты.

Оқушының болашақта өз орнын табуы, еліне, жеріне белгілі пайда келтіретіндей қоғам мүшесі қалыптасқан тұлға болуы үшін мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәнінің маңызы зор. Өйткені, мектепте көтерілетін ең басты мәселелердің бірі- адамды жан-жақты тәрбиелеу, оның биік тұлға болып қалыптасуына ықпал ету- бейнелеу өнері мен ұлттық сәндік қолданбалы өнері арқылы іске асады десек артық болмас.

Бастауыш сынып балаларының ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалауда заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады.

Оқушыларға білім бере отырып ескеретін аса маңызды міндет оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беруді айтарлықтай жақсарту. Ісемдік сезімін дамыту жоғары эстетикалық талғам, өнер шығармаларын, туған табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсініп бағалай білу қасиеттерін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта әрбір оқу пәнінің, әсіресе зор танымдық және тәрбиелілік күші бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері жақсы пайдаланылуы тиіс. Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде оқушылардың кеңістік жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Оқушылар заттың бейнесін дұрыс салғаны мен оны кеңістікте орналасуына аса мән бермейді. Мұндай олқылықтар балаларға кеңістік туралы берілетін білім мазмұнын анықтап психологиялық –педагогикалық мәселелерді дұрыс шешуді қажет етеді. Соған орай осы арада кеңістік ұғымына тоқтала кетейін. Шындық болмыстағы кез келген зат неиесе құбылыс белгілі бір кеңістікте болады.

Кеңістік дала көрінісі, бөлме іші т.б. болуы мүмкін. Кеңістікті қабылдауда көру мүшесі мен қатар сипап сезу, қозғалыс органдары елеулі рөл атқарады. Күнделікті өмірде бала жер бедерін – ойнағанда, жүргенде заттың бедерін ұстап көру арқылы қабылдайды. Мысалы, оқушы суретін салатын затты ұстап көру арқылы формасын, өлшемін жақсы сезеді. Баланың кеңістіктегі затты қабылдауы жас кезінен басталады, бірақ олар заттарды кеңістікпен қосып қабылдауға шамасы келмейді. Бастауыш сыныптарда бала заттың өзі тұрған жазықтық пен төмен немесе жоғары орналасқандығын, үлкен не кіші екенін өз бетінше бақылауға шамасы келе бермейді. Мысалы, бетінде гүлдің суреті бар құмыраның кеңістіктегі орнынан гөрі гүліне көп көңіл бөледі де, оның қандай геометриялық фигураға ұқсайтынына назар аудармайды.

1 сыныптың оқушылары жазықтардың өлшемдер қатынасы, ұзындығы, қашықтығы туралы білгендерін өзара байланыста алып қарамай тізбектеп айту арқылы жеткізеді. 2 сыныпта білімдері дами түседі. 3 сыныптан бастап балалардың байқауы едәуір артады.

Өлшемдердің үлкен не кішілігін заттың көкжиек сызығынан жоғары не төмен екенін, оны көрушіден алыс не жақын екенін байқай алады.

Бастауыш сыныптарда кеңістік ұғымын түсіндіруде көрнекіліктерден гөрі көлемді әрі көрсетуге арналған құралдар тиімді. Кеңістіктегі жарық ауа райына, ауа перспективасына байланысты. Осы орайда 4 сыныпқа өткізген «Пейзаждағы кеңістік перспективасы» тақырыбындағы сабағыма тоқтала кетсем.

Сабақтың мақсаты: заттардың суретін салуда кеңістік ұғымдарын қалыптастыру. Кеңістікті бейнелеу әдістерін үйрету, кеңістіктегі заттардың ауа перспективасына байланысты өзгерулері туралы түсінік беру.

Көрнекі құралдары: доптардың, сумкалардың және ағаштардың кеңістіктегі орналасуы мен өлшемдердің өзгеруін көрсететін таблицалар.

Оқушылар екі топқа бөлінген.

-Балалар, біз қандай затты қағаз бетіне бейнелесек те оның кеңістікте орналасу сипатына көңіл бөлуіміз керек. Себебі, біз бейнелейтін заттардың бәрі де кеңістікте орналасады. Мысалы, даладағы өсіп тұрған ағаштар, өсімдіктер, бөлменің ішіндегі заттар бәрі де кеңістікте тұрады. Кеңістіктегі жарық ауа райына, ауа перспективасына байланысты. Жазғы және қысқы күндері түс мезгілінде дала өте жарық болса, бұлтты күні кеңістік бұған қарағанда қараңғы сияқты көрінеді. Мұндай ауа райында жақындағы кеңістіктің түрі, түсі, өлшемі айқын болса, өте қашықтықта бұлдырап көрінеді. Сонымен біздің түстеріміз жарыққа тәуелді деген сөз.

-Балалар, сендер үлкен жолдың бойында көлікпен келе жатырсыңдар делік, жолдың жиегіндегі ағаштар жақын жердегі ағаш пен алыс жердегі ағаш саған қалай көрінеді? Оқушының сөзі:

-Жақындағы ағаш айқын, биік болып, алыстағы ағаштар кішкентай болып көрінеді.

–Дұрыс балалар.

-Ал тұманды күні тоғайдағы ағаштарға зер салсақ нені байқаймыз?

-Тұманды күні алдымызда тұрған ағаштар айқын, алыстағылар бұлыңғыр болып кетеді.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Бұл құбылыстың себебі, бізді қоршаған денелер алыстаған сайын жарық пен ауа кеңістігінің әсерінен түстерін өзгертеді.

Дәптермен жұмыс жасайық.

Бүгін біз кеңістіктегі түстің жарыққа тәуелділігене байланысты сурет саламыз. Бізге бұл ретте ең қолайлысы пейзажды бейнелеу. Яғни, алдыңғы ағаштары қанық, артқы ағаштары бұлыңғыр.

Кәне суретімізді бастайық. Сабақ арасында «Иә, жоқ» ойынын ойнаттым.



1 топқа –1. суретке жарық пен көлеңке беретін суретшіні импрессионист суретші дейміз. (иә)

2 – жақын түстерді нюанс деп атаймыз? (иә)

3 – графикада әр түрлі түстер болады. (жоқ)

4 – ерте кездегі ең әйгілі құрылыстардың бірі –Парфенон. (иә)



2 топқа: 1. Қарама –қарсы түстер контрасть деп аталады. (иә)

2. Натюрмортта жанды заттар бейнеленеді. (жоқ)

3. Мүсін өнері мен бейнелеу бірдей. (жоқ)

4. табиғи кеңістікке орман тау дала көріністері жатады. (иә)

-Енді балалар терезеден сыртқа көз салайықшы. Қазір кешкі мезгіл, әрі күз айы болған соң алыстағы үйлер сендерге қалай көрінеді?

-Жақындағы үйлер анық, алыстағы үйлердің түсі бұлыңғыр.

-Дұрыс балалар. Алыстағы денелер өлшемі жағынан кішкентай, пішіндері анық емес және анағұрлым суық реңкті болып көрінеді. Сондықтан шығармада толық кеңістік әсерін беру үшін сызықтық және ауа перспективаларын қатар қолдану қажет.

Үйге тапсырмаға бір күнді таңнан кешкі дейінгі мезгілді бақылау тапсырылды.

Кеңістік перспективасы тақырыбындағы сабақтарымда сурет салудың бір ізділігін мынадай кезеңдерге бөлдім.

1. Заттардың бейнесін қағаз бетіне орналастыру.

2. Олардың қандай геометиялық формаларға ұқсайтындығына талдаулар жасау. Өлшемдердің қатынастары көрсетіліп алдымен үлкен өлшемдері онон соң кіші өлшемдері салдырылады.

3. Нәрседегі жарық пен көлеңкенің деңгейлер қатынасына талдаулар жасалып, оқушыларға нәрсенің ең жарық бөлігі, ең қараңғы бөлігі және осылардың аралықтарындағы көлеңкелер деңгейі көрсетіледі.

4. Формаға байланысты штрихтардың өзгеру сипаты түсіндіріліп, кейбір оқушыларға жеке көмек көрсетілуі қажет.

Халық шеберлері кеңістіктегі заттың көрінісін ою-өрнектер түрінде бейнелей отырып оның белгілі бір кеңістікте тұрғанын көрсету үшін басқа көптеген әдіс-тәсілдерді қолданған.

Кеңістікте бір заттың арғы жағында (фонында) екінші заттың тұруы мүмкін немесе заттың фонында жер көріністері болады. Мысалы, ұшып бара жатқан құстың фоны аспан, салт атты адамның фонында – тау болуы мүмкін. Ою-өрнектермен кеңістік көріністерін бейнелеуде заттың фонындағы көрініс шартты түрде бейнеленбейді.

Фон түспен ғана алынады. Сонымен кескіндеме шығармалары сияқты кеңістікті бейнелейтін ою-өрнектерде форма мен оның фоны болатынын айқын көреміз.

Суреттегі оюдың қара бөлігі кескін, түр деп аталады. Мұның өзінен кеңістікті көруге болады.

Негізгі форманың фонын ақшыл түстермен беру арқылы аспанды немесе салт аттының ою-өрнекке айналдырған көрінісінің фонын қоңыр түспен шығару арқылы жерді білдіреді.

Сабақтағы ең күрделі кезең – көріністерді қағаз бетіне дұрыс орналастыру. Сондықтан осы кезде жақындағы көріністерді форматтың төменгі бөлігіне алыстағыларын жоғары бөліктеріне орналастыруына көп көңіл бөлу кекрек. Сондай-ақ жіберілген қателерімен оны түзету жолдарын көрсеткенде сынып тақтасын пайдаланып үлгермеген оқушыларға жеке көмек көрсетемін. Алдын ала дайындық жасап өткізілген мұндай сабақтардан оқушылар теориялық білімдермен практикалық дағдыларды меңгереді. Кеңістіктегі перспектива пропорциялық қатынастар, горизонт сызығы, түстердің өзгеруі туралы түсініктер алады. Осының негізінде кеңістіктің, заттардың сипаты туралы жалпы түсініктер қалыптасады. Кеңістіктің немесе кеңістіктегі заттардың қағаз бетіне бейнелеудің жолдарын өнер шығармаларын талдаудағы мұғалімнің сөзінен оның түсіндіруі мен көрсетуімен танып біледі.

Бейнелеу сабағынан басқа сыныптан тыс жұмыстарымда да балалардың салған суреттерінде бейнелерінің кеңістікте дұрыс орналасуын қадағалаймын. Қазан айында бастауыш сынып оқушылары арасында «Күз кереметі» тақырыбында сурет көрмесін өткіздім. Одан соң тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіздік –тірегім» атты сурет сайысын өткіздім. Қыс мезгіліне байланысты «Қыс сыйы» сайысын өткіздім. Бұл сайыстың ерекшелігі оқушыларға ешқандай көрнекілікке қарамай сурет салу тапсырылды. Бұл тапсырма оқушылардың ой –өрістерінің, қиялдарының дамуымен қатар нәрселерді қалай орналастыруды меңгерумен қатар, сурет салу арқылы саусақ бұлшық еттерін дамытады.

Заттардың перспективалық көрінісін бейнелеу жүйесінде жаттығулардың маңызы зор. Жаттығулардың алғашқы кезеңінде қарапайым геометриялық денелерді салудан бастап, бірнеше заттардың суретін салуға дейін жалғасады. Перспектива ережелерін оқыту мен бейнелеуді үйретуге арналған сабақтарда ұтымды шақтар көп. Атап айтқанда оқушылар: кеңістіктегі заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыру, кеңістіктегі заттардың өлшемдерінің алыс және жақын болуына байланысты өзгеру және түстердің қашықтыққа байланысты құбылысын дұрыс қабылдауға үйренеді. Кеңістіктегі денелердің бейнелеу дағдыларын меңгереді. Өнер шығармаларындағы кеңістіктің бейнелеуіне талдау жасаудың негіздерін үйренеді. Кеңістіктің білім негіздерін үйрену мен оны бейнелеу ережелерін меңгеру нәтижесінде оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілеті дамиды. Оқушылардың кеңістік туралы ойлау қабілеті дамуы жалпы білім беретін мектептердегі барлық пәндердің білім негіздерін меңгеруге игі ықпал етеді.

Қорыта келе баланы еңбек пен көңіл күй эстетикасы тәрбиесінің тең жүргізілуі оқушының сұлулықты өз қолымен жасауымен іске асырылады. Баланы бейнелеу өнеріне баулуға бастауыш сыныптан бастап көңіл бөлсек, онда бәсекеге қабілетті, өнерге құмар, тек білгісі келіп тұратын шығармашыл тұлға тәрбиелей алатынымыз сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. /Егемен Қазақстан, 16 қазан 2004 ж. Б. 3-4.

2. Бастауыш мектеп. № 4 -2007 ж. Б.41

3. Бастауыш мектеп. № 2 -2007 ж. Б-42

Жануардың қайсысы үлкен – жылқы ма, ит пе?

Жылқы 0 ұпай, қате жауап = -5 ұпай

2. Күндіз жарық па, әлде түнде...

Қараңғы – 0 ұпай, қате жауап =-4 ұпай

3. Аспан көк, шөп...

Жасыл =0 ұпай, қате жауап= -4 ұпай


  1. Су тартылған жерде қай құс жүреді?».





  1. Торғай – 3, оляпка – 4, сауысқан – 

  2. Қай жануар үлкен?Ат па,жоқ ит пе?(Дұрыс жауабы-ат)
  3. Азанда адамдар таңғы тамағын ішеді.Ал күндіз және кешке қандай тамақтарын ішеді? (Дұрыс жауап-түскі,кешкі)


  4. Күндіз дала жап-жарық,ал түнде ше? (Қараңғы)


  5. Аспан көкпенбек,ал шөп ше? (Жасыл)


  6. Шие,алмұрт,алхоры және алма бұлар-....(жеміс-жидектер)


  7. Поезд келе жатқанда неге шлагбаумды түсіреді?


  8. Астана,Алматы,Тараз бұлар нелер?


  9. Қазір сағат қанша болды? (Балаға сағат көрсетіліп уақыт айту сұралады)


  10. Жас сиырды бұзау деп атайды.Ал жас итті және жас қойды қалай атайды? (күшік және қозы)


  11. Ит қайсысына көбірек ұқсас? Мысыққа ма,жоқ әлде тауыққа ма?Жауап бере отырып неге олай деп есептейсің,соны түсіндір.


  12. Автомобильге (машинаға) тежегіш не үшін керек?(Автомобильдің жылдамдығын өшіруіне қажеттігін көрсететін кез-келген ақылға қонымды жауап дұрыс деп есептелінеді)


  13. Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсас? (Ұқсас қызметтер атқаратын құралдар деген сипаттағы жауап дұрыс деп есептелінеді)


  14. Тиын мен мысықтың ұқсас жерлерін ата (Ең кемі екі белгісі сипатталуы керек,мысалы олар-жануарлар,ағаштан-ағашқа өрмелей біледі,жүні жұмсақ,құйрығы,төрт аяқтары бар)


  15. Шеге мен винттің бір-бірінен айырмашылығы.(Шегенің жоғарғы жағы тегіс,ал винттікі ойықты,шегені балғамен ұрады,винтті бұрайды)


  16. Футбол ұзындыққа секіру,теннис жүзу дегендер нелер?


  17. Қандай транспорт түрлерін білесің? (Ең кемі екі түрін атау керек)


  18. Қарт адамның жас адамнан айырмашылығы


  19. Адамдар не үшін дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады?


  20. Егер адамдардың жұмыс істегісі келмесе неге жаман деп есептелінеді?


  21. Хатқа не үшін марка жапсырылады? (Марка-бұл жіберушінің почталық жөнелтуінің құнын төлегені туралы белгі.)



  22. Бір жылда 28 күні бар неше ай бар?



  23. Жауап: Барлық айлар



  24. 7.Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отыруы мүмкін?



  25. Жауап: Су ағаштың түбінде



  26. 8.Адам бөлменің ішінде болғанда қай уақытта оның басы болмауы мүмкін?



  27. Жауап: Терезеден басын далаға шығарып қарағанда

2 - тапсырма: Ыстық және ылғалды күні ауада бу тамшылары көп. Егерде ауа суып кетсе, ауаның бу тамшыларымен не болады?

3 - тапсырма: Адам суды өз қажетіне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы үшін пайдаланады. Тәуілігіне 700 литрге дейін таза суды тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол - ластанған су.


Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Соларды кестеге жаз.

Ластаушы зат.

4 - тапсырма: Су толтырылған жабық бөтелке түнде мұздатқышта қалдырылды. Таңертең қарағанда, бөтелкенің жарылғаны байқалды.
Су қатқанда неге бөтелке жарылды?

Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке су керек

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен материалды еске түсіру. Жаңа сабақты меңгерту.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру.

3. Табиғатты қорғап күтуге баулу.

Сабақтың түрі:

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Өткен материалды қайталау.

3. Жаңа сабақты менгерту.

1. Жеміс пен тұқым өсімдіктің қандай мүшесі?

2. Өсімдік жемісі нешеге бөлінеді?

3. Шырынды жемістің түрін ата

4. Құрғақ жемістерді ата

5. Өсімдік жемістері жер бетінде қалай тарайды

6. Карточкаларды тексеру.

7. Дәптерде салған суреттерін тексеру.

А)... пісті ә)... түсті б) Өлең жаздыру.

8. Тақтамен жұмыс.

Ортақ қасиет

Өлі табиғат

Тірі табиғат

3. Оқушы тірі табиғатқа ортақ қасиет

Қоректенеді, тыныс алады, жылуды, жарықты керек етеді. ( сызба арқылы көрсету )

Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелде.

1. Тұқымды топыраққа көмеміз

2. Су құямыз. Өсімдік өседі, тұқым береді. Қартаяды. Өледі.

Олай болса өсімдік тірі организм. Өсімдіктің негізгі қорегі – су.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы: Өсімдікке су керек.

Өсімдік өседі

Бау - бақшада



Егістік

Табиғатта өседі

Бөлмеде

Өсімдіктің қоректенуі ерекше. Өсімдік өзіне қоректік заттарды өлі табиғаттан алады.



Соның бірі – су. Сусыз адамдар жануарлар сияқты өсімдіктері де тіршілік ете алмайды. Бұған көз жеткізу үшін бөлме өсімдіктерінің біреуін суарып, ал екіншісіне су құймайық. Су құйған өсімдік жайқалып өседі. Су құймаған өсімдік қурай бастайды.

Өсімдіктің денесінің көбі - су. Өсімдік суды тамыры арқылы сорады.

Оқулықпен жұмыс.

Сұрақтарға жауап алу.

Топпен жұмыс.

1 – топ: Өзен жағалауының өзегі талмас (Әңгімелеу)

2 – топ: Таудың көркі бұлақ (Сурет салу)

3 – топ:... жу. Екі өлең шығар.

... су

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы қорғау.



Қорытындылау: Сусыз ешқандай тіршілік жоқ. Су тіршілік көзі, - деп қорытындылау

.Қалай ойлайсыңдар, осы жұмбақ суретте не бейнеленген?

Жауабы: Суретте долматин пародалы ит бейнеленген

6.Бір жылда 28 күні бар неше ай бар?

Жауап: Барлық айлар

7.Жаңбыр жауып тұрғанда қоян қандай ағаштың түбінде отыруы мүмкін?

Жауап: Су ағаштың түбінде

8.Адам бөлменің ішінде болғанда қай уақытта оның басы болмауы мүмкін?

Жауап: Терезеден басын далаға шығарып қарағанда

9. Стивен Гарднер өз картинасында қанша жануарлар мен олардың бейнесін жасырды?



Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге
Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз- ойды
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам
Ойлау - өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы, аса күрделі
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі
Ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты
Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда
Дүниетану тікелей сезімдік процестер – түйсіну, қабылдау, пайымдаудан басталып,
Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау
Ұлы ойшыл – ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби: “Ойлау дүниені
Аристотель, Декарт, әл-Фараби тағы басқа ойшылдар да ойлауға, ой-ға
Декарт: “Мен ойлансам ғана бармын” дейді. 
Әл-Фарабише: “жазу-тілге, тіл-ойлануға, ойлау-объектілердің сырын ашуға меңзейді [25;166] 
Бастауыш мектептегі балаларды оқыту үрдісіндегі интеллектуалдық құрылымын анықтауда, бірінші
Теориялық ойлауды талдауға байланысты С.Л.Рубинштейн былай деп бекітті. “Ойлау,
Психологтардың пікірін қолдай отырып, ойлауға маңызды мінездеме берген В.С.Библер
Оқыту ақыл-ой тәрбиесінде жетекші болып табылады, өйткені интеллектуалдық және
Ойлау деп – мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлану
Адамның ойлану процесін тұңғыш тәжірибе жасап зерттеген. “Вюрцбург мектебінен”шыққан
Ойлау процесінің айналасындағы мәселеде софистер алғашқы болып пікір қозғағанымен,
Б.Спиноза: “Ойлау – табиғат субстанциясының атрибуты. Ойлаудың табиғаты белгілі
Бұл шартты рефлекстер екінші сигналдардың (сөздер мен ойлаудың) әсерінен
Анализ бен синтез ойлаудың аса маңызды әдістері. Ойлаудың көптеген
Адамның ой әрекеті, академик Павлов айтқандай, аналитикалық-синтетикалық әрекет. Заттардың
К.Д.Ушинский: “Салыстыру-барлық ұғынудың, барлық ойлаудың негізі, дүниедегінің бәрін біз
Ойлаудың таным сатысы ретіндегі айрықша ерекшелігінің бірі-оның сөзге қатысы
Ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып,
Ойлаудың мәселе шешуге бағытталуы оған проблемалық, ізденгіштік сипат береді.
Н.А.Менчинская: “Ойлау операциялары орындалуының жоғарғы дәрежесін меңгеру-оқушылар ақыл-ойы дамуының
Ойлауды мынадай жүйемен топтастыруға болады (сурет 1.1). 
Творчестволық ойлау-бұрын орындалмаған, жаңа міндетті жүзеге асыру, жаңа ой
Абстрактылы ойлау-елеулі емес екінші дәрежелі белгілерден аулақтануға, жалпы және
Индуктивтік ойлау-жеке пәндер немесе құбылыстар туралы білімдер негізінде осы
Дедуктивтік ойлау-бұрын белгіленген мәлім жалпы ережені жеке фактілерді, немесе
Қабілеттілік-табиғаттың әрбір адамға сыйлайтын ғажайып сыйы. Біреуге көбірек, біреуге
Қабілеттілік-бұл оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Қабілеттіліктің қалыптасуына адамның өзінің
Кей адамның өнертапқыштық қабілеті, не сурет салуға бейімділігі, не
Қабілет деп-әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады
Қабілеттілік-адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші
Сурет 1.1 Ойлауды топтастыру жүйесі 
Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы: саусақтарының салалы
Кез-келген адамның 2-3 түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл-адам
Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған
Қабілеттілік-кісінің жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті.
Қабілет деген-асыл мұра, бойымызға біткен зор қасиет қой. Әркімде
“Ал ойлау қабілеті – тек жалпы адамзаттық мәдениетті, білімді
Ойлау қабілеті-бала ойынында да, еңбекте де дамиды. Көптеген нәрсе
Сурет 1.2 Қабілеттің құрылымы 
1.2 Төменгі сынып оқушыларының ойлау процестері 
Балалық шақта ойлаудың дамуы шектелуді көтермейтін, өзара тығыз байланысты
Оқушының жас кезінде көрнекі образды ойлау және ойланып сөйлеу
Мұнда заттар мен олардың бейнелері сөзбен байланыста болады. Мектеп
Ойлау процесінің дамуында оқытудың алар орны ерекше, ол оқушының
Мектепке дейінгі балалардың ой-қызметінің ерекшелігі мынада: олардың білімі заттар
Төменгі сынып оқушыларының ойлау процесі әдетте әрекетпен тығыз байланысты.
Мектептегі оқу дәрежесіне қарай және өмір тәжірибесі молая келе,
Төменгі сынып оқушыларының, біздің айналамыздағы болмыс құбылысының себебін түсінуі
Төменгі сынып оқушыларының түсініктері едәуір мол, бірақ олар ғылыми
Дерексіз абстракты ұғымдарды түсіну төменгі сынып оқушыларына оңай емес.
Оқушылар, мектептен тыс кезеңде көптеген хабарлар алып отырған кезде,
Білімі молайған сайын адамның танымы, ойлау қабілеті дамитындығын есте
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы, ойлауы тек жас ерекшелігіне ғана
Бастауыш мектеп кезеңінде бала, ойлаудың ішкі жоспарға көшуі арқылы
Бастауыш сынып оқушылары сабақта ойын элементтерін көп керек етеді.
Міне, дәл осы кезеңді тиімді пайдаланған жөн. Сондықтан қай
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет: 
1) жаңа, әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу. 
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға, түсінуге, сырын
Баланың белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген қажеттілігі, әрине, өзінен-өзі
Төменгі сынып оқушыларын оқыту мен дамытудағы салыстырудың маңыздылығына баға

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет