Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар



Дата22.08.2017
өлшемі138,41 Kb.
#24486
Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар

Кажимгалиева К.У, кабинет меңгерушісі

5 Құрманғазы аудандық психологиялық педагогикалық түзету кабинеті

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете-дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар

Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде.Инклюзивтік білім берудегі педагогтік құзіреттілік оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру жолдарын білу. Инклюзивтік білім беруде балаға деген педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі , ол дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып табылады. Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға таңдау бостандығы бар,өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауында. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.

Психологиялық, педагогикалық түзету кабинеті өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне, « Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын», Қазақстан Республикасының білім беру қызметін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырып келеді.

Құрманғазы аудандық психологиялық педагогикалық түзету кабинеті 2005 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.

Жыл бойына жасы 8-ге толған ерекше білімді қажет ететін балалар есептен шығарылып отырады, бірақ оның орнына ерекше білімді қажет ететін балалар бірінші рет есепке алынады. Жоғарыдағы Үкіметтің қаулысына сәйкес № 5 Құрманғазы ауданының психологиялық, педагогикалық түзету кабинетіне 2016-2017 оқу жылында дамуында әр түрлі кемістігі бар 0 жастан 8 жас аралығындағы 62 бала түзету алды. Кабинет бойынша логопед-мұғалімнің, педагог-психологтың, дефектолог-мұғалімнің, әлеуметтік мұғалімнің, емдік дене тәрбиесінің жаттықтырушысының бөлмелері бірінші кезектегі түзету жабдықтарымен жасақталған. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беру жүйесін қайтадан құру жұмысы оқыту үдерісін жеке тұлғаға, денсаулықты сақтауға бағытталған.

Нақты оқу үдерісінде аталған тенденциялар маманның әрбір баланы қамтамасыз етуге міндетті психологиялық жайлы жағдайды құрудан және білім беру сапасын жоғарылатудан байқалуға тиісті. Кабинетке келіп түзету алатын балалардың ауруының түріне қарай түзету бағдарламасын кабинеттің әр маманы жасап, оқу жылының аяғында қорытынды нәтижесін жасап шығарады.

Кабинеттің әдіскері мамандар өткізетін түзету сабақтарының кестесін шығарып, әр маманның күнделікті түзету сабақтарының жоспарын бекітіп, ұсыныстарын жасап, балалармен өтетін түзету сабағының тиімді болуына, түзетуіне және балалардың ой-өрісінің дамуына бағыттап отырады. Кабинет мамандарымен өткізілген педагогикалық кеңестерде түзету сабағын өткізген кезде мамандардың жаңа технологияға көңіл бөлуіне баса назар аудару керектегін айтып, балаларды түзету кезінде өзіне-өзі қызмет ететін жағдайға жеткізуге жәрдемдесу және оларды еңбекке баулудың кәсіпкерлікке бейімдеудің қажеттілігі бірінші тұратыны ескертілуі және оның орындалуы талап етіледі. Балаларды түзету кезінде жалпы және ұсақ моторикамен жұмысты міндетті түрде мамандардың естен шығармауы үнемі қадағаланады.

Кабинет мамандары әлеуметтік ортаның баладан мәдениетті, әдепті, сыпайы мінез құлықты, білімді болуға жету жолында кабинетке келетін барлық балалардың ақыл-ойының, сөйлеу тілінің дамуын, сөз қорынның молаюын және баланың жеке ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз ету үшін жұмыстанып келеді. Күнделікті жұмыстарды түзету кезінде шеберлікпен ұғындырудың арқасында кабинеттің педагог-логопеді сөйлеу қабілеті дамымаған фонетикалық, фонематикалық кемістігі бар, жазу, оқу бұзылыстары бар, сөйлеуі бұзылған балалармен жұмыс жүргізіп бірқатар сөйлеу кемістігі бар балаларды түзеді. Тілінде кемістігі бар балалармен жасалатын логопедия кабинеттің жабдықтары жеткілікті. Аудан бойынша есепте тұратын 0 жастан 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын бақылау аудандық балалардың бас дәрігерінің және аудан көлеміндегі дәрігерлік, учаскелік ауруханалар мен селолық амбулаторияның бақылауында болып және олармен тікелей байланысып отырамыз.

Әрбір балаға жеке дамыту бағдарламасы баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып кешенді зерттеуден кейін төмендегідей мақсат пен міндеттерді жүзеге асыра отырып жасалады.

Мектеп жасына дейінгі арнайы тәрбиенің негізгі мақсаты - баланың эмоционалды, әлеуметтік, интеллектуалды мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау; жеке басының қасиеттерін қалыптастыру;

Міндеттері: баланы кешенді зерттеу (медициналық-психологиялық-педагогикалық) және дамыту жеке бағдарламасын құрастыру;



  • Зияты бұзылған балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып мектепке дайындау

  • Коррекциялық жұмыс баланың дамуында екіншіреттік ауытқуларды алдын алу және жоюға бағытталған болады.

Зияты бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу типтік арнайы бағдарламасымен жұмыс жасаймыз. Бұл бағдарлама арнайы мектеп жасына дейінгі білім берудің негізгі мақсатын жүзеге асыруға бағыталған. Ол дегеніміз, зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік дамуына эмоционалды жағдай жасап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

Арнайы мектеп жасына дейінгі білім берудің міндеттері: түзете- дамыту үрдісін ұйымдастыру, танымдық үрдістердің дамуы үшін екіншілік ауытқушылықтардың алдын алу; қоршаған ортамен өзара байланысуды меңгеру жолдарын қалыптастыру; баланың жасына сай бала әрекетінің барлық түрлерін қалыптастыру; зияты зақымдалған әр баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып мектепке оқытуға дайындау.

Мектеп жасына дейінгі түзету педагогикасының негізгі қағидалары



  • Генетикалық (онтогенетикалық)

  • Дамыта оқыту

  • Дамудағы ауытқулықтарды түзету мен диагностикалаудың бірігіп жүру

  • Біріншілік және екіншілік ауытқулықтардың ара қатынастығын ескеру

  • Түзету және орынбасу (компенсация)

  • Баланың психикалық үрдістері мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тұлға болып дамытуда негізгі әрекетін ескеру қағидасы.

Бағдарлама зияты зақымдалған балалардың моторлы, сенсорлы, ақыл ойдың, сөйлеу тілінің, эмоциясының және әлеуметтік тұлғалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін, негізгі әрекетінің сипатын, қатынас түрлерін ескере отырып құрастырылған.

Түзетушілік-педагогикалық үрдіс білімнің келесі аймақтарымен жүзеге асырылады:



  • “Денсаулық”

  • “әлеумет”

  • “Таным”

  • “Қатынас”

  • “Шығармашылық”

«Денсаулық» - мәдени гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу, дене тәрбиесі мен дене даму балаларда дене шынықтыруға деген қызығушылықтарын қалыптастыру;

-балалардың денсаулықтарын жақсарту; жалпы және ұсақ моторикасын жетілдіру;

- түрлі қимыл – қозғалыс түрлерінің қажеткіліктерін қалыптастыру;

- дене және ақыл-ойдың жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру үшін, қимыл-қозғалыс әрекеттерін дамыту;

-топтарда инфекциялық ауруларды болдырмау үшін, алдын – алу шараларын ұйымдастыру; -көру – қимыл әрекеттерін дамыту;

- балалардың тұлғалық сапаларын және психикалық үрдістерін дамыту ( кездесетін қиындықтарды жеңе алуы, талап қоя білуі, құрбы – құрдастарына жағымды көзқараспен қарау


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУ


«Әлеумет» - әлеуметтік тұлғалық даму, еңбекке тәрбиелеу (қол еңбегі, тұрмыстық еңбек);

«Таным» - ойын ойнауға үйрету, сенсорлы тәрбиелеу, ойлау әрекетін қалыптастыру, құрастыру, қарапайым сандық елестерін қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру;

«Қатынас» - сөйлеу тілін және қарым қатынас жасау мүмкіндіктерін қалыптастыру, сауат ашуға оқытуға дайындау;

«Шығармашылық» - сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, ән айтуға тәрбиелеу.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінің мазмұны

Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінің тиімділігі оның кешенділік сипатына байланысты. Яғни түзете –дамыту жұмыстарының мазмұны келесі үш бағытты қамтуы тиіс.



1.Медициналық бағыт. Мақсаты –баланың денсаулық жағдайын,алынатын емдік іс-шаралардың уақытылы, әрі сапалы болуын бақылау,білім беру мекемесіндегі белгіленген тәртіппен материалдық- техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуге байланысты медициналық көмектің қажетті түрлерін көрсету.

2.Әлеуметтік –психологиялық бағыт. Мақсаты-мүмкіндіктері шектеулі бала және оның отбасына әлеуметтік –педагогикалық және түзету, психологиялық қолдау көрсету, әлеуметтік , медициналық және білім беру салаларындағы баланың қажеттілігін анықтап, қанағаттануын бақылауға алу.

3.Білім беру бағыты.Мақсаты –балаларға түзете –дамыту көмегін көрсету, ата –аналарға балалардың дам уын бақылауға және үй жағдайында баланы дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтар өткізуге қатысты кеңестер беру. Негізгі әдіс ретінде «Топтық жұмыс» қолданылады. Бұл әдіс негізінде мамандар топ болып өзара бірлесіп бір бағыт ұсынылады. Топ құрамы және түрі баланың қажеттілігі мен жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Топқа әртүрлі сала мамандары кіреді: невропатолог, емдік дене шынықтыру мұғалімі, психолог,педагог-дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог,әлеуметтік қызметкер, емдік дене шынықтыру инструкторы, уқалаушы және т.б. Топ құрамы және түрі мекеменің мүмкіндігі мен баланың қажеттілігіне байланысты болады.

.

Топ құрамындағы мамандар баланың психофизикалық даму деңгейін, оның ата-аналарымен және отбасының басқа мүшелерімен қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтайды. Сонымен қатар бала және оның отбасының әлеуметтік, медициналық және білім беру салаларындағы қажеттіліктері анықталады. Алынған мағлұматтар негізінде мамандар кешенді жеке дамыту бағдарламасын құрып, кешенді көмек көрсету қызметін ұйымдастырады.



Ата-аналар жеке түзете-дамыту бағдарламасын құруға қатысады. Олар мамандармен қатар бала қажеттіліктерін талқылап, жеке дамыту бағдарламасының орындалуын бақылауға қатысады,үй жағдайында әртүрлі түзете –дамытуға бағытталған ойындар және сабақтар өткізеді.

Жеке дамыту бағдарламасының қызмет көрсету кезеңінде әлеуметтік қызметкер бала және оның отбасында тиісті әлеуметтік –құқықтық кепілдіктердің қамтамасыз етілуін тексеріп, ата-аналарға арналған кеңестер өткізіп, мүмкіндіктері шектеулі баланың әлеуметтенуіне қатысты іс –шаралар ұйымдастырады.



Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінде атқарылатын іс-шаралар.

Балаларға ерте жастан түзете –дамыту көмегін көрсету үдерісінің мазмұны мынадай іс-шаралардан тұрады:

-баланың психофизикалық даму деңгейін кешенді әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзету көмегінің бағыттарын анықтау мақсатында пәнаралық бағалау;

-жеке дамыту бағдарламасын құру;

-жеке дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

-ата –аналарды баланың дамуын бағалау мен бақылауға үйрету,үй жағдайында дамытуға бағытталған ойындар мен сабақтарды ұйымдастыруды үйрету;

-ата-аналарға әлеуметтік –психологиялық қолдау көрсету, мүмкіндіктері шектеулі балаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін кепілденген әлеуметтік қолдаулар туралы және мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру;

-жеке түзете –дамыту бағдарламасының тиімділігіне мониторинг жасау (ата-анамен бірлесіп)



Түзете дамыту үдерісінің негізгі құралдары ретінде мынадай материалдар қолданады.

  1. Баланың психофизикалық даму деңгейін бақылау арқылы анықтау үшін ата-аналарға арналған сауалнама.

  2. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан тексеру кестелері (топтық бағалау)

  3. Баланың ойын әрекеті барысындағы мінез-құлқын бақылауға арналған кестелер.

  4. Жеке дамыту бағдарламасының барлық бөлімдеріне арналған анықтамалық –әдістемелік материалдар.

Түзете-дамыту жұмысын ұйымдастырушы топ мамандары әр түрлі көмекші компенсаторлы –техникалық құрал –жабдықтарды, арнайы құралдар мен психофизикалық даму деңгейін бағалауға арналған компьютерлік бағдарламаларды қолданады.

Жеке дамыту бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады: «Әлеуметтік –психологиялық қолдау», « Түзете -дамыта оқыту» .Жеке дамыту бағдарламасын құрып, жүзеге асыру барысына жетекші маман педагог –дефектолог немесе психолог жауапты болып табылады.

Әр бөлім төрт кезеңнен тұрады. Бұл кезеңдер жеке дамыту бағдарламасының бланкісінде тіркеледі.


  1. Баланың даму жағдайы мен ерекшеліктері және қажеттіліктерін анықтау.

  2. Түзете –дамыту көмегін көрсету.

  3. Түзете –дамыту көмегін жоспарлау.

  4. Түзете –дамыту көмегінің тиімділігіне мониторинг жасау.

Баланың дамуын бақылау нәтижелері, түзете –дамыту жұмыстарының тиімділігі мен дұрыстығын бағалау және әлеуметтік құқықтық кепілдемелері мен тиесілі қызмет түрін алу барысы үш немесе алты айда (бала аңғарымына байланысты) тіркеліп отырады. Мамандар жұмыс нәтижелерін «жеке дамыту бағдарламасының тиімділігі» деген бөлімге жазып отырады.

Ата –аналарды оқыту топ мамандарының міндеті болып табылады. Ата –аналарға баланың дамуын бағалау мен бақылау туралы, бала күтіміне байланысты және қажетті құрал –жабдықтар мен ойыншықтарды қолдану туралы,үй жағдайында сабақтар өткізуге қатысты және т.б кеңестар беріледі. Ата –аналарды оқыту (кеңес беру, тренингтер, дәрістер) мамандардың оқыту жоспарына отбасына қолдау көрсету ретінде енгізіледі. Ата –аналармен жұмыс жоспарына ЖДБ –ның барлық тарауларына жататын « Ата –аналарға кеңес беру» тарауы жатады.

Түзеу кабинетінде даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасап қана қоймай, мектеппен байланыста болып ынтымақтаса тәжірибе алмасып отырамыз

«Психикалық дамуы тежелген балаларды түзете дамыта оқыту жұмыстарының бағыттары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға мектеп психологтары әлеуметтік педагогтар, арнаулы сынып мұғалімдері қатыстырылды. Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық жағдайы мен даму мүмкіндіктері туралы әдістемелік көмек көрсету мақсатында жүргізілді. «Түзету жұмысындағы қолдың ұсақ моторикасын дамытудың әдістері мен тәсілдері» тақырыбында дефектолог маман, «Сөйлеу тілінің бұзылыстары және оларды түзету жолдары» тақырыбында логопед маман, «Психологиялық түзетуде арттерапияның ролі» психолог педагог маман, «Жалпы мектептердегі әлеуметтік педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктері» тақырыбында әлеуметтік педагог әр түрлі жұмыстар жүргізіп, іс тәжірибе алмасып, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету жолдарын үйретіп ,әдістемелік көмек көрсетті.

Шығармашылық бағыт бойынша балаларды өнерге баулып,әр-түрлі сайыстарға, байқауларға қатыстырып отырамыз. Жыл сайын дәстүрлі «Жұлдыз-ай» фестиваліне балаларды қатыстырып отырамыз.

Облыстық «Жұлдыз-ай» фестиваліне кабинеттен 1 бала қатысып, II-орынмен марапатталды.2013жылы Республикалық «Жұлдыз-ай» фестиваліне Қуандық Альбина қатысып, «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына 2 демалыс лагерге барып демалды.

Отандық және әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ерекше білімді қажет ететін балалардың тәрбиесі ата-аналар мен мамандардың бірлесе байланысты болып тәрбиелеуі баланың жетіліп дамуына ықпалды келеді. Отбасы баланың қалыптасуына, алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Кабинетке келетін балалардың ата-аналары мамандармен ынтымақтаса баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, баланың бойындағы өнерлерін дамыту үшін жұмыстанады.

Балалар құқығын қорғау департаменті ұйымдастырған «Қолымыздан бәрі келеді» фестиваліне балалардың қолымен жасалынған экспонаттар жіберіліп, Жалтырова Надя «Кестелі орамал» номинациясы бойынша дипломмен бағалы сыйлықпен марапатталды.

«Атырау облысында мүгедектерді оңалтудың 2009-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы» қаулысына сәйкес мүгедек балалардың «Дөңгелек дүние» атты байқау –көрмесі Ш. Сариев атындағы өнер музейінде өткізілді. Шоманов Асылан 1-дәрежелі дипломмен және Самсунг ұялы телефонымен марапатталды. Қалған оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Кабинет мамандарының атқарып отырған жұмыстары бойынша және олардың шығармашылық жұмыстарын дамыта түзеу бағытында педагогикалық оқу ұйымдастырылып әр маман өз жұмыcтарын қорғайды. Педагогикалық оқудың қорытындысы бойынша ауданнан бірінші орынға ие болған логопед Н.Малиеваның жұмысы облыстық 15 педагогикалық оқуға жолданып облыстан үшінші жүлделі орын алды. Облыстық семинарға психолог маман Альжанова Бибінұр, дефектолог Кадирова Камшат қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Әрбір мереке сайын балаларды қуанышқа бөлеп, мерекелік шаралар өткізіп отырамыз.

Қазан айы қамқорлық айы кезінде «Болашаққа сеніммен» атты акция өткіздік.Жеке кәсіпкерлер балалардың қуанышына ортақтасып, сыйлықтарын ұсынды.

Осындай тағы басқа істелген жұмыстардың арқасында кабинетке келіп түзету алатын балалардың жағдайы жыл сайын жақсарып келеді.

№5 Психологиялық, педагогикалық түзету кабинетінің мамандары ерекше білімді қажет ететін балалардың проблемасын біртіндеп шешудің негізін қалыптастырып, олардың өзіне-өзі қызмет етіп өмір сүруіне жағдай туғызу үшін жұмыстанатын келеді.

Кажимгалиева К.У

Құрманғазы аудандық психологиялық

педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі

Әдебиеттер тізімі

1.Проектирование корекционного обучения дошкольников с общим недоразвитием речи, М. С.Грушевская, Э.Р.Амирова, Н.Н.Досанова, Г.М.Итекова, В.И.Тутарова Н.А.Субботина,Н.В. Янова I-II часть. Алматы 2010ж

2.Арнайы мектепте математика пәні бойынша педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. .И.Г.Елисеева Алматы, 2010ж

3.Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. В.С.Мухина, Алматы Мектеп,1981ж

4.Дефектология №2, 2014



5. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды ерте жастан дамыту. Жармұхамбетова А.Қ, Халықова Б.С
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет