Ергараев Нур 1986 ж Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығын талдайды


[6] 5.Қазақстан халқы Ассамблеясын талдау



бет12/12
Дата20.05.2020
өлшемі129.05 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
[6]

5.Қазақстан халқы Ассамблеясын талдау



Қазақстан халық Ассамблеясы

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.

Ассамблеяның мақсаты

Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.

Ассамблеяның міндеті

1.этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

2.халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

3.қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

4.азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

5.Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

6.Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеяларының сессиялары

Ассамблея сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиналысы) – оның жоғары басшылық органы. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады.

Сессиялар аралығындағы кезеңде ҚХА басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, министрлер, облыс әкімдері енеді.

Ассамблея -татулыққа бастар төте жол

Ассамблея ел тыныштығын сақтап , бірге біругуге шақырады.Өйткені ел болашағы әлі алда және оны шарқын болашаққа апару татулық пен бірлікте.

Ассамблеяның құрылымы

Ассамблеяның өңірлердегі құрылымдарын облыс әкімдері басқарады. Ассамблеясының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда ассамблеяларының құрамы этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінен, мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғамдағы абырой-беделі бар тұлғалардан құралады.



[6]

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет