Ержанова Р. К. 200 ж. Сжсб н/б Баяхметова Г. С. 200 ж. МақҰлданды әӘБ бастығы Головерина Л. Т. 200 ж



бет9/9
Дата28.01.2018
өлшемі0,74 Mb.
#35238
1   2   3   4   5   6   7   8   9

8.4 Жазу емлесін тексеру


8.5 Сөздегі қатені тексеру:

  1. орысша мәтін теріңіз;

  2. қазақша емле тексеру программасы Word-қа қосылмаған;

  3. сервис, Орфография (Tools, Spelling) командаларын орындаңыз немесе «Стандартты» саймандар тақтасындағы батырманы шертіңіз немесе F7 пернесін басыңыз. «Орфография» сұхбаттық терезесі пайда болады;

  4. егер «Варианттар» («Suggestions») тізімінде ол сөздің жазылуы жоқ болса;

  5. «неге ауыстыру» («Заменить-Сhange») батырмасын шертіңіз, онда бір сөз ауыстырылады; немесе «Бәрін ауыстыру» («Заменить все-Change all») батырмасын шертіңіз, онда барлық сөздер ауыстырылады;

  6. «жабу» батырмасын шертіңіз;

  7. егер «Варианттар» (Suggestions) тізімінде сөздің дұрыс жазылуы бар болса;

  8. сөздің керекті вариантын таңдаңыз;

  9. «ауыстыру» («Заменить-Change») батырмасын шертіңіз;

  10. ОК батырмасын шертіңіз.

8.6 Сөздікке сөз қосу


Сирек кездесетін бір сөздің дұрыс жазылуы бар мәтін теріңіз. Ол сол сөздікте болмаса, Word ол сөзді сызып қояды.

Егер ол сөз жиі қолданылатын болса, оны сөздікке қосу керек:



  1. керек сөзді таңдаңыз, оны дұрыс жазыңыз;

  2. «қосу» (Добавить-Add) батырмасын шертіңіз;

  3. ОК батырмасын шертіңіз;

Егер ол сөз мәтінде ары қарай қолданылмайтын болса, оны сөздікке қоспауға болады, ол үшін:

1) «Жіберіңіз» (Пропустить-Ignor) батырмасын шертіңіз;

2) Егер «Барлығын жіберіңіз» (Пропустить все-Ignor all) батырмасын шертсеңіз, Word бұдан кейінгі мәтінде ол сөзді тексермейтін болады);


  1. ОК батырмасын шертіңіз.

8.7 Жолға көшіру


Сервис, Жолға көшіру (Сервис-Tools, Расстановка переносов-Hyphenation) командасын орындаңыз.

Жолға көшіруге арналған «Расстановка переносов» деген сұхбаттық терезе пайда болады:

Егер «Жолға автоматты түрде көшіру» (Автоматическая расстановка переносов-Automatically Hyphenate Document) опциясын шертсе, мәтін тергенде тағайындалған жол ұзындығына сыймаған сөздер келесі жаңа жолға автоматты түрде бөлініп көшіріледі.

Егер «Бас әріптермен жазылған сөздерді көшіру» (Переносы в словах из прописных букв-Hyphenate Words in Caps) опциясын шертсе, ылғи бас әріптермен жазылған сөздер жаңа жолға көшірлмейді, сөз бөлінбейді.

«Көшіру жазықтығының ені» (Ширина зоны переноса слов-Hyphenation Zone) терезесінде сол жаққа қарай тегістегенде болатын оң жақ шетіндегі ең үлкен бос орынмөлшері тағайындалады.

«Қатар көшірудің ең үлкен саны» (Максимальное число последовательных переносов-Limit Consecutive Hyphens to) терезесінде соңында көшірілген сөздер болатын қатар тұрған жолдардың ең үлкен саны көрсетіледі.

Бұл мүмкіндік құжаттың сыртқы көрінісі әсем болу үшін қолданылады.

9 Зертханалық жұмыс


Келесі мәтінді теріп, қаріппен безендіріңіз (кегль саны-16, кегль-қаріп биіктігін көрсететін өлшем), абзацтарға бөліңіз және жазу емлесін тексеріп, жоқ сөздерді сөздікке қосыңыз.

Моделью мы будем понимать совокупность объектов (понятий, свойств, признаков, знаков, геометрических элементов, материальных предметов) и отношений между ними (называемых моделирующими), которые выражают существенные с точки зрения цели моделирования стороны изучаемого объекта, явления или процесса. Например: Ньютон в поисках модели, описывающей движение небесных тел, заранее искал ее в виде некоторой математической формулы. Но Тахо Браге составил модель движения планет в виде таблиц, а Кеплер- в виде описаний законов их движения.




    1. Кестемен жұмыс істеу



Мақсаты:

Кесте құруды және онымен жұмыс істеуді үйрену.

Кесте жолдар мен бағаналардан және олардың қилысуынан пайда болған ұяшықтардан тұрады.

Ұяшықтарда:



    1. мәтін;

    2. сурет;

    3. графикалық объектілер орналасуы мүмкін.

Ұяшықта басқа кесте орналаса алмайды.

Кесте құру


Бос кесте құру, кесте ұяшықтарын толтыру.

Кесте құру үшін Кесте (Таблица) менюіндегі Тор (Сетка) командасында жалауша белгісі қойылуы шарт. Кесте, Тор командасын орындау жалауша белгісін қояды немесе жоғалтады.



1-тәсіл:

  1. Кесте, Кесте қою (Таблица-Table, Вставить таблицу-Draw Table) командасын орындаңыз.

  2. Пайда болған сұхбаттық терезеде кестенің қажетті бағана мен жол сандарын тағайындаңыз.

  3. ОК батырмасын шертіңіз.

Ескерту:

  1. Жаңадан құрған кестенің ұяшықтары бірдей өлшемді болады, оны керегінше өзгертуге болад.

  2. Кестенің жиегі мен ұяшықтар жиегін ажырата біліңіз, ұяшықтар жиегінің сызығы баспаға шықпайды.

  3. Кесте жолын мәтін жолынан ажырата біліңіз.

  4. Егер ұяшықтар торы экранда көрінбесе, оны кесте, Тор командаларын орындау арқылы көрсетуге болады.

Кесте өшіру


Кестені мазмұнымен қоса өшіру:

  1. курсорды кестенің ішіне қойыңыз;

  2. кесте, Кесте белгілеу (Таблица-Table, Выделить таблицу-Select) командасын орындаңыз;

  3. кесте, Жол өшіру (Удалить строки-Delete Rows) немесе Кесте, Бағана өшіру Удалить столбцы –Delete Columns) командасын орындаңыз.

Кесте ұяшықтарының мазмұнын өшіру:


  1. кестенің барлық жолдары мен бағаналарын белгілеңіз;

  2. delete пернесін басыңыз.

Жеке жол мен жеке бағаналарды өшіру:


  1. кестенің жеке жолын немесе жеке бағанасын белгілеңіз;

  2. кесте, Ұяшықтар өшіру (Таблица-Table, Удалить ячейки-Delete) командасын орындаңыз;

  3. пайда болған сұхбаттық терезеде Жолды тұтас өшіру (Удалить всю строку) немесе Бағананы тұтас өшіру опцияларын тағайындаңыз;

  4. ОК батырмасын шертіңіз.

Кестеде мәтін теру:


  1. мәтін курсорын кестенің керек ұяшығына қойыңыз;

  2. мәтін теріңіз.

Ескерту

Терген мәтін ұяшықтан шықпайды, ұяшық көлемі мәтінмен бірге кеңейіп отырады.

Мәтін тергенде ұяшық ішінде мәтінде жаңа жолға көшіру үшін, Enter пернесін басыңыз.

Ұяшық ішінде мәтінді түзетуге және өшіруге болады.


Кесте ұяшықтарымен қозғалу


1-тәсіл

Курсор бағыттауыш пернелер     арқылы курсорды кез келген ұяшыққа әкелуге болады.



2-тәсіл

Tab пернесін басу арқылы, курсорды ұяшықтар бойынша біртіндеп қозғалтуға болады, (алдымен солдан оңға қарай жол бойынша, содан кейін келесі жолға және т.с.с. керек ұяшыққа дейін әкелуге болады).



3-тәсіл

Тышқан курсорын керек ұяшыққа әкеліп, шертіңіз.



Кесте 8- Кестенің құрылымдық элементтерін белгілеу




Құрылымдық элемент


Белгілеу тәсілі


Ұяшық

Тышқан көрсеткішін ұяшықтағы бірінші символдың сол жағына қойып шертіңіз.

Бағана

Курсорды бағана торының жоғарғы сызығына әкеліп шертіңіз.

Жол

Тышқан көрсеткішін жолдың сол жағында орналасқан белгілеу жолағына қойып шертіңіз.

Кесте

Курсорды кестенің ішіне қойып, Кесте, Кесте белгілеу (Table, Select table) командасын орындаңыз.


Бағана енін өзгерту:

  1. тышқан көрсеткішін екі бағананы бөліп тұрған сызыққа қойыңыз, ол ортасы бөлінген параллель сызықша айналады:

  2. тышқанның сол жақ пернесін басып тұрып жібермей,екі бағананы бөлген сызықты керек жерге апарыңыз;

  3. тышқан пернесін жіберген кезде сызық тағайындалады.

Ұяшық параметрлерін тағайындау:


  1. курсорды кез келген ұяшық ішіне қойыңыз;

  2. кесте, Ұяшықтың биіктігі мен ені (таблица-Table, высота и ширина ячейки-Сeil Heigt and Width) командасын орындаңыз;

  3. келесі сұхбаттық Терезе пайда болады;

  4. ол сұхбаттық терезеде Жол және Бағана (Строка, Столбец) деген бөлімдері бар;

  5. жол (Строка Row) бөлімі кестенің белгіленген жолдарының параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді;

  6. «мән» («Значение») санағышы арқылы жол биіктігін тағайындау немесе «Жол биіктігі» («Высота строк») тізімінде Авто (Auto), Минимум (Atleast), Дәл (Точно-Fxactly) опцияларының бірін таңдау арқылы өзгерту жүргізіледі;

  7. сол жақтан қанша см. Бос орын қалдыру керек екенін көрсетуге болады;

  8. «солдан шегіну» («Отступ слева») санағышы арқылы көрсетуге болады;

  9. ұяшықтардағы белгіленген жолдарды сол жақ, орта, оң жақ шетіне қарай түзетуге болады, ол үшін сәйкес батырмаларды шерту керек (По левому краю, по центру, по правому краю);

  10. керек парапараметрлерді тағайындап болған соң, ОК батырмасын шертіңіз;

  11. «бағана» (Столбец-Column) бөлімі сол сызықты кестенің белгіленген бағаналардың параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді;

  12. бағана енін таңдауға (сантиметр өлшемінде);

  13. алдыңғы немесе келесі бағанаға көшу, ол үшін Алдыңғы немесе келесі бағанаға көшу, ол үшін Алдыңғы немесе келесі бағанаға көшу, ол үшін Алдыңғы немесе Келес (Предыдущий-Previous Column, Следующий-Next Column) опциялары қолданылады;

  14. керек параметрлерді тағайындаған соң ОК батырмасын шертіңіз.

Кесте түрін тағайындау:


  1. кесте құрыңыз;

  2. курсорды кестенің ішіне қойыңызы;

  3. кесте, Автопішім (Табилца-Table, Автоформат-Autoformat) командасын орындаңыз;

  4. келесі сұхбаттық Терезе пайда болады;

  5. «пішімдер» («Форматты») тізімінен керек пішімді таңдасаңыз – ол «Үлгі» («Образец») терезесінде көрініп тұрады;

  6. ОК батырмасын шертіңіз.

Бір ұяшықты бірнеше ұяшықтарға бөлу:


  1. кесте құрыңыз;

  2. курсорды кестенің керек ұяшығына қойыңыз;

  3. кесте (Таблица-Table), Кестені бөлу (разбить ячейки –Split Cells) командасын орындаңыз;

  4. келесі сұхбаттық терезесі пайда болады;

  5. «бағана сандарды» («Число столбцов») санағышында таңдалған ұяшықтың ұяшықтарға бөліну санын таңдаңыз;

  6. ОК батырмасын шертіңіз.

Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру:


  1. біріктіретін ұяшықтарды белгілеңіз;

  2. кесте (Таблица-Table), Ұяшықтар біріктіру (Объединить ячейки-Merge Cells) командасын орындаңыз;

  3. ОК батырмасын шертіңіз.

Кестенің құрылымдық элементтерін безендіру:


«Жиектеру» («Обрамление-Borders») саймандар тақтасын қолданып, құрылған кестенің элементтерін түрлі сызықтармен әсем безендіруге болады.

10 Зертханалық жұмыс



    1. Екі бағаналы кесте құрып, оған келесі сөздіктерді енгізіп, алфавит бойынша реттеңіз (қазақша-орысша, орысша-қазақша);


1-нұсқа

меню-меню;

мәтін-текст;

Терезе-окно;

Жүгіргіш-ползунок

Жиек-рама


2-нұсқа

жолақ-полоса;

айналым жолақтары;

поласа прокрутки;

тақта-панель;

перне-клавиша;

перенелер тақтасы-
3-нұсқа

жолақ-поласа;

полоса прокрутки;

тақта-панель;

перне-клавиша;

пернелер тақтасы;

клавиатура
4 нұсқа

жалауша-флажок

суретше

пиктограмма, иконка;



қоржын-корзина

қабыршық-оболочка


10.2 Мәтіндерді теріп, келесі, тапсырмаларды орындаңыз:

абзацқа бөліп, тақырып қойыңыз;

10.3 пернелер атауларын көлеңкелі төртбұрышқа алып жазыңыз, мысалы: Еnter;

10.4 анықтамаларды қалың курсивпен жазып, қорытындылардың астын сызыңыз;

10.5 түрлі қаріп (шрифт, кегль) қолданып мәтінді безендіріңіз;

10.6 қойын, дәптер және стандарты парақ үшін екі жақ шеттерін туралаңыз;

10.7 жасалған әрекеттердің алгоритмін құрыңыз;

10.8 бес нұсқа мәтіндерін біріктіріп, беттерге бөліп, колонтитулдарда варианттар нөмірлерін құрыңыз.



5 Өздік жұмыстың тапсырмалары
1-нұсқа

Файлды дискіде іздеуді жеңілдету үшін арнайы тіркеген ыңғайлы. Ол үшін каталог ұғымы қолданылады. Каталог дегеніміз файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен мерзімі, файл атрибуттары (сипаттамамалары және т.б. файл туралы мәліметтер жазылатын дискідегі арнайы орын. Егер каталогта файл аты жазылса, файл сол каталогта орналасқан деп айтады. Әр каталогта көп файл жазыла береді. Каталогтар әдетте латын әріптерімен және цифрларымен белгіленеді. Тақырыптас файлдар тобын жазуға арнап, әр каталогтан ішкі каталогтар құруға болады. Сонымен дискіде тармақталмаған каталогтар пайда болады. Каталог синонимі директория деп аталады. Ең сыртқы каталогты түбір каталог деп атайды. Дискі мен файл орналасқан каталогтар тізімі файл жолы деп аталады. Файл жолы файл атымен қосылып файлдың толық атын құрайды.


2 нұсқа

MS-DOS жүйесінің командалары келесі құрамнан тұрады: аты, параметрлері, кілттері. Параметрлер командада қолданылатын құрылымдарды сипаттайды. Кілттері команда опциялары мен режимдерін көрсетеді. Файлдармен орындлатын амалдар: файлдарды құру, өшіру, орнына келтіру, көшіру, ауыстыру, атын өзгерту, іске қосу, түзету және т.б. Электрондық кестенің жұмыс тақтасы жолдар мен бағаналардан тұрады. Жол саны 16384-тен, ал бағана саны 256-дан аспауы керек. Электрондық кестеде жол нөмірленеді, бағаналар латын бас әріптерімен белгіленеді.


3 нұсқа

Жол нөмірі электрондық кестеде қатарды анықтайды. Жол нөмірлері жұмыс тақтасының сол жағында жазылады. Бағана әріптері электрондық кестеде саптарды анықтайды, олар жұмыс тақтасының бастапқы жолында (6-шы жол) жазылады. Саптар келесі ретпен нөмірленеді: A-Z, одан соң AA-AZ, одан соң BА-BZ, одан соң СА-CZ т.с.с. Ұяшық-кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта мәтін, сан, формула, деректер жазылады. Ұяшықтар жол мен бағана қилысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірінен тұрады. Мысалы: B3 адресі В бағанасы мен 3-жол қилысындағы ұяшықты білдіреді. Ұяшық көрсеткіші-ағымдық ұяшықты көрсетеді, ұяшық көрсеткіші жылтырауық төртбұрыш түрінде кесінділеді. Көрсеткішті пернелер арқылы да, тышқанмен де басқаруға болады. Ағымдық ұяшық көрсеткішпен белгіленеді. Әдетте деректерді енгізу әрекеті және басқа да әрекеттер ағымдық ұяшыққа қатысты орындалады!


4-нұсқа

Excel-дегі электрондық кесте 3 өлшемді құрылым болып табылады. Кесте кітап сияқты парақтардан (16) тұрады, экранда тек бетіндегі парақ қана көрінеді. Парақтың төменгі жағында басқа парақтардың белгішелері. (Лист деген жазу және парақты шақыру үшін парақ белгішесін шерту керек, сонда ол парақ басқа парақтардың бетіне шығады. Деректерді енгізу үшін парақ белгішесін шерту керек, сонда ол парақ басқа парақтардың бетіне шығады. Деректерді енгізу үшін қажет ұяшыққа барып, деректерді теру (240 символға дейін) керек те, Enter пернесін немесе курсор қозғалтатын бағыттауыш пернелердің біреуін басу керек. Excelенгізілген деректер түрін бірінші символ арқылы анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе () апостраф болса мәтін; цифр болса сан; =(теңдік) белгісі болса формула немесе сан енгізілді деп есептйді. Енгізілетін деректер ұяшықта және формулалар жолында көрсетіледі. Деректер жадыға тек Enter пернесін немесе курсор қозғалту пернесін басқан соң ғана енгізіледі.


5-нұсқа

Мәтін енгізу. Мәтін деп кез-келген символдарды теруді айтамыз. Егер мәтін цифрдан басталса, енгізуді « » символынан бастау қажет. Егер мәтін ұзындығы ұяшық енінен артықболса және оң жақтағы ұяшық бос болса, экрандағы көрінісі оның орнын алады. Көрші ұяшыққа деректер енгізгенде бұрынғы мәтін қиылып қалады (бірақ жадыда толық сақталады). Формулалар енгізу. Формула ретінде арифметикалық өрнектерді жазуға болады. Ол арифметикалық амалдар мен функциялар арқылы біріктірілген сандардан немесе ұяшықтар сілтемелерінен тұрады. Формула «=» белгісінен басталады. Формула 240 символға дейін бола алады және онда бос орын болма керек.


6-нұсқа

Тышқанды қолданғанда оның көрсеткішін жолдарды немесе бағаналарды бөлетін сызықтарға әкеліп қою керек. Көрсеткіш екі жақты қара түсі бағыттауышқа айналады. Содан кейін тсол жақ батырмасын басып тұрып жол немесе бағананы кеңейту (тарылту) керек. Менюді қолданғанда жол немесе бағананы белгілеу қажет және Пішім, Жол, Өлшем (Формат, Строка, Размер) немесе Пішім, Бағана, Өлшем (Формат, Столбец, Размер) командасын орындау керек.


7-нұсқа

Түзетуді деректерді ұяшыққа енгізу процесінде де, одан кейін де орындауға болады. Егер енгізу кезінде қате жіберілсе, Backspace пернесі арқылы енгізуді қайтарып, қайтадан жазуға болады. Деректерді енгізіп болған соң түзету керек болса (Enter пернесін басқан соң), көрсеткішті қажет ұяшыққа апарып, F2 пернесін басу керек, сонда түзету режимі тағайындалады немесе формула жолында деректерді шерту керек. Түзетуді аяқтау үшін Enter немесе курсор қозғалту пернесін басу керек.


8-нұсқа

Excel-дің бір жақсы қабілеті сандық қатарлар мен бағаналар сандарын графиктер мен диаграммаларға айналдыра алуы. Диаграммалар-деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы. Диаграммалар өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді, жұмыс парағының әр ұяшығын мұқият қараудан жеңіл әрі түсінікті. Диаграмма ұяшықтарда байқалмай қалған қателерді көруге көмектеседі. Excel-де 14 түрлі екі – үш өлшемді диаграммалар бар.


9-нұсқа

Word редакторының терезесінде ең бірнші жолда тақырып жолы, екінші жолда негізгі-жатық меню орналасқан. Қажет Терезе басқару батырмалары бар. Терезенің келесі жолында жатық сызғыш, сол жақ шетінде тік сызғыш, оң жақ шеті мен төменгі жағында айналым жолақтары орналасқан. Айналым жолақтары экранда құжатты түрлі режимде тиімді қарау үшін қолданылады. Жатық сызғыш пен төменгі айналым жолағы арасында құжатқа арналған жұмыс алаңы орналасқан. Құжат терезесінің жоғарғы және төменгі жағында саймандар тақтасын орналастыруға болады. Word редакторының құрылымымен танысамыз, жұмыс істеп үйренеміз.


10-нұсқа

Файл дегеніміз информация сақтауға арналған дискіде аты бар аудан, қысқаша, дискідегі атауы бар ауданды файл дейміз. Басқаша айтсақ, информацияны дискіден оқи алу үшін оның жеке өз атауы (аты) болуы қажет. Каталог дегеніміз файл туралы мағлұматтар жазылатын дискідегі арнаулы орын. Каталогта файл аты, мөлшері, соңғы өзгерту мерзімі, қасиеттері (атрибуты) т.б. файл туралы мәліметтер жазылады. Ағымдық каталог деп қолданушы қазіргі кезде жұмыс істеп жтқан каталогты деп қолданушы қазіргі кезде жұмыс істепжатқан каталогты айтады. Ағымдық құжат, ағымдық файл деп қолданушы қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан құжат, файлды айтады. Басқаша айтсақ, сіз жұмыс істеп жатқан файл (құжат), сол файл жазылған каталог ағымдық деп аталады. Каталог құрамына кіретін каталог-ішкі каталог деп аталады. Файл жолы деп файл жазылған диск аты мен каталогтар аттарын айтады.




Әдебиет
1 Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. А. Даулетқұлов Информатикадан 30 сабақ. – Алматы, 1998. – 296 б.

2 Балапанов Е. Қ. WORD мәтіндік процессоры : оқулық. –Алматы, 1995. – 120 б.

3 Есипов А.С. Информатика. – СПб., 2001. – 140 с.

4 Каймин В.А. Информатика. – М., 2001. – 205 с.

5 Косарев В. П. Экономикая информатика. – М., 2004. – 156 с.

6 Макарова Н.В. Информатика. – М., 2001. – 210 с.

7 Ляхович В. Ф., Краморов С.О. Основы информатики. – Ростов-на-Дону, 2004. – 230 с.

8 Симонович С. В. Информатика базовый курс. – СПб., 2001. – 215 с.

9 Симонович С. В. Информатика для юристов и экономистов. – М., 2004. – 310 с.

10 Симонович С. В., Евсеев Г. Практическая информатика. – М., 2001. – 300 с.




Мазмұны
Кіріспе............................. ....................................................... .......3

1 Microsoft Word мәтіндік редакторы. Редактор терезесі . ..........4

№1 Зертханалық жұмыс.................................................................17

№2 Зертханалық жұмыс ................................................................19

№3 Зертханалық жұмыс ................................................................19

2 Мәтінді пішімдеу.........................................................................20


№4 Зертханалық жұмыс.................................................................24

№5 Зертханалық жұмыс.................................................................25

№6 Зертханалық жұмыс.................................................................26

3 Мәтінді түзет................................................................................27


№7 Зертханалық жұмыс.................................................................29

№8 Зертханалық жұмыс ................................................................30

№9 Зертханалық жұмыс.................................................................32

4 Кестемен жұмыс істеу.................................................................32


№10 Зертханалық жұмыс...............................................................36

5 Өздік жұмыс.................................................................................37



Әдебиет........................................................................... .............41
Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет