Еркебаев Б. Х., «Қаржы» мамандығының магистранты Ғылыми жетекші: э.ғ. к., доцент Бимендиева Л. А. Қор нарығы қызмет етуінің теориялық негіздері



Дата15.09.2017
өлшемі46,49 Kb.
#33829
Еркебаев Б.Х., «Қаржы» мамандығының магистранты

Ғылыми жетекші: э.ғ.к., доцент Бимендиева Л.А.

Қор нарығы қызмет етуінің теориялық негіздері.
Көптеген экономикалық әдебиеттерде «қор нарығы» термині кең мағынада кең көлемдегі барлық қаржы құралдары (барлық бағалы қағаздар, соның ішінде вексельдер де, чектер де және т.б. да) ретінде, ал тар мағынада акциялар мен облигациялар нарығы ретінде қолданылады.

Дәлірек айтсақ, «қор нарығы» терминінің түпнегізі шетелдік болуына қарамастан, олардың шетелдік әдебиеттерде де толық айқындалмағанды байқалуда. Мысалы, У. Шарп, Г. Александер, Дж. Бэйлидің «Инвестициялар» атты белгілі еңбегінде «Қор нарықтары бағалы қағаздардың сатушылары мен сатып алушыларын біріктіру үшін қызмет етуде. Бұл нарықтар қаржы активтерінің айырбасталуына жағдай жасаушы механизм ретінде ұсынылады» [1,8 б.] делінген, сондай-ақ «қаржы нарығы немесе бағалы қағаздар нарығы бағалы қағаздардың сатушылары мен сатып алушыларын бірге біріктіру жолымен қаржы активтерінің айырбасталуына көмектесетін механизм» [1,975 б.] деп жазылған. Яғни, бұдан шығатын қорытынды қор нарығы және бағалы қағаздармен қатар қаржы нарығын да синоним ретінде қолданғандығы.

Сонымен қатар, көптеген ресейлік ғалымдардың еңбектерінде қор нарығы мен бағалы қағаздар мағыналары бірдей қолданылған. Атақты Ресей ғалымы, бағалы қағаздар нарығын зерттеуші Я. Миркин еңбектерінде де «қор нарығы мен бағалы қағаздар нарығы түсініктері сәйкес келеді» [2,11б.] делінген.

Қор нарығын зерттеуші қазақстандық ғалым В. Ю. Додонов өз еңбегінде отандық, сондай-ақ шетелдік экономикалық әдебиеттерде де қор нарығының дәл өзінің анықтамасы жоқтығынан, қор нарығы мен бағалы қағаздар түсініктерінің синоним ретінде қолданудың орын алғандығын айтып, соңында ғалым «қор нарығы» (stock market) мен «бағалы қағаздар нарығы» (securities market) терминдерін олардың шығу этимологиясына байланысты қарастырып, қор нарығын акциялар нарығы деуге болатынын зерттеген. [3,7-8б.]

Дамыған нарықтық экономикалы елдерде ресурстарды бөлуде мемлекеттің араласу мүмкіндігі шектеулі. Көптеген кәсіпорындар нарықтарда өздігімен материалдық және қаржы ресурстарын іздестіреді. Өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстырушы буын ретінде нарықтар жүйесінің қызмет етуі мен оқшаулануын қазіргі жағдайдағы өндіріс дамуының сипаттамалы ерекшеліктерінің бірі ретінде түсінуге болады. Бұл жерде инвестициялық процеске апаратын бағалы қағаздар маңызды орын алады.

Біздің ойымызша, қор нарығын шаруашылық субъектілермен өзінің тұрақты дамуы мақсатында қолдана алатын құралдар нарығы (инвестициялық бағалы қағаздар) ретінде түсінуге болады. Басқаша айтқанда, қор нарығын негізгі капиталдың ұдайы жаңғыртылуын қаржыландыруды қамтамасыз етуші механизм ретінде қарастырамыз.

«Қорлар» сөзі ғасырлар тереңінен шығады, оның мәні бірден тұрақтанбады; ол ұзақ уақыт бойы «капитал» мәнінің орнына қолданылды. «Қор» сөзінің бастапқы мағынасы қазіргі түсініктегі, яғни әлі табыс әкелмеген, бірақ мұны істеуге әрекеттендіретін құндылық, негіз ретінде түсінуге болатын «бастапқы капитал» түсінігіне эквивалент ретінде болды [4,111б.].

Шындығында, «қор» сөзі (франц. «fond», лат. «fundus» - основание) біріншіден, ақша қаражатының қоры, капиталы; екіншіден, белгілі бір мақсатқа жұмсау үшін бір жерге жинақталған ақшалай немесе заттай қаражаттарды білдіреді [5, 302б.]. Бұл мәнде кәсіпорын қызметін бастау мен дамуының жағдайына қажетті капиталды көбейту осы мақсаттарға қолдануға болатын қорлардың құрылуы болып табылады. Мұндай іс-әрекетті жүзеге асырудағы құралдардың бірі ретінде қор құндылықтарын білдіретін инвестициялық бағалы қағаздар болып табылады. Шаруашылық субъектілерімен эмитенттелетін инвестициялық бағалы қағаздардың қозғалысы капиталдық құнды тасушы ретінде, ұзақ мерзімді қаржы ағындарының құралдары ретінде капиталдық құрылымды қалыптастыру және қайта құру процестеріне қызмет етеді.

Қор нарығының рөлі мен мәні өндірісті дамыту үшін капитал ағымдарын қамтамасыз етуде, бюджетке ресурстарды инфляциялық емес жолмен тартуда, қаржы жүйесінің тұрақтылығында болып табылады. Дәл, осы қор нарығында қарызгерлер қажетті ресурстарды, ал инвесторлар капиталды салу сфераларын табады. Қор нарығының жетік қызмет етуі, инвестицияларды тарту қолайлы инвестициялық жағдайдың куәсі болып табылады.

Қор нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның пайда болуы мен дамуы шаруашылық қызметті кеңейту жағдайында инвестициялық ресурстарды тарту қажеттіліктерінің өсуімен тікелей байланысты. Қор нарығы ақша ресурстарының еркін қозғалысын қамтамасыз етуші ұдайы өндіріс процесі жүйесінде маңызды орын алады. Бағалы қағаздардың көмегімен ішкі және сыртқы жинақтаушылардың құралдары шоғырлануы және олардың кәсіпорындарға фирмаларға және т.б.-ға табыстауы жүзеге асырылады. Қор нарығы арқылы жинақтаушылардың кәсіпкерлердің пайдаларына қатысуы қамтамасыз етіледі.

Қор нарығында ресурстарды қайта бөлістіру жүзеге асырылатын бірқатар формалар мен механизмдер бар. Қор нарығы өзіне жүктелген міндеттерді тиімді атқаруы үшін оның инфрақұрылымы, қор нарығында қызмет ететін маманданған ұйымдардың болуы қажет. Әдетте, қор нарығының инфрақұрылымы ретінде нарықта мәмілелерді жүзеге асыру үшін қолданылатын технологиялардың жиынтығы түсіндіріледі.

Қор нарығының инфрақұрылымын қалыптастыратын элементтер болып сауда жүйелері, клирингтік ұйымдар, депозитарий, брокерлер – дилерлер, есеп – айырысу палаталары және т.б. табылады.

Қор нарығы жүйесінің бөлігі болып қаржылық құралдардың жиыны табылады. Қор нарығы құралдарын үлестік (акциялар) және қарыздық (облигациялар) деп бөлеміз. Үлестік бағалы қағаз кәсіпорын мүлкінің бөлігін иемденуге құқық беретін, жарғылық капиталды қалыптастыруға иесінің қатысуын бекітеді және де кәсіпорынды басқаруды қатысуға, пайда алуға құқық береді. Қарыздық бағалы қағаз оны белгіленген уақытта және белгілі бір пайызды төлеуге міндеттеме алатын оның иесі мен эмитенті арасындағы қарыздық қатынасын бейнелейді. Қарыздық бағалы қағаздарға, сондай – ақ вексель де жатқызылады, бірақ та ол инвестицияларды қаржыландыру көзі болып табылмайды. Бұл өтімділікті басқару үшін қолданылатын ақшалай міндеттеме. Сондықтан да осы мәселеде бұл бағалы қағаз қолданылмайды.

Қаржы жүйесінің шеңберіндегі құралдардың орналастырылуында маңызды рөлді өтімділікті қамтамасыз ететін және нарықта теңсіздікті жоятын қаржы делдалдары атқарады. Олардың әрекеті тұрақтанушы әсерге ие. Дилерлердің қызметі жеке инвесторларға бағалы қағаздарын ақшаға айырбастауға мүмкіндік береді.

Осылайша, қор нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының салалар арасында қайта бөлістірілуін жүзеге асыра отырып, жалпы алғанда, ұлттық шаруашылықтың дамуына, экономиканың өсуіне жағдай жасайды.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Шарп У., Александер Г., Бэйли Дж. ИНВЕСТИЦИИ: Пер. с анг. – М.: ИНФРА-М, 2001. – ХІІ, 1028 с.;

2. Миркин Я. М. Рынок ценных бумаг. – Учебное пособие. Москва, 2002г., 87с.;

3. Додонов В. Ю. Портфельный менеджмент на развивающихся фондовых рынках. – Алматы, 2003г.;

4. Батунин М. Соотношение фондового рынка и рынка ценных бумаг/Хозяйство и право. 1996. №5.



5. Нарықтық экономиканың орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: ҚазмемҒАҒЗУ, 2001. 400 б.;
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет