Ерлік даңқы өшпейді



Дата27.02.2020
өлшемі49,75 Kb.
#57728
Ерлік даңқы өшпейді

Мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Барысы:
1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ – 9 май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, 
Кездейсоқ па көктемге сай келуі

2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,


Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

1-жүргізуші: Фашистік Германияның мақсаты бүкіл кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді.Германия фюрері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты кеңес халқын дүр сілкіндірді. Сол сұрапыл соғысқа біздің ауданнан мыңдаған адам аттанып, майдан даласында ерліктің үлгісін көрсетіп қаза болды. бүгінгі таңда ауданымызда 2-і, ауылымызда 1-і қалып отыр. Ұлы Отан соғысынан 139 азамат аман оралып, елінің гүлденуі үшін елеулі қызметтерін атқарды. 


Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да, бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік.

Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашып беру үшін сөз мектеп директоры беріледі.


1 – жүргізуші: 7 сынып оқушысы орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші:


Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

6 сынып оқушысы Сабырбай Дананың орындауында «Мен соғысты жек көрем!» атты өлең оқылады.

1 жүргізуші:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,


Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.

2 жүргізуші:


Жабады дала төсін нала, қайғы,
Шын қайғы жөн кәріге қарамайды,
Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған
Аққулар қанатымен сабалайды

Би: «Катюша» Орындайтын мектебіміздің 10 сынып оқушыларынан құралған «Гүлдерай» бишілер тобы


1 жүргізуші:
Ашу менен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалысса,
Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен,


Арулар қош айтысты ғашығымен
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы мұңды,


Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,
Кемпір шал, әйел бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Көрініс: «Тылда». Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.

Ән: «Болайықшы осындай» Орындайтын 2 сынып оқушылары
1 Жүргізуші:Соғыс...Сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде оттар сөнді, қанша аналар ұрыс даласынан келген қаралы қағазға сенбей ұлдарын күтумен өмірден өтті, қаншама арулар жесір қалып, сәбилер жетімдіктің зарын тартты.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Орындайтын 2 сынып оқушысы Алтынбек Нұрдәулет

Көрініс: «Жеңіс»
Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы 8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Халық қуанысып, бір-бірінен сүйінші сұрасып жатады.


«Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңіліпті! О,жасаған, шынымен қарғыс атқыр соғыстың аяқталғаны ма?»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,


Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,


Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,


Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Ән: «День Победы» Орындайтын 10 сынып оқушысы Сейтмұрат Орынбасар.

Оқушылар қарт майдангерді қарсы алады, гүл шоқтарын мәңгілік алауға қояды. Жастарға батасын береді.

Ән: «Ақ көгершін» Орындайтын 3 сынып оқушысы Жаңабай Ақгүл.


Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.

Қазақ елі бүгінгі бейбіт өмірге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама тер, қаншама еңбек төгілді. Ал қазіргі қазақ елі баршамызды бейбітшілікке, тыныш өмірге жетелейді.

Олай болса, бүгінгі кешімізді 2 сынып оқушысы Телеу Жаннұрдың орындауында «Қазақ елі осындай» әнімен аяқтағымыз келеді.

Еліміз тыныш, заманымыз бейбіт болсын.



Ұлы таулар аласармайды Ұлы есімдер ұмытылмайды 
(Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесу кеші) 
Мақсаты: 
Білімділік- оқушыларға аға- апаларымыздың елін , жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту, 
Дамытушылық - ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, 
Тәрбиелік – оқушыларды отансүйгіштікке , патриоттықққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар оқушылар. 
Біз бүгін Ұлы жеңістің 70 жыл толу мерекесіне арналған «Естен кетпес отты жылдар» атты мектеп оқушыларының , еңбек тыл ардагерлерімен кездесу кешін бастауға рұқсат етіңіздер. 
2. Гимн орындалады. 
3. Баяндама. «Ұрпақтар ұмытпайтын жеңіс»

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,


Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,


Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,


Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Осыдан 72 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын. Ер азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн- түн демей еңбектенді.Оған достарымызда, дұшпандарымыз да куә. 
1. Тарихи мәліметтер. 
Жарқын
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Соғыс жылдары республикадан 1,996,164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстанның соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен. 
Нурсултан
Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы 4 ұлттықатты атты әскери дивизиясы , 7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлыттық атқыштар бригадасы бар, әр қилы әскер түрлерінің 50- ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды. 
Диас
Соғыстың алғашқы жарты жылында Қазақстаннан майданға 632 134 адам кетті. 
Олардың көпшілігі 1942 жылдың көктемі мен жазында Харьхов түбіндегі шегіністен Еділге дейінгі аралықта және Сталинград шайқасын да ерлік көрсетіп қаза тапты 

Наргиз

Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы 4ұлттық атты әскери дивизиясы,7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлттық атқыштар бригадасы бар. Әр қилы әскер түрлерінің 50- ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды. 
Әділ
Жалпы соғыс жылдары Қазақстандық 5 әскери құрамаға гвардиалық деген құрметті атақ беріліп, олардың тумаларына әлденеше ордендер қадалды. Олардыңжауынгерлердің ,ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде 8- гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар. Оның құрамыннан шыққан 28 батырдыңбатальон кейінен дивизия командирі Бауыржан Момышұлының,Мәлік Ғабдуллиннің есімдері орын алады 
Гульден 
Әзірше анықталған мәліметтербойынша соғыстан 410 мың Қазақстандық жауынгер оралған жоқ. 
Бұған республикадан тыс жерлерде жүріп соғысқа кеткендер , еңбек армиясынан оралмағандар, соғыс жарақатынан кейінірек қайтыс болғандар енбеген. 
Аина
Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға 2,5 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 милиард сомнан астам қаражат берді. 
Аружан
Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен наградталғандардың ішінде 26638 қазақ жауынгері бар. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97 –сі қазақ 142 жауынгер «Даңқ» орденің толық иегері болды. 

II бөлім . Ерлігі ұрпаққа өнеге. 
Еліміздің шалқар шежіресінде ерлер есімі мәңгі сақтаулы талайына ескеркіштер орнаты көбісі туралы кітаптар да жазылды,ел аузында аңыздарда аз емес. 
Қара бұлттқа оранбасын күн көкке 
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекке 
Отанының бақыты үшін мерт болған 
Батырларды есіңе ұста құрметте. 
1.Талғат 
1941 жылдың жаз айы. Жадыраған жазғы жексенбі күннің бірінде , бейбіт жатқан елімізге , аспаннан жай тұскендей суық хабар сап ете тұсті. Қанды шеңгел зұлым жау батыстан еліміздің шекарасын бұзды. Дүниені отқа орап, бүліншілік ала келген соғыс басталды. 
2. Сержан 
Соғыс кезінде жас жесірлер егде тартты, ал жастайыннан жетім қалғандар айтулы азамат болды. Соғыстан төрт мүшесі түгел қайтқандар да қанымен майдан даласын суарып, мүгедек болып қайтқандарда, аз емес. Отан үшін, ел үшін, ар- намыс үшін қан майданда қаза болғандардың ерлік бейнесі әр уақытта да біздің жүрегімізде. Олар мен үшін мәңгі тірі. Өйткені, қазіргі күнде біздердің шаттықта, еркіндікте өмір сүріп отыруымыз солардың қан төккен қаһармандық ерлігінің жемісі емеспе. 
3. Алмат 
«Солдат деген – ұлы сөз» - деп даңты қолбасшы Суворов айтқандай,ол халық ұлы халықтың қызы. Ұлы Отан соғыстың қаһарлы жылдарында майданда да, тылда, есі жаңа кіріп келе жатқан баладан бастап , жасы жүзге жеткен Жамбылға дейін совет азаматтары түгелдей солдат болып, жауға қарсы майданға жаппай қатысты. Бұл майданда еліміздің туысқан басқа халықтары сияқты қазақ халқының да өзіне жарастықты тарихи орны бар. 
4.Ринат 
Сұм фашист 
Сұм фашист- 
Қу соғыс 
Сорлатпаған жаның бар ма? 
Адамға тура қарай арың барма 
Тұнығын дүниенің түнде лайлап, 

Ұры иттей ұрттамаған қаның бар ма 
Сұм фашист- 
Қу соғыс, 
Ашылмаған сырың бар ма 
Жұлмаған, қуратпаған гүлің бар ма 
Қырусыз, қиратусыз, қиғылықсыз, 
Өткерген күнің бар ма, түнің бар ма 
Сұм фашист 
Қу соғыс, 
Шайқалтпаған көлің бар ма 
Қазбаған орың бар ма, көрің бар ма 
Шулатып көк орманның шашын жұлып, 
Танкіңмен таптамаған жерің бар ма 
Қорладың сен солайша адам атын, 
От шашып, оқпен ұрдың ар қанатын, 
У құйдың өзегіне сұлулардың, 
Жұлып ап жүрегінен махаббатын. 
5. Әсел 
Қалайша майдандас жолдастарымды «өлді» деуге аузым барады» ! Олар қайтыс болса да, олардың еңбегі, жемістің жемісі тірі. Соғыстан мүгедек болып қайтқан азаматтарды да мен мүгедек деп айта алмаймын. Өйткеі, олар елге қайтқан соң да «мен мүгедек едім» деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Майданнан келісімен соғыстың соңғы ауыр жылдарының салмағын көппен бірге көтерісті. «Ауыр жүкті нар көтерер», --- дейді. Соғыстан қайтқан мүгедектердің ішінде ауыр жүк көтерген нарларымыз аз ба? Аз емес ! Бұрынғы қан майдандағы батырларымыздың ішінен талай-талай Еңбек Ерлері шықты. Майданда бір рет батыр болса, еңбекте екінші рет батыр болды. Олар қазір егде тартты, бірақ та көбі қызметті тастаған жоқ Өндірісте, ауылда , селода, ғылым мен өнерде, яғни біздің қоғамдық өмірдің барлық саласында Отанды өркендету жолында жан-тәнімен аямай қызмет ітеп жүр. 

Ендігі кезекте бүгінгі кештің қонағы соғыс ардагерімізге сөз кезегін берсек. 
Әбдіхан ата ендігі сөз кезегі сізде 

Аңыздардан тере жүріп масақты 
Рас, рас көзімізден жас ақты 
Бірақ со бір дауыл жылдар , от жылдар. 
Бәрімізден бір- бір батыр жасатты. 
Кейінгі ұрпақ, соған салған өткелдің 
Сағасында өткен жастық өткен күн 
Қаршадайдан қара шаруа атанған 
Сен әкеңді батыр емес деп көргін. 
Мыны әсем ән сіздерге арналады. Мұхтар Арайлымның орындауында «Жан -әке» әні. 
Алтынай 
Соғыстың зардабы. 
Уақыт деген керемет қой орасан, 
Шет-шегі жоқ қаншалықты қарасаң. 
Сол шексіздік көндіреді бәріне, 
Жеңдіреді төзуге тек жарасаң. 
Жеңісті біз бойымызға сіңіріп 
Ұлы өмірге назар салдық үңіліп. 
Қирағанды келтірмекке қалыпқа, 
Жұрт тағы да жанталасты жұмылып. 
Сан мың село, қанша қала қираған, 
Есебі жоқ ... айтта алмаймын, қиналам. 
Соның бәрін сап түзетіп тұрғызу 
Қияметтей қиын десе , иланам. 
Бірақ көптің бірігуі ұлы күш, 
Соғыс өткен жер жаппайы құрылыс. 
Біздің ауыл аттандырды жастарды. 
Атқаруға жұрт қатарлы жұмысты 
Ал біз болсақ , тынысты кең алатын 
Кезең келіп, кетпесек те дара тым, 
Өртең жерге қаулап көк едік 
Бала қыран болдық қағар қанатын. 
Гүлнұр 
Екінші дүние жүзілік адамзат тарихында болып көрмеген опат соғыстың көп ауыртпалықтары Совет халқының еңсесіне түсті. Ол досқа да, дұшпанғада айқын , мәлім. Біздің елде соғыс жалынына шарпылмаған бірде- бір семья жоқ. 
Бұл шындық. 
Арайлым 
Миллиондаған ерлеріміз жандарын қан майданда Отан үшін пида етті.Зорланған ата-аналарымыз, жылаған жетім-жесірлер, қайтпас сапарларға ерлікпен кеткен жақын азаматтарымыздың орындарын әлі күнге дейін толтыра алмай жүр. 
Ол рас. 
Қан майданда қан төгіп, қасиетті жерімізді сорғалаған терімен де қаныменде суғарып,соғыстан мүгедек болып , қайтқан ерлерімізде бар. 
Ол рас. 
Дарын 
Рейстагқа қызыл жалау тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов және басқа жауынгерлер Совет солдатының ерен ерлігінің символындай тарихтың төрінен мәңгі орын алды.Мен архивтердіден олардың таңғажайып ерлігін бейнелейтін 32 документті таптым. Совет халқы Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қасиетті жерімізді озбыр қарақшылықтан тазартқан өзінің осындай қаһарман ұлдары мен қыздарын әрқашан ардақ тұтады олардың ерлік дәстүрін келер ұрпаққа үлгі етеді. 
Шұғыла 
Қазақ халқының ұл-қыздары да дұшпанға кек жібірген жоқ. Ғажап ерлік көрсеткен Төлген Тоқтаров, Александр Матросовтан 13 күн бұрын жау дзотының амбразурасын өз денесімен жапқан Боран Нысанбаев, Николай Гастеллоның ерлігін қайталап, жанып бара жатқан самолетін жау танкілеріне қарай шүйілтіп,өлімге басын тіккенқырдың қыраны Нүркен Әбдіров, қасарысқан жерінен қан алатын хас батырлар Сұлтан Баймағағанбетов , Ақәділ Суханбаев, Жұмаш Қарақұлов ұлдан бетер қайсар туған қазақ қыздары Советтік Шығыс әйелдерінің ішінентұңғыш рет Совет Одағының Батыры атағын алған Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағулова . 
Талғат 
Ерлік шежіресіне өшпес үлес қосқан ел намысы деген де етігімен су кешіп, белдескеннің белін үзген, жалын жүректі қазақтардың қаһармандығын айтып тауысу қиын. Туған халқының туын көтерген небір батырлардың арпалыс шебінде азулы жауға қарсы айқасқа кіріп тістескеннің тісін сындырған зәресін зәр түбіне жіберген көзімен көріп, солардың қатарында бірге болғанымды мақтан етемін. 
Сағият 
Үш солдат 
Үш солдат кеп сонау жазғы кеш күні, 
Ажал сырын ана солай естіді. 
Қайран шеше аңырады, егілді... 
Ауық- ауық естен , өксіді.. 
«Қан майданда ... Жан көкеңнің жолымен,» 
Сен де тастап кеттің мені сонымен... 
Екі тілім қара қағаз қолымда, 
Ұл қылам ба?! Жар қыламба оны мен?! 
Жаңа ғана күлкі тауып қабақты, 
Сайрағанда жеңіс құсы қанатты. 
Жас неміске менің ұлым нан берсе , 
Жауыз неміс құлынымды неге атты?! 
Боташым –ай, қаза болсаң ана үшін, 
Аш- арыққа ашыған ғой жаның шын». 
Деп әлі де күбірлеумен жүреді: 
«Құлыным –ай Пида болған нан үшін» 
Әсел 
Ұлы Отан соғысындағы біздің қазақ халқының қазақстандықтардың ерлігі ғаламат. Жас берендеріміз ата- бабаларының ерлік дәстүрлерін жалғастыра білді. Отанның әрбір сүйем жері үшін қасықтай қандарын аяған жоқ. Қазақстандық 316 шы Панфилов дивизиясының қаһармандығы әлемге әйгілі. Олар жаппай халықтық ерлік көрсетуді бастап берді.Мұның бәрі тарихта алтын әріппен жазылды.Қазақстан Ұлы Отан соғысының басты арсеналдарының бірі болды. Ол 2 майданда азық-түлік, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Жеңіс тілі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір адамдардың, алуан ұлттардың ынтымағы арқасында майдандағы ерлік пен тылдағы ерлік арқасында келді. 
Соғыстың біткеніне 70 жыл асса да бұның бәрін ұмыту мүмкін емес.Ешқашанда, еш уақытта, ешкімде ұмытпайды. 
Жеңісті біз жырлаймыз 
Жеңіс туын қолдарыннан бермеген 
Батырларым тек жеңісті көздеген 
Орындалды батырлардың арманы 
Отан үшін еш аянбай терлеген. 
Көрніс. Батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүк 
Сахна. Ана мен немересі сөйлесіп отырады. 
Айтшы ана сонда соғыстың болатынын сезіп пе ең, 
Қара бұлыттың төнгенін? 
Ұйытқып соққан дауылдан 
Бақыт шамы сөнгенін 
Естідің бе, сонда сен, 
Нөсер үшін селдеткен 
Үрейді алып өрекпен 
Сан мың адам қан төккен 
Ана жесір, бала жас, 
Жетімдікті көрді өктем. 
Анасы : Немересін құшағын жайып , жер анаға табынып. 
Ия сұмдықтың болатынын сезіп ем, 
Ел әлсіреп, күшті дауыл тезінен 
Тыныш жатқан , берекелі Отанға 
Қанішердің көз қадауын сезіп ем, 
Оу, немерем қайдағыны қозғадың 
Шейіт болды талай- талай боздағың 
Бірақ. Бірақ тәңірімен табынып, 
Ел қорғайтын ұл-қыздарың тұрғанда, 
Бейбіт өмір болатынын болжадым. 
18 жасында Кеңес Одағының Батыры аттағын алған қазақ қызы Әлияның ерлікке толы өмірі қалай тебіреткенін Әлия өмір мен өлім арасында жүріп өмір сүруді үйренді, елін сүйе білді. 
Әлия. Мен 18 ге толдым.Бірақ өзімді ересек адамдай сезінемін. Себебі Ленинград балаларынының өлімін, жолдастарымның төгілген қанын өз көзімен көрдім .Енді фашист жыртқыштарын аулауға өзім шықтым. Әлия кектене , бұл бесеуін Ленинград үшін, жолдастарым, туған жерім үшін о дүниеге аттандырамын. 
С.Байтерековтің әніне жазылған «Әлия» әні орындалады. 
Әлия. (Шұғыла) 
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік, 
Жерге бақыт , елге бақыт тіледік. 
Отан –Ана отқа күйіп жатқанда 
Біздер ме едік , үй бағатын тірі өлік 

Мәншүк. (Жұлдыз) 
Отан –Ана жылағанда шерленіп 
Тапжылмастан шөгедіекен, жерге бұлт 
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те, 
Қолымызға қару алдық ерленіп 
Әлия (Шұғыла) 
«Отан » деген сөз жатталып көкейде 
Зор айқаста кеттік біздер аттанып 
Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым 
Біз сендердей арман гүлін термедік 
Мәншүк. (Жұлдыз) 
Қатар тұрмыз, қатар жүріп келеміз, 
Қатар жүріп қырдан гүлдер тереміз 
Біздер өлдік, өшпесін деп басақалар, 
Бізді қайта туды Отан, ел егіз. 
Екеуі қосылып 
Жетсек деген арманымыз көп еді, 
Айтылған жоқ махаббатың өлеңі, 
Бізді туған күнімізбен құттықтап. 
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді 
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз, 
Жанарлардан мөлдір жас боп жандық 
Жанымызды құрбан еттік осылай. 
«Қазақ қызы» әні орындалады. 
Ана 
(Немересіне және қос аруға қарап): Қош болыңдар! Шығысымның қос шынары, Қос алауы! Өзерің өмірден ерте кетсеңдерде, ерліктерің ешқашанда ұмытылмайды. Біз сендерді ұмытпаймыз. Жер-Ана сендердің ерліктеріңді мәңгі ұмытпаймыз. 
Сағият 
Міне, енді тағы бір жарқын мерекені қарсы алғалы отырмыз. Барша совет халқы, бүкіл адал ниетті адамзат Ұлы Октябрьдің, лениндік партияның бел баласы Совет Қарулы Күштерінің жарты ғасырлық мүшелді тойын салтанатпен атап өтуде. 
Шүйінші халқым шүйінші, 
Шүйіншіге сүйінші 
Шаттан ата-анамыз, 
Шаттан аға бабамыз. 
Кек қатарып фашистен 
Соғыс бітті жеңіспен 
Жеңдік жауды күресте 
Жасалсын той мереке! 

«Әрқашан күн сөнбесін» әні үш тілде орындалады. 
Жұлдыз «Ардагерлер». 
Өтер жылдар ,өтер айлар, өтер күндер, 
Сендерге сыйланбайды , бекер гүлдер, 
Ақиқаттың сарайын тұрғыздыңдар 
Әділдіктің туларын ,көтердіңдер 
Білмедіңдер тынығып -шешінуді 
Көтердіңдер жетім қыз, жетім ұлды. 
Егін егіп мал бағып үйретіңдер 
Жарақаттың іздерін кетіруде 
Ұқсап өстті сендерге ұландарың 
Ұлы көшке жалғасып ұрандарың 

Тым ертерек өздерің қартайғанмен 
Жасартыңдар өлкені қырандарым 
Лира. Жеңісекерлер ұраны 
Жау жағадан алғанда, 
Қарып соғыс ызғары, 
Ұмтылды ел қорғауға 
Бар ұлттың ұл-қыздары. 
Қара түнді түрді күн 
Бүкіл халық тік тұрды 
Дандайсынған сұм жауды 
Өзін тізе бүктірді. 
Сол бабалар жеңіскер , 
Ұранымыз мына біз 
Тұрсын алда не істер, 
Жеңу парыз, Уғамыз 
Қыздардың орындауында би «Көңілді күн» 

Шұғыла 
Жеңіс күні 
Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні! 
Жақсы үміттің шырағы жанды міне 
Аспан бетін қаптаған қара тұман 
Серпіліп , зұлымдықтың сәнді түні 
Жер бетін қан соғыс бітті! 
Жер бетінен жамандық мүлдем кетті 
Жеңістің жарқын күннін жыр қыламыз 
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты 
Бүгін жайнап жасарсын ана біткен 
Асыр салып қуансын бала біткен, 
Жүректері жарылсын қуаныштан 
Аялансын көңілі жақсы үмітпен 
Жүрек біткен желпінсін ,жүйрік аттай 
Сезім біткен серпілсін, дамыл таппай! 
Дәл бүгін өлең айттпай, ән шырқамай, 
Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай. 
Жеңіскерлер әр елдің өрендері 
Солар жұрттың айбары, әлемдегі, 
Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа 
Мерей тапты солармен ел еңбегі 
Сен неткен Отан анам ғажап едің, 
Әсемдеп көркем сөзбен жазар едім. 
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін , 
Жайнай бер ұлы Отаным қазақ елі 
Хор. Қазақстаным 

Жетпіс жылын қарсы алдым жеңісімнің 
Бақытты артып көркейсін жер үстінің 
Болашақта ешқашанда болмасын, 
Тұтанбасын алаулаған соғысың 
Қазақ елім көтерді жеңіс туын 
Жеңіс деген айтарға ерекше ұғым 
Жан жүрегің елжірер естігенде 
Жүрегіңмен сезініп ұғын бүгін. 
Деп ақын ағаларымыз жырлағандай , біз үшін Жеңіс күннінен асқан қымбат мереке жоқ. Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын! Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын.Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын. 
Көріп тамашалағанларыңызға көп рахмет. Ендігі сөз кезегін мектеп Бейсенбина Ш.А береміз. 

Ерлік даңқы өшпейді

Мақсаты: 
Білімділік- оқушыларға аға- апаларымыздың елін , жерін ерлікпен, жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін бойларына дарыту, 
Дамытушылық - ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, 
Тәрбиелік – оқушыларды отансүйгіштікке , патриоттықққа, адамгершілікке тәрбиелеу. 
1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ – 9 май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі, 
Кездейсоқ па көктемге сай келуі

2-жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,


Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Сабақтың мақсаты:

А) Майдангер ұрпақтарымен кездесе отырып, халқымыздың ерлік тарихынан тағлым бере отырып, баланың бойындағы патриоттық сезімнің оянуына, Отанды қорғау, сүю, әкелер ерлігіне терең үніле түсу, ерліктерін оқып ұйрену.

Б) Өзін-өзі басқару әдісі бойынша оқушылар шығармашылығын дамыта отырып, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

В) Отансүйгіш, елжанды, рухы биік, білімімен қаруланған, жан-жақты, салауатты өмір салтын ұстанатын болашақ Қазақстан-2030 бағдарламасын іске асырушы тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:

Оқушылар еңбектері-рефераттар, буклеттер, слайд-шоу, теледидар, фотокөрме, альбомдар, Ұлы Отан соғысына арналған суреттер, қанатты сөздер, майдангерлер ұрпақтары.

 

Өтілген орны: мектеп акт залы.



Әдісі: Кездесу сабағы.

 

Кіріспе бөлімі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, акт залына Мемлекеттік ту кіргізіледі..



 

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар! Сынып оқушылары!

Бүгінгі тәрбиелік мәні бар кездесу сабағымыз Ұлы Жеңіс мерекесіне арналады. Ұлы Отан соғысы, бұл соғыстың салған жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде жазылмады, әлі де сақталуда. Мұны ешқашан ұмытпаймыз.

Осы жарқын өмірді сыйлаған әке, аға, әпкелеріміздің ерлігі мәңгі үлгі.

Елін, жерін, Отанын қасық қаны қалғанша қорғап, ерлік көрсетіп,

«Жеңіс»-атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.

Арылтып жаудан жерімді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Мектебімізде Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер аталарымыздың ұрпақтары тәуелсіз еліміздің ұрпақтарына бірі-білім нәрін төксе, екіншілері-оларға бүкіл жағдай жасап отырған кіші қызметкерлер екенін оқушылардың бірі білсе, бірі білмейді.

Сондықтан оқушылар олармен танысып, майдангер ұрпақтары екенін біліп, әкелер ерлігімен таныссын деген мақсатта өтпек.

Бүгінгі кездесу сағатымызда майдангерлер ұрпақтары әкелер ерлігін мақтанышпен еске алады.



Сабақтың барысы:

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,


Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,


Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,


Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

Осыдан 72 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын. Ер азаматтар қолдарына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер, балалар күн- түн демей еңбектенді.Оған достарымызда, дұшпандарымыз да куә. 

Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаhарлы жылдары бірте-бірте алыстап барады.Бірақ адамзат дүние жүзін Фашистік құлдықтан аман қалған ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.«Ұрпақ үшін, ел үшін, атамекен жер үшін» деп, қайратқа мініп, намыстың туын желбіретіп жеңіспен оралған аталарымыздың ерлігін ешқашан ұмытпақ емеспіз, ұмытылмайды да!



Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалмайды.
1. Тарихи мәліметтер. 
Жарқын
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Соғыс жылдары республикадан 1,996,164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстанның соғыс жылдары әскери комиссариаттар арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрған екен. 
Нурсултан
Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы 4 ұлттықатты атты әскери дивизиясы , 7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлыттық атқыштар бригадасы бар, әр қилы әскер түрлерінің 50- ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды. 
Диас
Соғыстың алғашқы жарты жылында Қазақстаннан майданға 632 134 адам кетті. 
Олардың көпшілігі 1942 жылдың көктемі мен жазында Харьхов түбіндегі шегіністен Еділге дейінгі аралықта және Сталинград шайқасын да ерлік көрсетіп қаза тапты 

Наргиз

Жалпы соғыс жылдары Қазақстан территориясында 12 атқыштар дивизиясы 4ұлттық атты әскери дивизиясы,7 атқыштар дивизиясы оның ішінде Қазақтың екі ұлттық атқыштар бригадасы бар. Әр қилы әскер түрлерінің 50- ге жуық полктары мен батальондары құрылып, майданға аттанды. 
Әділ
Жалпы соғыс жылдары Қазақстандық 5 әскери құрамаға гвардиалық деген құрметті атақ беріліп, олардың тумаларына әлденеше ордендер қадалды. Олардыңжауынгерлердің ,ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде 8- гвардиялық Панфилов дивизиясы да бар. Оның құрамыннан шыққан 28 батырдыңбатальон кейінен дивизия командирі Бауыржан Момышұлының,Мәлік Ғабдуллиннің есімдері орын алады 
Гульден 
Әзірше анықталған мәліметтербойынша соғыстан 410 мың Қазақстандық жауынгер оралған жоқ. 
Бұған республикадан тыс жерлерде жүріп соғысқа кеткендер , еңбек армиясынан оралмағандар, соғыс жарақатынан кейінірек қайтыс болғандар енбеген. 
Аина
Соғыс жылдары Қазақстан еңбекшілері майданға 2,5 миллион дана жылы киім, Отан қорғау қорына 4 милиард сомнан астам қаражат берді. 
Аружан
Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен наградталғандардың ішінде 26638 қазақ жауынгері бар. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олардың 97 –сі қазақ 142 жауынгер «Даңқ» орденің толық иегері болды. 

Ұлы Жеңіс біз үшін аға ұрпақтың сол ұлы ерлігі мен батырлығын мәңгілікке ел жадында сақтауды борыш еткен ең қастерлі мерекеге айналды.

Жеңіс мерекесі-Отанымыздың абыройы мен тәуелсіздігі үшін қанды ұрыстардағы ержүрек халқымыздың өшпес ерліктерін күллі әлемге паш еткен мереке.

Жеңіс мерекесі-бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі.

Бейбіт өмірді сыйлаған жеңімпаз ағалардың ұрпағы екенімізді әрдайым санамызда сақтап, мақтан етеміз.Олар бастаған жасампаз істерді жалғастыру бақытына ие болған біз-бұл дүниедегі шын бақытты ұрпақпыз.

 

Ардагер ағалар еске алар өткендерді,



Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгін мақтан етер ұрпақтары,

Жеңіс алып еліне жеткендерді.

Бүгінгі кездесу кешінде оқушылар осы мектебімізде еңбек ететін ағайлары апайларының қан майданда етігімен қан кешіп, аман-есен туған жеріне, өз ауылына оралып, бейбіт күнде еңбек етіп, еліміздің, ауылымыздың экономикасын көтеруге ат салысқан әке ерліктерін, олардың жеңістен кейінгі өмірі туралы, олардың ұрпақтары туралы өз бетімен ізденген, шығармашылық жұмыстарын қорғайды.

Бүгінгі кездесу кешімізге арамызда болмағанмен соғыс ардагері атамыздың, атамыздың, атамыздың, Алимбаев Мажит атамыздың, Сейсенғалиев Қанапия атамыздың, Құрмашев Зербі атамыздың, Исмағұлов Зейнолла атамыздың және Жұмағалиев Мұстафа атамыздың ұрпақтары келіп отыр.

5. Әсел 
Қалайша майдандас жолдастарымды «өлді» деуге аузым барады» ! Олар қайтыс болса да, олардың еңбегі, жемістің жемісі тірі. Соғыстан мүгедек болып қайтқан азаматтарды да мен мүгедек деп айта алмаймын. Өйткеі, олар елге қайтқан соң да «мен мүгедек едім» деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Майданнан келісімен соғыстың соңғы ауыр жылдарының салмағын көппен бірге көтерісті. «Ауыр жүкті нар көтерер», --- дейді. Соғыстан қайтқан мүгедектердің ішінде ауыр жүк көтерген нарларымыз аз ба? Аз емес ! Бұрынғы қан майдандағы батырларымыздың ішінен талай-талай Еңбек Ерлері шықты. Майданда бір рет батыр болса, еңбекте екінші рет батыр болды. Олар қазір егде тартты, бірақ та көбі қызметті тастаған жоқ Өндірісте, ауылда , селода, ғылым мен өнерде, яғни біздің қоғамдық өмірдің барлық саласында Отанды өркендету жолында жан-тәнімен аямай қызмет ітеп жүр. 

Ендігі кезекте бүгінгі кештің қонағы соғыс ардагерімізге сөз кезегін берсек. 
Әбдіхан ата ендігі сөз кезегі сізде 

Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз сол қырғынды ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда,

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан ауылды.

Біз қазақтың ұрпағымыз өр кеуде,

Әр қайсымыз лайықты ер деуге.

Ант етеміз замандастар атынан,

Жер ананы өрт жалынға бермеуге.

Жұрттан озған ел боламыз сеніңіз,

Тәуелсіздік алған біздің еліміз.

Соғыс болмай жер бетінде барша адам,

Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз.

Сабағымыз әрі қарай, майдангерлер ұрпақтары әкелерін сағына еске ала отырып, бірі олардың майдан шебінде алған ауыр  жарақатын айтса, бірі жазған хаттары туралы, соғыста алған медальдары туралы мақтанышпен әңгімелесе, енді бірі соғыстан кейінгі өмірі туралы сыр шертті.

Соғыстың өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Есігіне әр үйдің

Бесігіне сәбидің,

Мәңгілік бақыт орнасын.

Болмасын соғыс, болмасын

Патриоттық әндер орындалып, көріністер қойылды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Өмірмен өлім арпалысқан қан-құйлы соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес қосқан майдангерлер өнегесі ұрпақтан ұрпаққа үлгі болып қала бермек.

Біз әрқашан майдангерлерімізді мақтан етеміз.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр.

Жас ұландар биік ұста туынды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын,-

деген өлең жолдарымен осы кездесу кешімізді аяқтаймыз.



Уақыт тауып, келгендеріңізге рахмет.
Жұлдыз «Ардагерлер». 
Өтер жылдар ,өтер айлар, өтер күндер, 
Сендерге сыйланбайды , бекер гүлдер, 
Ақиқаттың сарайын тұрғыздыңдар 
Әділдіктің туларын ,көтердіңдер 
Білмедіңдер тынығып -шешінуді 
Көтердіңдер жетім қыз, жетім ұлды. 
Егін егіп мал бағып үйретіңдер 
Жарақаттың іздерін кетіруде 
Ұқсап өстті сендерге ұландарың 
Ұлы көшке жалғасып ұрандарың 
Тым ертерек өздерің қартайғанмен


Жасартыңдар өлкені қырандарым 
Жетпіс жылын қарсы алдым жеңісімнің 
Бақытты артып көркейсін жер үстінің 
Болашақта ешқашанда болмасын, 
Тұтанбасын алаулаған соғысың 
Қазақ елім көтерді жеңіс туын 
Жеңіс деген айтарға ерекше ұғым 
Жан жүрегің елжірер естігенде 
Жүрегіңмен сезініп ұғын бүгін. 
Деп ақын ағаларымыз жырлағандай , біз үшін Жеңіс күннінен асқан қымбат мереке жоқ. Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесі құтты болсын! Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын.Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын. 
Көріп тамашалағанларыңызға көп рахмет. Ендігі сөз кезегін мектеп Бейсенбина Ш.А береміз. 
Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет